Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 03:46

ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

Интеллигенция «саяси ойынның құралы» болғанына наразы

Билік және билікке жақын партиялар 2012 жылғы парламент сайлауы қарсаңында интеллигенцияны (танымал ақын-жазушыларды) депутаттыққа үміткер ретінде партия тізіміне кіргізіп, үгіт-насихат науқанына белсенді пайдаланды. Бірақ кейін ол партиялардың тізіміндегі зиялылардың ешбірі парламентке өткен жоқ.

Сайлау науқаны кезіндегі өнер адамдары мен спортшылардың суреті ілінген билборд. Астана, 1 сәуір, 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +

Депутаттыққа өтпей қалған интеллигенция өкілдерінің кейбірі «партиялар бізді пайдаланып кетті» деп ренжіді.

Азаттық радиосының осы тақырыпқа арналған дөңгелек үстеліне саясаттанушы әрі журналист Сейдахмет Құттықадам, Guljan.org сайтының бас редакторы, парламент депутаттығына ЖСДП тізімімен түспек болып, сайлаудан аластатылған Гүлжан Ерғалиева, «Ақ жол» және «Ауыл» партиялары тізімімен сайлауға түсіп, парламентке өтпей қалған интеллигенция өкілдері – ақын Серік Тұрғынбекұлы мен жазушы Дулат Исабеков қатысты.

«АҚ ЖОЛДЫҢ» «АЛАШ» БАҒДАРЛАМАСЫНА СЕНІП ҚАЛДЫҚ»

Ақын Серік Тұрғынбекұлының айтуынша, «Ақ жол» партиясының парламенттен небәрі 7-8 орын алатынын ел-жұрт алдын-ала ашық айтқан. «Сендердің партия тізімдерімен сайлауға түскендеріңнен түк шықпайды, сендердікі жай қарала шабыс, далбаса» деп ескерткендер де болды дейді ол.

Бұрынғы үміткердің айтуынша, «Ақ жол» партиясына 10 жылдай мүше болған интеллигенттердің біразы партияның «Алаш» бағдарламасына қатты сенген, 
Ақын Серік Тұрғынбекұлы "Ақ жол" партиясының съезінде. Алматы, 27 қараша 2011 жыл.
x
Ақын Серік Тұрғынбекұлы "Ақ жол" партиясының съезінде. Алматы, 27 қараша 2011 жыл.
​​Әлихан Байменовтің орнына келген Азат Перуашевтың «Алаш» бағдарламасын басшылыққа аламын деген сөзіне де тіпті шүбә келтірмеген.

– Депутаттыққа өткен қалталылар мемлекеттік тілден мақұрым екенін былай қойғанда, «Алаштың» аты тұрмақ затын да білмей, парламентке өтіп кетті, –  дейді Серік Тұрғынбекұлы.

Ақын Тұрғынбекұлының айтуынша, «бірыңғай байлар мен кәсіпкерлердің партиясына айналған «Ақ жол» партиясынан өткен қалталыларға Әлихан Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлдарынан гөрі бүгінгі қолдан жасалған көсем-сымақтар әлдеқайда қымбат».

– Міне, осылардың бәрі интеллигенттердің наразылығын туғызып, біз «Ақ жол» партиясының таяуда болып өткен жиынында Амангелді Айталы сынды қадірлі кісілермен бірге «Алаш кеңесі» деген кеңес құрып, партиядағы осы мәселелерге қарсы күресуге күш жұмсағалы отырмыз, – дейді Серік Тұрғынбекұлы,

«ЛАҚТЫРЫП ТАСТАЙ САЛДЫ»

Жазушы Дулат Исабеков өзі мүше «Ауыл» партиясының соңғы сайлауда «7 пайыздық межеден өткеніне әбден көзі жеткенін» айтады.

Бірақ ол Коммунистік халық партиясының парламентке өтуін «сонау бастан 
Жазушы Дулат Исабеков мемлекеттік тілді қолдау жиынында. Алматы, 19 қыркүйек, 2010 жыл.
x
Жазушы Дулат Исабеков мемлекеттік тілді қолдау жиынында. Алматы, 19 қыркүйек, 2010 жыл.
​​жоспарланған, қолдан ұйымдастырылған, халықаралық ұйымдар алдында «үш партиялы парламент сайланды» деп айту үшін ғана жасалып отырған саяси ойын» дейді.

– Ол өзі біздің баяғыдан келе жатқан әдісіміз емес пе! Оларды (интеллигенттерді) үгіт-насихат үшін пайдаланып, партияның қатарында кім бар дегенде, «осындай-осындай ақын-жазушылар, өнер қайраткерлері бар» деп, оларды бетке ұстап, үгіт-насихаттың бір құралы ретінде пайдаланды да, жеме-жемге келгенде оларды лақтырып тастай салды, – дейді Дулат Исабеков интеллигенттердің депутаттыққа өтпей қалуы туралы.

«ИНТЕЛЛИГЕНТТЕРДІҢ ӨКПЕЛЕЙТІН ЖӨНІ ЖОҚ»

Гүлжан Ерғалиева «интеллигенттердің билік пен оған жақын партияларға өкпелейтін жөні жоқ» дейді.

– Өйткені интеллигенттер билікке ауыз ашып, алақан жайып қараса, билік те интеллигенттермен соған сай сөйлеседі. Билік әлдеқашан интеллигенцияны ғана емес, бүкіл халықты сыйлаудан қалған, – дейді журналист.

Гүлжан Ерғалиеваның пікірінше, билік интеллигенция өкілдеріне «Халық 
Guljan.org сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева (оң жақта) наразылық шеруінде. Алматы, 17 қаңтар, 2012 жыл.
x
Guljan.org сайтының бас редакторы Гүлжан Ерғалиева (оң жақта) наразылық шеруінде. Алматы, 17 қаңтар, 2012 жыл.
​​​​жазушысы», «Еңбегі сіңген қайраткер» сынды атақтар беріп, кеуделеріне түрлі медальдер іліп, олардан «халық сүйіктілерін» жасайды. Одан соң билік олардың халық алдындағы бүкіл абырой-беделін өз пайдасына жаратады.

Гүлжан Ерғалиева белгілі интеллигенция өкілдерінің, әсіресе егде адамдардың «билік берген атақ-даңқ, медаль-марапаттарға алданып, «Хабар» телеарнасынан президентті, «Нұр Отан» партиясын көкке көтере мадақтағанын көргенде, оларды аяйтынын, екінші жағынан – олар үшін жерге кірердей ұялатынын» айтты.

– Ондай адамдарға деген құрметім бірден жоғалып кетеді. Олардың беделі, кәсіби қарымы жұрт көзінше біртіндеп өшіп бара жатыр, – дейді Гүлжан Ерғалиева.

«ЗИЯЛЫ ҚАУЫМ – ҚОРҚАҚ, ЖАНЫ ТӘТТІ»

Жазушы Дулат Исабеков «қазір зиялы қауым адасып қалды» дейді. Оның айтуынша, партияларға деген сенім жоғалды, жұрт кімнің соңынан ерерін, кімді тыңдарын да білмей қалды.
Билік «адам өзіне-өзі үш рет оқ атып өле береді» дегенге сенген халық бәріне сене береді, бәріне көне береді деп есептеп...

– Билік халықтың момын екенін, бұл халықпен ойына келген тәжірибесін жасай беруге болатынын, «адам өзіне-өзі үш рет оқ атып өле береді» дегенге сенген халық бәріне сене береді, бәріне көне береді деп есептеп, халықтан, интеллигенттерден ақыл сұрамайтын болды. Бүгінгі Қазақстанда ақылды интеллигенцияның сөзі қажет болмай қалды. Қысқасын айтқанда, бүгінгі біздің қоғамға ойлы адамның қажеті жоқ, – дейді Дулат Исабеков.

Ал Сейдахмет Құттықадам «Интеллигенцияға неге билік, партия ақыл айтуға, жөн көрсетуге тиіс?» деп сұрақ қойып, оған өзі жауап берді.

– Зиялы болсаң, білімді, оқымысты болсаң, қайта сен ақыл-кеңес беруің керек, жөн сілтеуің керек. Билікке де, оппозицияға да, халыққа да сен жол көрсетуің керек. Арың, қолың, жүрегің таза болса, әрине. Ал бізде, өкінішке қарай, зиялы қауым – қорқақ, жаны тәтті. Сонда олардың қорқатыны – «биліктің беріп жатқан тиын-тебенінен айырылып қаламын-ау» деген уайым, – дейді Сейдахмет Құттықадам.

«Интеллигенция өз орнын таппаса, халқының ар-ұяты, намысы, жол көрсетер рухани жетекшісі бола алмаса, елі үшін арын, жанын құрбан қыла алмаса – ол өзін интеллигенциямын деп атай алмайды» дейді Сейдахмет Құттықадам.

Дөңгелек үстелдің толық аудио нұсқасын тыңдаңыз:
Интеллигенция «саяси ойынның құралы болғанына» наразы



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
07.02.2012 12:21
+0 / -0
біздің бетке ұстар акын жазушылармыз кіл жәрбәкөштер гой арсыз үкіметке жақындардын бәрә сондай адамдар ал үкімет аластап тастагандар халыктын жагдайын ойлап созін сойлеп жургендер бізге Фаризан Әбішің сарай сандугаштарынын жуздерінде коргіміз келмейді уйде біздер Хабар,Қазақстан телеарналарын ошіріп тастаймыз әйтпесе солар мактап сойлегенде кушті киялга батып жумыссыз жургенімізді умытып ішерге ас тапай калган кундерімізді барін умыттырып жіберетін кандай керемет каналдар десенші шіркін мені сол Қазақстанға апарып тастандаршы жәрбәкөш табан жалагыш адамдарымау
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
08.02.2012 11:30
+0 / -0
Оларды не үшін интелегенция өкілдері деп атағандарыңызды түсінбеймін, оларда ми жоқ, ұят жоқ. 20 жыл бойы солай қалыптасты, енді солай өледі. Олар билік өздерін лақтырғасын барып, осылай сойлей бастады, яғни өздерінің күшік болғанын білді, олар екіжүзділер, егер билік оларды алдайтын болса, олар тағыда халыққа жау болып жүре береді, бейне маусымға қарай түсін өзгертетін жануарлар сияқты!

Кімнен: Мен Қайдан: Осында
07.02.2012 12:23
+0 / -0
ЕЕЕ!!! Мыналарыңа дауа жоқ екен!
Батін тілсең қан шықпайтындар ғой!
Пікір алмасу

Кімнен: Қояни интеллигенция інісі Қайдан: Қазақстан
07.02.2012 12:48
+0 / -0
Біз сияқты шіріген әрі "сасық" интеллигенциясы бар қазақтардың соры екі елі. Біреулері қол сүйіп жүріп ақыр аяғы тайпаластарын қанға бөктіргенін білмей қалды, ал біреулері туфли жалап жүріп күллі абыройдан айырылды...Не халыққа сөзі өтпейді, не билікке сөзі өтпейді...Қандай бейшаралар еді, біздің халық жазушылары мен ақындары. Бұған кім кінәлі? Өздері. Ұсақ тиын-тебенге ар-ұжданы, абыройлары мен ұстанымдарын айырбастап жібереді де, артынан келіп жылайды . Мұхтар есімді аға жазушыларымыз бен ақындарымыз, Мұрат, Мақаш аға сияқты адамдар болмағанда қазақтар әбден ұятты болар едік.

Кімнен: білгіш
07.02.2012 12:52
+0 / -0
астапыралла! мыналар шынымен бетсіз екен ғой, жоқ, мәселені мүлде басқа жаққа бұрып барады ей, ой найсаптар!!
Ау, халайық, бұлар тағы өтірікті қарша боратып жатыр, сенбеңдер! Шындығы мынау, өткен сайлауда Ақорданың тапсырысы бойынша "Ақ жолдың" басына келген Перваштың шашбауын көтеріп қазақты адастыруға атсалысқан "зиялысымақ" ақын-жазушы, газет редакторлар да биліктің өз адамдары! Олар парламентке өтпейтіндерін тіпті сайлау комиссиясына құжаттарын өткізбей тұрып білген, ол анық, өздері де айтып жүрген!! Бұларды әдейі және ӨЗ ЕРІКТЕРІМЕН жалдаған, дұрысын айтқанда әрқайсысына доллардай тиісті ақшасы да берілген, оны өздері жасырғанмен бөлінген ақшаны білетін жұрт бар, егер өтірік десе ешқандай ақша алмадым деп ашық айтып көрсін, сендер соны сұраңдаршы Азаттық жорналшылары!

тіпті, Жаңаөзен қырғынын ұйымдастырған соң билік осыларды сөйлеткенін білеміз, сонда бұлар "бұл басқа, үшінші жақтың қараниет ісі" деп назарды ұрысұлтан айтқан бағытқа, яғни шетелге бұрмақ болып сайрады.

Сол істегендері аздай енді келіп тағыда өз сайқалдықтарын жүргізбекші. Алаш дейді ғой, Алаштан садаға кеткірлер, сендер билік айтып, ақша берсе Алашты да, басқаны да сататындарыңды көрсеттіңдер емес пе? Енді тыныш отырыңдар, сатқындар!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 10:52
+0 / -0
Ой, аллай, шын айтасыз ба? Ақша алғандары, халықты сатқандары рас па? Дәлелдеріңіз болса, кім қанша алғанын жазыңызшы! Мынау, тіпті, ойым түгіл түсіме де кірмейтін сұмдықтар ғой...

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
07.02.2012 13:08
+0 / -0
Бұлар жалбақайлар ғой. Бұлардан "25 ақпанда митингіге халықты шақырасың ба, өзің келесің бе" деп сұрау керек еді. Сонда көретін едік,әуселесін. Қояндар ғой бұлар. Итаяқтан тыс қалдық деп , өкпелері қара қазандай болып отырған міскіндер ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Митингіші Қайдан: Алматы
08.02.2012 09:56
+0 / -0
Азаматық позияциясын білдіргендер . Шаханов, Мағауин, Иранбек,Софы Сматаев, Серік Тұрғынбеков, Ғаббас Қабышев,Қабдеш Жумадилов, Ұлықбек,Сабыр Адай, Зейнеп Ахметова, СВЕТҚАЛИ, ӘЛІБЕК, БОЛАТ Ж етекбай, Амангелді Кеншілікұлы, Рахат Қосбармақов, Тоқтаралы Таңжарық, Жандарбек Бұлғақов Т. Б АЗАМАТТАР.Қалғандары жазуға жүрегі дауаламайтын болса да 25,02,2012-де халықтың ортасынан табылуға шамасы жетер ме екен? бір жазушылар одағының өзінде 1000 үстінде мүше бар.ия оның Нурлан оразалин басқарған 20-дайы халықты жамандаудан қаһарман болғаны.ЖАС АЛАШ газеті үндемес 90 пайызынан қазірден сұрақ ала бастаса" баруға жүрегі дауалай ма? Басқа одақтардан да солай
Пікір алмасу

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
08.02.2012 11:26
+0 / -0
"Қан жібермейді" деп , ең бірінші болып 16 желтоқсан күні атой салған Темірхан Медетбек ағамызды қалай ұмытасың.
Сосын Светқали мен Сабыр Маңғыстаудың ақындары аңысын аңдап артынан, онда да тіке айтпай, екі ұштылау қылып, жазғанын білеміз. Сол күндері Ақтау қаласындағы митингілерде көрінген жоқ. Олардың түсінігінше,митингіге есуастау адам барады деп ойлайтын шығар, ия болмаса жалтақтығы болар, қалай болғанда да деңгейлерін таяз көрсетті.
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ86 Қайдан: Алматы
08.02.2012 13:21
+0 / -0
С. Сапарбай ағамызда бар елім деп өзекті ойын айтқан.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 19:44
+0 / -0
Бауыржан Халиолла бар"нұ р отандар сатқындар" өлеңін жазған.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 10:14
+0 / -0
Өткенде Жанболат Мамай бастаған 62 жас интелегенцияға хат жазған еді "халық жағына шығыңыздар, ағалар"деп. Үн жоқ. Шерхан Мұртазалар жүрген шығар өтірік күркіреп
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 11:09
+0 / -0
Дулат ағам бұрқылдап жүр.

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
07.02.2012 13:30
+0 / -0
Ә, интелегенция өкілдері, өздері халық арасынан шықса да оларға мына биліктің қолдан "жинап" отырған Парламенті керек екен-ау? "Депутат" болмақ екен ғой? Сол үшін кітап жазып, сол үшін өлең шығарып жүрген екен-ау олар.

Ау "интелегенция"! Сендердің шығарған кітаптарыңды биліктегі бірде-бір адам, болмаса олардың жанұялары оқымақ түгілі сол кітаптарыңды қолдарын ұстап көре ме екен өзі? Ол кітаптарыңды оқыса анау күндіз базарда арба итеріп жүрген қазақ ғана оқиды кешке шамның жарығымен (светка төлей беретін ақшасы болмағандықтан). Болмаса анау қырда қой бағып жүрген оқиды ішін пыстырмас үшін. Парламентке баруға, болмаса биліктен сый-сыралғы алуға емес, сендер соры қайнап жүрген қазақтың жағдайына көңіл бөлсеңдер сендердің жолдарыңда өліп кетсе де сайлар еді-ау халық билікпен айтысып-тартысып тықпаласа да.

Кеше ана бір К+ деген каналдан көріп қалдым бір жазушы ма, әлде ақын ба әйтеуір біреудің "ұрып" тұрғанын. Құдай-ау не деп еді, ия :-"Жазушы кітабын жазар болса келешек-ұрпағы үшін жазады, қазіргі заманның тіршілігі оны қызықтырмайды" дей ме-ау, осыған пара-пар. "О Тоба" дедім ішімнен, "Сонда ол қандай келешекті айтып отыр? Турасын іздеп шыққан халықты қырып жатса автомат оғымен. "Мыналарың не" деген адамдарды түрменің төріне жіберіп жатса мына билік, сонда ол қандай келешек, қандай болашаққа жазбақшы?" деп...

Дегенде жоқшылықтан мына қара халықтың миы ашып қалған ба десем, жоғарыдан сый дәметер "интелегенцияның" да милары атала болып кеткен-ау деген тоқтамға келіп отырғаным әлгі "сұхбаттан" соң.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 09:16
+0 / -0
Ақжолды Евразиялық үштік сатып алған соң, сондағы интелегенция "өзбек мафиясының" қатарынан шығып кетуі керек еді. Әлде өздерін ТМД-дағы қылмыс әлеміндегі 2-адам "тайваньщиктің" сапында болғанға мәз болды ма екен?

Кімнен: ашулы ара Қайдан: уядан
08.02.2012 09:26
+0 / -0
бул жагымпаздарга сол керек!!!
акша мен атак ушин арын сата салатын салдакылардын жазасы осылай болуы тиic!
АКжол партиясы да Амангелдi Айталы, КАзыбек Иса, Срайл Сапарбай жане абай.кз сайттарын пайладанып халыктын дауысын жинап, парламентке отiп болган сон кара казактарды лактырып кеттi!!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
08.02.2012 09:52
+0 / -0
Осы сайттардың бір жерінен ана "біздің" қандықол қарақшыны Германияға барып түскен жерінде Қазақ елінің Еуропада оқып жатқан бірталай жастары күтіп алды деп жазыпты. Таңқалатын ешнәрсе де жоқ. Сол жастардың барлығының десе де болады ата-аналарының бірі осы интеллегенция өкілдері. Әке-шешелерінің сөздерін жерге тастай алмай барғандар ғана. Міне арттақылық. Қолдан ұйымдастырушылық, көзбояушылық.
Пікір алмасу

Кімнен: Смадияр Бердіғали Қайдан: Ақтау
08.02.2012 13:30
+0 / -0
Күлкілі жағдай ғой, барған құрлы өздері де жер болған шығар. Қай елдің басшысының алдынан шетелде жерлестері күтіп алып, қолпаштағанын көрдіңіз. Нұротанның қолпашын немістер көріп, аң-таң болған шығар, түсінгесін тарқылдап күлген шығар.
Ай, Борат ай! Осыдан кейін Борат дегенге ренжиміз,несіне ренжиміз, оған мойынсұну керек. Борат екеніміз өтірік па, осыдан кейін.
Пікір алмасу

Кімнен: Құмсағат Қайдан: АЛМАТЫ
08.02.2012 20:39
+0 / -0
Өткенде қазақтың көзі тірі ойшылдарының бірі Сейдахмет Құттықадам "ДАТ" газетінде Жаңаөзен оқиғасынан кейін халықты жамандағандарды "ұлттық сатқындар", үндемегендерді "ұлттық қорқақтар "атау керек деді. Дұрыс айтылған.Кей азаматтар список жасай берсе болады.25,02,2012-де көрсетеді. "кто есть кто?"

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 09:55
+0 / -0
Уфф, Алла-ай! Неғып Ауғанстанда, ұлтым ауған болып тумаған екенмін. Өжет, намысшыл, ұрлықшыл емес, нағыз мұсылман ұлт,ел болған қандай жақсы!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 10:12
+0 / -0
Алдап кетсе соны неге халықтың алдына шығып айтпайды? "Ақ жол"дың қандай партия екенін халық білсін?
ана жолы оппозициямен бірге көшеге неге шықпадыңдар алданып қалсаңдар?
Өтірік бұлардікі, кім ақша берсе соның құлы.
Интелигенция емес ит елісіңдер сендер.
Пікір алмасу

Кімнен: сәмет әшірбек
08.02.2012 11:43
+0 / -0
Бұлар ешқандай интелигенция емес, интелигенция деген бұндай болмайды. Мыналар жәй алданып қалған қыздай болып бұртиып жүрген "зиялысымақтар" ғой. Бұлар осылай қай беттерімен реніш білдіріп отыр екен? Ал бұлар парламентке өтті делік, одан не өзгереді? Астанадан квартира алып жепутаттың көрер рахат қызығынан құр қалдық деп ренжімесе тап бұлар, бұл фамиялалар ештеңе шешпейді. Жай жүрмей алаштың атын өздеріне бренд қылып алыпты өздері, Жаңаөзенде қара жұрт қазақ қан жұтып отырғанда бұлар кәдімгідей науқандатып бір бірін мақтап, басқаға да мақтатып сайлауға түсіп жатқан. Өздеріне де сол керек.
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
08.02.2012 17:52
+0 / -0
Мыналар жәй алданып қалған қыздай болып бұртиып жүрген "зиялысымақтар" ғой.
____________

шыны солай. Осындайда Назарбаевқа кейде риза боласың..
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
08.02.2012 12:00
+0 / -0
25 ақпанда Құдайберген деген әнші шыға мекен . Ол Мен Қазақпын мың өлген , мың тірілген деп әндетіп жүр ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: патриот Қайдан: АЛМАТЫ
08.02.2012 18:24
+0 / -0
"мен қазақпын, мың өліп мың тірілген"жүздеген куплеттен тұратын поэманы Қазақтың ұллы ақыны Жұбан Молдағалиев 1960 жылдары жазған.Ол1986 жылы Жазушылар Одағы төрағасы еді. Сонда Колбин ж. о КЕЛГЕНДЕ Жұбан ағамыз "Мен соғысқа қатысқан адаммын. Қазір өкініп тұрмын. сол соғыста гене өліп кетпедім. себебі онда мен қазақ қыздарының шашынан сүирегенді көрмес едім" деп Колбинге.Қазіргі Ж.О. ТӨРАҒАСЫ ТАЛАНТТАН ЖҰРДАЙ туфли жалағыш 17,,12,2011 Қазірше 13 адам өлді дегенсоң эфирге шығып, халықты жамандап қуып кетті. Қазақтың қақ жауы екенін көрпсетіп. РЕПайтатын Құдайбергенге келсек автроРЫ Жұбанның аруағын сыйлап, азаматығын көрсете алатын әншілердің бірі айтатын болса. Себебі "нур отандықтың" мына оқиғадан кейін ондай өлеңді айтуға моральдық құқығы жоқ.

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
08.02.2012 10:51
+0 / -0
Сайқалдықтың шегі жоқ десе осы болар...
Айталысы, Байталысы, Сайтанысы бар бәрі сайлау деп жырбыңдап кетіп еді, өздеріне де сол керек, енді не мүләйімсу?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 11:05
+0 / -0
Анау жарнамада суреттері шыққан әншілер мен спортшылар да ақшаға сатылғандар ма?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 11:13
+0 / -0
Менің Несіпбек ағам қайда? Құр қалған-ау, шамасы...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 13:04
+0 / -0
оларда намыс жок.Улттык казакы рух жок. Аншилер деген халыктын аркасында кунин корип журген есссиздер гой. Олардан не кайыр.Жазушысы мен журналистери де дарменсиз.Казактарды ауызбирлик жок али кунге деиин. Оздерин оздери коре алмайды. Зиялы кауымга сол керек. Билик оларга осал екендиктерин корсетип берди, Оншен кырттар олар.Ишинде нагыз казактары саусакпен санарлык, Бирлик болмагасын солай.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 19:47
+0 / -0
НЕСІПБЕКТЕ"ӨЗБЕК МАФИЯСЫ" МҮШЕСІ МЕ ЕДІ?

Кімнен: Игілік Сәтім Қайдан: Ақтау
08.02.2012 13:50
+0 / -0
Құралды лақтырып тастамай ма, дұрыс қой лақтырып тастауы. Өкпелейтін ештеңе жоқ. Сендер билікке де керек емессіңдер, халыққа да керек емессіңдер. Халық сендерсіз де -халық. Бастарыңда былшырақ бар адамсыңдар ма? Дәм болсын мәжіліске не үшін барайын деп едіңдер? Депутаттың ақшасы мен атағы үшін болмаса. Халық деп толғанатын болсаңдар 28 митингіге неге келіп, мұңдарыңды жеткізбедіңдер. Жаңаөзенде халық қырылып жатырғанда, халық үшін бір сөз айтпадыңдар, сонда сендер кімсіңдер? Сендердің құндарың бес тиын, біле білсеңдер. Енді келіп ұялмай депутаттыққа өткізбеді деп бұртаңдайсыңдар. Ау, отағасылар , Жаңаөзенде қазақтың жас жігіттері мен қыздарын , бала ,әйел деп қараған жоқ қырып салды, сендердікі не шу. Үндемейсіңдер, осыдан кейін ұлтшылмыз деп ауыздарың қисаймай айтасыңдар ма? Ай ,сендерде ұят жоқ қой, айтасыңдар ғой. Ендеше, мен айтайын сендердің кім екендеріңді. Сендер шенқұмар , дүниеқоңыз сорлысыңдар. Перуашев дұрыс жасады. Перуашевтің өмірінде бір дұрыс жасаған жері екен.Обалдарың жоқ.

Кімнен: Қазақ Қайдан: Қазақ елі
08.02.2012 14:03
+0 / -0
Осылай жәймендеп шындыққа жақындаймыз. Алдамаса, жамандық істемесе, қайдан білесің қандай адамдар екендігін. Енді келесі жолы басқасын таңдайсың. Әйтпесе жазамыз Америка 200 жыл жеткен деп. Біз солардай болу үшін әр сайлауда алданып, ақыры табамыз. Міне сонда болады бостандық деген. Әзірше кім білген, бәрі тымжақсы жігіттер. Қәзірдеде бару керек сайлауға. Алдап кеткендердің өз обалы өзіне, келесі жолы дауыс алмайды. Сонда бізде жетеді екенбіз шамамн 50 жылда. Одан тез бәрі бола қойады дегенге өз басым сенбеймін.
Пікір алмасу

Кімнен: адай Қайдан: актау
08.02.2012 15:46
+0 / -0
Осы мен бір нәрсеге түсінбеймін бір заң шыгаратын болса америкада осылай екен ресейде былай екен деп солардың заңына карайды, америка деген улт жок емесба амеріканы 15нш гасырда америко веспучи деген кисі ашкан,сонда ашылганына 500жылболган ол жердің адамдары сол кездері европадан барган англичан, немис,франсуздардың байлары,оларга 500жыл бізге жаңа 20жыл болды,ол журтпен әлі теңдесү кайда, тазының артына ерем деп каздың буты айырылыпды дегендей ол жердің халкының күн көрү деңгейімен бізің күн көрү деңгейіміз аспан мен жердей, біздің каладагы үйдің багасы сол жакпен бірдей іпотекага 150,,200,000мың доллорга үй алып балаңды, немереңді калай карызга тыгып кетесің.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.02.2012 16:14
+0 / -0
сандалбайлар сандалай береди де. колдарынан тук келмейди бос сойлей береди. оларды карапайым журт та биледи .накты ис жок

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
08.02.2012 16:25
+0 / -0
Дулат Исабеков Жаңаөзенге көмекке ақша аударды деп жатыр. Рас болса, қазақ кешірімді халық қой, Исабековтың ештен кеш жақсы деп, қол ұшын созып жатырғанын ескеретіні анық қой. Ол кісінің өзінің де жүрегі жеңілдеп қалады ғой. Тек Әбіш пен Фаризадан құдай сақтасын. Қазақ өлген адамды, қандай айуан болса да балағаттамайтын еді. Бұл кісілер өрімдей жастарды, жазықсыз құрбандарды денелері суымай жатырып, балағаттады ау,әй оталады ау! Әлі кешірім сұраған жоқ, безеріп қалды, ұятсыздар!
Егер Жаңаөзенге көмек жіберген болса Дулат Исабековке де, әнші Рамазан Стамғазиевке де мың алғыс. Рамазан қателеспесем, Жанат Есентаевтан кейін бірінші әнші екен, Жаңаөзенді ескерген. Сау бол ,Рамазан, өнерің өрістей берсін, даусың мұқалмасын! Роза Рымбаева, Ескендір Хасанғалиев, Алтынбек Қоразбаевтар билікті таңдады, өз еріктері, сарай бұлбылдары сайрай тұрсын. Әркімнің шын бет-бейнесін Жаңаөзен көрсетіп жатыр.

Кімнен: Нұрәділ Мәткәрім
08.02.2012 18:02
+0 / -0
«Сенген серкем сен болсаң, сақалыңды кесейін» демекші, сенген серкелеріміздің, ел құрметіне бөленген еркелеріміздің сөздерінің, түсініктерінің сиқы осы болса, онда озық ойлы зиялыларды қарапайым халықтың, алыстағы ауылдың орта мектептік қана сауаты бар, бірақ көзі ашық, көкірегі ояу, түсінігі терең азаматтары мен ақсақалдарынан іздеген дұрыс екен. Зиялы деп жүргендеріміз кімге сенерін, кімге ерерін білмей адасып қалып жүрсе, ауыл, аудандардағылар кімге сенерін, кімге ерерін, сайлауда дауысты кімге берерін өте жақсы біледі. Бірақ олардың дауыстарын «Нұротанның» арамза баукеспелері бетсіздікпен ұрлап отыр. Оған олар сенімді.
Зиялыларымыз білмесе мен айтайын кімге сену, кімге еру, кімге дауыс беру керектігін.
Бізде халық еретін екі партия ғана бар, олар «Азат ЖСДП» және тіркелмеген «Алға». Басқа партиялардың бәрі де, биліктің интелегенция өкілдері мен өнер адамдарын өз мүдделеріне алдап тартқандары сияқты алдау құралдары яғни, аты бөлек, заты бір «Нұротан».
Әлихан мен Азат, Алтыншаш, Косарев, Нәрікбаев, Жамбылбектер «Нұротан» қойылымының бас режиссерінің орынбасарлары. Басқа түк те емес.
«Ауыл зиялылары» оларға сенбейді, олардан мемлекетке әлде бір пайда келіп, халыққа көмек болады деп ойламайды. Қарапайым халықтың биліктен, заңнан күдер үзгендіктеріне Жаңаөзен оқиғасы айғақ болады. 8 ай бойы қорлағаны, қинағаны аз болғандай, сақылдаған сары аязда қуып жүріп қырғызғандары аз болғандай,қыздарын зорлатып, еркектерін қорлатқандары аз болғандай, ең соңында аман қалғандарын түрмеге тоғытып, үйлерін тонауға дейін барды.Осы кездерде адам зарына құлақ түріп,азамат арына араша түскен айтылмыш екі партиядан басқа, жекелеген ұйым, қозғалыстардан басқа билікшілерден әділін айтқан жанашыр зиялылар болды ма?Болған жоқ.Керісінше билікті қолдап есіртіп, әділетсіздікке ара түскен адал жандарды жалалатып, жаптыртып жатыр. «Әй дер ажа,қой дер қожа» жоқтығын сезген билік білгенін істеуде.
Дүние, мүліктерді тонап «тегін байлыққа тап болып» құдайлары беруде,адамшылықтан жеруде.
«Ауыл зиялылары» осының бәрін көріп,біліп отырғанда, біздің нағыз зиялыларымыз әлі адасып жүрсе бұл да бір құдайлық іс шығар деп, оларға ақыл айтуымызға,жөн-жоба сілте- уімізге тура келер.Онда тыңдаңыздар!
Барлық зиялылар «Азат ЖСДП-ға» бірігіңіздер! Қарапайым халықтың басын қосып, бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып билікке әділетсіздігін ашып айтып, тура жолды нұсқаңыздар.Әділеттікті табанды түрде талап етіңіздер.Азаматтарыңызға ара түсіңіздер.
Мемлекеттеріңіздідүниеқоңыз,таққұмарлардың,мансапқұмарлардың әлемге мазақ етуінен сақтаңыздар.Әлі де кеш емес.Бассыз билікке «көп қорқытатынын,терең батыратынын» білдіріңіздер.Халыққа рух беріп, жөн сілтеңіздер.
Пікір алмасу

Кімнен: Елшібек Жұбаназар Қайдан: Ақтау
08.02.2012 19:44
+0 / -0
Әлі де кеш емес екені рас. Исабеков пен Стамғазиевтың Жаңаөзенге ақша аударуы көңіл қуантатын жағдай, бұл азаматтардың артынан ілесетін қауым болар деп үміттенеміз. Біздің санымыз көп болған сайын, билікке өзінің өктемдігін жүргізу соншалықты қиынға түседі. Әттең, зиялыларымыз ертерек оянғанда Жаңаөзен қырғыны болмас еді. Өкінішті. Тек көңілдің бір жұбанатыны,бұл Назарбаевтың соңғы тұяқ серпуі, иншалла. Халықтың қанын судай шашқан Нұротан партиясын жоюды талап ету керек! Маңғыстау облысының Нұротан партиясының төрағасы, орынбасары заң алдында жауап беруі керек! Өмірзақ Озғанбаев тәуелді қоғамдық комиссияның жұмысы жөнінде есеп беруі керек. Ол жалбақай ештеңе жасамайтыны белгілі, не деп соғар екен.
Халық ЖСДП ның айналасына топтасуы керек. 25 ақпандағы митингке бару керек.

Кімнен: Әпитөк
08.02.2012 19:32
+0 / -0
Егер осылар депутаттықа өте қалған жағдайда не деп сайрар еді?
Мені осы сұрақ қызықтырады.
Ал енді "алдап кетті" деулері жұқалап айтқанда ұят екен! Бәрі алдана беретін қояншық ауру ма, ақыл-есі кем адамдар ма, жетіспей туған даундар ма, жарымес, жартыкеш, есалаңдар ма?
Түсінбедім. Ақыл-есі орнындағы адам түсінетін іс емес.
Пікір алмасу

Кімнен: Алтайдың Ақиығы Қайдан: Алматыдан
08.02.2012 23:40
+0 / -0
Зиялы қауым дейме???!!!....
Бббббббббббб ғғғғғғғғғғғғғғғғғғғғ уууууууу гггггггггггг әәәәәәәәәәуууууууууууу өөөөөөөөөөө ........................

Кімнен: астана Қайдан: елорда
08.02.2012 20:50
+0 / -0
Жаңаөзен мен Шетпедегі азаматтарға көмек беру қоры ақпан айының басында SMS қызметін де іске қосты. Оған сәйкес, қазақстандық ұялы байланыс операторларының кез-келген түрін пайданалатын адам 9685 нөміріне Help сөзін жазып, SMS жіберу арқылы көмек көрсете алады. Бір SMS-тің құны – 449 теңге.
Пікір алмасу

Кімнен: Асыл Қайдан: Астана
08.02.2012 23:58
+0 / -0
Тағы жаратады! Тағы барыңдар...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 02:01
+0 / -0
Ақын Қазыбек Исаның 22 желтоқсанда "Жас қазақ үні" газетінде жазған "МҰНАЙ ОРНЫНА ҚАН АҒЫЗҒАНДАР ҚАТАҢ ЖАЗАЛАНУЫ ТИІС! Атқызған кім, Атқан кім?.." атты билікті сойып салған өткір мақаласын қалай ұмытып кеттіңдер? http://www.qazaquni.kz/10050.html
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 08:17
+0 / -0
ШЕШЕҢДЕРДІҢ БАТЫРЫ Рафаэль қайда екен"

Кімнен: Табалаушы
08.02.2012 22:10
+0 / -0
«АҚ ЖОЛДЫҢ» «АЛАШ» БАҒДАРЛАМАСЫНА СЕНІП ҚАЛДЫҚ»
-------------------------------------
Зиянды қауымды лоховайт еткен Пердуашовқа өте ризамын. Екіжүзді қорқақтардың сазайын берді.
Мұрындарының астын ғана ойлайтын лохтарға бұл әлі аз.