Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:42

САЯСАТ

«Ақ жол» партиясы жаңа саяси маусымын ұлт саясаты тұжырымдамасымен ашты

«Ақ жолдың» ұлттық саясат бағдарламасы ХХI ғасырда қазақ ұлты қандай болу керек деген сұраққа жауап береді екен. Осылайша «Ақ жол» партиясы ұлтшыл бағыттағы ойын білдірсе, биліктегі «Нұр Отан» партиясының лидері, «мәңгілік президенттікке үміткер» Нұрсұлтан Назарбаев ел аралап жүр.

"Ақ жол" партиясының төрағасы Әлихан Байменов пен партияның Орталық Кеңес хатшысы Амангелді Айталы. 23 қыркүйек, 2009 жыл. Астана
x
"Ақ жол" партиясының төрағасы Әлихан Байменов пен партияның Орталық Кеңес хатшысы Амангелді Айталы. 23 қыркүйек, 2009 жыл. Астана
Мәтін көлемі - +

"АҚ ЖОЛ" "ҚАЗАҚСТАН - 2030" СТРАТЕГИЯСЫМЕН ЖҮРМЕЙДІ

Қазақстан 2010 жылы Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымына төрағалық ету алдында (ЕҚЫҰ), мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси доданы қай тұстан бастайтынын бәсекелестері дөп баса алмай отырса да, елдегі саяси партия жетекшілері біртіндеп саяси сахнаға шыға бастады. Соның бірі – «Ақ жол» партиясы. Қазақстанның 2010-2020 жылдарға арналған жаңа ұлттық саясат тұжырымдамасының тұсауын кескен «Ақ жол» партиясы президенттің Конституциядан кем дәріптелмейтін «Қазақстан - 2030» даму стратегиясы қайта қарауды қажет етеді деп мәлімдеді.

Қазақстанға жаңа саясаттың жолын ұсынып отырған аталмыш партияның лидерлерінің бірі - Амангелді Айталы қазақ санасын құлдық санадан арылтып, бәсекеге қабілетті жаңа ұрпақ қалыптасыруымыз керек деп есептейді. Оның пікірінше, биліктің қазіргі саясаты қазақ халқын елдегі диаспораның бірі ретінде қарап келеді.
Ақжол партиясы жетекшілерінің бірі, бұрынғы депутат Амангелді Айталы. Астана, 23 қыркүйек, 2009 жыл.


- Белгілі бір уақытта ел ішіндегі тыныштық үшін бұл саясат дұрыс болған шығар. Бірақ бүгін, жаһандану заманында қазақ халқының рухани, мәдени, тілі және басқа да жағдайы мемлекеттің назарында болу керек. Ал диаспораның тағдыры өздерінің тарихи отанында шешіліп жатыр. Сол себептен де, ұлт саясатының негізгі мақсаты – қазақ халқының жағдайын көтеру, - дейді Амангелді Айталы.

«Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Бәйменовтың айтуынша, ұлттық мүддені көтеретін концепцияны қызыл империяның отарында болған бірқатар тәуелсіз мемлекеттер кезінде қабылдап қойған. Солардың ішінде Ресей, Украина, Молдова және Балтық мемлекеттері бар. Ал өздері ұсынып отырған концепцияда тіл мәселесінен бастап, әлеуметтік баспалдақтар мәселесіне дейін кең қамтылғанын айтады «Ақ жол» партиясының төрағасы Әлихан Бәйменов.

Осылайша, өркениеттер ғасырында ауылдағы қараңғы қазақ баласын бәсекеге қабілетті ету жөніндегі тұжырымдаманы бір жыл көлемінде жазып шыққан «ақжолдықтардың» өздері мемлекет басшысын ұлттық лидер ету мәселесімен әуре болып жүрген биліктің ұсыныстарын қабылдай қоятынына сенбейді.

БИЛІКТЕГІ ҰЛТШЫЛДАР БОЛСА АУЫЛҒА ШАҚЫРАДЫ

- Біз байқап отырмыз, біздің көптеген ұсыныстарымызды арасына бірнеше ай өткізіп, үкімет өздерінің бағдарламалары ретінде пайдаланып жатыр. Ең соңғы мәселе, елде жұмыс жасайтын шетелдік компаниялар қаржысын Қазақстанда ұстасын деген үкімет талап қойыпты. Ал біз осындай ұсыныспен былтыр қараша айында шыққанбыз. Осылай, үкімет біздің білімімізді, білігімізді алғанымен, ол халық пайдасы үшін жұмсалса, бізге де осы маңызды, - дейді «Ақ жол» партиясының төрағасы.

Биліктің «Нұр Отан» партиясының өкілі, мәжіліс депутаты Алдан Смайыл ұлттық саясаттан гөрі, елге ауыл мәдениеті деген мемлекеттік бағдарлама маңыздырақ деп есептейді.

- Жекелеген тұжырымдамалармен ауыл халқын дамыта алмаймыз. Ауылдың талабы қазір басқа. Біз ауылды артта қалып қойған десек, қателесеміз. Қазір ауылдың өзі спутник арқылы таралатын телеарналарды көріп отыр. Маңыздысы, дамып келе жатқан ауылға керек мамандар жоқ. Біз осы жағын ойластыруымыз керек. Сондықтан ең бірінші ауыл мәдениетінің мамандары деген тұжырымдама керек, - дейді Алдан Смайыл.

Соңғы кездері ұлттық мүддені көтеріп жүрген бір «Ақ жол» партиясы емес. Радикалды оппозиция ретінде саналып жүрген «Азат» партиясының лидерлері де мемлекеттік тілге арналған жиындарда бас көтеріп, митингілер ұйымдастырып жүр. Сонымен бірге соңғы бір екі жылдың ішінде ұлттық ұйымдар саны да өсіп келеді. Ұлт деген сөзге үрке қарап келген саясаткерлер қазақ ұлтын көтермейінше, ауылдағы қазақ баласының санасын өсірмейінше, қазақ мемлекеті болып қалыптасу мүмкін емес екеніне көз жеткізе бастаған секілді.

Ал бұл кездері мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев оңтүстік өңірлерді аралап, халықтың тамырын басып жүр. Осының алдында ол батыс облыстарына сапар шеккен болатын. Тамыз айларында шығыс, солтүстік өңірлерде болды. Президенттің елге жасаған сапарларының қорытындысы немен түйінделетіні әзірге Нұрсұлтан Назарбаевтың өзіне ғана мәлім. Дегенмен, билік дәліздерінен естіліп қалатын ұзынқұлақ деректері саяси доданың жақындап қалғанынан хабар бергендей.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: 007 Қайдан: астана
23.09.2009 22:46
+0 / -0
Ақжолдықтардың ұлыттық бағыттағы ойы дәл қазіргі кезде қоғам ішінде қолдау тауып, партия қатарының көбейе түсуіне түріткі болады. мүмкін ұлыттық бағытағы қоғамдық үйымдардың басын қосып, билік партиясына бәсекелес партияның негізін қалап қалуы қажап емес. мүгінгі мәлімдеме алдағы күндердің жемісті еңбегінің жаршысы болар деп үміттенейік!

Кімнен: ЛАПША
24.09.2009 01:46
+0 / -0
Бұлардың ешқайссысы Қазақ ұлтына жаны ашымайды,мақсаттары қайткенде де биліктен,байлықтан айырылмау, басқасы билікке жетіп,байлыққа кенелу ғана.Саясаткерде ұлт деген ұғым болмайды.Олар үшін ұлт деген мақсатына жету үшін қолданатын құрал.

Кімнен: Лапша
24.09.2009 01:59
+0 / -0
Бұларды қарай гөр, қазақтың саны 67 пайызға жеткенін біліп алып, ұлттық бағдар ұстай қалғанын. А.Смайыл деген Нұр-Отандық ұлт саясатынсыз ауыл мәдениетін көтеру мүмкін емес екенін, себебі ауылда қазақтар ғана тұратынын білмейді екен.

Кімнен: Лапша
24.09.2009 02:00
+0 / -0
Ауыл мәдениетін көтеру деген қазақтың тілін,дәстүрін ұмыттырып,европалық қылу деп ойласа керек.Бұндай адамдарды Жапондарға немесе Қытайларға бастық қылып жіберіп,тәжірибе алмастырту керек.

Кімнен: Лапша
24.09.2009 02:05
+0 / -0
Ашық саясат жоқ.Тек, бірін-бірі алдау-арбау.Соны да өмір деп,есептеп жүр ме екен?

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
24.09.2009 08:28
+0 / -0
Бұлдыр тұжырымдама. Бұлдыр мақала. Фотосуреттер де бұлдыр.

Кімнен: Нағашыбай Қайдан: Алматы
24.09.2009 09:01
+0 / -0
Белгілі бір уақытта ел ішіндегі тыныштық үшін бұл саясат дұрыс болған шығар.
-------------------------------------
Елдің тыныштығын белгілі бір уақытқа ғана есептеп ұстап тұруға болмайды. Қазіргі келеңсіздіктер сол кездегі жалған "тыныштықтың" кесірінен болып жатыр деп ойламайсыз ба, Айталы мырза? Әу бастан-ақ Ұлттық идеология жасап, соны іске асырғанымызда, қазақтан өткен рухани бай, қазақтан өткен ауқатты ұлт болмас еді. Бірақ, билікті бұрынғы коммунистер ұстап қалды да, бәрі де қараң қалды. Дегенмен, ештен - кеш жақсы.

Кімнен: Сапар Қайдан: ТҚорған
24.09.2009 09:31
+0 / -0
Әй, әкем! Мен өз басым мына Әлиханға сенбеймін. Сақалымды сапситып төрт жыл жүрдім оны қолдап. Тек қызыл сөз! Сайрайды-ау бұлбұлың! Бір нақты шара өткізбедік қой, сөзді көпірткеннен басқа!

Кімнен: Oralbai Қайдан: qazaqeli
24.09.2009 10:05
+0 / -0
Aqjoldyqtardyng ulttyq baghdarlama jasap,qazaq ultyn ko'terw jo'nindegi oilary-esti qazaqty bei-ja'i qaldyrmasa kerek.eger,maqsattary bilikke kelw bolsa,onyng ne aiyby bar?olar bilikke kelgende qazaqtyng muddesi qaghys qalaidi dep senemin...

Кімнен: оқырман Қайдан: Астана
24.09.2009 11:03
+0 / -0
Барлығы да далбаса, ауыз жаласқандар ғой, адал қазанның аузын да ит жалап кеткен, арсыздың айты алты күн деген екен,

Кімнен: Сапар ағаға Қайдан: Атыраудан
24.09.2009 11:37
+0 / -0
Дәл айттыңыз. Тек қызыл сөзбен бұлбұлың тамаша сайрайды. Әлиханға сеніп, алданғандардың біріміз. Кезінде патшағарлар марқұм Алтыкенге қарсы шығып, абзал азамат-Алтыкенді "биліктің адамы" деуден тайынбады ғой. Сол кезде оларға сеніп, марқұм Алтынбек Сәрсенбаев туралы ойымыздың басқа болғанына әлі күнге дейін өкінеміз, аруақтан КЕШІРІМ сұраймыз. "Пәтшағарлардың сөзіне сендік, кеш бізді асыл азамат, абзал азамат Алтеке!" Әділет сүйер адамдарды енді алданбауға шақырамыз.

Кімнен: Шындық жасасын Қайдан: Ақтау
25.09.2009 01:17
+0 / -0
Айталының қазаққа қарсы сөздерін оқыдыңыз ба?
Жас алаш газеті жақсылап тұрып Айталыны сынады.
''Ақ жол'' сатқындардың партиясы.