Accessibility links

Теміртау жастары интернет-телеарна ашты


Жас волонтерлер интернет телеарна үшін түсірілген бейнесюжетті монтаждап отыр. Теміртау, 25 шілде 2013 жыл.
Жас волонтерлер интернет телеарна үшін түсірілген бейнесюжетті монтаждап отыр. Теміртау, 25 шілде 2013 жыл.

Теміртау қаласында жасөспірімдер тобы жеке интернет-телеарна құрды. Олар қаладағы жастардың мәселелері мен жетістіктері туралы бейнесюжеттер мен бағдарламалар түсіріп, көрерменге ұсынбақ.

ДЕБЮТ

Қарағанды облысының Теміртау қаласының тұрғыны Анна Горная мектеп оқушысы, бірақ бірнеше жылдан бері қоғамдық жұмыспен айналысып келеді. Ол әртүрлі еріктілер акциясы мен жастар іс-шарасына белсенді қатысады, қазір телеарна жұмысымен әуестеніп жүр. 17 жастағы бойжеткен болашақта журналист болуды армандайды.

Анна мен өзі сияқты бірнеше қыздар мен жігіттер Теміртау жастар телеарнасын құру туралы шешім қабылдады. Бейне журналистика клубы балалар ауласының клубы жанынан ашылды. Қазір жұмыс қоғамдық бастама негізінде жүріп жатыр. Техникалық жабдықты «Теміртау жастар клубы» қоғамдық бірлестігі ұсынды. Балалар тегін еңбек етеді. «Зиянды әдеттерге бой ұрып, аулада босқа зерігіп отырғанша белсенді өмір сүрейік» дегенді ұран еткен жастар телеарна жұмысын хобби көреді.

Қазір олардың ғимараты, бейнекамерасы, штативі, бейнемонтаж жасайтын бағдарламасы бар компьютері мен репортажды эфирге шығаруға және түсіруге арналған басқа да ұсақ-түйектері бар. Жастардың шығармашылығын интернеттегі «Теміртау жастар клубы» сайтына салынған бейнесюжеттерден көруге болады.
Балалар бейнесюжет немесе бағдарламаны қалай дайындау керектігін әзірге жете білмейді. Дегенмен, өз қолтаңбасын көрсететін іспен айналысу үшін бойларыңдағы үрейді жеңіп, жаңа идеяларға ұмтылды.

Бір қарағанда аңғалдау көрінсе де, теміртаулық оқушылар мен студенттер ойларын жүзеге асыра бастады. Олардың жастары 14-18 арасында. Қазір Теміртаудың жас футболшыларының жетістігі мен жергілікті жастардың Металлург күнін атап өткені туралы бейне көріністі эфирге шығарды. Жастар телеарнасының негізгі бағыты – әлеуметтік тақырып.

ЖОСПАР КӨП

17 жастағы оператор әрі монтаждаушы Андрей Толстиков колледжде бағдарламашы мамандығы бойынша оқып жатыр.

– Екі аптада сюжетті монтаждап, бейнекамераға түсіруді үйрендім. Әрине, әлі меңгеретін нәрсе көп. Ең бастысы – ниет болуы керек. Мақсатымыз шеберлігімізді көрсету емес, қазіргі жастардың қызығушылығы бар екенін, қоғамдық өмірге атсалысатынын, өздері туралы айтатын ойы бар екенін көрсету, - дейді Андрей.

Тақырыптарды ойлап тауып, мәтін жазу, оны өңдеу - Анна Горнаяның міндеті. Тағы
Ең өткір тақырыптарды қозғаймыз – қазіргі жастардың мәселесі туралы ой көтеріп, мамандардың кеңесін тыңдаймыз.
екі мектеп оқушысы репортер болып, бақтарын сынап жүр. Жас белсенділерге жергілікті телеоператор – монтаждаушы Сергей Хромов көмегін ұсынды. Ол осы үйірменің жетекшісі. Жұмыстан қолы бос уақытта Сергей жастарға операторлық пен монтаждаудың қыр-сырын үйретеді.

– Көптеген жоспарларымыз бар. «Кофе іше отырып...» деген бағдарламаға дайындалып жатырмыз, онда біздің қаланың жастар арасындағы танымалдары келіп, ой бөліседі, ондай жастар да аз емес. Ең өткір тақырыптарды қозғаймыз – қазіргі жастардың мәселесі туралы ой көтеріп, мамандардың кеңесін тыңдаймыз. Ауыл жастарының күнделікті тірлігі туралы баяндаймыз. Жастар қатысатын думанды кештер мен акциялар, спорттық шаралар туралы хабар дайындаймыз, - деді Азаттыққа Анна Горная.

Энтузиасттар жастарға арналған айдар ашып, университетке құжат тапсырғанда, қызмет көрсету орталығында және басқа мекемелерде құжат алу үшін өтінішті қалай толтыру керектігін үйретеді. Бұның өзі жастарға үлкен көмек.

Теміртау қаласының жас тұрғындары туралы «Есуас ғалымдар» деген айдар дайындалып жатыр. Жергілікті жастар телеарнасын құрушылардың алдағы жоспары – құны 5 мың АҚШ доллары тұратын кәсіби камераны сатып алу. «Теміртау жастар клубы» қоғамдық бірлестігі көмектесуге уәде берді. Болашақта жас белсенділер жастар телеарнасының тақырыбын кеңейтіп, көптеген жастарды осы іске тартуды көздейді.

Теміртаудағы жастар телеарнасы
please wait

No media source currently available

0:00 0:00:41 0:00
Жүктеп алу


Орысшадан аударған – Динара Әлімжан
XS
SM
MD
LG