Accessibility links

"Келер жылы метро 10 шақырымға ұзарады"


 "Метрополитен" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Қыдырал Бегасылов Азаттықтың Алматы бюросындағы онлайн-конференция кезінде.10 қаңтар 2013.
"Метрополитен" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Қыдырал Бегасылов Азаттықтың Алматы бюросындағы онлайн-конференция кезінде.10 қаңтар 2013.

Алматы метросының директоры Қыдырал Бегасылов Азаттықтың онлайн-конференциясында оқырмандардың метро қызметін жетілдіру туралы ұсыныстары мен сұрақтарына жауап берді.

2013 жылы қаңтардың 10-ы күні метрополитенге 150 жыл толады. 1863 жылы осы күні Лондон метросының алғашқы тармағы ашылған.

Әлемдегі ең жаңа метролардың бірі - Алматыдағы "Метрополитен" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының директоры Қыдырал Бегасылов Алматы энергетикалық институтын инженер-электромеханик мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1984 жылы Алматы қаласының трамвай-троллейбус басқармасының аға мастері болып бастады.

Әр жылдары партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, Қазақстан президенті әкімшілігінің қоғамдық-саяси бөлімінің сектор меңгерушісі, үкімет аппаратының бас инспекторы, "Жолаушылар тасымалы" акционерлік қоғамының, "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының" басшысы сияқты қызметтер атқарды.

Онлайн-конференцияны мына жерден көре аласыздар.

XS
SM
MD
LG