Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:12

ӘЛЕУМЕТ

Әлеуметтік желідегі сауал министрге жетті

«Шенеуніктер әлеуметтік желілерді көзге ілмесе, дамуымен санаспаса, интернет ойын-сауық деңгейінде қалады» дейді кейбір мамандар.

Көрнекі сурет.
Мәтін көлемі - +

Қаңтар айының аяғында Facebook әлеуметтік желісінде блогшы Аңсаған Мұстафа Астананың қатал ауа-райына байланысты қыстағы бір ай оқуды жазға ауыстыру туралы білім және ғылым министрлігіне ұсыныс айтты.

МИНИСТРДІ «ОЯТУ»

«Але! Бұл білім министрлігі ме? Бұл Астанадағы үшінші сынып оқушысының анасы. Бізде қыс қатал болғандықтан Астана мектептердің демалыс кестесін өзгертуді сұраймын. Жазда 2 ай, қыста 1 ай демалайық» деп жазған еді Аңсаған Мұстафа.

Бұл жазбаны әлеуметтік желіден көрген журналистер білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұловтың пікірін сұрап, мәселе қоғамда қызу талқылана бастады.

Бақытжан Жұмағұлов ақпанның 11-і күні білім және ғылым министрлігінің сайтында 
Блогшы Аңсаған Мұстафаның Happy birthday, Astana! деген атаумен жариялаған фотосуреті. Астана, 6 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
x
Блогшы Аңсаған Мұстафаның Happy birthday, Astana! деген атаумен жариялаған фотосуреті. Астана, 6 шілде 2011 жыл. (Көрнекі сурет)
​​жауабын жариялады. Ол «бұған дейін демалыс уақытын өзгертуге қатысты көптеген ата-аналардан пікір-ұсыныстар түскенін, мұның бір күнде шешіле салатын мәселе емес екенін» айта келе:

– Әлемдік тәжірибені шындап зерттеу керек. Ұсынылған схемалардың артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, міндетті түрде қоғамдық пікірді де талдау керек. Бұл үшін қазір менің бұйрығыммен жұмыс тобы құрылып, оған парламент депутаттары, арнайы мемлекеттік орган қызметкерлері, білім басқарма жетекшілері, педагогтар, ата-аналар қауымдастығы мен үкіметтік емес ұйым өкілдері кірді. – деді.

«ӘРІ ЖЫЛДАМ ӘРІ ТЕГІН»

Әлеуметтік желінің арқасында жобаларына қолдаушы тауып жатқан азаматтар да бар.

«Кохлярлы импланты бар балаларды қолдау» қоғамдық бірлестігінің басшысы Динара Ешпанова ақпанның 9-ы күні мүгедек балаларға қатысты әлеуметтік ролик түсіру керегін айтып, жұрттың соған қатысты ойларын сұрап, Facebook-ке жазған екен.

– Маған дәл біз сияқты Мәскеудегі қауымдастықтың төрағасы жазып жіберді. Қазір олармен байланыс орнатып, бірге жұмыс істеп жатырмыз, – дейді Динара Ешпанова.

«Телеарнаға хабарласқан кезде, тіпті, идеяның өзі сұмдық қымбат болатын. Бұл әрі жылдам, әрі тегін» дейді Динара Ешпанова.

ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІЛЕРДІҢ «ӘЛЕУМЕТТЕНУІ»

Интернетте мұндай оқиғалар жиі кездеседі. Бірақ мамандар Қазақстандағы әлеуметтік желілердің қоғамдық ықпалы әртүрлі екенін айтады.

Блогшы Жалғас Ертайдың айтуынша, Қазақстандағы негізгі аудитория ресейлік Mail.ru мен Вконтакте әлеуметтік желілерінде отыр.

– Өкінішке қарай, ол медиасервистер жаңалықты әлеуметтендіруге ешқандай ықпал етіп отырған жоқ. Жаңалықты әлеуметтендіру деп отырғаным – сол сервистер арқылы халықтың өзінің әлеуметтік проблемасын билікке жеткізуі. Бұл тұрғыда жаңағы желілер ешқандай құралға айналған жоқ, – дейді Жалғас Ертай.
Mail.ru-ды көбіне 12-25 жас аралығында жастар қолданады, ал Facebook-те 20-дан асқан, біршама ересек аудитория отырады.

Оның айтуынша, біршама «сапалы» аудитория – Facebook пен Twitter-де. «Қызу пікірталасқа ие болып, қоғамда ықпал тудыратын жазбалар да осында» дейді блогшы. 

Қазақстандағы әлеуметтік желілерді қолданатын адамдардың жасын зерттеген мамандар «Mail.ru-ды көбіне 12-25 жас аралығында жастар қолданады, ал Facebook-те 20-дан асқан, біршама ересек аудитория отырады» деген қорытынды жасайды.

«БІРЖАҚТЫ БАЙЛАНЫС – ПАЙДАСЫЗ»

«Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының жетекшісі Бақытжан Төреғожинаның айтуынша, Қазақстанда шенеуніктер әлеуметтік желілерді белсенді түрде қолданып, 
«Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының жетекшісі Бақытжан Төреғожина. Алматы, 6 сәуір 2011 жыл.
x
«Ар.Рух.Хақ» қоғамдық қорының жетекшісі Бақытжан Төреғожина. Алматы, 6 сәуір 2011 жыл.
​​коммуникативті желілерді шындап пайдаға жарата бастаған кезде ғана олардың ықпалы туралы әңгіме қозғауға болады.

«Әзірше бұл біржақты процесс күйінде қалып отыр» дейді ол.

– Егер шенеуніктеріміз iPad-ты тек әдемілік үшін ғана емес, коммуникативті желілердің жеке дамуы үшін, министрліктің жұмыстарын жетілдіру үшін пайдаланса, яғни кері байланыс болса – бұл шын мәнінде оң іс болар еді. Жұрт та сол мүмкіндікті пайдалана бастар еді. Ал біржақты байланыс қана орнап, шешім қабылдайтын адамдармен байланыс болмаса - ойын-сауыққа ұқсап қалады, – дейді Бақытжан Төреғожина.

Оның айтуынша, «халықпен қарым-қатынас жасаудан сескенген шенеуніктер ашықтықты өздерінің жеке басына төнген қоқан-лоқы ретінде қабылдап отыр».



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Үкіметтен шаршаған адам
13.02.2012 23:47
+1 / -0
Үкімет не істеп, не қояды ешқандай сенімім жоқ бұларға. Бұл үкіметтің тізесі шығып кетті!

Кімнен: Жазира
14.02.2012 07:47
+0 / -0
Менің інім ылғи м-агенттен бас алмайды. Күндіз де сол, түнде де сол телефонына шұқшиып отырғаны. Сол агенттің зияны болмаса, түкке пайдасы жоқ. Балалар сабақ оқымайды, сол үшін, бастарын қатырады бос әңгімемемен. Агент деген пәледен қалай құтылса болады?

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
14.02.2012 09:02
+0 / -0
Астана әсем қала,
Шет шеті тауық қора.
Ортасы дәретхана,
Сенбесең барып қара!

Кімнен: Қонақ Қайдан: Қазақстан
14.02.2012 10:27
+0 / -0
Бізде Семейде бұрын Жақиянов әкім болған кезде, қыста суық болады балалар оқымайды деп оқушылар тамыз айында оқыған, сосын не болды нәтижесінде: балалар ыстықта оқи алмай мектепте, сыныпта талып, естерінен танып құлады емеспе. Бұл жазғы каникулды бір айын алу бос сандырақ, онсыз да балалар ешқайда шығып дұрыс дем алмайды, үйде қамауда отырады, бәрі бітіп енді балалардың жазғы каникулына да тисе бастады.

Кімнен: Қуандық Қайдан: Астана
15.02.2012 16:25
+0 / -0
Егер үкімет шенеунігі халықпен қарым-қатынас жасағысы келмесе (ар-ұяты болса) қызметінен өз еркімен кете салғаны абзал.