Бейсенбі, 23 ақпан 2012, Алматы 05:18

САЯСАТ

Билікті қолдайтын үш партия парламентке өтті

Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының алдын-ала қорытындысын жариялады. Билік партиялары жеңісті мерекелеп жатыр, оппозиция бұл нәтижемен келіспейді.

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының мүшелерімен бірге. Астана, 16 қаңтар 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Қаңтардың 16-сы күні Қазақстан орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауының алдын ала нәтижесін жария етті.

Облыстық, Астана және Алматы қалалық сайлау комиссияларынан алынған алдын ала мәліметтерге сәйкес, ресми мәлімет келесідей болып отыр:

«Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясына сайлаушылардың 80,74 %;
Қазақстан патриоттары партиясына - 0,89 %;
Қазақстанның «Ақ жол» демократиялық партиясына - 7,46 %;
Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясына - 1,59 %;
Қазақстанның коммунистік халық партиясына - 7,2 %;
Қазақстан социал-демократиялық «Ауыл» партиясына - 1,46 %;
«Әділет» демократиялық партиясына сайлаушылардың 0,66 % дауыс берген.

- Бұл әзірше алдын ала мәліметтер, өйткені аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары бізге бүгін түсе бастайды. Ал сайлау туралы заң бойынша хаттамаларды жеткізуге екі күндік мерзім беріледі. Хаттамалардың түсуіне қарай біз сайлаушылардың сайлауға келуі бойынша, сондай-ақ дауыс беру нәтижелері бойынша мәліметтерді нақтылайтын боламыз, - деп атап өтті брифингте Қазақстан орталық сайлау комиссясының төрағасы Қуаныдық Тұрғанқұлов.

Партиялық тізімдер бойынша сайланатын парламент мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауының түпкілікті қорытындыларын орталық сайлау комиссиясы аумақтық сайлау комиссияларының хаттамалары негізінде 2012 жылғы 22 қаңтардан кешіктірмей анықтауы тиіс.

Сайлаудың алдын ала ресми нәтижесі қаңтардың 16-ына қараған түні жарияланған экзит-пол қорытындысын қайталап отыр.

Сөйтіп, кезектен тыс парламент сайлауында билікке жақын үш партия: «Нұр Отан», «Ақ жол» және Қазақстан коммунистік халықтық партиясы жеті пайыздық межеден өтіп, парламенттен орын иеленді.

«ТЕҢДЕССІЗ САЙЛАУ»

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев қаңтардың 16-ы күні парламент сайлауының алдын ала қорытындысы жарияланғаннан кейін «Нұр Отан» партиясы мүшелерімен кездесіп, өзі басқаратын партияның мүшелерін «сенімді жеңісімен» құттықтады.

Президенттің айтуынша, бұл «жариялығы, ашықтығы, тазу өтуі жөнінен теңдессіз сайлау болған». Ол Жаңаөзен тұрғындарының «сайлауға аса белсенділігін» де атап өтті.

- Біздің азаматтарымыз тұрақтылық, тыныштық, толеранттық, көп ұлтты халқымыздың достығы үшін дауыс берді. Тіпті Жаңаөзендегі оқиға бізді одан әрі біріктірді. Жаңаөзендіктердің өздері де өте белсенді дауыс берді, олар да біздің бағытымызды қолдады деп сенемін. Бұл қазақстандықтардың топтасқанын, олардың тұрақтылықты сақтауға деген ықыластарын білдіреді, - деді президент Нұрсұлтан Назарбаев.

Ресми дерек бойынша, Маңғыстау облысы бойынша сайлаушылардың 74,2 пайызы дауыс берген.
Нұрсұлтан Назарбаевтың сөзі

«БҰРМАЛАУШЫЛЫҚТЫҢ КӨКЕСІ»

Парламент сайлауының алдын ала нәтижесі шыққанға дейін Азаттық радиосы Жалпыхалықтық социал-демократиялық партиясының бас хатшысы Әміржан Қосановтан экзит-пол қорытындысына қатысты пікір сұраған еді. Ол экзит-пол нәтижесімен келіспейтінін айтып, «бұл - бұрмалаушылықтың барып тұрған көкесі» деп атады.

- Өйткені, бұған керек десеңіз, біз ғана емес, тіпті бізге немқұрайлы қарайтын адамдардың өздері күліп жатыр. Сондықтан мұның бәрі қазіргі таңда Ақорданың маңайындағы әлеуметтанушылардың тапсырма бойынша жарияланатын сайлау қорытындыларына алғашқы артиллериялық дайындық деп білеміз, - деді Әміржан Қосанов қаңтардың 16-сы күні Азаттық тілшісіне.

Ол кезектен тыс парламенттік сайлаудың алдын-ала қорытындысы бұрмаланатын болса, наразылық шарасын өткізетінін айтты. 

- Біз алдын-ала қорытындысын күтеміз. Бірақ егер көпе-көрнеу бұрмалаушылық болатын болса, біз міндетті түрде наразылық акциясын өткіземіз. Оның формасын партия мүшелері өзара ақылдасып, шешеді, - деді Әміржан Қосанов.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДЕГІ ПІКІРЛЕР

Дүйсенбіге қараған түнгі сағат 12-ден кейін экзит-пол қорытындысы белгілі болғаннан кейін әлеуметтік желілерде интернет-қолданушылардың пікірлері пайда бола бастады.

Қазақстаннан тыс жерде жүрген оппозиция өкілі Ержан Досмұхамедов Азаттық тілшісіне Facebook ("Фейсбук") арқылы: «Кез-келген авторитарлы мемлекеттегідей нәтижесін алдын-ала болжауға болатын еді» десе, саясаттанушы Данияр Әшімбаев: «Жалпы мұндай көрсеткіштер болатынын күткен едім. Бірақ сайлауға бұдан да аз адам қатысады деп ойлаған ем» деп жазады.

Ал саясаткер Серікжан Мәмбеталин: «Енді ЖСДП митингпен жауап беруі керек немесе өздерін оппозиция емес екенін мойындаулары керек» деп жазыпты.

Белсенді интернет-қолданушы Тимур Бектұр Twitter-де («Туиттерде»): «Бейшара ЖСДП... Жылайтын болды тағы да...» деп жазса, Амангелді Құрметұлы есімді журналист «ЖСПД тағы алданды, билік ҚХКП орнына "Әділетті" өткізсе де ренжімес едік. Компартия деген атының өзі қазақтың құлағына түрпідей тиер» деп жазады.

Қаңтардың 15-і күні Қазақстанда кезектен тыс мәжіліс және мәслихат сайлауы өтті. Орталық сайлау комиссиясы оған сайлаушылардың 75 пайызы қатысқанын мәлімдеді.

Кезектен тыс парламент сайлауының түпкілікті қорытындысы осы аптаның ішінде шығуы мүмкін деп хабарланды.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 9
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Астана
16.01.2012 11:06
+0 / -0
Біз Қазақ халқы бұлай болғанда ит болып жүрген екенбіз деген ойда қалдым ғой! әй! билік-ай! дауа жоқ екен сендерге. Халықмызда бір сөз бар: көп асқанға бір тосқан!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
16.01.2012 12:04
+0 / -1
Назар аудар, Аты жөні көрсетілмеген бос кеуде! Мамыражай елге бұлай іріткі салмаңыз! Қазақ халқын жер қылмаңыз! Қазақ ұлы халық! Қазақ халқы өздерінің жүрек таңдауын жасады! Нұр Отан" - 81,3 пайыз деген бұл қазақ елінің шын таңдауы! Тәуелсіз БАҚ мен халықаралық сарапшылар дүниенің төрт түкпіріне осындай ақпарат таратып отыр, Соларды қараңыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 13:50
+0 / -0
Құры, ҚұрҚотаныңмен бірге, сілімтіктің с...!

Халық сендерге қарсы ЖСДП-ға дауыс бергенін біз де көрдік.

Енді не істеу қажеттігі жөнінде кезек ЖСДП-да!!!

Бұғып қалар болсаңдар (ЖСДП) тарих алдында қарабет боласыңдар!
Пікір алмасу

Кімнен: ссссс
16.01.2012 14:05
+0 / -0
Маке, осы Сізге біреу адемилеп тапсырма берип койган ау а? Типти азаттыктын бар макаласына еринбей пикир жаза берипсиз гой. Жалдамалы екениниз коринип ак тур. Коя салсаныз кайтеди, карайган халыкты кызыл кенирдек кылмай. Сиз Нур Отанды осылай "Мактау" аркылы адейи халыктын ашу ызасын тудырып, оларды кайраушы, шыгарсыз балким. Мен мында биреудин сойылын согайын деп отырганым жок. Бейтарап пикирдемин...
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана, m.dosaliev@gmail.
16.01.2012 15:19
+0 / -0
Ей, ССССССС деген жәндік! Бұл саған арналады, саған айтамын, құлақ сал, бейтарап пікірсымақ! Мен тәуелсіз тілшімін! Араңдатушылардың таратып отырған жалған қауесеттерін жоққа шығарып, ел бірлігін сақтайық!
Жарқын болашағы, жарқыраған ертеңі бар туған халқымызға жан-тәнімен дұрыс, шын жолды көрсетейік! Әй, сорлы бауырым ау, сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан. Мен Қазақстанның жарқын болашағын көріп отырған тәуелсіз тілшімін! Өліп кетсең де, ХАЛЫҚТЫҢ ТАҢДАУЫ НҰР ОТАН! Бұл халыұ таңдауы!
Пікір алмасу

Кімнен: Бура Қайдан: Шығыс
16.01.2012 15:54
+0 / -0
Адамдар шынымен не боп кеткен? Хабар мен Қазақстан арналары 20 жыл жалған ақпарат таратудан шаршамадындар ма? Халықты алдаудан? Халықтан қорықпаса да, бір мезгіл құдайдан қорқу керек қой... Ешкім қазір бұл сайлауға сенбейді, сайлау түгілі, билікке сенбейді... Ал өтті, 3 партия... не істейді сол үш партия билікке келген соң... Жақсылап өздеріне жағдай жасағаннан басқа... Шынымен, мұндай жалған қоғамда өмір сүру қорқынышты екен... Бізді қойшы, балаларым үшін қорқыман... Ертеңі не болады? Ата-бабалар мирас етіп тастап кеткен ұлан-байтақ жерімізді сақтап қалсақ жақсы ғой мына түрмен... Әй қайдам... Қазақ десең өзіңе тиеді... Нашармыз...Байғұс халқыма жаным ашиды тек... Бәрі жалған... Ертең бұл биліктің де дәуірі өтеді... НҰРОТАН бұл тірлігімен өзіне өзі ор қазып жатыр... Жай емес, терең... Халық деген мал емес, күш.. Ертеңгі күні ашуына тисе, күл талқанын шығарады бұл биліктің...
Пікір алмасу

Кімнен: ссссс
16.01.2012 18:28
+0 / -0
Ой, Маке-аааааааай)))))), аузыныздан ак ит кіріп кок ит шығып комментарий жазуға қызу кірісіпсіз а?! НҰР Отан халық таңдауы болса болсын, ол үшін өліп мені жын ұрып па?! Менің Нұр Отанға не басқа партияға айтар уәжім жоқ. Тек Сіздің ушойқылығыңызды қойса екееееееееееен, мында Нұр Отанға қарсы пікір жазушы азаматтарды одан сайы ызаландыра бермесе екееееееееееееееееен деген ниетім гой. Қызық кісі екенсіз... Күлкім келіп отыр. Сізге қарсы пікір жазғанның бәрі Нұр Отан жаман деген пікірге қатып қалған деп ойлайсыз ау а?! Осындай пікірлерге атака жасап жаттығып қалған соң ғой ол! ))))))))))))))))
Пікір алмасу

Кімнен: МАРАТҚА
16.01.2012 19:42
+0 / -0
Марат тілші, сенде қайтпайды екенсің! қоя салшы, халық қарғысы жаман! отбасыңа бір пәле болып жүрмесін!
Пікір алмасу

Кімнен: АСАН ҚАЙҒЫ Қайдан: қазақ даласынан
16.01.2012 19:57
+1 / -0
ДӘЛЕЛ!!!!

Марат деген 25 000 теңге үшін арын сатып билікке құл болған бейшараға арналады!!!!

1) Қазақ халқының жағдайы өзбектер мен қырғыздардан жақсы ол НӘНнің "көрегендігінің" арқасы емес, Аллаһ бізге асты да усті де байлыққа толған жер берген. Біздің жер әлемде 240 мемлекеттің арасында 9ыншы орын алады.
Біздің жерде мұнай да, газ да, алтын да куміс те, мыс та, темір де бар. Тек мұнайы ғана бар арабтар шалқып өмір сүріп жатыр. Біздің жағдай тәжіктер мен өзбектерден сәл жақсы.

2) АЗАТТЫҚ алғанымызға 20 жыл толса да, елімізде ана тіліміз орыс тілінің қолына су құюға жарамай тұр. Ал сен менсінбейтін тәжік, өзбек, түрікмен дегендер баяғыда өз тіліне көшіп алған. Біз сенің көкең НӘНің "көреген" саясатының арқасында басқыншы ұлттың тілін қолдануға мәжбүр болып отырмыз.

3) НӘНнің САЙҚАЛ САЯСАТЫНЫҢ арқасында қазақ халқының тарихында бұрын соңды болмаған оқиға орын алды елімізде. Ақшадан өлген біздің билік АҚШ кәпірлеріне қазақтың жетім балаларын сатты. Мұндай оқиға тіпті қазақ аштықтан қырылған жылдары да, немесе қалмақтар қырып тастаған ақтабан шұбырынды кезінде де болмаған!!!

4) БҰРЫН СОҢДЫ қазақтың жерінде болмаған діндер НӘН көкең ел басқарып тұрған кезде басталған. Кришна қазақ, иегова қазақ деген сөзді өмірі ата бабамыздың тарихынан естімеп едік.

5) ШАЛА ҚАЗАҚТАР мен Машкеевич, Шодиев деген келімсектер қазақтың байлығын НӘН ел басқарып тұрғанда тонады. НӘН мұны көрсете де оларға қой демеді. Ал қара қазақ базарда арба сүйреп, піст сатып күнелтуде..

6) ЖАҢАӨЗЕНДЕ алаңда жата жата жауыры тесілуге айналған халық көшеге шыққанда НӘН мен онын жендеттері оларды қыра салған. Тіпті 1986 жылы желтоқсанда алаңға шыққан қазақтарды орыс басқыншылары да атпаған болатын. Ол кезде дукендерді тонап, милициямен төбелескен адамдар болды. Бірақ қызыл империя НӘН сияқты қазақты қырған жоқ.

АЙТАР СӨЗІҢ БОЛСА НАҚТЫ ДӘЛЕЛМЕН СӨЙЛЕ. АЛ БЕТ АЛБАТЫ, СЕН ИТСІҢ, ШОШҚАСЫҢ ДЕП АУЗЫҢА КЕЛГЕНДІ ОТТАУ КЕЗ КЕЛГЕН ТОПАС АДАМНЫҢ ҚОЛЫНАН КЕЛЕДІ!!!!

6)
7)
8)
Пікір алмасу

Кімнен: Қыр қазағы Қайдан: сары арқа
17.01.2012 00:38
+0 / -0
Марат бауырым дөрекі сөз айтпай-ақ қояйын, бірақ ер азаматсың ата-бабаңның аруағыннан қорыққаның дұрыс. Шындықты айта алмай-ақ қой бірақ бажырайтып қойып өтірік айтпасай! Халық айтса қалт айтпайды! Халықтың қарғысына қаларсың!
Пікір алмасу

Кімнен: CолДАТ Қайдан: Алматы
17.01.2012 14:27
+0 / -0
Ей, Марат маңырамай бері қара! Құдайым-ау сөзіңді бақсам құйып қойған "Нуротансың"" ғой өзің. Демек, жанағы аты корсетілмеген емес, СЕН бос кеудесің! Бүгінгідей заманда халықтың аузын буып отыру ешкімнің қолынан келмейді! Иә, айтпақшы Назарбайдың да! Айтпақшы сенін "ел ішіне іріткі салмаңыз" деген сөзіңді түсінбедік. Демек, Нур Отанның жеңісі елді біріктіретін идея да, ал әділ сайлау өтпеді деп зар салып жүргендердің жанайқайы елді бүлдіретін идея болды ғой!
Иә, Марат сени сонау, бірақ келмеске кеткен Кенестік кезеңге аттандырып жиберу керек екен. Өйткені елдің ішін алалайтын дәл сен сияқтылар! Қаным қарайып ойымды дұрыс жеткізе алмай жатсам, айып етпе! Бірақ не айтпағым сенин "нуротандық" санаңа жеткен болар азда болса!
Пікір алмасу

Кімнен: Жангельді Қайдан: Жезқазган
18.01.2012 12:24
+0 / -0
Ежелден келе жаткан қазақ халықтын арманы орындалды.Халықтың жағдайын 20 жыл ішінде жақсы дәрежеге қотерілді.Халық үш партияны таңдады.Қазақ жерінде тыныштық сақталуына,бейбытшылық омір сүрүге біздінде құқығымыз бар.осып келе жатқан балаларға жақсы өмір силайық.Бүган менімше тек Нур-Отан партиясы толық жауып бере алады.Сайлау әділетті отті.
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
16.01.2012 12:15
+0 / -0
Мемлекет тарапынан ашық, әділ, мөлдір және бәсекелі сайлау өткізу үшін барлық жағдай жасалған.
Электораттық науқанның барлық кезеңде¬рін¬де заңдылықтың сақталуы қамтамасыз етілді.
Саяси партияларға бұқаралық ақпарат құрал¬дарына теңдей қолжетімділік берілді.
Барлық сайлау үдерісіне қатысушылар сайлаушыларды өздерінің сайлауалды тұғырнамаларымен таныстыру үшін кең мүмкіндікке ие болды.
Пікір алмасу

Кімнен: Макпал Қайдан: Казгосженпу
16.01.2012 14:14
+0 / -0
Сайлау жоғары деңгейде өткеніне қуаныштымын! Таңдау жасап, сайланған депутат мырзалар үмітті ақтар деп сенемін.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
16.01.2012 19:09
+0 / -0
Мына коммент жазып отырғандар президент аппаратының немесе әкімшіліктегі ішкі саясат бөлімінің адамдары, жеген нанын өтеп жатырғандары ғой. Назарбаевтың жақтастары көп дегенді білдіргісі келеді. Бірақ,халық ақымақ емес, егер Назарбаевтың жақтастары соншама көп болса,өздеріне сенімді болса неге кешегі сайлауда, карусельдерді пайдаланды, 2000 теңгеден дауыс берушілер жалдады, ,қарайған ақша шығарып,сайлау комиссияларына нұротаннан басқа адамды жолатпады, дауыстарды санайтын уақытта ұры күшікше, басқаларға үріп маңына жолатпады. Осының бәрін халық көріп отыр. Бұларға жауап беріп әлек болмай ақ қойыңдар,уақыт шығын қылып. Үреді де қояды, айдалаға үрген ит құсап.
Пікір алмасу

Кімнен: АнтиМарат! Қайдан: Алматы
16.01.2012 20:48
+0 / -0
Марат! Атаңның басы! Лапшаны өз құлағыңа іл!!!
Пікір алмасу

Кімнен: казак Қайдан: шетпе
17.01.2012 00:42
+0 / -0
Марат сен кешеги халкы кырылып каны каинап откан жанаозен халкынын 70 паиызы нуротанга дауыс береди дегенге сенесин бе.мен сенбеим. Мен бирнеше саилауда учаскелик комиссия мушеси болдым, нуротаннын атынан бакылаушы да болдым, сайлау биздин елимизде бирде бир рет адил отип корген жок, 2004 жылы сайлауда мангыстауда кожы жантбек отти маслихатка, билик канша тырысса да откизе алмады оз адамдарын, сонын кесиринен акимдер жумысынан кетти. Осынын алдындагы парламент саилауында типти халыктын даусын санаган да жок. бундаи окига тарихта болган да шгар бирак халык дауысын санамаи тек облыс акиминин звоногымен аудандарга 90-97 паиыз аралыгында цифр берилди.саилау комиссияларынын торагалары тунимен журип тек отчетка цифр коиып шыты. натижесинда нуротан мангыстауда 95 паиыздан жогары дауыс алды. халык тек тобыр есебинде болып калды сонда акимге. осы жолы да мен дауыстардын саналганына куманим бар, себеби биликтин тапсырмасы еки партия калаи дал 7 паиыздан асырып ала кояды, адеми оиналган спектакль сиякты. бари маз. билик озине кажетти коппартиялы мажилис алды, жане озинин 80 паиыздан томен еместигин корсетти, адеми уйымдастырылган ойын.
Пікір алмасу

Кімнен: Қыр қазағы Қайдан: сары арқа
17.01.2012 01:04
+0 / -0
Былтырғы сайлаудан айырмасы осы жолы халықты қуып әкеліп дауыс бергізе алмады (жаңаөзеннен кейін сескенген тәрізді ре.). Есесіне шаршамайтын, тіл қайтармайтын мұғалімдері бар өкіметтің. Жазған құлда шаршау бар ма?- соларды кешкі 5-тен кейін жатқан жеріннен суырып әкеп өз мектептеріне қайта дауыс бергізді. Олар өз тұрғылықты жерлері бойынша алдымен дауыс беріп үйіне келіп енді ата-аналарды түртпектеп жатқан болатын. Ьардың ба?,...-ға дауыс бердің бе ? деп. Бірақ кешкі сағат 5-тің шамасындағы жағдаймен сайлаушылардың 50 пайызы келмеген соң айда әр мектеп директорлары енді қоластындағы мұғалімдерді мектепке срочно шақырып алып қайта дауыс бергізді. Бұл өсек аян, қаңқу сөз емес. нақты факт(Көкшетау). Сонымен Марат тілші не дейсің. Билік адал болса неге есікті айқара ашып әділ сайлау өткізбейді. Мәселе сонда!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Әбіл
16.01.2012 13:23
+0 / -0
Сонда сіз көппартиялы парламентке қарсы болғаныңыз ба?
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
16.01.2012 23:06
+0 / -0
Біз көппартиялы және ең бастысы әділ сайлау болғанын қалаймыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Сәкен Қайдан: Шымкент
16.01.2012 14:52
+0 / -0
Сайлау жоғары дәрежеде өтіп НұрОтан жеңіске жетті ғой не дейсіңдер енді. Жеңілген күреске тоймас деген осы да
Пікір алмасу

Кімнен: aika7117 Қайдан: Орал
16.01.2012 15:01
+0 / -0
Бір бірімізді көре алмаушылықты қашан қоямыз? Тырнақ астынан кір іздейтініміз не? Алдағы күнге үмітпен қарайық. Еліміз тыныш болсын. Табиғат апатына ғана ешнәрсе істей алмаймыз. Қалғаны өз қолымызда.
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана, m.dosaliev@gmail.
16.01.2012 15:38
+0 / -0
Сайлау әділ, әрі өркениетті талаптарға сай өтті. Шетелдік сарапшылар да осы пікірде!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 16:00
+0 / -0
Марат Біз түбінде жеңіске жетеміз!!! Сол кезде сенің кім екеніңді осы эл.пошта арқылы тауып аламыз түбі Әділдіктің туыҚазақ елінде де орнайтыны бәріміз білеміз!! Осыны есіңде сақта Қарғыс атқан МАРАТ 25000 салдақысы!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астанадан
16.01.2012 16:24
+0 / -0
Аты жөні көрсетілмеген азамат! Мені мұқият тыңда! Мен тәуелсіз тілшімін! Бар тілегім, елге шынайы ақпарат беру! Пасық жорамалдарыңды сумандата бермей, елге қызмет ет! Одан да Елбасымыздың біздің бақытымыз үшін бұдан былай да нақ бүгінгідей жарқын заманға бастай беруін тілейік!
Пікір алмасу

Кімнен: Сайлау Қайдан: Сайлаустаннан
16.01.2012 17:04
+0 / -0
Көңіл бөлмеңіздер. Бұл Марат тілші деген Борат тілшінің өзі ғой. Жаман сөз айта бермеңдер, қазақтың атын шығарып жүрген "азамат" қой. Табынушыларым танымасын деп атын өзгертіп отырған. Бораттың өмірі тамаша емес па? Ешқандай моральдық кедергі жоқ. Апасымен де еркекпен де өзінің тоятын басады дегендей. Құтты болсын! "Азамат" болсаң Бораттай бол! Сонда ғана елдеріңді әлем танып, атақтарың шығады.

Сосын, "алға" деген сөз Козловты еске түсіреді екен, сондықтан осыны "артқа" деген сөзбен алмастыруды параламенттің бірінші отырысында талқылауды талап етемін. "Артқа, нұр отан"! Міне, құлаққа жағымды естіледі.
Пікір алмасу

Кімнен: Ернур Қайдан: Алматы қаласы
16.01.2012 15:42
+0 / -0
Нұр Отан әр кез халықтың жағдайына көңіл бөліп келеді. Нұр Отанды қолдаған халық тың таңдауы дұрыс деп білемін!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Мейрам Қайдан: Батыс Қ
16.01.2012 17:24
+0 / -0
Сендерді қазақ елінен қуып шығу керек. Себебі қандарың қазаққа жақ емес. Әлде бар болса көре алмай жоқ болса бере алмайтындардың қатарындасындарма? Ұят қайда? Өз арларыңның алдында таза болыңдар. Сенде,олда менде еттен, сүйектен жаралдық. Қолыңнан коммент жазу емес халыққа игі іс жасау келсін,
Пікір алмасу

Кімнен: НАҒЫЗ ҚАЗАҚ
16.01.2012 19:24
+0 / -0
ҰТЫЛҒАННЫҢ СӨЗІ КӨП ДЕЙТІН, САЙЛАУДАҒЫ ЖЕҢІЛІСТЕРІҢДІ МОЙЫНДАҢЫЗДАР АҒАЙЫНДАР!!!! БИЛІКТІҢДЕ, ХАЛЫҚТЫҢДА ПАРТИЯСЫ "НҰР ОТАН"-СОНЫ ЖАДЫЛАРЫҢЫЗДА ҰСТАҢЫЗДАР ШЕТЕЛДЕН ҚАРЖЫЛАНАТЫН ҚАНДАСТАР!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Гипноздалмаған қазақ Қайдан: Алматы
17.01.2012 12:38
+0 / -0
15 қаңтар күні Қазақстанымызда "Мәссаған мен алдандым" атты милиондаған адам қатысқан шоу болып өтті.
Ұйымдастырушылар әкімдіктер мен сайлау комиссиялары
ақпараттық демеушілер; хабар, Қазақстан, КТК телеарналары
Пікір алмасу

Кімнен: Баха Қайдан: Шымкент
17.01.2012 13:46
+0 / -0
Ең бастысы тыныш тірлігіңді істеп, ақшаңды тауып жүре берсей, барлығы орнына келеді, билікке барсаң сенің қандай боларыңды кім білсін
Пікір алмасу

Кімнен: Әшірбек Қайдан: Алматы
17.01.2012 14:20
+0 / -0
Бүгін аланга небары 100-ге жетер-жетпес адам шықтық, оның жартысы "азат" жсдп-ның өздері болды, сонда 50-шақты адам 15-20 минут тұрып, тайып тұрды. Өз қолдаушыларының сиқы мұнша мардымсыз екенін көргеен "Азат" ЖСДП партиясы енді партияны жауып, тарап кеткеннен басқа жол жоқ. абилов саудаға, жармахан пенсияға, әміржан билікке, гүлжан ергалиева стриптизда жалаңаштанып өнер көрсетуге кетеді деген сөз расқа айналайын деп тұр. Әшірбек
Пікір алмасу

Кімнен: ДДД Қайдан: ССС
18.01.2012 12:32
+0 / -0
Осы біреу тапсырма беріп койған деген сөздерді қайдан аласыздар. Қанша сайлауларда қатыстым, еш кім тапсырма берген емес маған, кешеге сайлаудада өз қалауым бойынша дауыс бердім. Сөз таратуды, дау шықаруды жақсы көретін халықпызгой...

Кімнен: kirmizi Қайдан: kazak
16.01.2012 11:12
+0 / -0
сайлау натижели откенине куаныштымын. халык сеним арткан депутаттар умитти актайды деп ойлаймын
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
16.01.2012 19:10
+0 / -0
Мына коммент жазып отырғандар президент аппаратының немесе әкімшіліктегі ішкі саясат бөлімінің адамдары, жеген нанын өтеп жатырғандары ғой. Назарбаевтың жақтастары көп дегенді білдіргісі келеді. Бірақ,халық ақымақ емес, егер Назарбаевтың жақтастары соншама көп болса,өздеріне сенімді болса неге кешегі сайлауда, карусельдерді пайдаланды, 2000 теңгеден дауыс берушілер жалдады, ,қарайған ақша шығарып,сайлау комиссияларына нұротаннан басқа адамды жолатпады, дауыстарды санайтын уақытта ұры күшікше, басқаларға үріп маңына жолатпады. Осының бәрін халық көріп отыр. Бұларға жауап беріп әлек болмай ақ қойыңдар,уақыт шығын қылып. Үреді де қояды, айдалаға үрген ит құсап.

Кімнен: Баука Бука Қайдан: KZ-ORDA
16.01.2012 11:16
+0 / -0
Сайлау өте жақсы өтті!!!! Сырттан келген сарапшылар жоғары бағаласа, қалай көкірегімізді көтеріп жүрмеске??????????
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
16.01.2012 12:40
+0 / -0
Бұл жолы электораттардың белсенділігі өте жоғары болды. Сайлау өте әділетті және заң шеңберінде өтті. Қарапайым халық та, халықаралық сарапшылар да осындай пікірде. Дүйім солай болай! Алға Қазақстан! Алға Нұр Отан!
Пікір алмасу

Кімнен: damir
16.01.2012 16:15
+0 / -0
Сайлау өте жаксы әділетті өтті. Халық өз таңдауын жасады. Жасасың Қазақстан!!! Жарайсын НУР ОТАН!!!

Кімнен: ATTILA Қайдан: КИПШАК
16.01.2012 11:19
+0 / -0
КАЛАЙ ХАЛЫКТЫН АКШАСЫН - БАЙЛЫГЫН УРЛАСА
СОЛАЙ ДАУЫС УРЛАЙДЫ - НУРШАЙТАН
АЗДАП УЙАТЫ ЖОК ЕКЕН
АБИЛОВКА жанимиз ашиды
Пікір алмасу

Кімнен: Адал Қайдан: Бейнеу
16.01.2012 11:58
+0 / -0
Әбіловті жаның ашымайақ қойсын. Ол, сенің аяушылығыңсыз да күнін көріп жүрген кісі.
Сен байғұс өзіңді өзің АЯ. Әділеттіктің не екенін білмейтін, көрсоқыр қазақ қоғамын ая, мүсәпірім.

Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
16.01.2012 12:08
+0 / -0
Байтақ елім болса берік тұғырлы,
Сайлау деген шықты үздік нық үні.
Жалғыз ғана партия емес,бұл жолы
Дабыл қақты көп партия дүбірі.
Жаса Қазақстан! Жаса Нұр Отан! Жаса Елбасы!
Пікір алмасу

Кімнен: жәй қазақ Қайдан: Алматы
16.01.2012 16:39
+0 / -0
Марат, бауырым! акындыгын бар екен, ұятын да бар шыгар, сиздин астананы білмедим, біз кешеден бері Алматыда кошеден кезиккендерден сурап едик, бізде 70 проценті бармаган. баргандардын ішінде 40 проценті Нұр Отанга , 40 проценті ЖСДП-га , 12 проценті Әділетке берген. қалганы азын-аулак алган. сенде киініп алып, Астанадан осылай сұрап шыкшы. Алла біледі, сендерде де осылай шыгар. солай болып шықса, 16 млн халыкпен бірге, мені де, алдапты гой деп, сайлау комиссиясына осы активтігінмен өз наразылыгынды білдіреді деп үміттенеміз!
Пікір алмасу

Кімнен: DancerMek Қайдан: Ресей
16.01.2012 12:34
+0 / -0
АТТILA жаның ашитындай Абилов не істеді қазақ халқына, бізді алдап ақшаларды тартып алмап па еді. Бұл коментариды жазған үшін қанша төледі саған. Сен сияқты сатқындарды қудалау керек Қазақ еленінен
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
16.01.2012 16:57
+0 / -0
Б.Абилов елге жаны ашитын адам емес. Елбасы Н.Назарбаевтың арқасында Тәуелсіздік алған 20 жыл көлемінде елімізде көптеген игі¬лікті істер атқарылды. Ұлттық тұтастығымыз қалыптасып, әлеуметтік жағдайымыз бен тұрмысымыз түзеліп келеді, мәдениетіміз бен өнеріміз өзге жұрт қызығатындай дәрежеде насихатталып жүр.
Пікір алмасу

Кімнен: Сабира
16.01.2012 17:37
+0 / -0
Марат сіздің барлық жазғандарыңызды оқи отырып Сізге алғыс білдіремін,.Мына бір беткей көре алмайтын оппозициямен біраз сөзге келіпсіздер. Сізге айтарым Сіз сияқты Нұр Отанды қолдайтын мыңдаған Қазақстандықтар бар,ренжімеңіз. Бұл кісілердің миын торғай шұқып кеткен
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
16.01.2012 19:54
+0 / -0
мынау Сабира қай ұрының қызы болды екен?
Пікір алмасу

Кімнен: Жандар Қайдан: Лондон
16.01.2012 12:46
+0 / -0
Елді алғашқылардың бірі болып тонаған әпендіні жақтап, ел сенімін ақтаған Елбасы партиясын балағаттаған өзің оңбайсың бауырым. Мықты болсаң елге қызмет жаса. Сайлаға қатысып өз дауысыңды бер. Елге пайдаңды тигіз. Анау ішті мынау жеді деп жеңілтек қатындардың сандырағын сайрамай. Еңбек ет бауырым ел үшін. Елге пайдаң тисін. Қарны тойған ақымақ не істерін білместен өсек айтады деген осығой. Сөзден іске көш. Елге пайдаңды тигіз сорлы бауырым к.м болсаңда.
Пікір алмасу

Кімнен: жәй қазақ Қайдан: алматы
16.01.2012 16:49
+0 / -0
Жандар, бауырым!
елге қызмет жаса дейсін. кезінде Рахат Алиевті қазақтын Катании деп, сен сияқты Артур Платонов тағы да баска , Марат сиякты жүздеген журналистер ауыздарын узіліп еді. В Хропуновқа да сондай. сендер өздерин ойланбай, тек хабар, Қазақстан, КТК телеарналары салып берген ағыммен сөйлей бересиндер. саган ақыл кірген кезде әр Қазақ Отан ушін аянбай қызмет етер деп уміт артамыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Byrymdy kyz Қайдан: Astana
16.01.2012 12:56
+0 / -0
Сол Сіз сияқты Абиловқа жаны ашитындардың саны аздау болғаны ма, әлде бәрін ақшамен шешуге дағдаланып қалған Абиловтың қаражаты Сіз сияқты комментарий жазушылардан артылмай, сайлаушыларға жетпей қалған сияқты! Соған жаныңыз ашып отырған ғой
Пікір алмасу

Кімнен: ATTILA
16.01.2012 13:37
+0 / -0
Мен сендерге жанм ашиды
биз нагыз демократия орнатканда
халыкка бостандык алып бергенде
СЕНДЕР ХАЛЫК ЖАУЫ БОЛЫП СОТТАЛЫП КЕТЕСИНДЕР
атырау онирине гана нагиз казактар жиналыпты
саткындардин бари жилы жакка Алматы Астанага кошип кетткен
ЖАЙ КАРАПАЙЫМ КАЗАК ХАЛКЫ ЖАСАСЫН!
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
16.01.2012 19:12
+0 / -0
Мына коммент жазып отырғандар президент аппаратының немесе әкімшіліктегі ішкі саясат бөлімінің адамдары, жеген нанын өтеп жатырғандары ғой. Назарбаевтың жақтастары көп дегенді білдіргісі келеді. Бірақ,халық ақымақ емес, егер Назарбаевтың жақтастары соншама көп болса,өздеріне сенімді болса неге кешегі сайлауда, карусельдерді пайдаланды, 2000 теңгеден дауыс берушілер жалдады, ,қарайған ақша шығарып,сайлау комиссияларына нұротаннан басқа адамды жолатпады, дауыстарды санайтын уақытта ұры күшікше, басқаларға үріп маңына жолатпады. Осының бәрін халық көріп отыр. Бұларға жауап беріп әлек болмай ақ қойыңдар,уақыт шығын қылып. Үреді де қояды, айдалаға үрген ит құсап.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
16.01.2012 20:03
+0 / -0
Мына коммент жазып отырғандар президент аппаратының немесе әкімшіліктегі ішкі саясат бөлімінің адамдары, жеген нанын өтеп жатырғандары ғой.
___________

жеген нандарын өтеп жатырғандары қалай? Оларға жалақыны президент қалтасынан төлеп жатыр ма? Менің білуімше оларға жалақы халықтың еңбегінен құралатын бюджетке түсетін ақшадан төленуші еді ғой, қашаннан бері президент қалтасынан төлейтін болған?
Пікір алмасу

Кімнен: Әбіл
16.01.2012 15:05
+0 / -0
Тапқан екенсіз жан ашитын адамды. Анау қазақша білмейді, мынау қазақша білмейді дегенде осы екі қазақша сөздің басын қоса алмайтын Әбілевті қалай жақтап қалатындарыңа таң қаламын.

Кімнен: Мақсат
16.01.2012 11:20
+0 / -0
Өз өтірігімізге өзіміз сеніп, осылай мәз болып жүре берейік! Жасасын Нұр Отан! Нұрсұлтан! Қазақстан! Нұр Отанның жеңеріне ешкім күмән келтірмеген
Пікір алмасу

Кімнен: казак Қайдан: шетпе
16.01.2012 15:51
+1 / -0
ал сиз дауысты санады деп оилаисыз ба, бари алдын ала берилген тапсырма бойынша просто койылган цифрлар го, дал 7 пайыздан асырып еки партияны откизди нуротанга косып,бурынгы саилауда комиссия мушеси болдым акиматта мангыстау облысы бойынша президент 95 пайыздан жогары дауыс алды себеби облыс акими аудан акимдерине кешке звондап 95 пайыз деди де телефонды коиып тастады, сосын тек цифрлар коиылды, бюллетендер болмеге салынды да есиги килттелды 3 аидан сон ортелди оны ешким тексерген де жок бул жолы да сондаи болганы коринип тур.
Пікір алмасу

Кімнен: Қыр қазағы Қайдан: сары арқа
17.01.2012 00:49
+0 / -0
Менде былтыр болғамын бақылаушы ретінде оппозиция жағыннан, дәл солай болды. Ешкім дауыс санаған жоқ. Протоколға қажет санды жазып қол қойды да әкімге жіберді. Амондар протоколді әкімшілікке апарды болды. Тіпті сайлау бюллетендер жиналып бітпей жатып,таңғы сағат 8 де жеңіс тойланып алаңға жастар жиналып жатты!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 17:40
+0 / -0
Дұрыс екен, айтқаныңыз. Елінің келешегін ойлаған әр азамат Нұр Отанға дауыс беріп дұрыс таңдау жасаған сияқты
Пікір алмасу

Кімнен: депутат Қайдан: сайлау ауылы
18.01.2012 00:56
+0 / -0
жақсы болды НҰР ОТАН ата берсін деген ғой бүгін ұры отан деп сайрағн сені ертең танымайды итше атады . Сонда МАРАТ кімнен көмек болар екен
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
16.01.2012 19:12
+0 / -0
Мына коммент жазып отырғандар президент аппаратының немесе әкімшіліктегі ішкі саясат бөлімінің адамдары, жеген нанын өтеп жатырғандары ғой. Назарбаевтың жақтастары көп дегенді білдіргісі келеді. Бірақ,халық ақымақ емес, егер Назарбаевтың жақтастары соншама көп болса,өздеріне сенімді болса неге кешегі сайлауда, карусельдерді пайдаланды, 2000 теңгеден дауыс берушілер жалдады, ,қарайған ақша шығарып,сайлау комиссияларына нұротаннан басқа адамды жолатпады, дауыстарды санайтын уақытта ұры күшікше, басқаларға үріп маңына жолатпады. Осының бәрін халық көріп отыр. Бұларға жауап беріп әлек болмай ақ қойыңдар,уақыт шығын қылып. Үреді де қояды, айдалаға үрген ит құсап.

Кімнен: Дат
16.01.2012 11:22
+0 / -1
Сайлаудың қорытындысы шықпай жатып, наразылық шарасын өткіземіз деуі қай сасқаны. Спортшылар да шаршы алаңда таяқ жеп жеңіліп жатса да қол алысып тарқасушы еді, ЖСДП-ның бұл мәлімдемесі ақылға қонбайды.
Пікір алмасу

Кімнен: Датқбара
16.01.2012 11:39
+1 / -0
Иә, сайлау қорытындысы шықпай жатып НӘН - Нүротанды құттықтады-ғой, ол деген сөз барлығын алдын-ала ұйымдастырған деген сөз. Менім білгенім сайлау деген аты ғана, бұл биліктің өзіне әлде бірнәрсені алдын-ала дайындап жатқанын білдіреді.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
16.01.2012 19:14
+0 / -0
Мына коммент жазып отырғандар президент аппаратының немесе әкімшіліктегі ішкі саясат бөлімінің адамдары, жеген нанын өтеп жатырғандары ғой. Назарбаевтың жақтастары көп дегенді білдіргісі келеді. Бірақ,халық ақымақ емес, егер Назарбаевтың жақтастары соншама көп болса,өздеріне сенімді болса неге кешегі сайлауда, карусельдерді пайдаланды, 2000 теңгеден дауыс берушілер жалдады, ,қарайған ақша шығарып,сайлау комиссияларына нұротаннан басқа адамды жолатпады, дауыстарды санайтын уақытта ұры күшікше, басқаларға үріп маңына жолатпады. Осының бәрін халық көріп отыр. Бұларға жауап беріп әлек болмай ақ қойыңдар,уақыт шығын қылып. Үреді де қояды, айдалаға үрген ит құсап.

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
16.01.2012 11:26
+0 / -0
оттаган ұры отан акыры дегендеріне жетіп отырсындарма бул отіріктерінді жалган санап бітпеген дауыстарынды халыкка емес бала бакшадагы сәбиге айтындар сенсе солар сену мүмкін ал есі бар халык бул жинаган дауыстарына мүлдем сенбейді бойларында бір кішкене арларын болса дурыс акпарат берер едіндер ай онбайсындар гой сендер акылсыз акымактар Қазақстан тагы кері кететін турі бар кеше тундегі ұры отан көш басынын сойлеген созіне караганда халык алдына шыгып кіл отірік акпар беріп жетесіз құрындаршы бәрің Ұры Отан Қазақстан-Хабар арналарынын көздерін құрту керек оларда кіл жағымпаз жалағыштар

Кімнен: Madina Nurkamanova Қайдан: Алматы
16.01.2012 11:30
+0 / -0
Мен де кеше сайлауға қатысып, өз дауысымды бердим. Бәрі тыныш, ешкандай заң бұзушылықты байқамадым. Сайлаудың қорытындысы бұрмаланды дегенге сенбеймін
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 17:24
+0 / -0
сайлау әділ өтті енді сендерді де бір мәрте атсын сонда көрерміз бақылаушысымақтаррр

Кімнен: Есен
16.01.2012 11:30
+0 / -0
Менин пикирим, сайлау оте жаксы отти. Казахстан халкы Кыргызстаннын тагдырына караса жаксы болар еди. Кыргызстанда оппозицияны европа, америка каржыландырады жане оз буйрыгына кондиреди. Бизде де, оппозцияны шетел каржыландыратын сиякты. Биздеги оппозицияны да шетел баскарып отырган сиякты, буган сенимим камил.

Кімнен: Asel_B Қайдан: Almaty
16.01.2012 11:33
+0 / -0
Еліміз тағы бір мәрте демократия жолында қарқынды қадам басты.
Пікір алмасу

Кімнен: Жақайым Қайдан: Арал
16.01.2012 11:59
+0 / -0
Мыналарға 25 мыңды екі еселеп беріп жатырау деймін, құтырған иттей жан жақтан үріп жатырғой ҰрыОтанның иттері!
ҰрыОтандарың тағы да ұрлады, малғұндар! Бір күні жауап бересіңдер, АЛЛАНЫҢ алдында жауап бересіңдер! Сонда қуанғандарыңа өкінетін боласыңдар!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
16.01.2012 13:05
+0 / -0
Ей Жақайым, мені мұқият тыңда! Сен мені меңзеп айтып тұрған сияқтысың. Мен тәуелсіз тілшімін. Билікпен шатастырма мені! Айналана қара! Еуропаға қара, посткеңестік елдерге қара! Сөйт те Қазақстанға қара! Бірлігі жарасқан елге қара! Демократия құлаш ұрған жерге қара! Әлем сыйлаған Елбасына қара! Жиырма жылдың ішінде жеткен осы табыстарды сен де пайдаланып отырсын. Діни сөздермен комент жазу үшін діни сауатынды ашып ал. Сенің ойын халыққа іріткі салып, елде бүлік шығару шығар. Бұл дінге жат.
Пікір алмасу

Кімнен: пролд
16.01.2012 15:12
+0 / -0
Астаналық Марат тілші, мен жан-жағыма қарадым, көз тастадым. Айналамда дипломы бар, жұмысқа орналасайын десе ақша сұрап, көкесін сұрап жұмысқа орналаса алмай тәшкі айдап жүрган қазақтың қара домалақ балалары, апаларымыз барахолкада кәлескемен шәй сатып жүр бәрі пәтер жалдап тұрады, ауылдан келген. Келмегенде не істейді, ауылда ештеңе қалмады ғой, дипломмен ауылға барайын десе оған да ақша сұрайды, батысқа барып мұнай компанияларына барып жұмыс істейін десе ақшасын бермейді, дипломы жоқтар оқиын десе оқу жылдан-жылға қымбаттап барады, отбасын құрып, жер алып, там салайын десе жердің бәрі сатылып кеткен, бас көтеріп көшеге шығып сөйлейін десең автоматпен аузыңды жабады,
Пікір алмасу

Кімнен: Әбіл
16.01.2012 15:15
+0 / -0
Мәке, Жақай сияқтыларға көңіл аудармаңыз. Олар сізге 25 мың деп отырып, өздері ЖСДП-дан одан 10 есе артық алып отырғандар. Жоғарыда байқасаңыз Әбілевке жаны ашып, өлең жазып жатыр. Олар елде Нұр Отан мен ЖСДП-дан басқа ештеңе қалмағандай сөйлейді. Имандылықтан тайған, патриоттықтан жұрдай арамдар. Қашан сайлау болады екен қарнымызды бір тойдырар деп оппозицияның алды-астынан шықпай жүрген жалқаулар.
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана, m.dosaliev@gmail.
16.01.2012 16:06
+0 / -0
Жақайға! Мемлекет халыққа балық емес, оны ұстайтын қармақты берді. Онымен қалай балық ұстау керектігін де көрсетіп отыр. Бастысы, еріншек болмау керек! Елде тірлік жасауға бар жағдай жасалған. Кәсіби мамандарға сұраныс көп. Бар мәселе, сұранысқа ие мамандықты таңдау керек. Ақылды болсаң, сол мемлекеттік бағдарламаларды пайдалану жолдарын зерделе, тірлік жаса! Сілімтік!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 17:37
+0 / -0
марат ауыз ауыртып бірдеңе айтуға тұрмайтын жай шайпау қатын ғана. Одан да ертең не істейтінімізді ойланайық.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
16.01.2012 19:15
+0 / -0
Мына коммент жазып отырғандар президент аппаратының немесе әкімшіліктегі ішкі саясат бөлімінің адамдары, жеген нанын өтеп жатырғандары ғой. Назарбаевтың жақтастары көп дегенді білдіргісі келеді. Бірақ,халық ақымақ емес, егер Назарбаевтың жақтастары соншама көп болса,өздеріне сенімді болса неге кешегі сайлауда, карусельдерді пайдаланды, 2000 теңгеден дауыс берушілер жалдады, ,қарайған ақша шығарып,сайлау комиссияларына нұротаннан басқа адамды жолатпады, дауыстарды санайтын уақытта ұры күшікше, басқаларға үріп маңына жолатпады. Осының бәрін халық көріп отыр. Бұларға жауап беріп әлек болмай ақ қойыңдар,уақыт шығын қылып. Үреді де қояды, айдалаға үрген ит құсап.
Пікір алмасу

Кімнен: Шоқпарұл Қайдан: Алматы
17.01.2012 12:47
+0 / -0
Марат, Жалпы дұрыс айтады!! Елден тыныштық пен береке кетсе ол елде қадір қасиет қаржы қалмайтыны анық!! Бірақ бәсекелестік, биліктің топтарының арасында, биліпен оппозиция арасында болған қарама қайшылықтарынсыз мемлекет дамымайды! Мен жалпы егер Нұр отанды қолдамағанда, басқа қолдайтын партия корип тұрған жоқпын!! ЖСДП дегенмен оларда кезінде билікте болған азаматтар ғо!! сол кезде халық үшін не жасапты? Жармахан ағамыз прокурор болған кезде талай болған ангимени умыттык па?! сондықтан қазірде НҰР ОТАНДЫ қолдағаннан басқа, Мемлекетке әрбір азамат оз үлесін қосқаннан басқа амал жоқ!
Пікір алмасу

Кімнен: Тәңірберген Қайдан: Карасай
16.01.2012 12:08
+0 / -0
Сайлау-шоу өте тамаша өтті!
Пікір алмасу

Кімнен: алтай Қайдан: алтайдан
16.01.2012 16:47
+0 / -0
марат кайтпайтын силимтик екенсин итке тенейин деп ойлагам бирак ит сенен он есе жаксы уры отаннын мушеси боларсын бул жерде саган орын жок хабарга бар
Пікір алмасу

Кімнен: жәй қазақ Қайдан: Алматы
16.01.2012 17:01
+0 / -0
Марат!
өзін айтқан Өзбекстандык Фотох Шодиевпен , Қырғызстандык өзбек Алиджон Иброгимовке және Машкевич ағаларына Қазақстаннын 6 облысын алып отырган, дуниежузіндегі 2 орынды алып отырган хромды , олардан баска Павлодардағы алюминий кеніштерін, Қостанайдагы Соколов-Сарыбай тағы да баска ферросплав, көмір кеніштерін бағасы 10 -даган млрд доллар туратын кеніштерді 1997 жылы сонда қармак қылып берген бе?оларды сатып алуға бүкіл Қырғызстан, Өзбекстан байлыгын қоссанда жетпейді. Түсінбегенім, сен айткан мұндай қармақты оларга кім берген? мүмкін сен де, айлык алып, осындай үлкен қармақтылардың кабинетінде , сондайлардың айдауымен жазып отырган боларсын.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 17:14
+0 / -0
тәуелсіз журналист болсаң ЖАҢАӨЗЕНГЕ немесе ШЕТПЕге бармадыңба әлде оқ тиіп кетер деп қорықтыңба ол жерде де нұр отан бар қорғайды ғой
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана, m.dosaliev@gmail.
16.01.2012 17:24
+0 / -0
Айналайын Алтай! Менің қайда баратынымды Сәз шешпейсіз! Өзім шешемін, себебі мен тәуелсіз тілшімін. Ел дамуына тілеулес болыңыз! Араңдатушыларға ермеңіз! Ел бірлігі үшін ақылға келіңіз! Түсінгеніңізге алдын ала рахмет!
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана, m.dosaliev@gmail.
16.01.2012 17:32
+0 / -0
Ей Жай Қазақ деген СІЛІМТІК! Сәуегейсымақтанба! Мен тәуелсіз тілшімін. Халыққа шынайы ақпарат жеткізу азаматтық парыз деп санаймын! Атын да айтып тұр жәй қазақ екенінді. Бұл жер супер қазақтарға арналған. Саған орын жоқ. Тайып тұр бұл жерден.
Пікір алмасу

Кімнен: ATTILA
16.01.2012 17:46
+0 / -0
Марат тауелсиз тилши ОЙАНБАЙСЫНБА?
арак ишип уыктап калдин ба?
Ол кисини мен де силагам, Европада силаган
Сизге али ишким айткан жок па Жанаозенде не болганин?
сиз кашан турдингиз?
25 000 тенгеге не истейсиз?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 12:11
+0 / -0
сайлау қалай болса солай өтірік өтті мен бақылааушы болған участіктте 35%-ғана сайлаушы дауыс берді ал комисия өзіне берілген тапсырманы орындап шықты Ақтөбе
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 12:15
+0 / -0
Асел, Соны енді білдің бе? біз әлдеқашан барлық қадамдарымызды басып қойғамыз. Әйел заты болсаңда ұят жоқ екен сенде!
Пікір алмасу

Кімнен: Мақсатты Қайдан: там тұмдап
16.01.2012 12:35
+0 / -0
ЖСДП ма кім еді, өзі елдің сенімін ақтай алмаса несіне өкпелейді. Нұр отаннан асатын партия жоқ! өлсеңдер де осы,
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
16.01.2012 19:17
+0 / -0
Мына коммент жазып отырғандар президент аппаратының немесе әкімшіліктегі ішкі саясат бөлімінің адамдары, жеген нанын өтеп жатырғандары ғой. Назарбаевтың жақтастары көп дегенді білдіргісі келеді. Бірақ,халық ақымақ емес, егер Назарбаевтың жақтастары соншама көп болса,өздеріне сенімді болса неге кешегі сайлауда, карусельдерді пайдаланды, 2000 теңгеден дауыс берушілер жалдады, ,қарайған ақша шығарып,сайлау комиссияларына нұротаннан басқа адамды жолатпады, дауыстарды санайтын уақытта ұры күшікше, басқаларға үріп маңына жолатпады. Осының бәрін халық көріп отыр. Бұларға жауап беріп әлек болмай ақ қойыңдар,уақыт шығын қылып. Үреді де қояды, айдалаға үрген ит құсап.
Пікір алмасу

Кімнен: Арман Қайдан: Астана
16.01.2012 19:45
+0 / -0
Мақсатпен келісем.Бәрібір Нұр Отанға жететін партия жоқ.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: ақтау
16.01.2012 11:42
+0 / -0
Нұротан мен оның бастығы өтіріктеріңді басқа жерге айтың, Маңғыстау сендердің жалған сөздеріңе тойып болды. Бүгін ұрлықтарың мен қаралықтарыңды тойлап, бір біріңді жалған жеңістеріңмен құттықтап жатырған боларсыңдар, азғындар! Тойлай тұрыңдар, "өтіріктің арты бір тұтам" деген бар, арты баянды болмайды. Ресейде бастау алған қарсылық бізге жалғасады, топанға қарсы тұра алмайсыңдар, ұрлықтарыңмен жұтылып кетесіңдер.
Пікір алмасу

Кімнен: DancerMek Қайдан: Berlin
16.01.2012 16:12
+0 / -0
Құттықтаймын

Кімнен: Тобыкты Қайдан: Семей
16.01.2012 11:43
+0 / -0
Баримиз бир кисидей дауыс берип, оз тандауымызды жасадык!!! Нур Отан шынымен де халыкытык партия екенин далелдеди!!!

Кімнен: Жақайым Қайдан: Арал
16.01.2012 11:44
+0 / -0
Сөйтіп бұл Нұршәйтән тағы да милиондаған халықты көре-көзге өтірік пен аузын аңқитты! Сол арқылы милиондаған күнә арқалап барады.
Бейшара Тозақ сенімен тойаттайтын болды-ау.
АЛЛАХ жазаңды берсін!
Пікір алмасу

Кімнен: Куандык Қайдан: Алматы
16.01.2012 18:43
+0 / -0
Ай, Жакайым бауырым ай! жане Марат тілші! Ешкайсысың биліктің, не оппозицияның ішіне кіріп шыыққан жоқсындар! Бір бірлеріңді сонша ғайбаттағанша, унамды тірлік істесендерші! Оппозиция да, билік те оз жумыстарын оздері біледі гой! Олардың өз саясаты бар! Билік тақтан кетсе, орнына оппозиция келеді. Бурынгы билік жана биліктің ісіне қарсы шығады. Бұл бір дүние кезек қой! Ауысып жатқан дүние! Бәрі бір билік те, оппозиция да халықтың қасында тук емес! Билікті билік қылып отырған да, оппозицияны оппозиция қылып отырған халық. Халық жоқ болса, олар да жоқ. Халық бар болса олар да бар! Бул саясат деген сайқал қатын ғой! Сол үшін қызыл кеңірдек болғандарың!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 11:48
+0 / -0
Елдегі өткен сайлаудың нәтижесі қуантарлық. Бірлесе атсалысқан осынау сайлаудың абыроймен өткені халықаралық деңгейдегі еліміздің беделіне зор мәртебе берді. Бұл мемлекет атынан халықтың, Елбасының жетістігі екендігі сөзсіз

Кімнен: белка в колесе Қайдан: Оскемен
16.01.2012 11:48
+0 / -0
Ким не десе де сайлау адил отти деп ойлаймын. Барлыгымыздын жаксы танып билетинимиз Нур Отан партиясы жане ол жениске жетти.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 12:42
+0 / -0
Кумндарш а отиниш. Шетелдик бакылауышыларды да сатып алганы белгили емес пе? Олар Казакстаннын бар акшасын сорып алды да отирик кулактан теуип мактап тайып турды.Мазак болып отыргандарынды да билмейсиндер гой сорлы казактар-ай!!! Сендердин коздеринди калай ашуга болады екен...?

Кімнен: Золушка Қайдан: Астана
16.01.2012 11:58
+0 / -0
Жаксы откенине куаныштымын!Барлыгымыз корытынды жауапты кутудемиз! Сеним арткан депутаттар ел умитин актайды деген сенимдемиз!Бул кун тарихта калады !Кзакстанды тек белестерден корейк! Аркайсымыз жаркын болашагымыз ушин дауыс бердик !Өз тандауымызды озимиз жасадык!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 11:59
+0 / -0
Маскараааа жалган омир деген осы екенгой...

Кімнен: Мирас Қайдан: Алматы
16.01.2012 12:00
+0 / -0
Сайлауға қатыстым.Ешкандай наразылык әрекеттерін байкамадым..
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 17:34
+0 / -0
көзің де, өзің де болмаса, нені көресің. Сен жоқсың ғой. тек кебінге оранған әруей албасты ғана бар, сенің орныңда. Сен өз болмысын жоғалтқан торғайсың ғой.

Кімнен: Бахытжан
16.01.2012 12:01
+0 / -0
я осы ұлыт өзгертіп немесе дінді тақа болмаса көшіп кетукерекпа біздің ұлтымызғадеген үлкенғып қоюуғып қоятын нүктемадеп оилаим осы түбүмізге жететін осы қақ бас халық болып әскерің боп зиялы қауымың болып ештеңе істиалмағасын қорқып әйтеуір өткен бір ит күнге риза боп жүргенгемәз болып жүре бериік

Кімнен: Солнышко Қайдан: Астана
16.01.2012 12:05
+0 / -0
Сайлау адил отткенине мен оте куаныштымын!!!Мен озим ушин, оз болашагымыз ушин сайлауга барып даусымды бердим жане халык умит арткан "Нур Отан" партиясы сенимди актайды деп сенемин.
"Нур Отан" алга, биз саган сенемиз!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Әкім Тарази Қайдан: Алматы
16.01.2012 13:06
+0 / -0
Уа жеңіске жеткен ұлтымыздың ұлдары! Жеңіс құтты болсын. Ендігі кезекте мейлі екі партия болсын, мейлі үш партия болсын халқымыз үшін еңбек етуді тілеймін. Сайлау әділ өтті. Асыра сілтеусіз өтті. Халықаралық бақылаушылар бұрын соңды мұндай әділдікті ту еткен сайлау көрмегендерін айтып өз елдеріне тәжірибе ретінде қолдануға ұсыныс білдіргендерін естіп қатты қуандық халқым. Бұлда біздің мерейімізді бір көтерген сәт болды. Жеңіс құтты болсын аңайын.
Пікір алмасу

Кімнен: Халықаралық бақылаушы Қайдан: Сырткөз сыншы
16.01.2012 13:12
+0 / -0
Қазақстанда парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берген сайлаушылар көлемі 50 пайыздан асты деп хабарлады сайлауға бақылау жасаған "Фридом Қазақстан" коалициясы.
Алматыда баспасөз жиынын өткізген ұйым "Біздің есебіміз бойынша, сайлауда дауыс берушілердің саны 50 пайыздан көп болды. Алматыда сайлаушылардың 39 пайызы дауыс берді. Сайлаушылар белсенділігі таңертеңгі және кешкі уақыттарда байқалды" деген.

Ұйым өз есебінде Алматының әлеуметтік деңгейі төмен, "өзін-өзі жұмыспен қамтитын" аудандарында сайлаушылардың "ерекше белсенділікпен" дауыс бергенін айтады.
"Мемлекеттік құрылымдар мен партияның ыңғайына жығылатын кәсіпорын басшыларының ықпалына аз ұшырайтын бұл санаттағы азаматтардың белсенділік танытуы Қазақстан азаматтарының азаматтық сана-сезімдерінің оянып келе жатқанын көрсетеді" дейді. Ұйым сондай-ақ "электораттың әкімшілік ресурстарына да қарсылық таныту деңгейінің де артқанын" атап өтеді. "Мұны "карусель" деп аталатын дауыс ұрлау тәсілдерінің анықталғаны және оған мемлекеттік және қоғамдық құрылымдардың араласуы мұны дәлелдей түседі" дейді ұйым.
"Фридом Қазақстан" коалициясына кіретін "Салыстырмалы құқықтану орталығының" жетекшісі Руслан Қалиев жиында коалция бақылаушыларының түрлі заң бұзушылықтарды анықтағандарын, ол туралы мәліметтерді осы аптада жариялайтындықтарын жеткізді.
Пікір алмасу

Кімнен: Марат; тілші Қайдан: Астана
16.01.2012 13:18
+0 / -0
Дұрыс айтасыз Әкім Тарази мырза! САЙЛАУ ӘДІЛ ӨТТІ! Халық риза!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.01.2012 15:07
+0 / -0
Сайлау занды да адил отти. Халык оз тандауын жасады. Нур ОТАН партиясынын жениси бул халыктын жениси!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
16.01.2012 15:13
+0 / -0
Әкім Тарази ағамыздын айели Роза Мұханова парламенттің сенатында жұмыс істиді. Бир жағынан әкім ағамыз айелінің арқасында күнін көріп отыр, сосын шығыр айелінің бұйрығымен агентке шығып кеткен ғой. Бұл кісіге 25 000 тенгенің керегі жоқ сенатта ақша жетеді.
Пікір алмасу

Кімнен: Қыр баласы Қайдан: Алматы
16.01.2012 15:49
+0 / -0
Жаңа-өзен оқиғасына өкініш білдірген үкіметке лағынетін айтқан Қабдеш Жұмаділов, Софы Сматаев, Ғаббас Қабышев, Мұқтар Мағауин, Ұлықбек Есдаулет, Иранбек Оразбаев сияқты жүрегинде иманы, бүкіл қазақ бир қазақ екенин жүрегине тоқып өскен 100 деген азаматтардың арасынан сізді көрмеп едик. Ең болмаса 14- қаңтарда Жас Алаш газетінде жарық көрген Зейнеп Ахметова анамыздың Жаңа-өзендік балаларына арнаған қайғыруын сіз оқымаған боларсыз. Зейнеп апамыз өзі текті оның үстине Бауыржан Момышұлы атамыздың келіні. Санасы барлар ертеңін ойлайтындар мұндайда жеңіс деп УРАЛАМАЙДЫ. Басқасы басқа Маратты қойшыСізден мұндайды күтпеп едік.Уақыт өте келе немере шөберелеріңіздің бетіне қалай қарайсыз? Жаңа-өзенде қаралы болып жатқан кезде біз сайлау өткізіп мен халқымды құттықтаған дейсіз бе?
1937 жылы талай алаш ардақтыларын оққа байлап берген Қарасартовқа ниетіңіз жағынан туыс сияқты.
Пікір алмасу

Кімнен: Асауайғыр Қайдан: Кеңдала
17.01.2012 12:31
+0 / -0
нұр отандыктардын арамдыкпен халыкты алдап алган 80процент дауысы сексен жерінен тесіліп шығады,халыкты ешкім жене алмайды әлі ақ қылмыстары ашылып тарих бетінде қара дақ боласындар,адамнын төгілген қаны жібермейді сендерді.
Пікір жарияланған бет , жиыны 9
    Келесі