Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:06

БАЛАМА ТАРИХНАМА / Әблязовтың ісі

Ұлыбритания соты Әблязовты 22 айға соттады

Ұлыбритания жоғарғы сотының судьясы Найджел Тир «сотқа құрмет көрсетпеді» деп айыпталған Мұхтар Әблязовтың активтерін құрсаулап, өзін тұтқындауға үкім етті. Сот қазақ бизнесменін 22 ай түрме жазасына кесті, бірақ әлі тұтқындаған жоқ.

Мұхтар Әблязов, қуғынға ұшыраған бизнесмен
Мәтін көлемі - +

Бұрын Әблязовтың меншігі болған, кейін мемлекет иелегіне өткен БТА банкінің қазіргі басшылығы оны 5 миллиард долларды жымқырды деп сотқа берген болатын.

Сотта БТА өкілдері бизнесменді 24 айға соттауды сұрады. Ал Әбляовтың өкілдері оған шартты жаза беруді өтінді. Мұхтар Әблязовтың өзі сотқа қатысқан жоқ.

- Әблязов мырзаның сотты сыйламағаны соншалық, оның жазасы - түрме ғана болмақ, - деді судья Найджел Тир ақпанның 16-сы күні.

Судьяның айтуынша, Әблязов түрмеде 12 ай отырған соң жасырған активтерін мойындаса, өз меншігі екенін дәлелдей алса - жазаның қалған мерзімі кешірілуі мүмкін.

12 МИЛЛИАРД ДОЛЛАРЛЫҚ ДЕФОЛТ

2009 жылы Қазақстан билігі БТА банкті мемлекет қарауына алып, банктің бұрынғы (2005-2009 жылдардағы) иесі Мұхтар Әблязовқа халықаралық іздеу жариялаған еді.

Банктің Қазақстан, Ресей, Украина, Қырғызстандағы кейбір басшыларына байланысты қылмыстық іс қозғалып, «ірі көлемде банк қаржысын ұрлады» деген айыптар тағылған. БТА одан кейін «заңсыз әкетілген активтерді қайтару» науқанын бастаған.

Қуғындағы қазақ бизнесмені Мұхтар Әблязовты бұған дейін БТА банкі «кредиторларының қаржыларын жымқырмақ болды» деп айыптаған еді.

БТА банкінің өкілі бизнесменге «активтерін уақытша құрсаулау туралы 
БТА банк ипотекасы иелерінің наразылық шарасы. Алматы, 11 ақпан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
x
БТА банк ипотекасы иелерінің наразылық шарасы. Алматы, 11 ақпан 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
​​ұлыбританиялық соттың 2009 жылғы үкімін тыңдамады», «активтерін басқаның атына өткізу үшін жалған құжаттар жасады» деп айып таққан.

БТА өкілдері 2011 жылы Әблязовқа байланысты Ұлыбритания сотына жаңа шағым түсіріп, жылдың соңына таман сот тыңдауы басталған. 12 миллиард АҚШ долларын дефолт етіп жариялаған БТА «Мұхтар Әблязов сот үкімін тыңдамай өз активтерін жасыру үшін жалған құжаттар жасады» деп айыптаған.

БТА өкілі Мұхтар Әблязовқа ұлыбританиялық Вирджиния аралдарында тіркелген бизнес иеліктерін жасырды деген айып тақты. Шағым түсіруші тарап Әблязовты айы-күні кейін жазылған құжаттарды қолдан жасап, активтерінің иесі ретінде Қайрат Садықов есімді жәрдемшісін рәсімдеді деп айыптады.

Банк сонымен қатар «Мұхтар Әблязов Ұлыбританиядағы төрт үлкен үй-жайының меншік иесіне қатысты да ақпаратты ашып көрсетпеді» деп шағымданған. Айыптаушылар БТА банкінің бұрынғы төрағасы құны ондаған миллион фунт-стерлинг деп бағаланатын төрт зәулім сарайға ие, одан бөлек Stantis деп аталатын компания арқылы 80 миллион АҚШ долларына тең қаржысын және жасырып қалды деген.

2011 жылы қараша айының басында арызданушы БТА банкі Әблязовтың активтерін  жасырғаны үшін және сот үкімін сыйламағаны үшін оның тағы бір жәрдемшісі Пол Китреотисті 21 айға түрмеге жаптырған.

2011 жылы маусымда Әблязовтың балдызы Сырым Шалабаев сот үкімін сыйламағаны үшін және сот істеріне жәрдем бермегені үшін сырттай 18 айға сотталған.

САЯСИ БАСПАНА

Мұхтар Әблязов Қазақстанда саяси қуғындауға ұшырағанын және соның кесірінен Қазақстанға күшпен қайтарылуы мүмкін екендігін айтып, 2011 жылы маусым айында Ұлыбританиядан саяси баспана алған.

Хэмпстедтегі Бишопс-авенюде тұрып жатқан Мұхтар Әблязов бұған дейін өзіне тағылған «сот үкімін бұзды»,  «жалған куәлік берді» деген айыптарды жоққа шығарған.

Бұрынғы төраға «бұл айыптар нақты айғаққа сүйенбеген, тек долбар мен болжам ғана» деп санайды. Ол сонымен қатар «банк капиталын талан-тараж қылды» деген айыпты да жоққа шығарып, «мұның бәрі саяси себептерден туындап жатыр» деп мәлімдеген.

«БЕС МИЛЛИАРД ДОЛЛАРДЫ ТАЛАН-ТАРАЖЫ ЕТУ»

Мұхтар Әблязовқа және оның көмекшілеріне қатысты жиыны тоғыз талап қойылып, 5 миллиард АҚШ долларына жуық банк қаржысын талан-таражы етті деген айып тағылды.

Айыптаушылар Әблязов банктегі ақшаны жалған кредит және үлес сату амалдары арқылы жымқырмақ болған дейді.
Ұлыбритания жоғарғы сотының соңғы шешімінен кейін айыпкерден өндірілген соманың біразы дағдарыс кезінде БТА банкіне қаржы берген ірі банктерге беріледі – оның 50 пайызын БТА клиенттерінің бірі, 83 пайызы үкіметке тиесілі RBS (Royal Bank of Scotland) алуға тиіс.

Банктегі капиталдың талан-тараж болуына қатысты қозғалған қылмыстық іс барысында Мұхтар Әблязов 5 миллиард АҚШ долларына тең активтерін KPMG халықаралық аудиторлық компаниясының қарауына өткізіп беруге мәжбүр болған.  2010 жылдың желтоқсан айында Лондонның жоғарғы соты уақытша құрсауланған активтерді таратып жібермеуі үшін бұрынғы банкирге сенімсіздік танытқан еді.

Ұлыбритания жоғарғы сотының соңғы шешімінен кейін айыпкерден өндірілген соманың біразы дағдарыс кезінде БТА банкіне қаржы берген ірі банктерге беріледі – оның 50 пайызын БТА клиенттерінің бірі, 83 пайызы үкіметке тиесілі RBS (Royal Bank of Scotland) алуға тиіс.

Ұлыбританиялық Guardian («Гардиан») басылымы 2011 жылы қарашаның 30-ы күні жариялаған мақаласында Мұхтар Әблязов басқарып тұрған кезде БТА банкінің Ұлыбританиядағы Barclays («Барклейз») және RBS банктерінен 500 миллион АҚШ доллары көлемінде несие алғанын жазған еді. 

МҰХТАР ӘБЛЯЗОВ: «АЙЫПТЫҢ САЯСИ АСТАРЫ БАР»

The London Evening Standard басылымының хабарлауынша, қуғындағы қазақ бизнесмені Әблязов Ұлыбритания жоғарғы сотының бүгінгі шешімін естіген соң бұл елден кетіп қалуы да мүмкін.

БТА өкілі Стивен Смит «Әблязов елден ендігі кетіп қалуы мүмкін немесе енді кетеді» деген болжам айтады. Ол соттан Әблязовты тұтқындау туралы ордер беруді, әуежайлар мен жағалау күзетіне ескертуді сұрады.

Мұхтар Әбляовтың өкілі Дункан Мэтьюз клиентінің Ұлыбританиядан кетіп қалғаны жайлы деректі жоққа шығарды.

Ал қуғындағы бизнесмен Мұхтар Әблязов Ұлыбритания сотының шешіміне байланысты:
Маған тағылған айыптың саяси астары бар. Ол Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мені саяси қарсылас ретінде құртуына байланысты.

- Осы іс барысында маған тағылған айыптың саяси астары бар екенін, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мені саяси қарсылас ретінде құртуына байланысты екенін мәлімдегенмін. Оны айта да беремін, - деді. 

Мұхтар Әблязов өзіне тағылған «сотқа құрмет көрсетпеді», «активтерін түгел жария етпеді», «соттың активтерін құрсаулау жөніндегі бұйрығын бұзды» деген айыптарды жоққа шығарды.

Мұхтар Әблязов «басқа барлық айыптарды да жоққа шығаратынын», «Қазақстандағы саяси жүйеге қарсы күресетінін», елдегі «шынайы демократия үшін күресетінін» айта келе:

- Сот шешімімен мүлдем келіспеймін. Апелляциялық сотта пікірімнің әділ екенін толық дәлелдеп шығарыма сенемін, - деді.

Dow Jones агенттігінің хабарына қарағанда, Лондон сотының судьясы Найджел Тир Әблязовтың адвокаттары берген, шартты түрде жазалау жайлы апелляциялық шағымды қабылдаудан бас тартқан.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.02.2012 23:11
+1 / -0
Аблиязов бауырым айтеуір не болса да біздің билікпен жағаласа бер! шаршама!
Пікір алмасу

Кімнен: Ақтас Қайдан: Алматы
17.02.2012 00:06
+0 / -0
Осы Аблиязов Қазақ па? жоқ басқа ұлт па?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.02.2012 11:45
+1 / -0
Аблязов нағыз қазақ азаматы. Осындай азаматтар көп болса екен халықты ойлайтың.
Пікір алмасу

Кімнен: Аңғалбай Қайдан: Сарайшық
17.02.2012 06:36
+0 / -0
Сарайлары көп адамдар тағы кімдер екен?

Кімнен: астана Қайдан: елорда
16.02.2012 23:29
+0 / -0
Бұрынғы Кеңес Одағында болған Грузия республикасында жүйенің өзгеруі яғни жаңа реформа туралы
http://www.youtube.com/watch?feature=player_embedded&v=OFNExvrUi6Q#!

Кімнен: xxxxx Қайдан: Europa
17.02.2012 00:38
+0 / -0
Bir Kazakh Tony Blair-di Komekshe qikip alip million berip, yekenshesi yeldegi aqshani ourlap qashep. Yekesida sertyelgi zhem bolip zhatir.
Kazkahstan-ninda taqderi Lebiaqa oqsas bolama dep oylaymen keleshikte.
Atting Kazakhstan-da sertyelden seyasatining oyenshiqi boldi.

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
17.02.2012 00:45
+0 / -0
Менімше, Аблязов Назарбаевты алдап соққан сияқты. Не дегенмен, басы істейтін жігіт екен. Назарбаевқа түкіріп отыр ғой. Егер елдегі жағдай дұрыс болса, тәртіп болса, осылардың бірі де болмас еді. Назарбаевты да, елді де ойлап, басы істейтін жігіттер алде жүрер еді деп ойлаймын. Олардың осылай істеуі неліктен? Назабаев өзі тонап жатқан соң, соны көре тұра, мына жігіт те осылай істеуге мәжбүр болған шығар. Мен солай ойлаймын.

Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
17.02.2012 02:18
+0 / -0
дұшпанымның дұшпаны менің досым деген сияқты керек болса ібіліс пен келісу керек білмедім Мұхтардың қандай адам екенін кәзіргі істеп жатқан жұмысы халыққа тиімді
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақ Елі
17.02.2012 23:03
+0 / -0
Саған бәрібір екенғой сонда? Қызық осындайдан киін ренжійміз біз алға баспадық деп. Мен Мұхтардың қандай екеніне баға бере алмауым мүмкін, бірақ мына сөзіңіз адам қорқарлық сөз. Сізді түсінбесем кешірім сұраймын.

Кімнен: Тараз
17.02.2012 07:27
+1 / -0
Макең ешқандай ҚАЗАҚқа қарыз емес, осы таныстарыңыздан немесе басқа жақындарыңыздан естідіңіздер ме мені БТА лақтырып кетті дегенді, халық БТА-ға қарыз болмаса БТА халыққа қарыз емес, бұл биліктің қорқақтығынан әйтпесе осындай тұлғаларымызды ел асырып жібереді ма Билік?

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
17.02.2012 09:53
+2 / -0
Аблязовты қаралауға кетіп жатырған қаржының есебі жоқ. Сөйтіп , тым жақсы жұмыс жасап тұрған БТА банкті отырғызды. Бұл Тони Блэрдің жұмысы. Ол Англияның заңдарын, юстиция саласын жақсы біледі. Қай жерден шот салу керек екенін дөп табады, лоббилары да бар ғой. Аблязовтың ісінен қылмыс таба алмағасын, сотқа құрмет көрсетпеді деген баппен жазалап отыр. Біздікі не болса ,о болсын ,бірдеңе табыңдар деген ғой. Сосын тапты. Путинді де сол Аблязовтың соңына салып қойды.
Мұның бәрі ,айналып келгенде Птушник үшін Аблязов осал қарсылас емес екенін көрсетіп тұр. Осының бәріне қарамай ,Қазақстанның диктаторына қарсы күрес жүргізуге уақыт тауып және қорықпай , жанқиярлықтың үлгісін көрсетіп отырған Мұхтар інімізге тіптен ризамын. Осындай азаматтары бар қазақ халқы , азғантай миғұлалардың тепкісінде қала беруі мүмкін емес.
Мұхтарға жасыма бауырым дейін десем, ол бұған дейін де, талай құқайды көріп піскен адам, жасық емес. Сондықтан, аққа құдай жақ деген, халқың сенімен бірге дер едім. Аман бол, Мұхтар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.02.2012 10:37
+1 / -0
Храпуновты осылай соттай алар ма еді?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.02.2012 11:50
+1 / -0
Жанаөзенде болған жағдайды Аблязов болмаса білмейтін едік. Аблязов болмаса жанаөзендіктердін бәрі "наркоман" немесе "ваххабист" болар еді. Аблязовқа рахмет.

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
17.02.2012 11:24
+1 / -0
Мұхтар оттан да, судан да аман өтіп келе жатқан жігіт. Аққа құдай жақ демекші еліне еткен және ететін еңбегі қайсар жігітті қайрамаса, мұқалтпайды деп сенемін!
Жоғарыда пікір білдіруші Ақтас мен емеспін.
Модератор, тіркеуде қателік кетсе, хабарын беруіңізді өтінемін!
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
17.02.2012 11:39
+0 / -0
Құрметті Ақтас,

сіз тіркелген есіміңіз бойынша сайтқа кіріп отырсыз, оны есіміңіздің түсінен ажыратуға болады.

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
17.02.2012 11:59
+1 / -0
Тони Блэйр мырзаның Назарбаевқа кеңесшілікке шақырылғанының сыры енді белгілі болды: "Мәртебелі" кеңесшінің атқаруға тиісті бір жұмысы - қалайда жұмыс берушінің саяси қарсыласы Мұхтарды амалын тауып, жүйкесін құртқан ойыннан шығарып беру. Мұхтар да оңай шағыла салатын жаңғақ емес, құрылған бұл тордың да быт-шытын шығарып, ақыры аман шығатын болады.
"Екі түйе сүйкенсе, арасында шыбын өледі" демекші қосақ арасында Тониекең жазым кетпесе жарады.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
17.02.2012 14:19
+1 / -0
Аблязов " сатқындық менің қолым емес" деп жауап берген екен. БТА банктің 5 миллиард долларға тең активтерінің иесі кім деген сұраққа солай жауап беріпті. Егер ол оны айтса, Нұрсұлтанның оның да соңына түсіп, активтерін тартып алатыны анық. Мұқтарға сәттілік тілейміз.

Кімнен: ара Қайдан: уядан
17.02.2012 14:35
+0 / -0
азаттык!

менин Абилязов туралы жазган комментiм кайда??

....
.......
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
17.02.2012 15:03
+0 / -0
Құрметті ара,

адамға ұлтына бола бөле-жара қарап баға беретін мазмұндағы жазбалар Азаттық сайтында жарияланбайтынын тағы да еске саламыз.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
17.02.2012 15:22
+0 / -1
мен кашан онын ултын боле жарып жамандадым?
улты орыс, болса оны орыс деп жазу боле жаруга жата ма???????

одан да азаттык сыйлыгын казакка каны кас Абилязов 2 рет алган айналдырган 5 жылдын ишинде!
одан да мойындасандаршы, осындай арсыз, ултын саткан адамдары казакка карсы колдамамыз деп.\
немесе абилязов сендерди каржыландырып отыр ма?
Пікір алмасу

Кімнен: Модератор
17.02.2012 15:53
+0 / -0
Құрметті ара,

адамзат тарихында әр заманда небір империялар дәурен құрып, өзге елдерді жаулап алу саясатын жүргізгені, кейін өздері де күйреп, өзгелердің отарына айналғаны аз кездеспейді. Алайда, сол кездегі саясат үшін бүгінде басқа, тәуелсіз мемлекетте тұрып жатқан және сол елдің азаматы болып табылатын адамға қатысты тек ұлтына бола "басқыншы" деген тіркес қолдану - нақ сол ұлттық сипаттағы бөле-жару болып саналады.

Азаттық радиосына Мұхтар Әблязовтың қатысы жоқ, ол кісіден көк тиын да алмаймыз.

Кімнен: Ахмет Бокейханов Қайдан: Алматы
17.02.2012 15:09
+0 / -0
Қайырсыз байлар, соншама қаржыны шетелге алып кетіп не істемек? өз отанында, ата-бабаларының қаны тамған қасиетті далада ішер ас пен киер киімге жарымай қаншама қандастары жүр. өлсе көрге жалаңаш денесінен басқа несі барар екен. одан да ұлтының дамуын, өркендеуіне, қасретті жылдары қан жылаған қайран қазақтың көсегесін көгертуге жұмсамай ма сол ақшаны. Ақшаны арам жолмен тапса да, адал іске жұмсаса несі кетер екен. Жоқ, байға жетіп, енді Құдайға жетемін деп жүр ме? Данышпан Абайдың "Ешбір қазақ көрмедім, малды иттікпен тапса да, адамшылықпен жұмсаған. Бәрі де иттікпен табады, иттікпен айрылады. Бейнет, күйігі, ызасы - сол үшеуінен басқа ешнәрсе бойында қалмайды". деген ғой. Бүгінде ұлтын, халқын, отанын, ата-абалар аруағын ойлайтын бай қалмады. Қазақ халқының зауалы осындай қайырсыз байлар мен рухсыз ұрпақтарынан болып жүрмесе етті...

Кімнен: он үш жасар бала Қайдан: қызылқоғадан
17.02.2012 19:12
+1 / -0
Мұхтар аға, сізге Алла жар болып жүрсін сіз өмір бойы оппозияда келе жатырсыз сіз маған күрескер адам сияқты көрінесіз, бар қиыншлықты көріп қызығымен шыжығына күйіп келе жатырсыз, сіздің каналыңыз бен адамдарыңыз болмаса біз қазақтар көрсоқыр болып қалар едік, сіз қазақтың Манделасысыз, ақшаңызды аямай салыңыз күрес жолына, мен сізді қолдаймын

Кімнен: Сыр Алашы Қайдан: сыр бойы
18.02.2012 00:32
+0 / -1
- Осы іс барысында маған тағылған айыптың саяси астары бар екенін, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың мені саяси қарсылас ретінде құртуына байланысты екенін мәлімдегенмін. Оны айта да беремін,

Онда неге сол жаққа барып тығылдың. Енді ол жақтада шындық жоқ болды ма, Мұхтар? Қайтейін қайда барсаңда Хорқыттың көрі деген осы
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
19.02.2012 03:18
+1 / -0
Шетелге кетпесе Мұхтар да өзін өзі екі рет жүректен, бір рет контрольный самайдан атып, өлген соң өзі іздеп жүріп үй ішінен бір ақ простыня тауып, оны сілкіп өзінің үстіне өзі жауып, ұзынынан түсіп жата қалушы еді.
Осы ма сендерге керегі?
Пікір алмасу

Кімнен: Ахмет Бөкейханов Қайдан: Алматы
21.02.2012 16:12
+0 / -0
Ал саяси қарсылас Мұхтар мырза, сіз Нұрсұлтанмен неге таласып саяси қарсылас болдыңыз? ақша, билік, тағы не бар? Әлде сізді толғандырған ұлттың мүддесі ме? Соншама қаржыны шетел асырып кетудегі мақсатыңыз не? болашақ ұлттың мүддесі үшін бе? Егер шынымен де ұлты үшін күрескен, ұлттың тағдыры ашындырып билікке қарсы шоқпар сілтеген болсаңыз есі дұрыс қазақ сізді ең болмаса жүрегінде сақтап, іштей қолдайтын еді ғой. Қазаққа міне мен мынаны жасадым, енді мынаны жасамақпын деп ауыз толтырып айтарыңыз бар ма? Ағайындар айтыңдаршы, Мұхтар мырза қазаққа не жасапты? Ең болмаса, ана тілінде сөйлеп пе? ісі жоқ, доңыз айбаты бар "батырдың" керегі қанша?! онысымен кімге ұпай жинайды. Ағайындар, құрметті қазақтар, бауырлар біз шаршадық. Абай атамыз : "Дәл осы күнде қазақтың ішінде кімді жақсы көріп, кімді қадірлеймін деп ойладым» деп қадірлейтін адам таппай дал болғанындай, сайқал билік пен арамза байлар қара қазақты алжастырып бітті. Қара болсын, хан болсын, оны ісіне қарап бағалау керек, қолдау, жақсы көру, тілеулес болу керек. «Аққу, шортан, шаян» сияқты бас басына би болып, өз ұлтының тағдыры үшін күреспеген рухани мүгедектердің тілеуін неге тілемекпіз. Шамамыз келмесе, бір Құдайға тапсырамыз. Өз ұлтының мүддесі үшін күрескісі келсе, ештеңесі болмаса да күреседі. Жүр ғой әне Мұхтар Шаханов ағамыз тірі өліктің күйін кешіп, ол адамның несі бар?ақша, билік қайсы бар? Бәрі жоқ, тек ата бабадан келе жатқан мықты, қайсар рух бар. Бәріңізге белгілі, 2009 жылы ұйғыр ұлтының милионері Р.Қадір қатын басымен ұлтының тәуелсіздігі үшін Қытаймен қаншама күресті, әлемді қаншама шулатты. Ал біздің Мұхтар оның қасында ЕРКЕК, әрі МИЛИЯРДЕР, мәселе қайда жатыр бауырлар. Ұлт мүддесі емес, құлқынның қамы үшін ұрлық жолында істеген «алғыр бастың» неге керегі. Олар ұры байлар, бұл сөзімізге Мұхтар мырза келіспесе, туған халқы алдында ұлты үшін күрескенін, тым болмаса, күресетінін дәлелдесін. Сонда біз де қате пікірімізге опық жеп, уaйымдайық, бір жаратушы алдында тәубе етейік. Болмаса олар – САТҚЫНДАР.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.02.2012 14:42
+0 / -0
Мен де солай дейін деп едім. Тәуелсіз пікіріңіз өркендей берсін! Ахмет Бөкейханов мырза.
Халық патриоты болам дейтін адам алдымен өзін түзесін. Шынымен Әбілиязев мықты болса халық үшін бір нәрсе істесін.
Пікір алмасу

Кімнен: Тулпар Қайдан: Жайлаудан
23.02.2012 18:00
+0 / -0
Қазақ билігінде жүрген адамдар қайда қарады кезінде Мұхтар мырза 5 000 000 000 $ жоқ қылған кезде. Енді келіп сонша қарлайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
21.02.2012 18:17
+0 / -0
НОБЕЛЬ беру керек

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.02.2012 08:14
+1 / -0
Мұхтарға бір тоймас рэкет келіп, банкінің үлскерлік бөлігінің пәленше пайызын аған жаз деген, ал Мұхаң келіспеген. Келсссе, Казком басшысы сияқты тыныш ұйықтайтын еді. Ана Мұхаң да Хабар мабардың үлесініен рэкетке акциясын бермеген, ол да қашуға мәжбүр. шындық керек, жігіттер, шындық.

Кімнен: сарымсақ
18.02.2012 16:42
+1 / -0
әйтеуір, аман бол, баурым.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.02.2012 22:23
+0 / -0
Модератор Аблязов туралы сонгы акпараттарды калай билсек болады?

Кімнен: Akimbaev Imuxamed Қайдан: aktau
20.02.2012 00:35
+0 / -0
Муктар намысшыл еркек жигит.тонни блеерди УрыНАН Муктарды курту ушин жалдады.Колдарынан келермекен?Акылды Муктар мен акымак УрыНАНнын куреси немен битер екен.Муктар женсе ол букил казак халкынын жениси.Жениске жетуине тилектеспин,алга Муктар,алга казак ели...

Кімнен: Құмар Қайдан: Алматы
20.02.2012 09:24
+0 / -0
Мұхтар тектен текке жүрген адам емес екені көрініп тұр, саяси мән бар екені рас, себебі, кеше, "Хабардың" тілшісі А.Серғалие пен "Қазақстанның" Айдаболсыны қазақстандықтарға Мұхтарды тілінің жеткенінше құбыжық көрсетіп, ақтер-көктерге түсті.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі