Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:24

САЯСАТ

Ричард Хоугланд: «Алуан түрлі идеялар мен тұлғаларды таңдау еркі болуы тиіс»

Қазақстандағы АҚШ елшісі Ричард Хоугланд «Уикиликс» сайтына шыққан мәліметтерге қатысты ойын айтты және Қазақстан президентінің өкілетін ұзарту бойынша референдум өткізу идеясына қатысты пікір білдірді.

Ричард Хоугланд, АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі. Астана, 5 қаңтар 2011 жыл
Мәтін көлемі - +

АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Ричард Хоугланд қаңтардың 5-інде Астанада дипломатиялық қызметінің аяқталуына байланысты баспасөз мәслихатын өткізді. Елші өзі жұмыс істеген кезеңдегі ең басты жетістіктер ретінде Қазақстанда МАГАТЭ стандарттарына сәйкес ядролық материалдар сақтау жобасының аяқталғанын, Ауғанстандағы НАТО әскеріне қажет жүк жеткізу бойынша жасалған жаңа келісімдерді және Астанада өткен ЕҚЫҰ саммитін атады.

Баспасөз мәслихатында әңгіме «Уикиликс» вебсайты арқылы тарап кеткен құпия мәліметтер жайлы, президент Назарбаевтың өкілетін 2020 жылғы желтоқсанның 6-сына дейін ұзарту туралы ұсыныстың төңірегінде өрбіді.

«ҚҰПИЯ ДӘНЕҢЕСІ ЖОҚ»

Ричард Хоугланд АҚШ-тың Қазақстандағы елшілігінің дипломатиялық поштасынан қолды болып, «Уикиликске» шығып кеткен-мыс деректерді жоққа шығарып әуре болмады. Атышулы вебсайттың иесі Джулиан Эссанжды тұтқындаудың сөз бостандығын шектеуге қатысты жоқ екенін айтып өтті.

«Біреу сіздің пәтеріңізге бұзып кіріп, хаттарыңызды ұрлап әкетсе, сосын оны БАҚ арқылы жария қылып жіберсе, сізге ұнар ма еді?» деп бір тоқтады елші.

«Уикиликсте» шыққан бірқатар мәліметтерді қайсыбір елдердің арнайы қызмет орындары қолдан жасауы мүмкін екенін ескерткен елші осы дау-дамайдың кесірінен Ливиядағы АҚШ елшісінің қызметінен кететінін айтып қалды.

Хоугланд АҚШ елшілігінің дипломатиялық хат-хабарына қатысты Қазақстандағы реакцияны сипаттай отырып, өзіне жергілікті бір дипломаттың «Сіздер Қазақстанның шенеуніктері туралы сорақы нәрселер айтады екенсіздер. Бірақ біз сіздер туралы одан да жаман қылып айтамыз» дегенін әзіл ретінде келтірді. АҚШ елшісіне қазақстандық бір депутат жарияланған мәліметтердің ішінде ешқандай құпия жоқ екенін айтыпты.

САУДАБАЕВТЫҢ «ДӘЛЕЛДЕРІ»

Ричард Хоугланд баспасөз мәслихатының алдында Қазақстанның мемлекеттік хатшысы-сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев екеуінің арасында болған ұзын-сонар әңгіменің де ұштығын жеткізді.

Түскі ас кезіндегі әңгіме-дүкен кезінде президент Назарбаевтың өкілетін ұзарту жайы да сөз болыпты.

– Саудабаевқа оны өте мұқият тыңдап шығуға әзір екенімді айттым. Өйткені Қазақстанның ұстанымын білгім келді. Ол маған бұл мәселе неліктен Қазақстанның демократия туралы түсінігіне сәйкес туып отырғанын түсіндіретін бірқатар дәлел келтірді. Оның айтуынша, әрі-беріден соң бұл – Қазақстанның ішкі мәселесі, – деді елші.

– Мен оған: «Иә, бәрін де түсінемін. Бірақ бұл – әрі халықаралық мәселе. Өйткені Қазақстанның халықаралық міндеттемелері бар емес пе?» дедім, – дейді америкалық дипломат.

Ричард Хоугланд Азияда демократия орнату мүмкін емес деген сияқты көзқараспен келіспейтінін мәлімдеді. Үлгі ретінде Жапония, Оңтүстік Корея, Үндістан мен Индонезияны атап өтті. АҚШ елшісінің айтуынша, азаматтарда «иә» немесе «жоқ» деген жауап беруді ғана талап ететін сұрақтардан басқа да таңдау еркі болуы тиіс. Әр алуан идеялар мен әртүрлі тұлғаларды салыстырып отырып, таңдау жасау хақы болуы керек.

Қазақстаннан кетіп бара жатқан дипломат референдум туралы соңғы кесімін айтуға асықпайды. «Министр Саудабаев та, мен де ұстанған көзқарасымызды өзгертпеген күйі қалдық. Бірақ бұл мәселені ары қарай талқылап тұратын болып келістік», - деді ол.

2011 жылғы қаңтардың 4-інде АҚШ елшілігі ресми мәлімдеме жасап, Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзартуға қатысты АҚШ үкіметінің ұстанымын жариялаған болатын. Құжатта егер осы мәселе бойынша ұлттық референдум өтіп, ол Қазақстан конституциясы кепілдік беретін президент сайлауын алмастыратын болса, мұндай шараның елдегі демократия үшін кері кету екені жазылған.

Ричард Хоугланд бұл мәлімдеменің тұрақты принциптерден туатын ұстаным екеніне, жекелеген адамдардың көзқарасына еш қатысы жоқ екеніне баса назар аударды. Тәжірибелі АҚШ дипломаты Пәкістандағы елшінің орынбасары болып тағайындалыпты. Хоугланд Ауғанстан мен Пәкістанда бұрын да қызмет атқарған білікті маман болып саналады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Көпкөрген
06.01.2011 02:39
+0 / -0
Ричард бір ауыз сөз айтса да жақсы ғой, әйтпесе халық билігі емес бір тобыр билігі қазақты жүдетті. Биліктегілеріміздің жүргізіп отырған мұндай саясатының арты елді жақсылыққа апармайды, нәтижесі барлық халықтарға өте қауіпті. Батыс елдері "интернационализмді" ойнап, нәтижесінде күйіп шығып, ес жинады. Уақыт және өмірден жинаған тәжірибелері өте мол. Ем болмаса, бір мезгіл ғалам тарихын оқып көруге болады.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
06.01.2011 10:07
+0 / -0
"АҚШ елшісінің айтуынша, азаматтарда «иә» немесе «жоқ» деген жауап беруді ғана талап ететін сұрақтардан басқа да таңдау еркі болуы тиіс. Әр алуан идеялар мен әртүрлі тұлғаларды салыстырып отырып, таңдау жасау хақы болуы керек."
Меніңше елші мырзаның бұл айтқан сөздерін былай деп жалғастыруға болады.
- Ия Қазақстан билігі халықты бір адамды ғана қолдап таңдауға мәжбүрлеп отыр. Сондықтан да мен мұндай тоталитаризмнің асқынған аймағында бұдан әрі қызмет атқара алмайтынымды Барак Обамаға арыз түрінде жолдадым. Енді міне мен Пәкістанға жол жүріп барамын.
Ал сіздердің елдің шынайы толыққанды демократияға қол жеткізу үшін әлі 10 жыл шұлғау исін сезініп, терең ұйқы құшағында қалатындығын ойлғанда еріксіз мырс етіп күлгеннен басқа амалым жоқ! Бірақ сіздер күндердің бір күнінде азат боласыздар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2011 14:28
+0 / -0
әҚазақстанға қарағанда пакстанның демократиясы бір саты алда ғой, ал Қазақстанның деңгейі бұл күндері Сумалидың деңгейінен де құлдырап кетті" деген сөзді ары қарай жалғастырған да болуы мүмкін десей.

Кімнен: қияңқы Қайдан: қазақия
06.01.2011 10:20
+1 / -0
Ричард Хоугланд өз сөзінің мемлекеттік телеарналарда өзгертіліп айтылып жатқанын біле ме екен?!.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2011 15:30
+0 / -0
Құдайдың 99 атының біреуі - Халық дейді. Егер сол халық ұйқысынан оянбаса, АҚШ-тың білгенінен бізге келіп-кетер не бар дейсіз?! Біз өз тірлігімізді өзіміз жасамасақ, өзгелердің бізге емешегі үзіліп тұрған жоқ. Бар болғаны - стратегиялық мақсаттары мен шикі затқа қолдары жетіп тұрса, олар үшін сол жетеді. Бұл мақсаттарына жетуге НӘН-нен қолайлысы жоқ екенін олар да түсінеді.
Пікір алмасу

Кімнен: Қуат Қайдан: Түркістан
06.01.2011 16:22
+0 / -0
Біздің телеарналар беттері бүлк етпей, өздеріне ыңғайлы етіп, өзгертіп бере береді ия?