Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:26

АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ / Саяси оппозицияны қудалау

Белсенділер сотқа тартылып, айыппұл төлей бастады

Қаңтардың 28-інде өткен шеруге қатысқан белсенділер сотқа шақырылды. Шерушілер "Халыққа от атқан үкімет отставкаға кетсін" деген плакаттар көтеріп, сайлау қорытындысына наразылық білдіріп, Жаңаөзен оқиғасына байланысты қамалған оппозициялық белсенділерді босатуды талап еткен еді.

Баспасөз мәслихатынан шыққан қоғам қайраткері Мұхтар Шахановқа полиция өкілі сотқа шақырту қағазын тапсырды. Алматы, 30 қаңтар 2012 ж.

Мәтін көлемі - +

Бүгін Алматыда бір топ оппозиция өкілдері мен қоғамдық белсенділер баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, қаңтардың 28-і күнгі рұқсат етілмеген шеруді ұйымдастырғаны үшін қамалған ЖСДП тең төрағасы Болат Әбілевті, партияның бас хатшысы Әміржан Қосановты және партияның Алматы қалалық филиалының төрағасы Әмірбек Тоғысовты босатуды талап етті.

«САЯСИ ТАПСЫРЫС»

Бүгінгі жиынды өткізген Жармахан Тұяқбай, Гүлжан Ерғалиева, Мұхтар Шаханов, Балташ Тұрсымбаев, Рысбек Сәрбенбайұлы, Маржан Аспандиярова, Мұхтар 
Ақын Мұхтар Шаханов (сол жақта), жазушы Софы Сматаев (ортада) және guljan.org веб-сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева баспасөз мәслихатында. Алматы, 30 қаңтар 2012 жыл.
x
Ақын Мұхтар Шаханов (сол жақта), жазушы Софы Сматаев (ортада) және guljan.org веб-сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева баспасөз мәслихатында. Алматы, 30 қаңтар 2012 жыл.
​​Тайжан және жазушы Софы Сматаев «ЖСДП жетекшілерінің қамалуы – билік пен қоғам арасында жанжал тудыратын саяси тапсырыс» деп мәлімдеп, партия жетекшілерін босатуды талап етті.

Жиналғандар тіркелмеген  «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов пен партия белсендісі Серік Сапарғалиды, журналист Игорь Винявскийді де босатып, оларды қудалауды тоқтатуды талап етті.

ЖСДП-ның тең төрағасы Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, партия жетекшілерін шеру ұйымдастырғаны үшін қамауға ешқандай негізі жоқ.

– Біз Қазақстан халқы, ақпарат құралдары және халықаралық қауымдастықтың қолдауына сүйенбесек, ЖСДП жетекшілері ұзақ мерзімге сотталып кетеді. Біз бұған жол бере алмаймыз, – деді Жармахан Тұяқбай.

«КІНӘЛІЛЕР»

Ақын Мұхтар Шаханов биліктің азаматтарға өз пікірін ашық айтуға мүмкіндік бермей отырғандығын айта келе, «барлығымыз жабылып жүріп, биліктен заңды өзгертуді талап етуіміз керек» деді.
Мұхтар Шахановтың сөзі

Жазушы Софы Сматаев «ұстап-қамау арқылы билік халықты қорқытып-үркіткісі келетінін, бірақ бұл биліктің өз үрейінің белгісі» дейді. 
Софы Сматаевтың айтуынша, «халық қанды оқиғаға кімнің кінәлі екенін жақсы сезіп-біліп отыр».

Жазушы «билік бар кінәні оппозиция серкелерінің мойнына артып қоймақ болып отыр, осылайша өздерінің кінәсін қал-қадерінше жуып-шаюға күш салып жатыр» дейді. Софы Сматаевтың айтуынша, «халық қанды оқиғаға кімнің кінәлі екенін жақсы сезіп-біліп отыр».

– Оған кінәлі ең бірінші – өтірік күліп, өтірік ода жасап, көсемге – Назарбаевқа күлмеңдеп отырған қолынан түк келмейтін парламент. Екінші кінәлі – қолынан түк келмейтін бастық басқарып отырған, Мәсімов басқарып отырған үкімет. Үшінші – өзінің қойған адамдарын өзі қадағалай алмайтын, солардың не істеп, не қойып жатқанын білмейтін өз сөзімен айтқанда «түк те қарап отырмаған» президент» , – деді Софы Сматаев.
Софы Сматаевтың сөзі

«КҮШ – БІРЛІКТЕ»

Ал Guljan.org сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева «қазіргідей халыққа қарсы, антиконституциялық шешімдермен күресудің жалғыз жолы – бірлік» дейді.

– Саяси күштердің, азаматтық қоғамның, ірі қоғамдық ұйымдардың басты міндеті - күш біріктіру, – деді Гүлжан Ерғалиева.

Саясаттанушы Балташ Тұрсымбаев қысқа уақыттың ішінде елде бірінен кейін бірі 
ЖСДП саяси кеңесінің мүшесі Балташ Тұрсынбаев (сол жақта), ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай (ортада) және ақын Мұхтар Шаханов баспасөз мәслихатында. Алматы, 30 қаңтар 2012 жыл.
x
ЖСДП саяси кеңесінің мүшесі Балташ Тұрсынбаев (сол жақта), ЖСДП төрағасы Жармахан Тұяқбай (ортада) және ақын Мұхтар Шаханов баспасөз мәслихатында. Алматы, 30 қаңтар 2012 жыл.
​​«халықтың мүддесіне қайшы» оқиғалар көп өтіп жатқанын айтып, «үнсіз қалмау керек» екенін айтты.

– Біз бүкіл әлемге не болып жатқанын дәлелдеуіміз керек. Ашық көрсетуіміз, айтуымыз керек, – деді ол.

Ал «Азат» ЖСДП прездиумының мүшесі Маржан Аспандиярова сенбі күннен бері қамалған партия өкілдері – Болат Әбілов, Әміржан Қосанов, Әмірбек Тоғысовтармен байланыса алмай отырғанын, олардың жағдайынан хабарсыз екенін айтты.

АЙЫППҰЛ

Дәл осы жиыннан кейін ұлттық баспасөз клубына келген Медеу аудандық ішкі істер басқармасының өкілдері сенбі күнгі шеруге қатысқан Мұхтар Шаханов, Рысбек Сәрсенбай, Мұхтар Тайжанға сотқа шақырту қағазын берді.

Ал кешкісін қалалық әкімшілік сотының Мұхтар Шахановқа - 15 айлық есептік 
Полиция офицері оппозиция белсендісі Маржан Аспандияроваға (оң жақта) сотқа шақыру қағазын тапсырды. Алматы, 30 қаңтар 2012 жыл.
x
Полиция офицері оппозиция белсендісі Маржан Аспандияроваға (оң жақта) сотқа шақыру қағазын тапсырды. Алматы, 30 қаңтар 2012 жыл.
​​көрсеткіш көлемінде (шамамен 150 АҚШ доллары), Мұхтар Тайжанға – 20 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 200 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салғаны белгілі болды. Басқа белсенділерге қатысты әкімшілік сот қаңтардың 31-інде өтеді.   

Қаңтардың 28-інде Алматыда ЖСДП жетекшілері Жаңаөзен оқиғасы кезінде оқ атылғанын айыптап, парламент сайлауының нәтижелеріне наразылық білдіріп, шеру өткізген.

Сол күні күні кешке Алматының ауданаралық әкімшілік соты Болат Әбілев, Әміржан Қосанов және Әмірбек Тоғысов үшеуіне «бейбіт жиындар мен митинг өткізу заңдылықтарын бұзды» деген айып тағып, 15 тәулікке қамауға алу жөнінде шешім шығарды.

Ал Жармахан Тұяқбайға 20 айлық есептік көрсеткіш (шамамен 200 АҚШ доллары) көлемінде айыппұл салды.

Үкімді орнынан тұрмай тыңдағаны үшін және пікірін отырып айтқаны үшін »сотқа кұрмет көрсетпеді« деп айыпталған Болат Әбілевтің жазасына тағы үш тәулік жамалып, ол 18 тәулікке қамалды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Сымбат Қайдан: Актау
30.01.2012 17:16
+0 / -0
Курметти Азаттык!!!
Қаңтардың 28-інде оппозициялық ЖСДП жетекшілері Алматыдағы Абай даңғылы Достық даңғылдарының қиылысынан "Қазақстан" қонақ үйіне дейінгі аралықта парламент сайлауының нәтижелеріне наразылық білдіріп, шеру өткізген болатын. Жүздеген адам қатысқан шеруде қарар қабылданды. деп жазыпсыз... .ол митингиде тек кана сайлау корытындысы туралы соз козгалган жок биле билсениз Жанаозендеги жагдай,халыкка ок атуга кимнин буйрык бергени, т.б. маселелер козгалды емес пе...тагы да айта кететин нарсе ол жерге ЖУЗДЕГЕН адам емес, МЫНДАГАН адам жиналды деп жазуларыныз керек еди...неге осы тиип-кашып акпарат бересиздер....одан да мулдем жазбасаныздар да болады...алдее....сиздерде жогарыдан коркактап калдыныздар ма...
Пікір алмасу

Кімнен: жәй қазақ Қайдан: Алматы
30.01.2012 21:16
+0 / -0
бүгін 30,01,2012 жылы кешкі 20,,00 блоған 31 канал журналистері жиынға 2000-дай адам қатысты деп мәлімдеді. ҚАЗІРШЕ 31-КАНАЛ ШЫНДЫҚТЫҢ ШЕТІН ШЫҒАРАТЫН жалғыз КАНАЛ БОЛЫП ТҰР.ондағы АЗАМАТТЫҒЫ ьар жігіттерге АЛЛА РАЗЫ БОЛСЫН айтамыз
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 00:30
+0 / -0
хмм, Ресей қолға ала бастаған екен нәнің мәселесін май шаммен қарауды. Менің білуімше 31 каналды Ресейлік СТС сатып алған еді.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 11:03
+0 / -0
Ресейдін буган канша катысы бар? Барып митингті тусіріндер деп, москва айтпаган шыгар. Мен 31 арнанын жаналыктарын унемі байкап отырам. Обалы не керек, кешегі митингті ашык берді. Баска каналдарды да карадым. КТК берсе кайда калды? НКТ берсе кайда калды? Окініштісі де сол. Билік енді осылардын сонына туспесе болды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.01.2012 17:25
+0 / -0
ОЛ маймыл судьялар 3 күнді қай заңның, қай бабына басшылыққа алып қосып отыр?

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
30.01.2012 17:39
+0 / -0
Қазақтың сорпа бетіне шығарларын қудалаған сталиннен асып кетті го))
Пікір алмасу

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
30.01.2012 18:50
+0 / -0
Жалпы дақпыртпен Сталинді жамандайтын саяси сауатсыздықты қойған жөн болады. О. Цыркунның "Кровавые ночи 1937" деген кітабын оқыңдар, мысалы. Немесе Е. Прудникованың "Творцы террора" кітабын. Білмейтінді беталды айта салу өзімізге ұят қой.Қазақтың зиялылары 1933-1938 жылдары құртылды, ал онда Қазақстанды кім басқарды, барлық айыптауға қол қойған сол. Ю. Жуковтың кітаптарында ол атап айтылған.Мысалы, "Иной Сталин" дегенінде. Мен мәселе Сталинде деп отырған жоқпын, оны мадақтаған емеспін, мәселе ақиқатта және өзіміздің саяси білім дәрежемізде. Күлкі болмауу керек қой.
Пікір алмасу

Кімнен: ЖАҚЫПҚА Қайдан: алматы
30.01.2012 21:38
+0 / -0
Жәке! Оқыған жігіт сияқтысыз. бұл дүниеде бәрі салыстырмалы екенін жақсы білерсіз. сондықтан пікір білдірген қалың көпшілікке айтар ойын, не дегісі келгенін ұқсақ жеткілікті емес пе?
Пікір алмасу

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
31.01.2012 00:28
+0 / -0
Маған дүниенің салыстырмалы екені туралы ақыл айтқан ағайын, пікірдің де пікірі бар. Қай мәселеде болсын білмейтінімізді білгендей етіп қате айту кімге пайдалы? Осында біл "білгіш" бар, әзірше қатыспай отыр, сол дүние жүзін большевиктердің лаңынан сақтап қалған Гитлер - ұлы адам деп те соқты бірде. Сол миғұлалықты да салыстырмалы түрде ғой деп қоя салу керек пе? Салыстыру керек жайт бар да, ауызға алуға тұрмайтын жайт бар. Әсіресе сайттарды оқуға құмар жас жеткіншектерді шатыстырмау керек, оларға біріміз қате пікір ұсынсақ, екіншіміз дереу түзетуге тиіспіз.Өйтпесек, Ленинград, Мәскеу, т.б. қалалардағыша бізде де скинхедтер, фашистік пиғылға бейімделуші тақырбастар шығуы, көбеюі мүмкін, мысалы, Гитлерді ақтап шатпақтағанға еліктеп. Қысқасы, немкеттіліктен сақтанайық.

Кімнен: Зере Қайдан: Алматы
30.01.2012 17:40
+0 / -0
Тұчқбай заңгер ретінде митингіге шығуға құқымыздың бар екенін қолмен қойғандай етіп түсіндірді. Өзі басы артық сөзге бармайды, өзін соттаған да судьяны ұялтып,заң жүзінде дәлелдеп нақты дәлелдер айтты. Ұяты бар адам ғой,тиісті тақырыптан шықпайды, Қосанов пен Әбілов сияқты жарнамаен айналыспайды. Екеуі түрмеге отырғысы келді, отырсын, егер ойлары шын халық үшін болса.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.01.2012 20:32
+0 / -0
ҚУДАЛАУҒА ТҮСКЕН АЗАМАТТАРДЫ БҮКІЛ ХАЛЫҚ БОЛЫП ҚОЛДАЙЫҚ ӘИТПЕСЕ БӘРІМІЗДЕ ОСЫНДАЙ КҮЙ КЕШЕМІЗ БҰЛ БИЛІККЕ БҰҚПА ХАЛЫҚ КЕРЕК АЙТҚАНЫНАН ШЫҚПАЙТЫН БІРІМІЗГЕ БІРІМІЗ КӨМЕКТЕСПЕСЕК ОНДА ХАЛЫҚ БОЛЫП НЕГЕ КЕРЕК ҚҰЛ БОЛЫП ЖҮРЕ БЕРЕЙІК
Пікір алмасу

Кімнен: kazak kizi Қайдан: astana
05.02.2012 13:36
+0 / -0
онсыз да кул емесп1з бе,с1з де жаналык аштыныз-ау,осы азаматтырды колдау дегенге толык косылам,айтпесе б1р 70 жылдан сон уялмай алаш азаматтары деп оп от1р1рк ук1мет мактап мадактай салады,ал казыр оларды оппозиция деп кудалап жатыр

Кімнен: Зере Қайдан: Алматы
30.01.2012 17:51
+0 / -0
Тұяқбай ұстамды адам, бүгін баспасөз мәслихатында біздің митингіге шығуға қақымыз бар екенін қолмен қойғандай етіп айтып берді. Запң тілімен. Артық сөзі жоқ, орнымен сөйлейді. Әбілев пен Қосанов осындай азаматтың қадірін біле ме екен? Сыртынан жамандап жүруден басқа тірліктері жоқ
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.01.2012 19:01
+0 / -0
Зере, арандатпағаныңыз жөн болар! Биліктің бөлшектеу саясатына су құйып беретін сияқтысыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Ұлжан
30.01.2012 19:15
+0 / -0
Оппозиция басшыларының арасына ши жүгіртіп арандатқың келеді ә, зере атынан садаға кеткір! Елді ақымақ дейме екен. Егер әлде бір ақымақ сенсе сене берсін, өйткені бұл секілді арандатуға азғандардың өзі ештеңеге септігі болмайды.
Қазақстандағы № 1 мәселе билікті орнынан жұлып алып, әділ де, халықтық ұлтшыыл билік құру. Бұл үшін жұмсақ әдістер сарқылып бітті, билікің саңыраулығы мен соқырлығы шегіне жеткен. Ендеше Қатал тәсіл қолдану керек. Халық үшін отқа түс күймейсің, әділет үшін суға түс батпайсың! Зере, сен де нәнді қудалауға қатыссаңшы, бір тудың астында өлсек бір шұқырда, тірі болсақ бір төбеде болайық. Қалай ойлайсың?
Пікір алмасу

Кімнен: ТАСАЙТЕГІ Қайдан: АЛМАТЫ
30.01.2012 21:29
+0 / -0
ҚАЗІРШЕ 2-3 ЖЫЛҒА ДЕЙІН ӘСІРЕ ҰЛТШЫЛДЫҚ туралы айтпау керек. АЛЛАға шүкір бізді басып алайын днп отырған сыртқы жау жоқ.БАСҚА ҰЛТТА ӘСІРЕСЕ ОРЫС ҰЛТЫМЕН ҚҰДАЙҒА ШҮКІР ТАТУМЫЗ. кеше тнт каналынан жарты сағаттық "репорторские репортажЫ" көрген боларсыз. МЕНІҢ СЫРТТАЙ ЖАҚСЫ көретін МҰҚТАР ТАЙЖАН бауырымнан да өтінерім сол. әр әңгіменің айтылар уақыты болады.Көкейіміздегіні қойып қалып жалпы көпшілік алдында ыңғайсыз болмасын. ОЛСЫЗДА неше түрлі болып бөлініп жүргендер көп.БҰЛ УАҚЫТ КӨБІМІЗДІҢ НИЕТІМІЗ ТУЫС БОЛАТЫН КЕЗ.Абайлайық ағайын.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.01.2012 17:53
+0 / -0
НӘН Қазақстанды полицейлік, казармалық, диктатуралық-тоталитарлы жабайы мемлекетке айналдырмақшы ма?

Кімнен: Бекенжан Қайдан: Ақтау
30.01.2012 18:07
+0 / -0
Азаматтар, бұл билік шешуші күреске шыққан сияқты. Халықты бассыз қалдырайық,не істер екен , деп отырған сыңайлы. Түрмесінде соншама орын көп пе екен, бәрімізді қамайтын. Енді түрмемен бізді жасыта алмайды. Әркім қолымыздан келгенше қарсылық көрсетуіміз керек. Оянып келе жатырған халықты, қайта әлдилегісі келеді ғой. Онысы бола қоймас.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.01.2012 19:19
+0 / -0
Т.Құлыбаев төрт самолетпен қашып кетіпті дейді. Н.Назарбаев шетелдерден мүкамалдар сатып алып, қашуға дайын отыр. Жаңаөзен мен Шетпеде қан төккендерді жазалайтын түрлері жоқ. Өңкей майда біреулермен халықты алдағысы келеді. Оппозицияны бір бірден көздерін құртпақшы. Халық үнсіз қалады деген соқыр дәмелерінен қайтатын түрлері жоқ. Тәуекелге келетін сағат болды. Жаппай көшеге шығайық, қолдаңыздар!
Пікір алмасу

Кімнен: kazak kizi Қайдан: astana
05.02.2012 13:39
+0 / -0
осы презилентт1н уйеу балалары андса санда жеп-жеп алып шетелге кашу сеебеб1н айтыныздаршы?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.01.2012 18:17
+0 / -0
Когамдык комиссияны Жанаозенге жiбермеудiн амалын жасап жатыр гой,шакалдар.'Когамдык комиссия окiлдерi,акiмшiлiк жазаларын комиссия жумысы аякталган сон отеулерiне болады' деген зан жок па? Болса соны талап ету керек. Акiмшiлiк жаза-ауыр кылмыс емес кой!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.01.2012 18:50
+0 / -0
Масқара екен, қазақтың жеткен жері осы болды!! Ұят-ай!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
30.01.2012 19:11
+0 / -0
Жаппай азаматтық бағымбаушылықты бастайтын уақыт келген сияқты ғой, Сіздер қалай ойлайсыздар, бұларды тайрандатып қойып қарап отырамыз ба, әлде, барлығымыз бірге көшеге шығамыз ба?!! КЕТ! деген бір ауыз сөзбен ұрандатып, орталық алаңға шықпаймыз ба?!

Кімнен: мен ғой Қайдан: сол жерден
30.01.2012 19:24
+0 / -0
Халқына оқ жаудырып,қалаулыларын турмеге тығып,түрмедегі жазықсыздарға қылмысты күштеп танатын елден әділдік іздеген үміттің енді ақталмасы белгілі.Дәлелдері жеткілікті болса жөн білетін Жармахандар Гага сотына не ғып арызданбайды екен осы
Пікір алмасу

Кімнен: көптің бірі
30.01.2012 22:42
+0 / -0
гага сотына МҰХТАР АБЛЯЗОВ ДАЙЫНДАП ЖАТЫР ДЕГЕНДІ ГАЗЕТТЕН ОҚЫҒАМ.

Кімнен: zheltocsan
30.01.2012 19:37
+0 / -0
"біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін" дейтін еді сонау коммунистер хандық құрған заманда. Осындай пайдалы амалдарды ұмытып кеттік. Біржарын қамады, басқалары тып-тыныш. Ал адамдар қамалған сайын қалғандары оларды шығарып алу үшін одан сайын бас көтере берсе ондай қамау болады ма?

Кімнен: Арқа азаматы Қайдан: Қазақстан
30.01.2012 19:51
+0 / -0
Бұл биліктің үйреншікті "сценариймен" жасалған дүниесі, Митингтен кейін оппозиция басшылары осылай жазалайтынын жақсы білді, осыған қарамастан жасымай, жасқанбай алаңға өздері ғана шығып қоймай, жұртшылықты да жинай алды. Осының өзі қылышынан қан, ұртынан май тамған бүгінгі билікке қарсы тұру, наразылық білдіру қайсарлық емес пе? Келесі жолы наразылық акциясын бүкілқазақстандық мерзімсіз (бессрочные) ретінде барлық қалаларда, елді-мекендерде, қандықол коррупциялы билікке қарсымын деген ел азаматтары, жасы мен кәрісі, барлық әлеуметтік топ өкілдері, діні мен сеніміне, ұлты мен нәсіліне қарамастан біртұтас болып шығу қажет. Халықтың күші - бірлікте. Ел үшін билікпен арпалысып келген арыстарды бір-бірден, екі-екіден билікке тұтқындата береміз бе? Осыған дейін алаштың қаншама арыстары жендеттердің қолынан мерт болды. Қанға бөккен Жаңаөзен, Шетпе халқын, сол қырғын күндері жерлестерін қолдап сан мыңдап алаңға шыққан бүкіл Маңғыстау жұртшылығын біз бүкіл Қазақстан болып қолдауымыз керек. Өзіміздің бірлігімізбен, тірлігімізбен ОЛАРҒА жігер беріп, қайрат қосуымыз қажет. Біз біртұтас ҚАЗАҚСТАНБЫЗ. Біздің қатарымыз қалыңдап, үніміз ашық, талабымыз қатқыл болған сайын Жеңіс күні жақындай береді. Ақ түйенің қарны жарылатын күн алыс емес ағайын. Тағы да қайталаймын: Халықтың күші - бірлікте!
Пікір алмасу

Кімнен: Шаттык Қайдан: Астана
30.01.2012 21:57
+0 / -0
Халык пен билікті ешкашан боліп карауга болмайды. Оппозиция да, билік те барлыгы Елбасынын колындагы жуйе. Оппозиция билікке келсе де, ештене озгермейді. Халык деген кім, билік деген кім, ешкім накты далелмен жауап бере алмайды буган. Ен бастысы екеуін бітіспес жауга айналдыратын беталды ангіме айта беруден тыйылу керек. Елден тыныштык, бірлік кетеді егер билік пен халыкты боле берсе. Арларынды таза устандар.
Пікір алмасу

Кімнен: Атақозы Қайдан: Ақтау
30.01.2012 23:57
+0 / -0
Халық деген кім,билік деген кім деп көлгірсіме. Өзің жауап бере алмайтын болсаң, басқаны өзіңдей ақымақ көрме. Сеніңше, халықтың арқасынан қорғасын оқты қарша боратып, мейрам күні өндірдей жастарға ажал силаған билік халықпен бірге дегің келе ме. Оңбаған! Бейқасиет! Азғын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 08:15
+0 / -0
Мүмкін. Алайда бір өзгеріс болатыны хақ! Халық жетесіз, ұрлықшы биліктен қажып бітті. Оппозиция өкілдері ел болашағы үшін ынтымаққа келуі керек!

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
30.01.2012 20:05
+0 / -0
Сотқа құрмет көрсетілуі керек еді!
Пікір алмасу

Кімнен: Марал Қайдан: Кереку
30.01.2012 20:59
+0 / -0
Мұхтар Шаханов және т.б. еліміздің нағыз бетке ұстар азаматтары болып табылады!
Пікір алмасу

Кімнен: Тәкеңе жауап
30.01.2012 21:50
+0 / -0
Заңды сыйламайтын, заңды құрметтемейтін, әділдікті белден басып әлімжеттік жасайтын, сауатсыз сотқа құрмет көрсетілмейді! Құрметтен садаға кетсін ондай соттар!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 21:37
+0 / -0
Ол заңды заңсыз сайланған депутаттар жазды. Сондықтан Заңның өзі заңсыз, өтірік Заң.
Пікір алмасу

Кімнен: тәке-ай Қайдан: сол ел ғой
30.01.2012 22:40
+0 / -0
қазірше қалай қипақтасқта о ДҮНИЕДЕ АЛЛАНЫҢ соты бар екенінұмытпайық.сіздің ойыңызбен 1937 жылғы БЕРИЯ Т,Б соттардікі ұнайтын сияқты. сіз сол кезеңде болсаңыз голешекин соттарына құрметіңіз ерекше болатыны көрініп тұр.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ
31.01.2012 00:00
+0 / -0
Конституцияны белден басып отырған органды сот деп айтуға болмайды. Қазақстанда сот институты Назарбаевтың жалалаушы құралына айналды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 08:18
+0 / -0
Кейде адамға мінез де керек! Бұл - сондай жағдай.

Кімнен: патриот Қайдан: Алматы
30.01.2012 20:54
+0 / -0
ТӘКЕҢ! ҚҰрып кет сотыңмен бірге!!!
СОТҚА құрмет көрсететіндей ОЛАРДА ХАЛЫҚ алдында абырой, беделі қалды ма???

Кімнен: Адай Сарбазы Қайдан: Маңғыстау
30.01.2012 22:51
+0 / -0
Қайран ғана ЖАНАӨЗЕН кіп кішкентай ,алакандай 5 ак шағын ауданан тұратын қала, сені де Билік көп көрдіма, дұрыстап еңбек ақысын ала алмай ,алданып, жағдай жасалмағандықтан шыққан ереуіл бүкіл Қазақстанға проблема болды, жұмысшлардың мәселесі шешкенде , бірлігіміз жарасқан ел болып жүре берер едік- ал енді не болды бүгінгі күн ,осыған басы жетпеген акмақ билікті енді құлату , яғни қөкені құрту онай ,ол былай- 10 миллондаған таза қазақтар жиналып бәріңіз қаржы жинап , пара қор басшыға пара берейік, барш шетелге кет, дем ал, сол жақтан өзіңе қала сатып ал, соларды ат, өлтір не істесең соны істе деп, Ең бастысы ондай адамдарға ақша емеспа, ақша тек ақша, 10 млн халықтың ақшасы бір қала сатып алуға жетеді, Хэ жазатын баска зат таппадын ба деп жауап беретін шығрсыңдар
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 08:36
+0 / -0
Жаңаөзен - бүкіл Қазақстанның қасіреті шоғырланған жер.
Пікір алмасу

Кімнен: жәй қазақ Қайдан: АЛМАТЫ
31.01.2012 09:42
+0 / -0
жаңаөзен ҚАЗАҚ рухы кітаптарда ,аңыздарда ғана емес өмірде де бар екенін көрсеткен жер.. Ең бастысы Мұқтар Шаханов ағамыздың өлеңінде айтылатын туфли жалау өнері қазірше ең аз таралған жер. бұл жердің қазақтарына да сол өнерді үйреткісі келіп үкіметт 10000 омон аз болғандаи бәрі тынышталса да 1,5ай бойы көшемен ары бері пулемет орнатылған БТР мен жүрді ғой. Бірақ АЛЛА ТАҒАЛАның өзі қолдаған ол қаланы үкімет автоматпен, БТР, ТАНКІмен үирете ала ма білмедім.

Кімнен: қазақ Қайдан: Қазақстан
31.01.2012 00:41
+0 / -0
Шеруге шыққандарға алғысымды білдіремін. Билік салған айыппұлды халық болып жинайтын бір реті жоқ па екен.

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
31.01.2012 02:26
+0 / -0
Орта азия көктемі болаалмайды,
Көргеміз жоқ Жәнібек ,Қабанбайды,
Ат төбелі секілді азғантай күш,
Қара нөпір әскерге шабалмайды,
Бүгін шыққан Мұқтар мен Жармақандар,
Өзін-өзі қазақ деп арандайды,
Ал қазақтар сайытта жылап -сықтап,
Көріскеннен арыға баралмайды,
Онандағы Кәрімді кетірсеңші?,
Қуыршаққып ойнаған Назарбайды,
елді осылай тұтқындап ,қыра берсе,
Новел сыилық ешкімде алаалмайды,
Төмен жақта бас-баста наразы топ,
Брігетін жолдарын амалдайды,
Қазақтардың шығатын жолы қайда?
Қандай ұлы арнаға табандайды?,
Он милионнан аспаған аз ақ қазақ,
Қайтсе тіл,жер,дәстүрден тоналмайды,
Милиарттаған қарызды кім қайтарат?
Назарбай мен Мәсімов жабалмайды,!!
Қазақтарға пайдасыз келісімдер,
Олар ертең кетседе жоғалмайды,
Кіріп алған шет ұлыттар көбеюде,
Асыңды ішіп өзіңді жамандайды,
Жалған хабар естіген өспірімнің,
Санасыз боп қалғаны жаман қайғы,
Ақша қуған рухы жоқ мас адамдар ,
Ертеңгісін екі елі көреалмайды,
Орыстардан айырылып қалғысы жоқ,
Қытайлардан азырақ алаңдайды,
Евро мен азия одағына,
Бір жолата не кетіп қалаалмайды,
Құстай-ұшқан қазақтың бизінісі,
Өзге ұлыттардың қолында шабандайды,
Мұны білсе назарбай берер еді,
Бір қазаққа өз орнын одан да ойлы,
,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
Орта азия көктемі болаалмайды,
Көргеміз жоқ Жәнібек ,Қабанбайды,
Ат төбелі секілді азғантай күш,
Қара нөпір әскерге төнеалмайды,

Кімнен: МАНАС Қайдан: Бішкек
31.01.2012 10:08
+0 / -0
Алға қазақтар, бостандыққа ұмтыл. Бәрі өз қолыңда!!!

Кімнен: Талгат Аскарулы Қайдан: Кызылорда
31.01.2012 10:22
+0 / -0
Мухтар ага сиздиде елге карсы койган ба, Гулжан (апай деугеде уяламын) касында калай отырсыз, ар, намыс дегенди умыткан, улкен басынызды томендетпениз. Аллага сиынып ел басына Дуга кылайык,
"Биз кимнен кем биз, Аллага шукир касип кылап десен касип бар, жумыс жасаймын десен жумыс бар, кой устине бозторгай жумырткалаган кун гой". Алла сиздерди тура жолга солсын.
Пікір алмасу

Кімнен: жәй қазақ Қайдан: АЛМАТЫ
31.01.2012 15:27
+0 / -0
талғат,сенің ауылыңды полицей атпаса болды. "боз торғай жұмыртқалай қалады екен ғой. сен сайттардан ген. прокуратура іліп қойған списоктерді көр.Жаңаөзенде полицей "конечность"нан атқандардың ішінде 1998,1997 жылы туған балалар да бар.яғни 7-8 кластың оқушылары .сенің пайымдауыңша туған ініңді атпаса "бозторғай жұмыртқалай "бере ме? қайсісін айтамыз осындай жүздеген масқаралықтар толып жатыр. хабарға гипноздалған байғұс Асқарбектің баласы-ай.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
31.01.2012 21:51
+0 / -0
Жаңаөзен- қазақтың жан жарасы!
Жаңаөзен- қазақтың айбаты мен айбары!
Жаңаөзен- еркін ойлы ер қазақтың мекені!
Жаңаөзен- үміт отын жаққан жер, қазақтың да Анадан туған адам екендігін көрсеткен қасиетті жер, ЕБ айтқандай "тобыр" емес екенін дәлелдеген жер! Қазақ "мал емес" дегенді айтқан да жаңаөзендіктер!
Мұқым қазақ баласы сендермен мақтанады! Жаратқан ием жар болсын сендерге, өркендерің өссін, бауырларым!
Шығысқазақстандық ағайын.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі