Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:24

Онлайн-конференция

Ринат Зайытовтың онлайн-конференциясы

Азаттық радиосы ақпанның 22-сі күні айтыскер ақын Ринат Зайытовтың онлайн-конференциясын өткізді.

Ринат Зайытовтың онлайн-конференциясы. Алматы, 22 ақпан 2012 жыл.

Мәтін көлемі - +

Ринат Зайытов Шығыс Қазақстан облысының Аягөз ауданында дүниеге келген. Осыдан 12 жыл бұрын, 17 жасында алғаш рет айтысқа қатысқан Ринат республикалық айтыстарда бірнеше мәрте бас жүлдені жеңіп алды.

2011 жылы Астанадағы «Тәуелсіз елдің таңы жарық» атты айтыста екінші айналымға өткен Ринат Зайытов сахнаға шықпай, кейін «айтысты мүлдем қойғанын» айтты.

Ол 2012 жылы ақпанның 11-і мен 12-сі аралығында Алматыда өткен «Қонаевтай ер қайда» деген айтысқа да қатысқан жоқ.

Айтыстың жүргізушісі Жүрсін Ерман Ринат Зайытовтың айтысқа қатыспау себебі жайлы «ол "жұлдыз ауруымен" ауырып, баспасөзді шулатып, өтірік айтып сұхбат беріп жүр - сондықтан мен оны осы айтыстан жаза ретінде шеттетіп отырмын» деген еді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 5
    Келесі 
Кімнен: Уяты бар казах Қайдан: Казахия
20.02.2012 16:06
+0 / -0
Ринат саламагалеикум Менін коп казахтын ішінде кояр сурагым Шынын аитшы Журсін агамыздын аитып жургені распа ? жулдыз ауруына ушыраганын распа ? Неге аитыска шыкпадын ?
Пікір алмасу

Кімнен: Казак баласы Қайдан: шымкент
20.02.2012 22:03
+0 / -0
Ассаламу алейкум Ринат ага Осы Кәзiргі айтыста Жандарбек пен Ринат, Әлібек катысады десе сол айтысты кутып тындаймын. Кім не айтсада осы кунге дейін коріп келдік кой кімнін кім екенін... Сондыктан сізді акын ретінде катты сыйлаймын...
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:37
+0 / -0
Рахмет
Пікір алмасу

Кімнен: Қаракесек Қайдан: Қарағанды
20.02.2012 22:52
+0 / -0
Ринат баурым,саған айтар бірнеше пікірім бар:
бірінші:қырғыз ақыны Әліні "балақтан емес,тамақтан алдым!"дегеніңдей тамақтан ала алмадың."Әлі қырығызстанда қазақты мазақ қылыпты!"деп бүкіл қырғыздардың абройын төгемін деп өзіңнің де,еліңнің де абройын төктің."ит қапты деп,сенде қапсаң адамдығың қайсы?!"деген Абайдың жерінде туылып отырып,итті сенде қапқаның жарамады.оларды табалап едің,"таба жолы тар!"дегендей басымызға қандай бақыстыздық келді?Жаңаөзенде қазақ қанға бөкті.сол кездегі Қазақтың намысын жоқтаймын деп,биліктің отын оттағаныңа өкінбейсіңбе?
екінші:"Тәуелсіздік жыйрма жылдығында бас жүлде ала алмадым!"дегендей іштарлықпен ұзақ жыл ұстазың,арі ағаң болған Жүрсін Ермандай ағаңа ержетіп,толып,болдым дегендей азуыңды көрсеткенің дұрыспа?
үшінші:айтыс болып жатқанда Жәмиғамен айтысып жатқан жігітті басып жаншып келіп,сол жерде құраған анайы "жігіт іздеп күйлегендей болдың!"деген бір екі шумақ өлеңіңді айтып алып тұра қашқаның жігіттікке жатама?неге ішіңді кең ұстап,өзіңді сабырға шақырмадың?не болмаса жігітше соңына дейін айтыспадың?
осы үш сұрақты сені жек көргендігімнен емес,бір кездері өзіңнен үміт күткен тыңдарманың ретінде айтып отырмын.сол айтыстан кейін сеннен көп адамның көңілі қалды."елдің бәріне жағу қиын!"деп өрекпіп жауап бермей шын ақтарыл дегім келеді.
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:42
+0 / -0
Бірінші, Сіз Аалының бұған дейін интернетте қазақтар жайлы айтқанын тыңдасаңыз "неге қаптың?" демес едіңіз, егер қазақ болсаңыз әрине. Ал, Жаңаөзендегі оқиға мен қырғыздың басбұзарлығын салыстырудың ешқандай жөні жоқ деп ойлаймын. Олардың істегені басымызға келді деп айтпаңыз. Тірідей адамдарды өртеп, тойға барғандай мәз болып қарап тұрған жоқпыз ғой. Биліктің отын оттаған ешкім жоқ. Қырғыздың ақынына Қазақстанымды жамандап, ашып-шашып алдына салып берсем, менің "елімді сүйем" деген сөзім шындыққа жанаспайтын еді. Залдағы 1500 көрерменнің ішінде оншақты өзге мемлекеттің адамдары отырса, мен ешқашан "біздің Қазақстан жаман" деп айтпаймын. Біреуге Отаныңды жамандамақ түгілі, отбасыңдағы қиыншылықты да айтпауға тырысамыз ғой.
Екінші, Жүкеңе азу көрсеткен ешкім жоқ. Тіпті сол мақалада "Жүрсін Ерман жаман" деген сөз тапсаңыз, көрсетіңізші. Менікі тек "айтыс тазарсын" деген ой болатын. Оның қалай қабылдайтынын өзі біледі.
Үшінші сұраққа: сахнадан тұра қашқан ешкім жоқ. барлығын көргіш көзіңіз Жүрсін Ермановтың маған "кет" деп қолын сермегенін қалай көрмей қалды екен? Жалтармай жауап бердім деп ойлаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Жадыра Қайдан: Семей
21.02.2012 15:56
+0 / -0
Ринат саламатсыз ба? Айтылган пикирлер мен койылган сурактарга косатыным, барин бир Аллахка тапсырып, сабырлы бол! Сабыр тубі сары алтын деген создің каншалыкты манди екени озине белгілі. Атагын шыга бастаганда аякка шалушылар коптеп кездесетини баршага малим. Ер агасы, аксакал бола тура, Ринат сондай мундай деген усак ангиме айтатындардын созине ерме. Тек Аллахтын берген дарыны, кандай жолда журмесенде шындыктан тайма, казактын мандайына биткен ерекше акын екенин мойындатканын шындык. Тура айткан туысына жакпастын кебин кип жургенинде тусиникти. Онер жолында табыстарга жет!
Пікір алмасу

Кімнен: Дулат
21.02.2012 17:47
+0 / -0
Ассалаумагаликум Ринат, Казирги акындардын коби диндегилер оган белгили дарежеде Мухамеджан Бекболаттардында "улеси" бар дейд, сурайын дегеним сизде намаз окисызба жане Мухамеджан Бекболаттарга козкарасын калай? (Мен ол кисилерди жамандап откам жок жай ак карасын билейн деп едим) Алдын ала рахмет шыгармашылыгына табыс тилейм!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 17:40
+0 / -0
Біреуі - қазақтың біртуар әншісі, біреуі - баға жетпес ақыны. Менің пікірім осындай. Ал, айтыскер ақындар намаз оқу үшін ешкімнен бұйрық алмайды. Өз басым әлі бес уақыт намаз оқымаймын. Бірақ, оқығым келеді.
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:00
+0 / -0
Жұлдыз ауыруынсыз да менің денсаулығымда басқа аурулар жеткілікті. Қазір онымен ауыратын уақытым да жоқ және жас кезімде одан мен өтіп кеткенмін. Оның себебін көп жерде айтып жүрмін. Мені айтыстағы ырың-жырың жалықтырып жіберді.

Кімнен: адай Қайдан: адайстан
20.02.2012 16:12
+0 / -0
парламенттен М.Шахан.айтыстан Р.Зайыт. шындыкты айтатындардын жери емес деп киган болар...
Пікір алмасу

Кімнен: индира
20.02.2012 18:50
+0 / -0
Менде сол сонгы болган Конаевка арналган айтыс кезиндеги Журсин Ерманнын создери каншалыкты рас сол жайлы билгим келеди....Негизи Ринатты патриот айтыскер акындардын бири деп ойлаймын.

Кімнен: Айтысқұмар
20.02.2012 16:26
+0 / -0
Айтыста да пара беру, алу бар деп естідік. Осы рас па? Сосын бар мәселені Жүрсін Ерман шешеді дегенді де естиміз. Бұл қаншалықты шындық?
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:00
+0 / -0
Айтыста жүріп өзім пара беріп көрген жоқпын, біреудің беріп жатқанын немесе алғанын да көрмедім. Жүрсін Ерманның шешу-шешпеуі айтысқа байланысты. Мәселен, кейбір жерде демеушілердің өзі, кейде халық шешеді. Көбінесе, қазылар алқасында бір беделді адам отырса, барлығы соның ығына жығылып кетеді.

Кімнен: Адай-Кулсары Қайдан: Кулсары
20.02.2012 16:38
+0 / -0
Ринат Жамигамен айтысуга расындада коркып шыкпай калдынба?Жанеде казирге айтыста кай акынды айта аласыз суырып салып шаппа шап айтыса алады деп?Жас акындардын ишинен кай акынга конилинмз толада?Журсин Ерманнын айтып журген ангмесинин жаны бар ангмема
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:00
+0 / -0
Бірінші сұраққа: Жәмиғамен егер қорқып, айтыспай жүрсем, ол мені залдан шақырған кезде шығып нем бар. Қорықсам "асықпай дайындалып алып, бірақ келем" дейтін едім ғой.
Екінші сұраққа: Суырып салып, шаппа-шап айтысатындар - Бегарыс, Балғынбек, Серікзат, Жандарбек, Мұхтар Ниязов.
Үшінші сұраққа: Жастардың ішінде Жандарбек, Төреғали, Мейірбек - жақсы ақындар. Оралдан кейінгі кезде Мұрадым деген жас ақын шығып жүр.
Төртінші сұраққа жауап берілді деп ойлаймын.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.02.2012 16:54
+0 / -0
Осы айтысқа шығатын ақындарды кім іріктейді? Айтыс деген жалпы халықтың, қоғамның игілігі емес пе? Республикалық айтысқа ақындарды тек қана жалғыз Жүрсін анықтағаны дұрыс деп ойлайсың ба?
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:00
+0 / -0
Айтысқа шығатындарды Жүрсін Ерман іріктейді. Басқа кім анықтайды енді оны? Ақындарды іріктеуге содан басқа лайық адам да жоқ қой. Дұрыс деп ойлаймын. Одан басқа, мәселен, әкімшіліктердегі мәдениет бөлімі сияқтылар анықтаса, олар өз адамдарын өткізуге тырысады. Ондай тәжірибе болған. Сондықтан Жүрсіндікі дұрыс.

Кімнен: Оқырман-көрермен Қайдан: Жыр елінен
20.02.2012 17:06
+0 / -0
Ринат, ассалаумағалейкүм! Саған қояр сауалым айтыскер һәм жазба ақындар турасында.
1. Жазба ақын бір кітап өлең жазып, ақысына болмашы тиын-тебен алады, ал айтыскер он ауыз өлең айтып көлік мінеді немесе қомақты қаржыны қалтасына басады. Ұлт мәдениетіне қосқан үлесі тұрғысынан алғанда бұл әділдік пе?
2. Айтыскер ақындар көбінесе жазба ақындардың сәтті теңеулері мен әдемі ойларын айтысқа пайдаланып жатады, оған талай куә болғанбыз. Дайын асқа тік қасық боп, біреудің несібесін ұрлап жеп, соның арқасында нан тауып жүрген айтыскер бауырларымыздың бұл қылығына қалай қарайсың?
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:00
+0 / -0
1. Әркімнің құдай берген несібесі бар ғой. Үйтіп қарайтын болсақ, олимпиада чемпиондарын алайық, үш минутқа шығып, темір көтереді де депутаттыққа дейін барады. Меніңше, олай таразылауға болмайды. Шын өнердің жанашырлары жазба ақындарды құрметтейміз десе, ешкім кедергі болып жатқан жоқ қой.
2. Мысалы, Абай. Бүкіл шығармаларын хадис пен Құраннан алған. Сонда біз оны "дайын асқа тік қасық болған адам" деп айтуымыз керек пе? Кітап оқып, ізденіп, оқыған-түйгенін айтысқа пайдаланатын ақындардан емес, қайдағы-жайдағыны айтып, жүлде алатын ақындардан қорқу керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Дария
22.02.2012 16:37
+0 / -0
"олимпиада чемпиондарын алайық, үш минутқа шығып, темір көтереді де депутаттыққа дейін барады" - бұл пікіріңіз мені орнымнан құлатты. Олардың күнде 8 сағаттан көп дайындалады. Аяға каншама ауру табады басына. Мемлекеттің атын шағарып жүрген азаматтар. Олар не берсе де болады. Бұл теңеуіңіз адамгершілікке жатпайды. Сіздің қандай адам екеніңізге енді көзім жетті.

Кімнен: Біржан Қайдан: Шымкент
20.02.2012 17:17
+0 / -0
Ассаламу алайкум Ринат аға!, калыныз калай? үй ішіңіз аман есен бе? Ринат аға басынан бастайын: жалпы мен білетін ақындардың ішінде марқұм Оразалы ағадан кейін, орақ тілді шындықты жасырмай айта алатын ақын деп сізді білуші едік! Өткенде Алматыда өткен ақындар айтысына бір топ жігіттер болып барып қайттық басқаларын қайдам бірақ мен өзіңізді бір көру үшін арнайы барып ем... Өкінішке орай барғандағы мақсатым рындалмады... Жүрсін атанын сол айтыста біздің Ринат пен Айбек кайда деген сұрағымызға сахнада берген жауабын естіп жағамды ұстадым, сосын бірде-бір ақын сіз жайлы тіс жарып ештене айтпады. Кейін теледидардан (7-арна, "Нысана" бағдарламасынан) Жүрсін мен Мырзатай аталардын сіз жайлы айтқанын көріп таң қалдым. Бір айтысыңызда "Өлтірсе де шындықты айт" деген сөзіңіз бар еді гой, шындықты сізден естиікші
Құрметті Ринат аға сіз Жүрсін немесе Мырзатай үшін емес 8-миллион қазақүшін айтысты тастаманызшы, әсіресе ауылдағы қазақтар үшін!!! сосын аға сізбен калай жолығуға немесе телефон арқылы тілдесуге болады?
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:00
+0 / -0
Ықыласыңызға рахмет. Жүрсін Ермановтың мені "жұлдыз ауруына ұшырады" деуіне бірден-бір себеп - менің "Халық сөзі" газетіне берген сұқбатым. Әкемнен үлкен адамдармен салғыласып, бірдеңе дәлелдегім келмейді. Әрқайсымыздың ұятымыз білсін. Бірақ соншалықты жұмыла ұйымдастырып, қаралағандарына жол болсын. Өз басым 7-арнаның тілшілері айтқандай ешкімнен қашып, ешқайда тығылғам жоқ. Халыққа қашан да жалған ақпарат жеткізу - қазіргі телеарналардың әдетіне айналды. Мысалы, дәл сол арналар Жаңаөзендегі оқиғалардан кейін әуелі үндемей, сонан соң "ол - бұзақылардың ісі" деп ақпарат таратты. Екі күннен кейін елбасының сөзінен соң өздері "бұзақы" деген халықты қаһарманға айналдырып жібере салды. Қай сөзіне сенеміз?

"Еларнадағы" жеке блогыма хабарласуға болады.

Кімнен: Найман Қайдан: Найманстан
20.02.2012 17:17
+0 / -0
1. Айтыскер ақындардың ішінде суырып салмаға кім мықты?
2. Айтыскерлердің ішіндегі сөзі көркем, ойы терең ақындардан (суырып салма болмаса да) кімдерді ерекше атай аласыз?
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:00
+0 / -0
Бірінші сұраққа жауап берілді. Екінші сұраққа жауап: Мұхамеджан Тазабеков.

Кімнен: Біржан Қайдан: Шымкент
20.02.2012 17:26
+0 / -0
Кешіріңіз Ринат аға тағы бір сұрағым бар! теледидардан көрсетілетін барлық айтыста Президентке ешкандай сын айтылмайды! Алматыда өткен айтыста барлығы Дат айтқыш болды ғой! Сосын аділ қазылар аділдік жасамады! Көкшеден келген Әлібек жақсы айтысты, Батыстан келген Бауыржан да керемет айтты! бірақ бірақ сол баяғы бірақ...
Ринат аға қалай ойлайсыз аділ қазыларды калай сайлаған дұрыс, алде бұл үрдісті өзгерту мүмкін емес пе???
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:01
+0 / -0
Біріншіден, қарсыласының бар екенін ұмытып, дөй-дала үкіметті жамандай берген ақынды өз басым мықты ақын деп санауды қателік деп ойлаймын. Сондықтан, қазылардың әділдігін шынайы айтысқа қойған бағасына қарап саралау керек. Сөзіңізбен келісем. Ол жолы да қазылар өз дегенін істеді. Бірақ басқадан бұрын, шын обал Бегарысқа болды. Қазылық жүйесін өзгертуге болады. Келешекте өзгереді деп ойлаймын.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақстан
20.02.2012 17:33
+0 / -0
Ассаламу алайкум Ринат!Ринат,ұялы телефонда сенің бір разборкаңды көріп едім қаншалықты рас ерегісіп тұрып машинадан калашник автоматын көтеріп шыққаның?
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:05
+0 / -0
Ол видеода менімен төбелесіп жүрген - менің досым. "Театр өнері" бөлімінде оқығанда "сахна төбелесі" сабағын жақсы оқығаным көрініп тұрған шығар. Қалжың ғой. Толығырақ сегізінші наурызда "Еларнадағы" "Жарайсың" бағдарламасында айтылады.

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
20.02.2012 17:34
+0 / -0
Ринат!

сізге бірнеше сұрағым бар:

1) Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан бергі ақындарының ішіндегі (айтысты тастап кеткендері бар, бұл дуниеден өтіп кеткендері бар, қазір айтысып жургендері бар, бәрін қосқанда) кімді ең мықты ақын деп санасыз?

2) қай ақынды қазылар көп көтермелеп, бәйгені әділетсіз жеңіп алды деп есептейсіз (яғни бәйгені қазылардың көмегімен ғана ақындар кімдер сізше?)

3) айтыста жемқорлық бар ма?

4) Жүрсін ағамыз айтқандай сіз "келісіп алып" айтысуды жақсы көреді екенсіз. Журсін Ерман: "Ертеңіне Ринатқа «Қытайдан келген Нағиманмен айтысасың» дедім. Оған да көнбейді. «Неге Нағиманмен шықпайсың?» - десем: «Өйткені ол келісіп айтыспайды екен. Маған алдын-ала мәтінін көрсетпейді. Келіспей айтысуға менің ыңғайым жоқ», - дейді." ОСЫ СӨЗ РАС ПА?

барлық сұрақтарыма рет ретімен жауап беріңізші!
алдын ала рахмет!
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:07
+0 / -0
1. Бір ақынды бөліп айту мүмкін емес. Әр ақын өзінше мықты.
2. Көбіне, қазылар бағасы көп қойылып, әділетсіз жеңіп жүретіндер - қыз-келіншектер.
3. Жемқорлық туралы сұраққа жауап берілді.
4. Қып-қызыл өтірік. Әңгіменің анығы - Нағыманмен айтысасың дегенде "ол кеше Серікзаттың көмегімен айтысты, ал мен ешкіммен келісіп айтыспаймын" дедім. Жүрсін аға "Білем" деді. "Нағыман ертең мені жіпсіз байлап тастайды ғой" дедім. "Оны да білем" деді. Ол кісінің олай айтуына қандай негіз бар екенін білмеймін. Жасы 60-тан асты ғой. Көп нәрсені дұрыс түсінбейтін болған шығар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
22.02.2012 17:27
+0 / -0
Кыз келиншектер деуиниз оте усак ангиме емес пе??? Аманжол да, жандарбек те ешкимнен кем калып журген жок кой, сизди де еркек дейди ау

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақ Елі
20.02.2012 17:47
+0 / -0
Ринат, Қазақ ақындары неге ұшырады? Бір-бірін жамандауға шықты. Бұрын осы бәрі жабылып мақтайтын қасындағылар дұрыс емес, Ол кісі есітпеді, есітсе бәрі дұрыс болады деп. Сендер солай сеніп жүре бересіңдер ме? Енді Жүрсін болмаса айтыс болмайды, Ринат ауылда жүре береді деген сөздерге қалай шыдауға болады. Егер сөл көкелер кетсе қазақ қаңғып қала ма далада? Біріміз өсіп, уақыты жеткенде кететін жағына кетіп, орнына басқа жастар келе ме? Әлде ол мүмкін емес пе? Қазақ сонда соңғы ғұмырын кешіп жатыр дегенге жатпай ма? Егер бір бірін ауыстыратын ұрпақ жалғасыуы болмаса. Сен қалай ойлайсың?
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:13
+0 / -0
Жүрсін айтыстың бет-бейнесіне айналғаны анық. Басқа адамдар айтыс ұйымдастырмай жатыр дегенге келіспеймін. Кез-келген өнерде бәсеке болуы шарт. Айтыстың да түр-түрі болды. Чемпионат-айтыс, аламан-айтыс, "Жастар жырлайды" сияқты. Бірақ, соның ішінде Жүрсіннің айтысына ерекше ел назарының аууы - жылдар бойғы еңбектің нәтижесі шығар. Жүрсінсіз айтыс бола береді. Бірақ, "Жүрсіні бар" айтыстан қызықты болуы екіталай.

Кімнен: Берік Қайдан: Павлодар
20.02.2012 17:55
+0 / -0
Ринат ассалаумалейкум!!!сізге қоятын сұрағым қазіргі ақындардың кобісі Әруаққа сенбейтін болды,уағыз айтқыш болып кеткен көбісі,бұл қазақ халқының ежелден келе жатқан сенімі ғой?Сіз соны қалай ойлайсыз?Кезінде Оразалы ақын әр айтыста әруағын шақырған,сіз сенесізбе?
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:17
+0 / -0
"Жаратушы болмаса, жаратылғаннан не қайыр?" деген Абай. Одан асырып ештеңе айта алмаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
22.02.2012 16:25
+0 / -0
қысқа да нұсқа, керемет жауап!!!!!!

Кімнен: Алтынбек
20.02.2012 18:04
+0 / -0
Ринат сіздің жуырда суырып салмалық қаситіңіз әшкере болды. Онда сіздің алдын-ала ақынмен кездесіп, қағзға жазып лып айтысатыныңыз жайлы басқа емес айтыстың әкесі Жүрсін Ерманның аузынан айтылды. Бұл қаншалықты рас?
2.Жуырда тағыда айтыстан шеттетілгеніңіз айтылды. Жүрсін Ерманның айтыстан аластатқанына қарағанда қандай бас араздығыңыз ба?
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:18
+0 / -0
Бұл сұраққа жауап берілді деп ойлаймын.

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
20.02.2012 18:11
+0 / -0
Ассалаумағалайкүм!Ринат ақын сізге біреулер қысым түсіріп жүрген жоқпа? осы айтыс өнеріне соғңы жылдары кіналар көп тағыла бастады?дінді үгіттейтін немесе саясатты үгіттейтін құрал ретінде көрсеткісі келді, немесе түкке тұрғысыз нәрсе ауз адебиеті түсында дүниедегі барлық ұлыттар айтысқан деген дақпырттарды туғызды осыған қандай көзғарастасыз? атадан келе жатқан төл өнеріміздің қасиетін кетіруге ұрынып жүргендер кімдер болуы мүмкін?Ақын деген шындықты айтатын, жаны таза ,халықтың адал зиялылары ,асіресе айтыс ақындарының өресі қазақ ұлтында қатты дамыған (сосын қырғыз ұлтында) соны көреалмайтындар барма ?еліміздің іші сыртындағы қазақ халқы рухани сусынға зәру,економиканың мақсаты рухани мәдениетті дамыту,оны құрту емес.....осыні біз үшін жоғарыға және дүние қазақтарына жеткізетін сіздерсіздер,осыны дамытуға жүрсін аға да үлкен үлес қосты ,енді кеп қазақты айтысты сүймейтың,қазақстанның алға басуын көреалмайтын біреулер біріңізді -бірлеріңзге қарсы қойып жүрген жоқпа? осы жәйында ерекше тоқтала кетсеңәз !(Әсіресе мәсімов билік басына шыққалы осы сяқты сыбыстар көбейді,қазақтың талай мықтысының бетіне күие жағылыды,қамаудағысы қамауда,өлетіні өлді,қудаланғаны қудаланды....сіз бұған қалай қарайсыз?)
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:20
+0 / -0
Жеке өз басыма ешкім ешқандай қысым көрсетіп жатқан жоқ. Бірақ айтысқа тосқауыл болғысы келетіндердің бар екені жасырын емес. Шынында да кейбіреу өзінің мүддесін қорғату үшін айтыс жасағысы келеді. Бірақ бәрі - бір күндік нәрсе. Қандай жағдай болғанда да айтыс біреудің құралы емес, халықтық өнер болып қалады деп сенемін.

Кімнен: Ержан Қайдан: Семейден
20.02.2012 18:44
+0 / -0
Ринат сені Семейден шыққан от тілді ақын ретінде жақсы көреміз. Семей елінен шыққан өзіңе дейінгі қандай аға буын айтыскерлерді құрмет тұтасың? Өзіңнен кейінгілерден кімнен үміт күтесің? Семейдегі айтыс мектебінің қазіргі жай-күйі туралы не айта аласың?
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:22
+0 / -0
Біздің алдымызда сол Семейден шыққандардың ішінде Қазақстанды дүр сілкіндірген Қалихан Алтынбаев, Сембай Жаңсақов, Абаш Кәкен (Шығыс Қазақстандық ретінде қостым) т.б. ағаларымыз шықты, соларға қарап біз өстік. Біздің бағымыздың жанған жері - 1998 жылы Семейде "Наркескен" ақындар мектебі ашылып еді. Ол мектептен мен, Сара, Әсем, Қарлығаш, Фархат Маратұлы және т.б. жас ақындар шыққан едік. Кейіннен, мектеп жетекшісі Сиязбек Сүлейменов жұмыстан кеткен соң мектептің жағдайы не болғанын білмеймін. Талантты жас ақындардың көрінбеуіне қарағанда жағдайы мәз емес секілді.

Кімнен: Қазақтаң қап-қара баласы Қайдан: Сарыарқаның жазығы
20.02.2012 18:49
+0 / -0
Ринат сәлем!
Екеуіміз құрдаспыз сондықтан сен деп сөйлей берейін!
1-сұрақ: Сенен орайы келгенде сұрап қалайын. Осы Ораз ақынның қырғыздын ақынымен болған айтысы жөнінде айтып берсең!? Қай уақытта, қай жерде болды? және айтыс қандай деңгейде өтті.
2-сұрақ: youtube сайтында (Argyn2011 - деген акаунт) жер - жердегі көптеген видеопорталдардан (әсіресе қытайдың) айтыстарды жинақтарды жинап жүрмін. Егер Ораз ақыннын қырғызбен айтысқан айтыстың видеосы немесе аудиосы болса бере аласың ба? болмаса youtube порталына салсаң. Интернетті әбден іздедім, бірақ таппадым. Алдын - ала рахмет.
Пікір алмасу

Кімнен: Казак Қайдан: казак ели
20.02.2012 19:26
+0 / -0
Ассалаумагалейкум Ринат билемиз акикатты саспай айтатынында жуз жаса. Бауырым Жана Озендеги жагдай туралы не айтасыныз...
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:28
+0 / -0
Мен қашанда халық жағындамын және Жаңаөзендегі желтоқсандағы көтеріліске дейін қанша адамға қастандық жасалғанын, қанша адамға қысым жасалғанын жақсы білемін. Үкімет тым кеш қимылдады. Сонда да жазықтылардың жазасын дұрыс берсе екен деймін.
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:26
+0 / -0
Оразалы марқұм 2003 жылы Алматыда Елмирбек пен Женішбек деген қырғыздың қос ақынын оңдырмай жеңген. Өкінішке орай ол айтыстың видео-аудио жазбаларын қайдан алуға болатынын білмеймін.

Кімнен: Асылбек Қайдан: УЛЫТАУ
20.02.2012 19:43
+0 / -0
Ассалаумагалейкум Ринат!!!!!! Меним айтарым казирги Казакстандагы, мемлектин жургузип отырган саясатына байланысты ,Айтыстын негиpги магынасы курып кетпей турганда ,cаяси таульсиз Айтыс уйымдастырайык ,Cиз комектесезизбе ?
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:30
+0 / -0
Келешек көрсетеді.

Кімнен: ҚҰРДАСЫҢ Қайдан: жердің бір жеріво
20.02.2012 19:59
+0 / -0
Ринат, исламға, намазға көзқарасың қалай?
өзің бес уакыт немесе жұма намазын оқып, рамазан айында ораза ұстайсың ба ҮНЕМІ?
Пікір алмасу

Кімнен: Шыңғыс Маман
20.02.2012 20:58
+0 / -0
Ассаламагалейкум ага айтыстагы женилгенизди мойындадынызба жане кай акыннан
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
20.02.2012 21:24
+0 / -0
Ринат! Шын ақын болсаң Жазушылар одағының төрағасы Нұрлан оразалиндер қаралаған Жаңаөзен жайлы жыр жаза аласыңба?
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:34
+0 / -0
Жыр жазу қиын емес. Бірақ қаралы халықты қалқан қылып өзіме жарнама жасағым келмейді. Ондайды жазған күннің өзінде де ешқайда жарияламаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: казак азаматы, Қайдан: атыраудан.
20.02.2012 22:01
+0 / -0
Ринат інім амансынба. Озиниздин оте талантты, созге шебер акын екенинизді билеміз, тек кей кезде шындыкты айтар туста іркіліп каласыз, Бас кеспек болсада тіл кеспек жок деген неге когамдагы болып жаткан аділетсіздікті айтпайсыз. Мысалы, Заманбектин, Алтынбектин олтирілуі, Шанырактагы канды кыргын, сайлауда дауыс урлау тагы сол сиякты окигаларды. Сиз Жана Озен окигасынан бері айтыска шыккан жоксыз гой, сизден жаксы айтыс кутип едик. Айбек, Бауыржан ушеуинизді аділ, шындыкты айтатын акын деп білеміз. Алла ушеуинизді аркашанда колдап журсин.
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:37
+0 / -0
Бұл ретте бізге емес, біздің айтқанымызды қиып тастайтын телераналарға өкпелегеніңіз жөн шығар.
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:32
+0 / -0
2003 жылы Оразалы Досбосыновтан, 2007 жылы Бегарыстан (Шымкентте өткен айтыста), 2008 немесе 2009 жылы Жезқазғанда Жүрсін Ерман мешіт ашқанда Мұхтар Ниязовтан жеңілгем. Оны сахнада мойындағаныма ұялмаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:31
+0 / -0
Бес уақыт оқымаймын. Бірақ, жұманы жібермеуге тырысамын. Исламға деген көзқарасым өте дұрыс. Оразаны осы соңғы жыл ұстай алмадым, себебі гастрольдер көп болды.

Кімнен: Жаркын Қайдан: Алматы
20.02.2012 21:42
+0 / -0
Салем, Ринат. Сені халкымыздын ең жаксы акындарынын бірі деп білемін. Журсин агадан бөлек "акындар айтысын" ұйымдастыру керек деп ойлаймын. Конкуренция болу керек. Соған озин калай карайсын?
Пікір алмасу

Кімнен: Досеке
20.02.2012 23:03
+0 / -0
тек шындықты айтып сөйле,Ринат бауырым!
Пікір алмасу

Кімнен: Сұлубай Қайдан: Астана
22.02.2012 10:18
+0 / -0
Жәмиғаның талантын неге мойындағың келмейді? бұл көреалмаушылықпа? нағыз ақын қарсыласыныңда мықты болуын қалайтыны қайда? сен неге бас тарттың?
Пікір алмасу

Кімнен: Ринат Зайытов
22.02.2012 16:35
+0 / -0
Әзірге білмеймін. Болашақта ондай да болып қалуы мүмкін.
Пікір жарияланған бет , жиыны 5
    Келесі