Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:32

САЯСАТ

Теледебат лезде әлеуметтік желіде талқыланды

Бейсенбінің кешінде мемлекеттік «Хабар» арнасы күндіз алдын-ала жазылған саяси партиялардың теледебатын көрсетті. Теледебатта Нығматуллиннің дауыс екпіні, Қайсардың «радикалдығы», Косаревтің өлеңі, ал Жармахан Тұяқбайдың Жаңаөзен мәселесін айтуы ерекше есте қалды.

Алматыдағы сайлау плакаттары. Көрнекі сурет.
Мәтін көлемі - +

Қаңтардың 12-сі күні Астана уақытымен сағат 21.30-де басталған теледебатқа осы аптаның соңында өткелі отырған кезектен тыс парламент сайлауына түсіп жатққан жеті саяси партиядан бір-бір өкілден қатысты.

Олар - президенттік «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин, «Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев, Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тең төрағасы Жармахан Тұяқбай, Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясының төрағасы Ғани Қалиев, «Әділет» демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Уәлихан Қайсар, «Қазақстан патриоттары» партиясының Алматыдағы бөлімшесінің бірінші хатшысы Гүлдана Нұрпейісова және Қазақстанның коммунистік халық партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Владислав Косарев.

ЖҰЛДЫЗДЫ МИНУТТАР 

Жалпы дебат үш бөлімнен тұрды. Алғашқы бөлімде партия өкілдері «ел жетістігінің
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин. «Нұр Отан» телеэфирінен түсірілген сурет.
x
«Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин. «Нұр Отан» телеэфирінен түсірілген сурет.
​​негізі - экономика» деген тақырыпта өздерінің саяси көзқарастарын айтып, соңынан бір партия өкіліне сұрақ қоюға рұқсат алды.

Ал екінші бөлімде оларға «адам капиталының дамуы» атты тақырып ұсынылып, жүргізушінің «ауылды дамыту үшін не істеу керек?» деген сұрағына жауап берілді.

Үшінші бөлімде партия өкілдері сайлаушыларға үндеу жасады. 

Саясаткерлерге өз көзқарастарын айтуға екі минут берілсе, өздеріне қойылған сұраққа жауап беру үшін бір минут уақыт берілді.

Пікірталасқа қатысушылардың арасында уақыт жағынан Нұрлан Нығматулин «өте ұқыпты» болып шықты. Оның қарсыластарының біріне уақыт жетпей немесе асып кетіп жатса, ол өз сөзін дәлме-дәл аяқтап отырды. Мазасыздау көрінсе де, оның басқа қарсыластарына қарағанда көбірек дайындалғаны көрініп тұрды. Өз сөзін «елбасы»
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.
x
«Ақ жол» партиясының төрағасы Азат Перуашев.
​​ деп бастаған саясаткер үшінші бөлімдегі сайлаушыларға үндеуін де сол сөзбен аяқтады. 

Өзге саясаткерлер сияқты жарты сөзін қазақша, жарты сөзін орысша айтып шыққан саясаткер Азат Перуашевтің дебат кезінде оқтын-оқтын мәтінге қарап отырғаны ерекше байқалып тұрды. Ол сайлаушыларға үндеуінде «Ақ жол» партиясының «қоғамды жікке бөлу үшін емес, барлық озық ойлы адамдарды біріктіру үшін», «қоғамның іргесін шайқалту үшін емес, демократиялық құрылымды нығайтатын» «билікке балама партия» болғысы келетінін жеткізді.

БИЛІКТІ СЫНАУ

Теледебат кезінде Жармахан Тұяқбай дебатта билікті сынап, басқаларға қарағанда өткірлеу пікірлер айтты.  

«Шикізат саласының 78 пайызы шетелдіктердің қолында екенін», биліктің халық жағдайына мүлде бас қатырмай отырғанын сынаған ол дебатерлар арасындағы
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тең төрағасы Жармақан Тұяқбай.
x
Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның тең төрағасы Жармақан Тұяқбай.
​​Жаңаөзен мәселесі жайында айтқан жалғыз саясаткер болды.

- ...7 айдың ішінде жеп-жеңіл жалақы мәселесін шеше алмаған биліктің (әрекетінің соңы) неге алып келді? Қан төгілді. Төгілген қанның жауабын кім береді? Қыршындай кеткен азаматтардың өмірін жойған азаматтар, оқ атқан азаматтар жауап бере ме, бермей ме, соған жауап іздеу керек, - деді ол сайлаушыларға үндеу жасау кезінде.

Саясаткер Ғани Қалиев билікті тікелей сынамаса да, ауыл шаруашылығына қатысты көптеген статистика келтіру арқылы, бұл саланың мүлде артта қалып бара жатқанына меңзеді.

- ...Шынын айту керек, егер жалпы ішкі өнімдегі ауыл шаруашылығының үлесі бұрындары 33 пайызды құраса, қазір тек үш пайызды құрап отыр. Қазіргі кезде жайылымдардың 60 пайызы, егістіктердің 40 пайызы жарамсыз болып қалды. Техниканың 60 пайызы істен шықты, - деді Ғани Қалиев алғашқы сөзінде. 

СӨНГЕН МИКРОФОН ЖӘНЕ САЙЛАУҒА ҮНДЕУ

Дебатерлардың ішінде «ең радикалы» боп көрінген саясаткер Уәлихан Қайсар өзге партияға сұрақ қою кезінде «өз-өзіме сұрақ қоям» деп дебатты
«Әділет» демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Уәлихан Қайсар.
x
«Әділет» демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары Уәлихан Қайсар.
​​ ұйымдастырушылар үшін күтпеген шарт ұсынды. Әйтсе де, жүргізушілер мұның дебат форматына қайшы келетінін айтып, оның микрофонын сөндіріп тастады. 

Сайлаушыларға үндеу жасау кезінде ұлттық қауіпсіздік комитетінің гестапо режиміне қарай бағыт алып бара жатқанын сынаған саясаткер орталық сайлау комиссиясын «сайлау нәтижесін бұрмаламауға» шақырды.  

- Сайлау қорытындысын бұрмаламаңдар! Бұл - мемлекеттік төңкеріс деп аталатын қылмыс. Ертеңгі күні сайлау комиссиясының мүшелерін ешкім қорғай алмайды. Билікке басқа адамдар келеді. Сайлау комиссиясының әрбір мүшесін жауапқа тартатын болады. Мемлекеттік төңкеріс жасамаңдар! – деді Уәлихан Қайсар.

Парламенттік сайлауға «тарихи» деп сипаттама берген Гүлдана Нұрпейісова шағын
Қазақстанның коммунистік халық партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Владислав Косарев.
x
Қазақстанның коммунистік халық партиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Владислав Косарев.
​​және орта бизнес, ауыл шаруашылығының проблемалары туралы ылғи үшінші жақта айтып отырды.

Ал бұл дебатта коммунист Косарев өлең оқып берді.

- Әй, «Нұр Отан», тарылмай ығыс! Тоқыраудың емі – плюрализм. Коммунистер парламентке келе жатыр. Біз халықтық мемлекет үшін! – деп сайлаушыларға үндеу жасау кезінде өлеңдетті.

ТЕЛЕДЕБАТ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІ

Бұл дебат мемлекеттік арнадан көрсетіліп жатқан кезде түрлі әлеуметтік желілерде отырған интернет белсенділері twit-репортаж (туит) жасап, дебатпен ілесіп отырды. Онда  мынадай мысалдар келтірілген.

Белсенді интернет-қолданушы Тимур Бектұр Twitter-де:  «Жармахан Маңғыстауды айту арқылы жаңаөзендіктердің 50-60 пайыз дауысын алып кетті-ау. Әрине, сайлауға баратындардың» деп жазды. Ал экс-депутат Бақыт Сыздықова: "Бізде неге тікелей эфирден қорқады? Қалай шықса да? ))" деген пікірін білдірді. 

Саясаттанушы ретінде аталып жүрген Марат Шибутов: «Тіпті жазып өткізгеннің өзінде дебатерлер сұмдық қуады. Ал тікелей эфир болса, тіптен цирк болар еді» деп жазады.

Интернет-маман Ержан Сүлейменов: «Қайсаров ҰҚК гестапоға қарай кетіп бара жатыр деді...Оны сотқа бере ме екен?» деп жазса, Ерлан Қарин: «Қайсаров президенттік сайлау кезінде мемлекеттік тіл бойынша емтиханнан өзін әдейі құлатты деп шағымданған еді. Ал бүгін қазақ тілінде бірде-бір сөз айтқан жоқ» деп жазады.

Ал мемлекеттік арна тілшісі Рахат Жақсыбай: «Азат Перуашевқа Алаш зиялыларының сөзін мысал ету біртүрлі, жараспайды» деп жазыпты.

Әлеуметтік желілерде кейбір интернет-қолданушылар сонымен бірге дебаттың уақытының тарлығын, оның қызықсыз өткенін, т.б. жазған.

Саяси партиялар теледебаты «Хабар» арнасының көрсетуінде:




CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Нұржан Қайдан: Алматы
13.01.2012 10:44
+0 / -0
Мен бұл пікірсайысты көрдім. меніңше, онда тұяқбай мен қайсар болмағанда, тым қызықсыз өтер еді. әйтеуір, плюрализм жасағандай болды
Пікір алмасу

Кімнен: шетпенин адайы Қайдан: шетпе
13.01.2012 12:01
+0 / -0
дебат оте кызыксыз отти, партия жетекшилери оздерин корсете алмады, жалпы биздин елимизде саилау адил отеди дегенге сенбеимин, сайлау акимдердин бир биримен жарысы го ким коп дауыс алып беред нур отанга, сол ушин олар ештенеден таиынбаиды, халык акимдер ушин тек тобыр гана, олар дауысты санап та жатпаиды, оздерине керек цифрды коя салады, оз козиммен кордим ондаи жагдаиларды.Себеби канша мыкты болса да президент те, нур отан да мангыстауда, типти баска облыстарда да 90 проценттен жогары дауыс алуы типти мумкин емес жагдаи, жалпы нуротаннын женетини даусыз бирак олар 50 пайыздан артык алмаиды егер саилау адил отсе, бирак бул билик ушин женилис болар еди, сондаи дауыс алган миндетти турде жумысынан аирылар еди, сондыктан биз жобамен нуротаннын 70 пайыз болатынын, бир еки партия 7 паиыздан коп алатынын болжауга болад, биликтин сценарии осылаи болуы керек.
Пікір алмасу

Кімнен: Сансызбай Қайдан: Ақтөбеден
13.01.2012 22:13
+0 / -0
Шетпенің адай емесіне! Сен адай емессің! Адам да емессің! Былшырап, өз қолыңнан жеңісті бергің келіп отыр! Дауыс беруге міндетті түрде барып, дауысыңды бер! Кабинаға сенімен бірге ұятың және намысың ғана кіреді! Үстіңдң тек Аллаң! Ешкімнен қорықпа! Өз ісіңді істе! Берген дауысты сақтап қалу - ОСДПның ісі! Қорықпа, "адай емес"! Шетпеде шейіт болған адайдан үлгі ал! Сені Адайдың Бекеті қолдасын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 12:44
+0 / -0
АСТАНАДАҒЫ БАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТТЕРДІҢ РЕКТОРЛЕРІ МЕН ПРОРЕКТОР АТАУЛЫЛАРЫ БҮГІН ТАҢЕРТЕҢНЕН БАСТАП "ҚАЗАҚСТАН" СПОРТ КЕШЕНІНДЕ 16-СЫ КҮНІ САҒАТ 10-ДА БАСТАЛАТЫН "НҰР ОТАННЫҢ" САЙЛАУДАҒЫ 83 ПАЙЫЗЫН ТОЙЛАУ САЛТАНАТТЫ МЕРЕКЕСІНЕ БАРЫП МАССОВКАҒА ТҰРАТЫН ОҚЫТУШЫЛАРДЫҢ ТІЗІМІН ЖАСАП ЖАТЫР. СТУДЕНТТЕР КАНИКУЛДА. ЕНДІ ЖАС ОҚЫТУШЫЛАРДЫ БАРЫП ҚАТЫСПАСА ЖҰМЫСТАН ҚУАМЫЗ ДЕП ҚОРҚЫТЫП ЖАТЫР.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 14:00
+0 / -0
Бара берсин, бирак дауысын урыотанга емес, ОСДП-га берсин.
Пікір алмасу

Кімнен: Нуртас
13.01.2012 14:31
+0 / -0
Нұр Отан шынменде Ұры Отан болып кеткен сыңайлы. Мемлекеттік мекемеде кызмет жасайтындардын барлығын өз еркіне карсы дауыс бергізіп жатса. Онда Нұр Отан, Ұры Отан болғаны.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 14:43
+0 / -0
ел қазынасын, ұрпақтың тағдырын, анасының тілін ұрдағандар үшін дауыс ұрдау сөз бе екен тәйірі???
Пікір алмасу

Кімнен: Бура Қайдан: Шығыс
16.01.2012 16:56
+0 / -0
УРЫ Отанга от та жоқ, сот та жоқ болды ғой... бетсіздер дауысты ұрлаудан шаршамайды да, қаймықпайды да, құдайдан да қорықпайды...Сорлы, бейшара халқыма жаным ашиды...Бірақ өзінен көрсін, ҚАЗАҚ!!! Отырады мыңқиып, аузына құм құйғандай... Шыдамның да шегі бар... Бір күні күл талқанын шығару керек бұл арсыздардың...
Пікір алмасу

Кімнен: Бұлт Қайдан: Тәңірдің елшісі
15.01.2012 21:57
+0 / -0
Кеше белгілі болды: осы теледебатқа қатысардың алдында қатысушыларға "Жаңаөзендегі бас көтеру туралы ләм-мим деуші болмаңдар, әйтпесе микрофондарыңды үзіп, телемонтаждап жібереміз" депті бәріне де. Содан аузы басқа біреуде қалғандай бір-бірінің көңіл-күйіне қарап жарыстырыпты ғой бұл бәтшағарларды.

Кімнен: ара Қайдан: уядан
13.01.2012 10:47
+0 / -0
ангiменiн шынын айту керек, Жармахан нур-отанды даттаганнан баска ештене айткан жок. Одан караганда билiктiн партиясынын атынан шыкса да оз ойын ашык айткан Уалихан Кайсар ерледi.

жалпы канша жыл болды бiздiн оппозицияга, колдарынан бок келмейтiн адамдарга уксайды. сондай-ак олардын казiргi уры билiктен айырмашылыга шамалы, кезiнде казiргi билiкпен косылып халыкты аямай тонаган, казак тiлiне каны кас, ата дiнiмiз ислам десе аркасы курысып, шекесi тырыса калады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 21:21
+0 / -0
Ей, ара! Ызыңдама! Ұяңда жатсайшы! Күн аяз, үсіп кетіп, ертең сайлауға бара алмай қаларсың!

Кімнен: Талғат Ахметұлы Қайдан: Дешті Қыпшақ
13.01.2012 10:51
+0 / -0
Әуел баста-ақ демократия демей хандық орнату керек еді ғой, сонда сайлап басы қатпас еді. Бірақ орыстардан қорқып демократия дей салды. Енді сайлауда сол орыстың қолымен сайланбақ.

Кімнен: Ұялы Қайдан: Орда
13.01.2012 11:02
+0 / -0
Теледебатта Тұяқбай мен Қайсар алға шықты. Сайлау дауысы дұрыс саналса, олар алға шығуы мүмкін
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 21:23
+0 / -0
Сайлау нәтижесі дұрыс саналуы үшін, ОСДПның штабына барып, бақылаушылар қатарына қосылып, өз үлесіңізді қосыңыз! Біз солай көмек бергелі тұрмыз! Келіңіз!

Кімнен: 13
13.01.2012 11:05
+0 / -0
Әләуләй ләй әләуләй, халауләй халәу хәләулім!
Ерттеп міндім малғұнды
Құлақтан тептім халқымды...
Хәләуләй халәу халауләй!
Өтіп барады ұстатпай
Заманның мына қулары-ай.

Кімнен: Миялы Қайдан: Қызылқоға
13.01.2012 11:05
+0 / -0
Бул сайлау әдил отетін болса жаксы гой, ай бирак киындау го. Кеше Азат ЖСДП тен торагасы Ж.Туякбайдын айткандары оте орынды, осы партия женетинине сенимдимин, бирак солай болса гой деп армандаймыз. Барин алдын ала ойластырылганы коринип турды, таза отетин болса Ж.Туякбай, Н.Ныгматуллинге кояр еді суракты, булай откизу керегі не? 2 минутта не айтады, нагыз айтар кезінде уакыт битип кетип жатты. Біз сенімен біргеміз "АЗАТ" ЖСДП!!! Біз сені колдаймыз!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Мұрат
13.01.2012 11:14
+0 / -0
Дұрыс айтады, 1-2 минут өте аз ғой. Тіпті сәлемдесіп те үлгермейді жөнді
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 21:25
+0 / -0
ОСДПның штабына барып, сайдлаудағы беретін дауысымызды ұрлатпауымыз үшін, бақылаушы болып, көмек көрсетейік, ағайын! Қолдаңыздар! Келіңіздер!

Кімнен: сайлаушы
13.01.2012 11:13
+0 / -0
Бақыт Сыздықова, сізге де тықыр таяп қалды-ау деймін...

КазТАГ - На заседании политсовета Атырауского областного филиала НДП «Нур-Отан» принято единогласное решение внести на рассмотрение центрального политсовета предложение об исключении из партийного списка Айгуль Соловьеву

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Мангыстау
13.01.2012 11:26
+0 / -0
Тагы болады ма, теледебаты. Алде бар болганы осы ма? Я за ОСДП

Кімнен: Сауле Қайдан: жакын жер
13.01.2012 11:41
+0 / -0
Канша жерден Туякбайды мактаса да, шын сайлаушы ретинде ЖСДП -нын бир усынысын кормедим, неге накты усыныстарын бермейди. Шынымен де тек жамандау болады, оны биз баримиз айта аламыз, бирак сауатты жауап беру колынан келмеди. Окиништи, оппозиция али есеймеген, бос соз гана, халыктын сенимине кире алмады. Енди бос айкайдын кажети жок, онын касында Пеурашев, далелди усыныстар беруге тырысты, олда сайлаушыны сыйлайтындарын корсетти, енди дауыс соныкы. Рениш болмасын, ЖСДП утылатыны анык,.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
13.01.2012 12:09
+0 / -0
Сауле созиннин жаны бар, ОСДП жарытып ештене айткан жок, кур байбаламнан баска. бирак акжол да кагазга жазып алган созин окыганнан баска тын ештене айткан жок. сайлау адiл отсе де ОСДПга ешким дауыс бермейди. берсе де билiкке ренжiген бираз адам берер..
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 12:23
+0 / -0
25000 қолыңа тиіп, үй ішіңмен арқа, жарқа болып қалған екенсің! байқа, балаларың қылтамақ болып қалмасын!
Пікір алмасу

Кімнен: араға қарсы
13.01.2012 13:19
+0 / -0
Ара Сіз бұлай Азат ЖСДП кінәламаңыз! егер сөз бостандығы болса олар айтады бәрін. Саясат туралы тек саясаткерлер ғана емес халық та айтар еді...
Пікір алмасу

Кімнен: Tatimpay Қайдан: Astana
13.01.2012 14:03
+0 / -0
Жармаханның Халыққа, қазаққа бір-ақ сөзі жетеді! Халық үшін№ 1 мәселе Жаңаөзендегі боздақтарды кім атқызды және кім олардың қанына жауап береді? Міне осы мәселе басқалардың өйтеміз-бүйтеміз, жарылқаймыз дегенінен мың есе маңызды! Себебі қазір бастысы - әр партияның сайлану қамы емес, боздақтардың төгілген қаны! Ал осы мәселені бір-ақ кандидат көтерді!
Пікір алмасу

Кімнен: Араға
13.01.2012 18:38
+0 / -0
Осы Ара билікке қарсы сөйлеп жүрген сияқты еді, Ұясына біеулер тискен-ау деймін, соңғы уақытта пікірі өзгеріп жұр ғой
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
13.01.2012 19:41
+0 / -0
менің билікке көңілім баяғыда қалған. бірақ бұл дегеніміз мен ЖСДПны жақтаймын деген сөзім емес. бұл сасық оппозициядан ит те болсы ұры отан артық.........
мен батыстың сайқал демократиясын аңсайтын адам емеспін.
Мен сайлауға Мұхтар Шаханов, Бекболат Тілеухан сияты ағаларымыз тіпті биліктің партиясының атынан туссе де қолдар едім.
ал мына сиякты кезінде қазіргі билікпен қосылып алып халықты аямай тонаған екіжузді оппозицияны қолдамаймын!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: атаңның аузы Қайдан: моладан
13.01.2012 21:27
+0 / -0
Ара! Осы сенің ұяң жылы ма, қыста қатып қалмайсың ба? Ұяңды за счет госбюджета Ұры Отан ұрланған ақшаға салып берген болар; сайрауың жақсы екен!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 12:15
+0 / -0
Сәуле, 25000 теңге нәпақаңды ал да, бара тұршы!

Ж.Тұяқбайдың дебатта Жаңаөзенді ауызына алғанының өзі неге тұрады десек те ОСДП - АЗАТ бойкот жарияласа дұрыс еді деген пікірдемін. Алайда, бүгін өтетін жиналыстарында осы мәселені қарап, халық күтіп отырған шешімге келеді деп ойлаймын.
Пікір алмасу

Кімнен: Жақайым Қайдан: Арал
13.01.2012 12:16
+0 / -0
Перуашевыңның айтқанының бәрі құлақтан тебу ғой, сол ертең бірдеңе бітіреді дегенге сеніп отырсыңба? Ол биліктің қасына барып, ауысқанын жеу үшін ғана түсіп жатыр. Кеше сөзін естідікқой сұлу қыздың бәрін сүйе алмайсың деді ма, бірдеңе деп оттап кеттіғо.
Пікір алмасу

Кімнен: түзу мылтық
13.01.2012 12:19
+0 / -0
Жармақан шындықты айтса, ұсынысты айтуға уақыты жоқ болды. Ал ұсынысын айтса, шындық айтылмас еді. Ал қалғандары шындықты айқтан жоқ, тек ұсыныстарын ғана айтты. Олар бәрі жақсы дегеннің ары қарай тіпті де жақсы болуына құрғақ уәде беруден аспады. Қазір ұсыныстан көп не бар? Бірақ орындалған қайсы бар? Осыдан он жыл бұрын айтылған ұсыныстар емес пе еді? Не өзгерді. Керісінше кері қарай! қайсысы орындалды. Тағы да құрғақ уәде! Бос мылжың! Жынды ұраншылдық! Ешқайсысы қазіргі ҚРдың өте қиын жағдайда тұрғанын айтқысы келмейді, шындықты дұрыс танымай тұрып қайдағы ұсыныс! Тіпті жаңаөзенді де айтудан қашқалақтады! Мұның бәрі Жармаханнан басқалардың бәрі саяси қуыршақ ойыншықтар екенін, оларды әлдекім кнопкамен басқарып, ұран мен уәдені үйіп төгудей советтен қалған сорақылықты ары жалғап жатқанын көреміз! Ал ақ жолдық анау сарт қағазға қарап сөйледі, нығметуллин жаттап алып сөйлеп тұрғаны білініп тұрды. Соған қарағанда бұл екі партия қандай сұрақ қойылатынын алдын ала біліп алған, бәрін алдын ала жасап, әзірлеп алған болды. Жаттанды сөз дауға жараушы ма еді??Ал қалғандары шынайы өз білімімен сөйлеп тұрғаны анық.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 12:32
+0 / -0
Cәуле, қазақ "көрмес түйені де көрмес" деген сөзді сіз сияқтыларға қаратып айтады. Әйтпесе ОСДП-нің сайлау алды бағдарламасын қалай көрмей қалдыңыз? Немесе, "ҚұрҚотанның" Жаңаөзен мен Шетпеде халықты жусатып салғанын дұрыс көресіз бе? Жазықсыз төгілген қан кімнің де болса жазасын тарттырмай қоймайтынын ескеріңіз!
Пікір алмасу

Кімнен: Сәулеге жауап
13.01.2012 13:23
+0 / -0
Қазақстандағы бірден бір демократиялық партия Азат ЖСДП. қалғандары антидемократиялықтар
Пікір алмасу

Кімнен: Талғат Қайдан: Орал қаласы
15.01.2012 15:39
+0 / -0
Сауле, сіз неге білмегесін тек Хабардан көргеніңді айтасың? Біріншіден неге Хабар тікелей эфирден бермеді, өйткені шындық шығып кетеді деп қоыққандықтан.
Екіншіден жақсы да, өткір айтылған сөздер қиылып қалғанына 250 пайыз сенімдімін.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақ елі
13.01.2012 11:51
+0 / -0
Бұл дебатты көрдік, өте жақсы болды. Әсіресе Азаттың (Ақжол) Нұрлан Нығматуллинге (Нұр Отан көкесіне) қайта-қайта жалтақтауы жаман болды. Сол дебат арқылы қайсы партияның халық үшін қызмет ете алатын шамалы белгілі болды. Қатысқан жеті партияның 5 -і биліктің баламасы екенін білдірді. Нәрікбаев орынбасарын жіберіп, өзін, партиясын биліктен келер соққыдан сақтады. Ол Қайсарды айтақтап қойғандай әсер қалдырды. Егер басына күн туа қалса, Қайсарды итере салады. Косарев шамалы халық үшін үн қатты, Жармахан өте орынды айтты. 20 жыл халықты қарық қылмаған мұндай партия, қалған уақытта халықты қатырады дегенге ешкім сенбейді. Сайлау әділ өтуіне Алла жар болсын.

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: Қазақ даласы
13.01.2012 11:52
+0 / -0
мырқымбайлардың қыртынбай создері болған болды ғой онда неге Жармахан тіліп тіліп айтпады жоғарыға жалтақтағанша недеседе барі бір халық олмейді

Кімнен: Сұңқар Қайдан: Оқжетбес
13.01.2012 12:09
+0 / -0
Алтыншаш Жағановаға берген 15 минотын бұларға неге қимады екен "Хабар" .
Нұрлан Нығмаутлин бастауыштың оқушысы сияқты жаттағанын сыдыртып шықты. ал Жармахан Тұяқбай кезек ойдың кесер бастарын тізбелеумен болды. ұақыттың қысқалығы жаттауды білмейтін, оз ойын ашық нақты айтуға үйренген, көшбасшы салауатындағы адамды, қарадай қысылтайаң күйге түсіріп тұрғаны анық байқалады. басқа партиялар жөнінде айтудың керегі жоқ шығар. бірақ Азат Перуашеп қазақ тіліне деген қолдауын аңғарытса, Уалихан Қайсар өзінің мемілекеттік тілге деген ынтасының жоқтығын, бұрынғы алған бағасының дұрыстығын әйгіледі.

Кімнен: АСТАНА Қайдан: ЕЛОРДА
13.01.2012 12:30
+0 / -0
ДАРИҒА - ДОРЯ, ДОРЯ - гасударственная ГОРЯ дегенін еске алдым!!!
----------------------------------------------------------------------------------------
МЫҚТЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ ТЕҢЕУ!!!
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫ ФИЛОСОФ ДАНЫШПАН ХАЛЫҚ ҒОЙ!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 12:46
+0 / -0
Кешегі дебатты көрдік. Барлық партияларды қысып қойғаны көрініп тұр. Әсіресе ЖСДП-на қатты ескерту берілген сияқты, өйткені Жармаханның түрі түтіліп тұрды ғой. Жармахан асып ешнәрсе айта алмады, астынан қысып тұрғаны белгілі болды. Боламаса бұл партияның сайлау алды бағдарламасы өте тамаша еді, оны айтуға, шындықты жеткізуге билік кедергі болғаны анық. Соның өзінде біраз жайларды жеткізгендей болды. Сол кезде Нұр Отанның орынбасарының басын жұлғып, қызарақтап тұрғанын халық көрді. Бұл шұлғудан, "өзіңе бекер ор қаздың-ау немесе ертең сайлауға дейін аяғыңа тұсау түсетін болды" деген сияқты аяушылық сезім білдірілгендей болды. Ал, Азат әкесіне жалтақтаумен болды. Нәрікбаев Қайсарды айтақ қойған т.б. Жалпы партиялар ешнарсе қатырмады. Барлығын тұсаулап қойған. Болмаса, сарнар еді ғой.

Кімнен: Қамбар Қайдан: Шетпе
13.01.2012 13:06
+0 / -0
Ия дебатыда өте шықты,менің ойымша берілген уақыт аясы өте қысқа,Нұр Отанның өтірік өмірлік бір идеясы жатталған соны қақсайды,көрініп тұр 20 жылдық сөз.Уәлихан мен Жармахан қазіргі уақытпен шындықты айтып тұр сондықтан уақытқа сыймайды.Тікелей эфирден уақытты беріп көрсетуге болады ғой,басқа қарайтын түкте жоқ сол Хабар каналында. Өткір пікір қазіргі саясаттың сасық исін шығарады деп қорқады билік.Нұр Отанға ешкім бермейді дауыс ұрлап алады, сондықтан жұрт Ұры Отан дейді. ЖСДП ға беру керек ел қамын,шындықты айтып жүрген.

Кімнен: Мұса Қайдан: Қазақ елі
13.01.2012 13:08
+0 / -0
ПЕРҒАУЫН
Египет моласын Есілге көшірген,
Есіл Ғұн рухын санамнан өшірген.
Перілер ізінен тозаң боп тараған,
Түн келсе түсіме кіреді зобалаң.
Қанжарын кезеген Мұсаға, Һаронға,
Табынған ешкіге, табынған адамға.
Ғасырлар қанының дағындай мұнара,
Сүйрелеп келеді бізді мың күнәға.
Адамизат қолының қуаты жетпеген,
Тек қана Перілер демімен көктеген.
Ескірте алмаған топан су екпіні,
Құлата алмаған Наполеон тепкіні.
Өшіре алмаған дәуірлер тартысы,
Күйрете алмаған Ромел танкісі.
Перғауын рухы кезіп жүр даламды,
Кезіп жүр, кесапат жаулаған қаламды.
Ескі алаң бойында есінен ауысқан,
Қарт әйел басында билейді сауысқан...
Пендеге табынып, таусылған ойламы,
Ол жаққа баспаңыз!
Жындардың ойнағы.
Қанына малтыққан Кирдің басынан,
Тарихымды оқып ап сәбидей шошынам.
Ер Кене сарбазы су ішкен Есілден,
Еркін бұл рухымның үміті кесілген.
Тұлданып жылармын,
Жылап ап күлермін,
Соншама қалың ба, қасіреті бұл елдің?!
«Тек өзім Құдаймын,» – деп тыным таппаған,
Перғауын тіріліп келген бе деп қалам...
Мыңдаған шайтандар шарқ ұрған миында,
Табынған доңызға, табынған сиырға.
Өзгерте алмаған Дарвин шатпағы,
Алжастыра алмаған шіркеудің «хаттары».
Тәубасын түсірер адамға, ғаламға,
Келші деп жалынам Мұсаға, Һаронға.
Маңдайға басылған таңбасы қорлықтың,
Египет бейіті Есілге орнықты.
Қаһарсыз ұрандар,
Қайратсыз қармаулар,
Тазарта алмас-ау, дәрменсіз болжамдар!
Тарихтың арманы:
Тек қана Нұқ келіп,
Топан су күшімен қоймаса нүктені.
Сезесің уақыттың не меңзеп тұрғанын,
Перғауын...
Нұрғауын...

Кімнен: Бектас Қайдан: Алматы
13.01.2012 13:17
+0 / -0
Жігерсіздік, намыссыздық, құлдық сана!
Бәрі қазақ, бірі дұрыстап қазақша сөйлемейді, мұндай мәңгүрттер жүргенде қазақ елі дұрыс ел болмайды, араздық тоқтамайды. Қазақты масқаралаудан басқа еш нәрсе жоқ.
Пікір алмасу

Кімнен: ара Қайдан: уядан
13.01.2012 17:11
+0 / -0
ЖСДП бастап нур отанга дейин тугел орысша сайрады. буларга казактын куны кок тиын. баринин ойы билiкке жету.
орысшыл билiк пен одан еш айырмашылыгы жок оппозиция барiмiздi шаршатты..........

Кімнен: Нуркен Қайдан: Шымкент
13.01.2012 13:36
+0 / -0
Менде ЖСДП дауыс бермін
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 21:41
+0 / -0
Дұрыс жаратылған жан екенсің, бауырым! Мен де ОСДПға дауыс берем, сосын избирательный участокта наблюдатель болып отырамын. Сен де штабқа барып; жазылып; көмектес! Дауыс берушілер көп болады! ОСДПға берілген дауыстардың ұрлануына жол бермей; дұрыстап санап алуымыз керке! Енді қалғаны сол! Дұрыс есептеп алсақ, сонда білеміз, шындықты! Ал; Ұры Отандағылар халықтың дауыстарын ұрлап, озбырлық жасап жүрген ала аяқтар! Келіңдер, көмектесіңдер!
Пікір алмасу

Кімнен: Нуртас
14.01.2012 10:31
+0 / -0
ОСДП ға дауыс берейік агайын. Казахстан жанару керек. Тактан 1 адам куласа 1000 адам такка отырады деген атам КАЗАК. Билікті жанарту керек

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 13:41
+0 / -0
Алдын ала ойластырылған, дайындалған спектакль ғой. Бірақ Тұяқбай Жаңаөзен мәселесін көтергені дұрыс болды. Басқалары әйтеу бір қатыстық деген атақ үшін!

Кімнен: сәмет
13.01.2012 13:50
+0 / -0
Қайсаров қайсар екен, Нәрікбаевтың өзі шошып кетті бәлем қарап отырып, ендігі желкесін қасып, күмілжіп отырған шығар Мәкең. Ал Жармақан бұл үлкен трибунаны дұрыс пайдаланбаған сияқты, асып сасып , шаптығып ойын дұрыс жеткізе алмады, Жаңаөзенді айтпағанда нөл болатын еді. Ана Әбілев немесе Қосанов па біреуін жіберу керек еді. Нығматуллиннің судыраған тақпағын күнде Хабардан естіп жүрміз ғой, Перуашовтың "әдемі қыздардың бәрін сүйіп шыға алмайсың ағайын" деген пікірі ғана қалыпты есімде басқа не туралы айтқанын түсінбедім әйтеуір жыпылдап жатқан. Сосын менің бір нәрсеге көзім анық жеткен дей болды - бұрындары мен Хабар, Қазақстан деген каналдардың хабар жүргізушілерімен, журналистарына кешіріммен қарайтынмын "бұл бейбақтарда не жазық жұмыстары сондай ғой" деп, енді қарап отырсам кеше анабір көзілдірік киген дебат жүргізушісі Қайсаровқа кәдімгідей дікіңдеп шынайы түрін көрсетіп қалғандай болды, оны көріп "ееее бұлар шын осындай тоғышар екен ғой өзі" деп ойлап отырмын
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.01.2012 21:46
+0 / -0
Сәмет, бауырым! Сен билікке жақын жүріп көрмегенсің ғой шамасы! Егер білсең ғой олардың қандай сұрқия екенін! В наглую істейді ғой ойына келгенін! Өтірікші; алаяқтар кілең! Ар-ұяттан жұрдай олар! Ал, ТВ--да жұмыс істейтіндер, барлығы соответствующий обработкадан өтетіндер! Ол жерге мені мен сені ; яғни шындықты сүйетіндерді жолатпайды. Мен; мысалы, шындықты айтпасам, аырып қалам! Өтірік айта алмаймын. Солай жаратылғанмын! Өлтірсе де мейлі; шындықты айтам: Әкем солай деп тәрбиелеген. Егер өзіңе -өзің сенімді болсаң, ешқашан да, еш уақытта да ешкімнен қорықпа, шындықты айтып жүр! деген әкем.
Пікір алмасу

Кімнен: Бура Қайдан: Шағыс
16.01.2012 16:35
+0 / -0
Сәмет аға... Қазақстан мен Хабардын журналистерінің бет бейнесін енді ғана көрдіңіз бе? 20 жыл болды ғой: "Кереметте" басқа ештеңе айтпайды... Қазақстанның айғайлап, жар салып, жаңалық жүргізетін журналистеріне де күлкім келеді... Оңбайды бұлар , оңбайды... Бір мезгіл нағыз журналист болса, биліктің табанын жалап, жар салмаушы еді... Жүрек айниды сол арналарды корсең... Мадақтайды да жатады попугай құсап, бірімен бірі жарысып... Ұятсыздар...
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі