Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:11

САЯСАТ

«Өкіл қайын ата» кітабына салынған тыйым

«Өкіл қайын ата» кітабы жарыққа шығысымен-ақ қылмыстық қудалаудың нысанасына айналды. Рахат Әлиев бұл әрекет кітаптың шынайылығын биліктің мойындағанын білдіреді дейді. Ал, сарапшы кітаптың мазмұнын айтуға тыйым салуымен билік сөз бостандығын шектеді дейді.

Мәтін көлемі - +
ПРОКУРОРДЫҢ ӨЗІ КІТАПТЫ ОҚЫМАҒАН, ӨЗГЕЛЕРГЕ ДЕ ОҚЫМАУҒА КЕҢЕС БЕРЕДІ

Бас прокуратура Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабының шығуына байланысты «қызметтік бабын немесе астыртын ақпарат алудың арнайы техникалық құралдарын пайдалана отырып, хат жазысу, телефонмен сөйлесу, пошталық, телеграфтық және басқа да хабарлама құпиясын заңсыз жария қылу» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады. Кітаптың Еуропада жарық көргеніне 10 күн өтіп, интернет-дүкендерде сатыла бастаған кезде Ақорда, міне, осындай сыртқы шара қолдануға кірісті.

«Бұл кітап қазір біз үшін заттай айғақ болып отыр», - деді Алматы прокурорының орынбасары Бағбан Тәйімбетов ҚазТАГ тілшісіне сәрсенбі, мамырдың 20-сы күні. Бұған қоса, ол Алматы прокуратурасына аталмыш іс бойынша «Республика» мен «Взгляд» тәуелсіз газеттерінің бас редакторлары шақырылып, оларға даулы кітаптың мазмұнын жарияламауға нұсқау берілгенін жеткізді.

«Біз оларға заңды түсіндіріп, Рахат Әлиев кітабының шығуына байланысты қылмыстық іс қозғалғанын айттық», - деп жалғастырды Алматы прокурорының орынбасары Тәйімбетов. Сондай-ақ, ол газет редакторларын Бас прокуратураның әрекеті “ешқандай да сөз бостандығын шектеу емес, тек қылмыстық іс жүргізу кодексінің сақталуын қамтамасыз ету ғана” деп сендіруге тырысты.

Ал, «Республика» газетінің өзі тура сол күні, 20-сыншы мамырда, Рахат Әлиевтің «Өкіл қайын ата» кітабынан ақпарат жариялаған жағдайда тәуелсіз газеттердің қылмыстық жауаптылыққа тартылатыны жөнінде газеттің бас редакторы Гузяль Баялинованың ескерту алғанын хабарлады.

Осы бір ызбарлы сәрсенбіде прокуратураға «Взгляд» тәуелсіз газетінің бас редакторы Игорь Винявский де шақырылды. Екі медиа-менеджер прокурорға кірудің кезегінде бір-бірімен соқтығысып қала жаздаған, сөйтсе, сескендіру үшін екеуін де бір уақытқа шақырған екен. Шамасы, ол уақытқа сол екеуін ғана таңдап алған секілді.

ТӘУЕЛСІЗ БАСПАСӨЗГЕ «ӨКІЛ ҚАЙЫН АТА» ТУРАЛЫ ЖАЗУҒА БОЛМАЙДЫ

Бас прокуратураның атынан заң түсіндіріліп, «Республика» және «Взгляд» газеттерінің бас редакторларына «Өкіл қайын ата» кітабының шығуына байланысты қылмыстық іс қозғалғандығы айтылып, яғни, даулы кітаптың ақапараттарын «үсті-үстіне жариялап», тергеуге кедергі келтірмеңдер деп ашық айтылған.

«Кітап қылмыстық іске негіз болып табылады», — делінген Ақордадан жеткен қағазда. Бірақ ескертпе-хат редакторлардың қолына берілмеген. Заң түсіндірілген мәтінмен танысқандарын айғақтау үшін хатқа олардың қолдарын қойдырып алған. Одан соң ескертпе - хат прокурор үстелінің шаң басқан жәшігіне сүңгітілген.

«Бас прокуратура әлгі кітаптан алып, ақпарат таратқан жағдайда қылмыстық жауапкершілікке жеке де, заңды да тұлғалар тартылатынын ескертеді», - деп жазады «Республика» газеті Live journal деген бүкіләлемдік блог-порталының бетіндегі өз парақшасында. Газет Қазақстандағы көптеген кедергілер мен хакерлік шабуылдарға байланысты өз мақалаларын интернетте осы порталда жариялап келеді.

«Республика» газеті редакторының «ең болмаса кітаптың жарыққа шыққандығы туралы хабар беруге бола ма?» деген сұрағына Алматы прокурорының орынбасары: «Ақпараттық хабарлама ештеңе етпейді, бастысы — кітаптан ақпараттар жариялауға болмайды», - деп жауап берген.

«Взгляд» газетінің бас редакторы Игорь Винявский Азаттық радиосына берген түсіндірмесінде, өзі тіпті, «Өкіл қайын ата» кітабының мазмұнын білмейтінін, ендеше, ол кітапта келтірілген дәйектерді жариялай алмайтынын немесе тарауларын, мәтінінің ірі-ірі бөліктерін көшіріп те баса алмайтынын айтты.

Әңгімеге өзек болып отырған атышулы кітап Еуропаның бірен-саран интернет-дүкендерінде, Австрия және Германия секілді Еуропаның кейбір елдеріндегі кітап дүкендерінде сатылады. Қазақстанда бұл кітап сатылмайды, интернетке не баспаның өзі, не жаңадан пайда болған жазушы Рахат Әлиев кітаптың электронды нұсқасын салмаған.

«Кітапты мен оқыған жоқпын, ондай мүмкіндік жоқ. Бас прокуратурадағылар, шамасы, ендігі оқып шыққан болар. Ал, Рахат Әлиевтің өзі кітапта мемлекет басшысының төңірегіндегі және Назарбаевтың өз басындағы құпияларды ашамын деп ескерткен еді ғой», - дейді Игорь Винявский.

«Республика» газеті тура сол күні өз наразылығын білдіріп, ҰҚК мен Бас прокуратураға үш сауал жолдады, солардың екеуі Азаттық радиосының редакциясы үшін де қызықты:

- Неге «Өкіл қайын ата» кітабындағы онсыз да кеңінен таралып жатқан ақпаратты жариялауға болмайды?

- Прокуратура тарапынан салынған бұл тыйым Конституцияның 20-сыншы бабымен сәйкес келе қояр ма екен? Ол бапта былай делінген: «Заң бойынша тыйым салынбаған кез келген тәсілмен емін-еркін ақпарат алуға және таратуға әркім де құқылы».

Өкінішке қарай, сол күні прокурорлық мәліметтер Қазақстанның тек белгілі бір бұқаралық ақпарат құралдары үшін ғана ашық болды. Азаттық радиосының журналистеріне Алматы қаласы прокурорының аға көмекшісі Ермек Рахымбаев «Рахат Әлиевке қарсы жаңа қылмыстық істің қозғалғаны туралы ештеңе білмейтінін» айтты.

Сондай-ақ, біздің радиоға Бас прокуратураның баспасөз қызметінің жетекшісі Сәулебек Жамкенұлы да тура осылай деп жауап берді. Алматы прокурорының орынбасары Бағбан Тәйімбетов орнынан таптырмады.

Ал, Бас прокурор Қайрат Мәми, оның көмекшілерінің сөзінше, 20-сыншы мамыр, сәрсенбінің екінші жартысын Ақордадағы мәжілісте өткізген.

РАХАТ ӘЛИЕВ ПРОКУРАТУРА ТАРАПЫНАН ЖАСАЛЫНҒАН ЖАРНАМАҒА РИЗА

Осылайша, біздің тілшілерге кітап ауторының өзі - Рахат Әлиевпен және жекелеген сарапшылармен тілдесуе тура келді. Қазақстан Жоғарғы Соты қылмыстық істер алқасының бұрынғы төрағасы, беделді қазақ заңгерлерінің бірі Өтеген Ыхсанов Азаттық радиосына берген сұхбатында Алматы прокуратурасының бұл әрекеті заңдылыққа қайшы екендігін, әуелі құжаттың өзін, демек ескертпе мәтінін редакторлардың қолына ұстату керектігін айтты. Мүмкін, редакторлар прокурордың ескертпесін даулы деп тауып, сотқа жүгінгілері келетін шығар? Ал қолдарында қағаз жоқ болса, сотқа да қайрыла алмайды.

Өтеген Ыхсановтың айтуынша, заңға түсіндірме беруге прокуратура құзырлы да міндетті, оның үстіне, «Мемлекеттік құпия және мемлекеттік жабық мәліметтер туралы» заңдағы құпия мәліметтер тізімі өте үлкен. Мәселен, президенттің еңбекақысын, әскер санын жария қылуға болмайды. «Тіпті, бірінші ханым Сара Алпысқызының түшкіріп қойғанын да баспасөзге жазуға болмайды», - дейді заңгер.

Ал, «Өкіл қайын ата» кітабы тура сондай мәліметтерге толы. Кітапта президент Назарбаевтың еңбекақысы, денсаулығы және терең интимдік сырлары, оның нағыз болмысы жайында айтылады. Қорғаныс министрлігі әскерлерінің, ішкі әскерлердің, т.б. орналасу реті көрсетіледі. ҰҚК-нің Еуропадағы қайсыбір резиденттерінің тізімі бар, олардың есімдері, лақап аттары, дипломатиялық лауазымы мен әскери шені туралы да мәліметтер бар. Мұндайда не істеуге болады?

Заңгер Өтеген Ыхсановтың айтуы бойынша, ондай жағдайда прокуратура редакторларға нақты қандай, қай тараудағы, қай беттегі мәліметтерді жариялауға болмайтынын айтуға тиіс еді.

Редактор Игорь Винявскийдің сөзіне қарағанда, прокуратура оны істемеген, тек кітаптың шыққанын ғана айтып, тұтасымен бүкіл кітаптың мазмұнына жоламауды ескерткен.

Ал, қылқаламның әзірге таныла қоймаған шебері Рахат Әлиевтің өзі ше? Неге ол саяси қанағаттанушылықтың соңынан кетіп, құпияларды ашып салды, әскерлердің қай жерлерде орналасқанын көрсеткен, антын бұзған, былайша айтқанда неге ол генерал Калугиннің тайғақ жолына түсті?

Бүгін Азаттық радиосына берген сұхбатында Рахат Әлиев әскерлердің қай жерлерде орналасқандығы туралы мәліметтерді әскерге және басқа да арнаулы бөлімдерге азық-түлік пен басқа да керек-жарақ сатып алуға тендер жариялау туралы хабарлама берілетін Мемлекеттік мүлік комитетінің сайты арқылы табуға болатынын айтты.

Рахат Әлиевтің өз басы Бас прокуратураның әрекеті кітапта шындық жазылғанын Ақорданың мойындағанын білдіреді дегенді айтады.

«Осы тұста қазақы цензураның тағы бір туындысы пайда болды, прокуратура өкілі ҚазТАГ агенттігіне кітапты оқымағанын, бірақ іс қозғағанын айтты. Егер олар кітапты оқымаған болса, онда қылмыстық іс қозғауға кім пәрмен берді? «Өкіл қайын ата» кітабындағы басты кейіпкердің өзі емес пе екен»?» - дейді Рахат Әлиев.

«Прокуратура, осылайша, кітапты Қазақстанға кіргізбеу үшін жалған негіз ойлап тапты. Әуежайда кітапты жеке адамдардың қолынан тартып ала алмайсың. Ал, іс қозғалса, тергеуді негізге алып, құпиялылықты желеу етумен әуежайда, темір жол бекетінде, жолаушылардан кітапты тәркілеуге, пошталардан алуға жол ашылады», - дейді деректі шығармасының кең оқырманға жаппай таралу жолына алаңдаған беллетрист Рахат Әлиев.

Кітап шындығында пиардың саяси контржарнама және өзін жарнамалау ережелерімен жазылған. Рахат онда өзінің бейнесін барынша жарқын да жағымды етіп сипаттаған. Мысалға Рахат «елден шығу визасын жоюға бар күшімді салдым және қашан да биліктің авторитаризм деңгейіне түсіп кетуіне қарсы болған едім» деген сияқтыларды жазған.

ПРОКУРОРДЫҢ БАЙБАЛАМЫ ҚҰПИЯЛЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІНЕ ТАҒЫ ДА НАЗАР АУДАРТАДЫ

Қап-қара мұқабалы 540 беттік кірпіш кітаптың жарық көргеніне он күн өткенде Қазақстандағы билік оның алдына шлагбаум қоя қойды. Енді прокуратура көп ұзамай істі сотқа жөнелтеді және Рахат Әлиев тағы да сырттай жауапқа тартылады.

Ал, қаскөйдің тәубеге келуге асығатын түрі жоқ. Рахат Әлиев өз кітабында билік демократиялық әлемнен жабық ұстап отырған Қазақстанды әлемге ашып беруді мақсат еткенін айтады. «Қай жерде, қай өркениетті елде мемлекет басшысының табысы, еңбекақысы туралы мәліметті жариялауға тыйым салады? Біз салық төлейміз, Назарбаев халықтың ақшасымен тақта отыр, одан ақшаны қайда жұмсап жатырсың деп сұрай алады», - дейді президенттің бұрынғы күйеу баласы, ал қазіргі ең қатал сыншысы.

Заңгер Өтеген Ыхсанов мемлекеттік құпия туралы Қазақстандағы заңдар расымен-ақ өте қатаң дейді. Ашық күйінде қалып келген және халықтың сынына ұшырауы мүмкін соңғы мәлімет «Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті туралы» заңының негізінде құпияланды. Ұлттық қауіпсіздікті сылтау еткен осындай құпиялау легін ресми түрде тек Конституциялық кеңес тоқтата алады. Бірақ, ондай бастаманы көтеруге тек парламент депутаттары ғана, оның өзінде кем дегенде он депутат бірауызды болғанда ғана мәселе көтеруге құқылы.

Бірақ Қазақстанның кезекті қалтырауық парламентінен ондай депутаттарды табу қиын болар. Бірауыздан бастама көтеретін он депутатты дегеніміз ғой.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Көкіл Қайдан: Вашингтон
21.05.2009 05:30
+0 / -0
Өкіл қайын атадан басқа тақырыптарың таусылып қалған ба?

Кімнен: қазақ баласы
21.05.2009 08:03
+0 / -0
Қазақстанның кезекті қалтырауық парламенті және мәңгүрт билігі, Н.А.Н,Рахат барлығыда бүкіл қазақ қалқын тәлкек етіп дүнйе жүзіне масқара етіп болды!!!

Кімнен: Aibek
21.05.2009 10:35
+0 / -0
"ПРОКУРОРДЫҢ ӨЗІ КІТАПТЫ ОҚЫМАҒАН, ӨЗГЕЛЕРГЕ ДЕ ОҚЫМАУҒА КЕҢЕС БЕРЕДІ" деп жазылган. Не деген надандык, ол китапты окымасан не туралы жазылганын кайдан билесин.

Кімнен: Әлім Қайдан: Сапақ
21.05.2009 11:08
+0 / -0
Екі жағдай өкінішті. Бірі--Назарбаевтың қолынан түк келмейтін, тек басқаларға зорлық-зомбылық жасайтын, ниеті жаман Рахат секілділерді тым еркелетіп, шексіз билік пен мол байлық беріп қойғандығы. Екіншісі,қайын атасының жақсылығын түсінбей, енді келіп демократ бола қалып, екіжүзділік танытып,өзі басы-қасында, тіпті бірге істеген қылмыстарын жария етуді ұйғарыпты.Ал өзін періште есебінде санайтын секілді. Өкініштісі, осы екі нәрсенің екеуі де халқымыздың беделіне, абыройына үлкен нұқсан келтіретіндігі сөзсіз.Енді бізді былайғы жұрт әбден былық-шылыққа батқан, надан да ашкөз халыққа баласа болғаны. Жаман атымыз онсыз да аз шығып жүрген жоқ еді.Мұндай атаьмыз қазақ Рахат секілділерге "Атың шықпаса жер өрте" деп кеңес берген ғой,. Ол демократ-сымағың жермен қоса елді де өртеп жіберетін түрі бар.

Кімнен: Ақылбек Қайдан: Кереку
21.05.2009 11:23
+0 / -0
Бұдан кейін өкіл қайын Ата қызметінде қалай отырады. Шет елдерге масқара болып болды, енді бір жағына шығып, абырой барда орнын босатқаны дұрыс деп ойлаймын. Елді 20 жыл басқарды емеспе, арманы жоқ шығар. Қателіктідіде уақытында түсінгені дұрыс. Қанағат деген болу керек қой.

Кімнен: сұңқар Қайдан: астана
21.05.2009 11:25
+0 / -0
РАХАТ ӘЛИЕВ ПРОКУРАТУРА ТАРАПЫНАН ЖАСАЛЫНҒАН ЖАРНАМАҒА РИЗА. егер мұндай сасқалақтау болмағанда Рақат Әлиевтың жазғандарын халық жала деп түсінер еді. әрі ол кітапты оқуғада құлықсыз болған болара еді. билік әдейі ме? кім білсін былшығын алам деп қылшығын жұлып жатыр. бұл Рақат Әлиевтың ойлағанына жетеледі. халықтың кітапқа деген қызығушылығын арыттыра түсті.

Кімнен: Оқырман Қайдан: Көрші ауыл
21.05.2009 11:29
+0 / -0
«Бас прокуратура әлгі кітаптан алып, ақпарат таратқан жағдайда қылмыстық жауапкершілікке жеке де, заңды да тұлғалар тартылатынын ескертеді», бұл сонда демократиялық бағыт ұстанған, зайырлы-құқықтық мемлекетте болып жатқан жағдай ма?

Кімнен: Самат
21.05.2009 11:41
+0 / -0
Aibek- Кітапты жоғарыда отырған "Көкелер" оқыған, оларға ол кітап ұнамаған, сондықтан халыққа нені оқып, нені оқымауды солар айтады. Бізде осылай.

Кімнен: Жарас Қайдан: Астана
21.05.2009 11:43
+0 / -0
Бұл тығырақтан шығатын, жаман аттан құтылатын бір ғана жол бар. Ол--Назарбаев мынау антұрған күйеу баласын тым еркелетіп жібергені үшін,ешбір қисынсыз үлкен-үлкен лауазымды қызметтерге отырғызғаны үшін, соның кесірінен біраз адамдардың көз жасы мен обалына қалғаны үшін халықтан кешірім сұрауы керек.Өйткені Рахаттың бұлайша есіруіне оның өзінің тікелей кінәлі екендігін түсінгені жөн.Егер бұлай істемесе оның өзінің сол Рахаттан айырмашылығы шамалы болып шығады.Халықты ақымақ етуді доғару керек."Өкіл атаны" біз оқымасқа та бөтен жұрт оқиды.Олардың бетіне қалай қараймыз?

Кімнен: Мергенбай Қайдан: Алматы
21.05.2009 11:52
+0 / -0
Сол Рахатты осындай дәрежеге жеткізіп Рахат қылған кім? Әрине өкіл Атаның өзі.Сондықтан бұл басқада куйлерге де сабақ болу керек. Енді байып болған келесі куйелер Рахаттанда зорын істемейтіне кім кепіл. Байып болды, енді билік керек. Осының бәрінеде қайын Атаның өзі кінәлі, бетімен жіберді. Қызметі жөнінде уақытылы ойланғаны дұрыс, ел бүлінбей тұрғанда.

Кімнен: Асан Қайдан: Алматы
21.05.2009 15:56
+0 / -0
Алас! Ібілістің айналасындағы шайтандар ойнақ салды. Жеті құлақты, сегіз ауызды жезтырнақ құтырып, тоғыз тілін жалақтатып кітап жазды ібілістер туралы. — Ібіліс жеп қойды, ібіліс ішіп қойды!- деп санын шапаттап, алақанын ысқылап, көкке секіріп күледі. Ібіліс те,әрине қарап жатпайды. Шайтанның ібілістің бел баласы екендігін, ібіліс бола алмағандықтан шайтан болып кеткенін, бұдан кейін оның ібіліспін дегеніне де, тіпті демократ ібіліспін дегеніне де сенбеу керектігін айтып жарты әлемге алау жағып, от айналдыра жүгіруде. Әрине ібілістің де, шайтанның да кім екенін білетін адамдар азғыруға сенбейді, сиқырға көнбейді. Білмегендер біраз ұрынары, сергелдеңге түсері хақ. Екеуінің де қазақ еліне қатысы жоқ. Өзімен кетсін, алас!

Кімнен: Нағыз қазақ Қайдан: Қазақстан
21.05.2009 16:09
+0 / -0
Ия ,қазақ өлімнен ұят күшті деуші еді ,біздің кейбір қазақтарда ол да қалмаптығой ,бір ауыз сөзге тоқтаған хан,батыр,билеріміздің көлеңкісіде қазір жоқ.Бас кеспек болсада тіл кеспек жоқ деген сөз мәнін жойды ғой.

Кімнен: Азамат Қайдан: Астана
21.05.2009 19:58
+0 / -0
Кітапты қайдан тауып оқуға болады

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана
21.05.2009 20:28
+0 / -0
"Масқара!" десем, қателспегенім! Қазағым, қашанғы енді өстіп екіжүзді болып жүре бермекпіз?! Өз басым, өзімнің көзқарасым бойынша тек елбасымызды ғана қолдаймын, басқасында, мына Рахат Әли сынды садаға кеткірлердің "өсегінен" шаршадым. Жігіт па, қазағым деп кеудесін отқа тосады ма, ендеше басқалай жасасын Р. Әли, ал былай шет елдің "қорасына" кіріп алып, боқмұрындар құсап алыстан сөз жұмсамасын, бұлай деген болмайды! Р. Әлидің кезекті дарақы әрекетін көріп, қазақ еліне қастандық ойлағандардың қаржысының арқасында асқақтап отыр деп ойлаймын! Қазақ елінің елбасының құпияларын ашамын деп, қазақты қазақ суға итеріп жатыр ғой! Қарға қарғаның көзін шұқымайды демейші ма еді, мынауың барып тұрған зұлым ғой, не деген сұмдық?!
Міне, көрдіңіздер ме ағайын: "Қазақтың бір жерінде екен, бір себептермен жер астында жүрген бірқатар ұлт өкілдері топ тобымен жүріпті. Содан не керек, жүрген жерлерінде апат болып, құтқарушылар көмекке келіпті, сонда құтқарушылар шағын бір адамдық саңылақ жасап, сол жерден жан таласып адамдарды шығарып жатыр екен: немістер ең алдымен кезек-кезек жылдам-жылдам шығып жатыр, кезек кезегімен артынша орыстар, қытайлар, жапондар шығып болып, ендігі кезектегі қазақтардың кезегі келгенде ешкім жоқ дейді, әрі күтеді, бері күтеді, бірақ ешкім шықпайды... Не болды деп қараса, астындағы азғантай санаулы қазақтар:
-Мен шығамын, мен шығамын! - деп бір-бірінің аяғынан тартып, бір-біріне мұрша бермей жатыр екен...".
Сондықтан, осы уақытқа дейін қазақ елі дамыды, дамып та келе жатыр, дамиды да, Құдайға шүкір аяғанан тұрып, алаш ұрпақтары бірілігі мен біртуар азаматтарының арқасында адымды алшақ басып Әлем алдында "Қазақ елі" деген және бір мықты мемлекет бар екенін дәлелдеуге қадам басуда. Мынадай қылықтары үшін Р. Әли сындылар бұл жалғанда қазақтың құнын түсіріп жүрмеуі тиіс!

Кімнен: Нұржол Қайдан: Астана
21.05.2009 20:28
+0 / -0
"Масқара!" десем, қателспегенім! Қазағым, қашанғы енді өстіп екіжүзді болып жүре бермекпіз?! Өз басым, өзімнің көзқарасым бойынша тек елбасымызды ғана қолдаймын, басқасында, мына Рахат Әли сынды садаға кеткірлердің "өсегінен" шаршадым. Жігіт па, қазағым деп кеудесін отқа тосады ма, ендеше басқалай жасасын Р. Әли, ал былай шет елдің "қорасына" кіріп алып, боқмұрындар құсап алыстан сөз жұмсамасын, бұлай деген болмайды! Р. Әлидің кезекті дарақы әрекетін көріп, қазақ еліне қастандық ойлағандардың қаржысының арқасында асқақтап отыр деп ойлаймын! Қазақ елінің елбасының құпияларын ашамын деп, қазақты қазақ суға итеріп жатыр ғой! Қарға қарғаның көзін шұқымайды демейші ма еді, мынауың барып тұрған зұлым ғой, не деген сұмдық?!
Міне, көрдіңіздер ме ағайын: "Қазақтың бір жерінде екен, бір себептермен жер астында жүрген бірқатар ұлт өкілдері топ тобымен жүріпті. Содан не керек, жүрген жерлерінде апат болып, құтқарушылар көмекке келіпті, сонда құтқарушылар шағын бір адамдық саңылақ жасап, сол жерден жан таласып адамдарды шығарып жатыр екен: немістер ең алдымен кезек-кезек жылдам-жылдам шығып жатыр, кезек кезегімен артынша орыстар, қытайлар, жапондар шығып болып, ендігі кезектегі қазақтардың кезегі келгенде ешкім жоқ дейді, әрі күтеді, бері күтеді, бірақ ешкім шықпайды... Не болды деп қараса, астындағы азғантай санаулы қазақтар:
-Мен шығамын, мен шығамын! - деп бір-бірінің аяғынан тартып, бір-біріне мұрша бермей жатыр екен...".
Сондықтан, осы уақытқа дейін қазақ елі дамыды, дамып та келе жатыр, дамиды да, Құдайға шүкір аяғанан тұрып, алаш ұрпақтары бірілігі мен біртуар азаматтарының арқасында адымды алшақ басып Әлем алдында "Қазақ елі" деген және бір мықты мемлекет бар екенін дәлелдеуге қадам басуда. Мынадай қылықтары үшін Р. Әли сындылар бұл жалғанда қазақтың құнын түсіріп жүрмеуі тиіс!

Кімнен: raxat Қайдан: secret
22.05.2009 18:31
+0 / -0
nazarbaebtin kuli emes kimde kim democratiayni ansaitin barlik kazakhstan diktar iagni kazakhtar oku kerek

Кімнен: Айша хажы Қайдан: Астана. Казақстан.
23.05.2009 01:37
+0 / -0
Прокуратура жігіттері иншалла, орынсыз сөйлемес. Оларға табысты жұмыс тілеймін! Шын қаласа, осының бәрі пиар болмаса, Елбасыны оның рұхсатынсыз өзін қаралаған адамды ұстай алмауы мүмкін емес сияқты..

Кімнен: Қарт адам Қайдан: Астана
26.05.2009 15:24
+0 / -0
Нұржол- сенен болашақта қиял-ғажайып тақырыбында жазатын жақсы жазушысы шығады деп ойлаймын. Осы сайрағаныңнан бет алма. Талантын көрініп ақ тұр.

Кімнен: АНА Қайдан: Астана. Казақстан.
03.06.2009 14:26
+0 / -0
НҰРЖОЛҒА! Айналайын, ұятың мен намысың бар азамат екенсің! Сөздеріңіз дұрыс! Елбасының абыройын төгуге тырысқан, елге реніш әкелген Рахат сияқты адам еместерден Алла жастарымызды қорғап, сақтасын! Мұндайды тексіз дейді, тексіздіктен, тексіздерден сақтасын!

Кімнен: медресе "алжан ана" Қайдан: Астана. Казақстан.
06.06.2009 11:58
+0 / -0
САХИХ ХАДИС: ҒАЙБАТ АЙТУДАН САҚТАНУ: Араб тілінде біреуді жамандау сөзі ғойбатун деп аталады. Ғайбаттау, ғайбат сөз айту мағнасында қолданылады..АЛЛАҺ ТАҒАЛА Қасиетті Құран Кәримде бір адамның екінші адамда жамандауына қатысты:Бір біріңді жамандамаңдар.
Сендердің бірің өз бауырыңның етін жеуді қалай ма?-деген. \Хужурат сүресі,2-ші аят\. Демек ғайбат сөз айту адам етін жеумен тең екен. Ислам жеке тұлғаның абыройын, ары мен намысын дүниедегі барлық нәрседен, тіпті Қағбаның қасиеттілігінен де жоғары қойып,адамның басқаларды жамандау әдетін, оның бойындағы адамгершілік және саналық қасиеттерінің төмендігімен түсіндіреді. ...
"Пенде бір сөз айтып, ол сөздің мәнісін түсінбеуі мүмкін. Нәтижесінде отқа түсіп, түскен орны тозақ шетінен шығыс пен батыстың арасындағы қашықтықтан да қашық болады." Хадисті Әбу Хурайрадан\р.л.ғ.\Имам Бухари риуаят етті. "Аллаһ Тағала бауырының арын қорғаған пендені Қиямет күні тозақ отынан сақтайды." Хадисті Әбу Дардадан \р.л.ғ.\Имам Тирмизи және Имам Ахмад риуаят етті.
ТҮСІНІКТЕМЕ:"..арын қорғаған" - яғни біреуді жамандаудан тыю немесе бауырына қатысты айтылған сөзге құлақ аспау! "Нәби \с.ғ.с.\намазға тұрып:"Әд Духшум ұлы Мәлик қайда?- деп сұрағанда бір адам:"Ол-Аллаһ Тағаланы және Оның Пайғамбарын\с.ғ.с. \ жақсы көрмейтін мұнафық"-деді. Сонда Нәби \с.ғ.с.\"Олай деп айтпа. Ол Аллаһ Тағаламен жүздесуден үміттеніп:"Аллаһ Тағаладан басқа тәңір жоқ" дегенін көрмедің бе? Расында,
САХИХ ХАДИС: Аллаһ Тағала Өзімен жүздесуден үміттеніп:"Аллаһ Тағаладан басқа тәңір жоқ" деген пендені тозақ отынан сақтайды" деп жауап берді"... Хадисті Ъибдан ибн Маликтен\р.л.ғ.\Имам Бухари риуаят етті

Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі