Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:10

ӘЛЕУМЕТ

Ядролық отын банкі Қазақстанға жақсылық па, қатер ме?

Совет одағы жарты ғасыр бойы ядролық сынақ өткізген Семей өңірінің халқы президент Назарбаевтың Қазақстанда халықаралық ядролық отын банкін орналастыру бастамасына қатысты әртүрлі пікір айтты.

Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аймағы. 1 қазан 1991 ж.
Мәтін көлемі - +

2011 жылы 12 қазанда Астанада ашылып, 13 қазанда Семейде аяқталған «Ядросыз әлем үшін» халықаралық форумында Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев: «Қазақстан МАГАТЭ қамқорлығымен қызмет ететін ядролық отынның халықаралық банкі депозитариясы рөліне өзінің кандидатурасын ұсынды. Біз бұл мәселенің оң шешім табатынына сенеміз» деді.

МАГАТЭ-нің бас хатшысы Юкия Амано дәл осы форум үстінде Қазақстан үкіметіне «ұсынысы үшін» алғыс білдірді.

Кезінде ядролық полигонның жабылуын белсенді түрде жақтап шығып жүрген «Невада – Семей» қоғамдық ұйымының төрағасы Сұлтан Қартоев Нұрсұлтан Назарбаевтың ұстанымын жөн көреді.

– Президент дұрыс шешім шығарды: ядролық жанармай агрессиялық саясат жүргізетін елдердің қолына тигенше бейбітшіл Қазақстанда сақталғаны артық, - деді ол Азаттық радиосына.

Сұлтан Қартоевтың ойынша, «атом өнеркәсібін жасанды түрде тежеу – прогреспен алысу».

– Жыл санап саны артып келе жатқан көлік мыңдаған адамның өмірін қиып, қоршаған ортаны ластап жатыр – алайда ешкім де бұл процесті тоқтатып, автокөлікті тастап жылқыға мінер емес, - дейді ол.

«ЕШҚАНДАЙ ҚАУІП-ҚАТЕР ЖОҚ»

Курчатов қаласында орналасқан радиациялық қауіпсіздік пен экология институтының директоры Сергей Лукашенко:

– Ел экологиясы мен халықтың денсаулығына төнер ешқандай қауіп-қатер көріп отырған жоқпын, - дейді.

Сергей Лукашенко «ядролық отын сақтайтын банк пен радиоактивті
Наразылық білдірушілер Украина парламенті ғимаратының алдына әкеліп тастаған жәшіктер ядролық отын қалдығын бейнелейді. Киев, 17 желтоқсан 2009 ж.
​​қалдықтар көметін жер – екі бөлек дүние» дейді.

– Әңгіме дәл осы аз байытылған уранның шамамен 100–200 тоннасын сақтау туралы. Бұл – төмен радиоактивті жанармай –  бабын білсе, қауіп төндірмейді.

Сергей Лукашенконың пікірінше, егер күзетті МАГАТЭ өз міндетіне алса, бұл дегеніміз жүз пайыздық қауіпсіздік. Сонымен қатар, оның айтуынша, Қазақстанның өзі жылына шамамен 13-17 мың тонна байытылмаған уран өндіріп, оны біраз уақыт арнаулы қоймаларда сақтайды. «Сондықтан қажетті тәжірибе бар», – деді ол Азаттық радиосына.

«Ядросыз әлем үшін» форумында "президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан атом электростанциясын салу жоспарларынан бас тартпайтынын айтты" деп ерекше атап өткен Сергей Лукашенко:

– Жапондық «Фукусима» станциясындағы уақиғалардан соң көптеген елдер жаңа атом станцияларын салу жоспарларын қайта қарап жатыр әрі ахуалы сейсмикалық жағынан қауіпті жерлердегі тіпті барларының жұмысын тоқтатып жатыр. Бірақ, өкініштісі, бүгінде ғалымдар атом энергиясына қарағанда арзан энергия көздерін әзірше ойлап таба қойған жоқ. Сол себептен де бүгінгі күні бізде оған қарсы қояр балама жоқ, - деді.

ПОЛИГОН ӨМІР СҮРУГЕ ЖАРАЙ МА?

Бұл күндері аталған институт қызметкерлері екі жылдық зерттеулердің нәтижелерін шығарды, онда бұрынғы Семей ядролық полигонының жер қойнауы мен суында бар радионуклидтердің ауылшаруашылық өнімдер мен үй малына қазіргі кезде қалай әсер етіп жатқаны көрсетілген, деп хабарлады Сергей Лукашенко Азаттық радиосына.

Азаттықтың тілшісіне Радиациялық қауіпсіздік және экология институтының қызметкері Андрей Паницкийдің айтып түсіндіруі бойынша, зерттеу аймағы ретінде Семей полигонына жақын аумақтың оңтүстік-шығыс бөлігін таңдаған.

– Биыл радионуклидтердің азық-түліктерге, ауыл шаруашылығындағы
Өлшегіш аспап ядролық сынақ нәтижесінде пайда болған шұңқыр жиегінде радиация сәулесінің сағатына 255 микрорентгеннен асатынын көрсетті. Бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны аймағы, 22 тамыз 2011 ж.
​​жануарлардың, құстардың органдары мен ткандеріне өту коэффициенттері алынды. Көкөністер бойынша былтырғы зерттеулер көрсеткендей, тіпті радиациямен ең көп ластанған аймақтарда қалыпқа сай өнім өсіп шығып жатыр, – деп сендіреді ол.

"Полигонға іргелес жатқан солтүстік және батыс аумақтар жайлы да, - дейді Андрей Паницкий,- Осылай деуге болады":

– Бұл жерде біз екі жыл бұрын тәжірибелер өткіздік. Біздің қорытындымыз: бұл жерлер адамның игеруіне және шаруашылық қызмет жүргізуге әбден жарамды, - деді ол. 

"Алайда тура сол бұрынғы сынақ алаңдарында өмір сүріп, шаруашылық қызметін жүргізуді" ғалымдар дұрыс көрмейді" деп нақтылады маман, бірақ мұның себебін ол денсаулық пен өмірге төнетін қауіптен көрмейді:

– Жай ғана әзірге мұның қажеті шамалы, өйткені айналада әлі күнге дейін бос жатқан іргелес аймақтардың ұланғайыр аумақтары бар.

ПОЛИГОН ҚҰРБАНДАРЫ

Егер, курчатовтық ғалымдардың мәлімдемелері бойынша, ядролық сынақтардың зардаптары ауыл шаруашылық өнімдері мен малға әсер етпегенімен, адам денсаулығына кері әсер етеді. Радиациялық медицина мен экология институтының аға ғылыми қызметкері Татьяна Белихинаның Азаттық радиосына айтып бергеніне қарағанда, қауіпке төніп тұрған негізгі топты құрайтындар әлі күнге дейін де – осы аумақта 1949 жылдан 1989 жылға дейін тұрып келе жатқан Семей өңірінің халқы, сонымен бірге оның үрім-бұтағының екінші және үшінші ұрпағы борлып отыр. Ол:

- Барлық өкілдерінің иммунитет тапшылығы, асқынған респираторлық ауруларға және қан тамырлар жүйесі, өкпе, асқазанның онкологиялық ауруларына деген бейімділігі байқалуда, -дейді.

Сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов "Семейдегі форумда сөз сөйлей отырып, қалада кешенді дозиметрияның Республикалық орталығын салу жоспарлануда, ал МАГАТЭ басшылығы орталықтың болашақ мамандарының сынақ мерзімінен өтуін қамтамасыз етуді уәде етті" деп хабарлады.

«РЕФЕРЕНДУМ ҚАЖЕТ!»

Қазақстан билігінің ядролық бастамалары 45 жылдық еңбек өтіліне ие дәрігер-терапевт, ядролық сынақтар кезеңінде де Семейде тұрған Лидия Кобзарьдың үрейін тудырады:

– Семейдегі ядролық сынақтардың барша зардаптарын соңына дейін анықтап бітпей, ақылға қонбаса да, ел президенті өз халқының басын қайтадан жаңа қатерге тікпек. Қазақстандықтар моралды және техникалық тұрғыдан атом станцияларын салу мен ядролық жанармай сақтау банкін
Семей қаласының тұрғыны Лидия Кобзарь. Семей. 1 қараша 2011 ж.
​​құруға даяр болғанымен, ешкім де апаттар, табиғи катаклизмдер сияқты факторларды алдын-ала болжай алмайды.

Фукусима трагедиясын еске алған Лидия Кобзарь мұндай мәселелерді бүкілхалықтық референдум арқылы шешу керек деп есептейді:

– Билікке жақын жүрген адамдардың пікірін сұрап білудің мәні жоқ. Жылы орнынан айырылып қалмас үшін олар президенттің пікірін әрмен қарай да қуаттай бермек, - дейді ол.

Азаттық радиосы тілшісінің танымал қазақ жазушысы, Совет одағы ядролық сынақтарының құрбандары жайлы «День, когда рухнул мир» романының авторы Роллан Сейсенбаевпен тілдесуге сәті түсті, алайда ол қызу жұмыс кестесінің кесірінен егжей-тегжейлі түсінік бере алмайтынын айтып ғафу өтінді. Ал ядролық жанармай банкін Қазақстанда құруға қатысты көзқарасы туралы сауалға Роллан Сейсенбаев:

– Қарсымын! Басқа айтарым жоқ, - деп жауап берді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қазақ
03.11.2011 12:35
+0 / -0
Ядролық қалдықты да, отынды да Қазақ жерінде сақтауға үзілді-кесілді қарсымыз!

Кімнен: Мұхит Қайдан: Алматы
03.11.2011 12:47
+0 / -0
Болады, егерде, ядролық отын банкісін пайдаланып, жасырын түрде ядролық қару жасайтын болсақ өзімізге. Батыс елдерінен қорғануға керек.

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
03.11.2011 13:15
+0 / -0
"Бұл – төмен радиоактивті жанармай – бабын білсе, қауіп төндірмейді."
Дейді, ал бабын таба алмай қалса қайтеміз. Жалпы бұл зат неге Қазақстанда сақталуы тиіс, қаржы түседі дейді, сонда біз сондай тәуекелге баратындай мүжәлсіз жағдайға жеттік па, дүниежүзіндегі 200 астам елдің ең соңындамыз ба. Тәуекелге бару басқа амалы жоқ адамның жасайтын ісі, ал біз сондай жағдайда тұрмыз ба. Менің ойымша, біз ядролық отын сақтамай-ақ күнелте алатын елміз.Ол Нұрсұлтанның еңбегі емес, табиғаттың байлығының арқасында. Қазақстанда президент болып кім ақымақ отырса да, халқына жететін табиғи байлығының арқасында, ешкімге тәуелді болмай өмір сүретін жағдай бар. Сөйтіп тұрып бүкіл дүниенің ядролық қоқысын жинаймын деу барып тұрған топастық дер едім. Бұл Қазақ азаматының жасайтын ісі емес.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
03.11.2011 14:09
+0 / -0
Алдыңғы пікірге қосайын дегенім, сол ядролық энергияның күш-қуатын пайдаланып, экономикасын дамытып алған, сөйтіп сол ядролық энергияның қызығын көрген елдер, енді соның қалдығының шыжығын неге өздері көрмейді. Олар Франция, АҚШ, сияқты елдер, бұлардың қатарына, Жапонияны қосуға әбден болатын еді, бірақ оны қоспай отырмын, олар онсыз да сол атомға шыжғырылып жатыр." Еті менікі, сүйегі сенікі" дегендік па ол.

Кімнен: Шаймерденұлы Қайдан: Алматы
03.11.2011 13:38
+0 / -0
Қазақтың сорына ты...қан нөмірі 1-ші саудагері бәрін сатып бітіп, енді уран қалдықтарын сақтап, пайда таппақ-қой.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
03.11.2011 14:32
+0 / -0
Меніңше қалдықтарды енді Ресей жерінде сақтау кезегі келген сияқты!

Кімнен: Нұр Қайдан: Түркістан
03.11.2011 14:53
+0 / -0
шаршатты, мына ел тірлігімен
айырылған қарасам бірлігінен
көз алдында ел құруға айналуда
биліктегі кей біреу тірлігінен

семейде қырық жыл жерді тесіп
жетісті бір кездерде болды десіп
азаттық алып еді қайран жерім
ядролы әлемнен қолды шешіп

ал енді басталды іс жаңадан
жазамын бұл өлеңді мен қападан
жақсылық көреміз деп сеніп едік
пешінен шыққанда НАН табадан

семейде талай жер көзден ғайып
болғанда ел уранды жаспен шайып
зарлатқан қазағымды қанша уақыт
уранға қарсы шықсам несі айып

созақта жатыр уран ашық алып
шөмішін ойласам терең малып
сақтағыш болса соны сақтамайма
сорланып жылап жатыр қанша халық

отыра алман бұл іске мұрын сұқпай
неліктен мәңгүрттеніп қалды ұқпай
урандар тиілген көліктердің
жолына өсімдік те қалар шықпай
дейді ғой жайбарақат, зияны жоқ!

соқыр қылғысы келер бәрін елдің
қазағым тірлігіңмен қайда келдің
бабалар кешірмейді, кешірмейді
қанмен алып берген бәрін жердің

адамға зиянсыз болсын тіптен
сақтаған отындарың келіп төккен
ол маңға кейін шөп өспейді
шақырымдап құртар жерді тектен

қайғысы халқымның неге өшпейді
осы ой маған қайғыдай елестейді
уран сақтап тапқан пайдасының
орнына басшының неге миы өспейді

бұл халқым мұны оң іс демес
елім менің қайтадан қойма кеңес
әр метр жер қазақтың пайдасы үшін
өзгенің уран сақтар қоймасы емес

қазақта басқа байлық толып жатыр
үй-үй боп, металдар тұрған шатыр
әй, билік! өзгенің отынын сақтағанша
елдегі байлықты-ақ жиып қатыр

қуанышқа көңілде толар еді
қайғысыз мына баста оңар еді
өзгені жарылқап жүрген кезде
сорлап қалып жүрмесек болар еді
Пікір алмасу

Кімнен: ара
03.11.2011 15:09
+0 / -0
осы жакында гана билiкте онын ишинде НАНды коргап шыккап па един?

Кімнен: Нұр Қайдан: Түркістан
03.11.2011 15:43
+0 / -0
кешіріңіз ара! менің ойымша билікті жақтайтын да даттайтын да кезі болады. мен биліктен шын мәнінде көп үміт күткен адаммын. мен НАН ға сендім, елді дұрыстар деген үмітім болған, БІРАҚ! мен осы журналистика саласымен айналыса бастағаннан бастап, көңілім толмаумен келеді. бұған да 3-4 ай болыпты.
кейін мен осы уақытқа дейін өз пікірлерімде "НАНды жақтаймын" деген сөз айтқан жоқпын. бірақ бәрін сабырмен шешейік дегенді айтқан болатынмын. Қазақстан Кодафи елінің деңгейіне түскен жоқ дедім,
қазақта айтады ғой "жаңылмайтын жақ, сүрінбейтін тұяқ жоқ" деп, мүмкін кезінде жаңылған да болармын.
бірақ менің есіміме жабысқан кейбіреулерге де айтарым көп. мен Нұрмын солай қала беремін

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.11.2011 18:15
+0 / -0
Ядролық банкі да, АЭС та Қазақстанға экономикалық тұрғыдан гөрі технологиялық және саяси жағынан керек. Тек ядролық қалдықтарды жерімізде сақтамасақ болды. Уран өндіруден әлемде бірінші орында бола тұрып оны арықарай терең өңдемеу, игермеу тіпті ақылға сыймайды.

Кімнен: дезактиватор
04.11.2011 20:48
+0 / -0
АЭСіде, бәңкі-сәңкісіде өздеріңе, керек болса үйіңнің жертөлесіне қондырып ал, Аэс салатындай қай өндірісіңді башара алмай барасың, уран өңдеп жетілдіретін ғылым саласы анау, ас сұраудың алдында жүр. Елді топас басқарса ғылым қайдан дамымақ, дамытып әлемдік деңгейге көтерген азаматты орыс айтағымен түрмеге тықса, оған керегі жаған абырой мен атақ, басқаға басы ауырмайды.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
08.11.2011 22:42
+0 / -0
Дәл қазыргі билікпен ондай тәуекелі мол іс-шараларды ойластырудың өзі артық. Себебі біздің биліктің қарапайым, көп ғылымды қажет етпейтін ауыл шаруашылығын дамытуға шамасы келмей отыр. Ал жемқорлықты есепке алар болсақ сол атом банкіде, АЭС те шала жасалған тұрғын уйлер сияқты болып шықпасына кім кепіл. Экономикалық тиімділігне келсек, біз мунайға бай елміз, бірақ бензин бағасы қымбат. Сондықтан мен бул атом банкінен елге бір пайдасы тиеді дегенге сенбеймін. Ал зияны айтпасада белгілі.

Кімнен: Тобықты Қайдан: Семей
11.11.2011 01:56
+0 / -0
Бул Казак деген сорлы халык болдыккой, 20 жыл болды, не тілімізді корғамадык, не дінімізді дурыс устаиалмаимыз, мәдениеттен, рухтан журдай болдык, осынын барлыгы укімет басында отырғандардын кеселі, ешкандай улттық идалогия деген жоқ. Біз ушін өзі қасиетті нәрсе қалдыма? Енді бүкүл дуниенін у қалдықтарын әкеліп өз жерімізге көмеиік деп жатырмыз! Сол бір қу дуние-ақшаға сатылып, әлгі НАН Қазақты қуртайын дедіма? Ата-Бабамыз батыр Қазақ болса! Қазырғы заманда қорқақ, сатқын, ар-намыстан айырлған ултан Қазақ болдыққой!!! Мен ана атадан туғанмын, мына атадан туғанмын, шықан жерім текті еді деп мақтанамыз! Қайда сол тектінін улдары? Ееее, қайран Қазақ, өмірің қу шөппен ауыз суртумен өтер.