Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:32

ЕРКІН СӨЗ

Қара Бура мен Сары Атан

Жаңаөзен қаласы маңында жайылып жүрген түйелер (uz.eugk.com сайтынан алынған көрнекі сурет).
Мәтін көлемі - +

Жаралы бура – Қаралы Бура жүдеген,
Құлағын тіліп, шудасын жұлып, күзеген.
Мұрынын тесіп, мұрындық тыққан жыңғылдан,
Сіңірін кесіп, тұра алмастай қып тізеген...

«Желтоқсан келсе, жарайды қалай бұл қайта,
Жанына түскен жараның ізін ұлғайта?!» –
Қаруын кезеп, қотыраш топ тұр түсінбей:
«Жиырма бес жылда сағы бір тіпті сынбайды, ә?!»

Бурадан қорқып, шайлығып қалған жүрегі,
Ішінде үрей, өтірік сырттай күледі.
Сап-сары жібек мойнына таққан Сары Атан –
Қотыраш топтың көтерген көкке Пірі еді...

«Нұрланған Атан, Нұр Атан!» – болып ұраны,
Қотыраш топтың жастыққа тимей құлағы
Сүйрелеп тартып, жеткізді бүгін бәйгіге –
Күл жақта боздап, көп жетім бота жылады...

Ал Бура жатыр қаралы қалпы, қансырап,
Жанашыр жан жоқ жанына келер хәл сұрап.
«Қазағым, халқым, бірігер кезде біреу жоқ,
Араздық пенен Ас жеуге келсе – аншлаг…

Атан болмауға ант беріп тапқан азабым,
Қансырап жатып, жарамды өзім жазамын.
Ұмыттың қалай: «Алпыс күн атан болғанша
Алты күн бура бол!» демеп пе еді, қазағым?!»

...Жаралы бура – Қаралы Бура сең соққан,
Қамығып жатыр, сағынып жатыр аңсап таң.
Қуамыз қашан қотыраш топты шаршатқан,
Келесің қашан, жеңесің қашан, Желтоқсан!

Қазбек Құттымұратұлы

Орал қаласы
17.01.2012



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Арман Қайдан: Астана,тәуелсіздік көшесі
17.01.2012 15:18
+0 / -0
Жарайсың! шындықты айтар азаматтарымыз көбейсін!
Нұротан орныңды босат!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
17.01.2012 16:12
+0 / -0
Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды құртып, я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. "Абай"

Кімнен: Жанашыр
17.01.2012 20:50
+0 / -0
Жарайсын азаматым!Орынды сөз тасты да,басты да жарады!

Кімнен: Текті қазақ
17.01.2012 21:25
+0 / -0
Жаңаөзен оқиғасының отыз күндігіне

О, зарлы күн, зарлы күн

О, зарлы күн, зарлы күн,
Қыруға елдің барлығын.
Селт етпестен жүрегі,
Басшысы берген жарлығын.

Қайғылы, мұңды, зарлы күн,
Аязды, мұзды, қарлы күн.
Әлемге мынау паш еттің,
Арамза кім, арлы кім?

О, арсыз күн, арсыз күн,
Жесірлер қалған жарсыз күн.
Қазаққа мынау паш еттің,
Арамдық ісін арсыздың.

О, харам күн, харам күн,
Жақсылық іске сараң күн,
Аналар жоқтау айтысып,
Жетімек болған балаң күн.
О, мұнар күн, мұнар күн,
Қанішерге ұнар күн.
Әлемге мынау паш еттің,
Қан ішуге құмар кім.

О, мұңды күн, мұңды күн,
Ел таныған сұмды күн.
Қазаққа барша паш еттің,
Мұңсызы кім, мұңды кім.

Ажал боп елге жеткен күн,
Зарлатып жұртты кеткен күн.
"Аяма, қыр" - деп халықты,
Қанішер бұйрық еткен күн,

Қасқырлар елге шапқан күн,
Төбеттер талап қапқан күн.
Жазықсыз, адал халқына,
Жауыздар жала жапқан күн.

Қызыл қан аңсап атқан күн,
Қыз, ұлдар жамсап жатқан күн.
Жалалар жасап сан түрлі,
Бәлеге басты шатқан күн.

Қызыл қан мұз боп қатқан күн,
Елбасы елін сатқан күн.
Елінің қинап қазасы,
Еңіреп барып батқан күн.

Әлі де аяқ жимауда,
Ел жұртты қорлап қинауда,
Есіріктенген есуас,
Ес енер қашан милауға?

Алжуы жетіп есірді,
Еліне етіп кесірді.
Қинауға салып қорлауда,
Жетімі менен жесірді.

Бұл сұмға сенсең өлесің,
Зорлыққа күшпен көнесің.
Тезірек құтыл бұл "нұрдан",
Шын нұрың нұрға бөлесін.

Ерлерге елім мақтанғын,
Ездерден есер сақтанғын.
Тууын тездеп тілейік,
"Сұм" жолын кесер ақ таңның.


Не айтарсың?

Не айтарсың бұл нақұрыс наданға?
Жаңаөзенде оқ аттырды адамға.
Дүниені артық көріп адамнан,
Ойланбай-ақ, барды осындай қадамға.

"Желтоқсандай" ерік бермей күрекке,
Тапаншадан оқ қадатты жүрекке.
Таң қаламын кеудесінде бұл иттің,
Соғып тұрған тас па, әлде жүрекпе?

Неге сонша елге қаны қарайды?
Автоматпен қансоқта қып маңайды.
Тапаншамен көздеп атты қуалап,
Жан ұшыра қашқан оқтан талайды.

Автоматтар сепкілеумен от құсты,
Талай боздақ тепкілеу мен оқ құшты.
Мақсат сонда бейбіт елді қырғызып,
Көріну ғой "жан аямас" боп күшті.

Жүрегі жоқ, неткен малғұн ез еді,
Неге сонша адамдықтан безеді?
Адам түгіл хайуанша құны жоқ,
Боп қалатын, келер дүние кезегі.

"Дүние кезек" деген сөз бар қазақта,
Түскеніңді көрер көз бар азапқа.
Сол бір күндер жеткенінше ей топас,
Өз тобыңа айналып қал мазаққа.

Ей миғұла, сенен билік кетуде,
Сенгендерің сені мазақ етуде.
Елге сені арандатып ақымақ,
Қылмақ құрбан мақсатына жетуге.

Қулықтар бар жетпей тұғын кей сана,
Көзіңді аш, ойлан сорлы бейшара.
Құпиялы болып жатыр ордаңда,
Елге сені қарсы қояр кей шара.

Ойлан сорлы, шықты сонша неге есің?
Бүйте берсең үлкен зәбір шегесің.
Жан жағыңнан жағынысқан жантықтар,
Босатуда босағаңның шегесін.

Осыны сен неге сезіп ұқпайсың?
Екі жүзді аярларды құптайсың.
Өз еліңді өзің қырып жойғаннан,
Ұтылмасаң, ешқашан да ұтпайсың!

Кімнен: Абзал Құспанов Қайдан: Орал
18.01.2012 00:09
+0 / -0
Қазеке, не десем екен? Сөз қадірін білетін адамға айтылмаған сөз қалмағандай. Менің қынжылатыным ұлы Сөздің де, Сөз Иесінің де қадірін кеш біліп, кеш түсініп жататын сияқтымыз. Қазақтың бұл Желтоқсаны жайлы өткен шақпен емес, осы шақпен айтар күн туар деп үміттенемін, сенемін...
Пікір иелеріне, Жігіттер пікірлеріңді неге бүркеншік есіммен жазуға құмарсыңдар? Кімнен, неден қорқамыз осы?

Кімнен: Сымбат Қайдан: Актау
18.01.2012 01:49
+0 / -0
Иа оте дал айтылган ....Сиз сиякты агаларымыз коп болса го ширкин!!!Каламыныз мукалмасын ага!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
18.01.2012 11:49
+0 / -0
жанаозен-бар казактын муны мен зары.Оган кайгырып,кабыргамыз кайысады.Жанаозендегилерге ок атуга буйрык бергендерге Алланын Каһарынан кашып кутылу болмайды. Жазыксыз тогилген кан мен ананын, жеьтим баланын коз жастары оларды еки дуниеде де тегин жибермейди.Тек шыдам керек.Оларга да зауал шак келер али,иншалла.
Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл