Бейсенбі, 9 ақпан 2012, Алматы 10:59

САЯСАТ

"Қазатомпромның" бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев 14 жылға сотталды

Астанадағы аудандық сот Мұхтар Жәкішевті 14 жылға, оның күзетшісі Талғат Қыстаубаевты 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Сөйтіп судья Нұржан Жолдасбеков прокуратура сұраған жаза мерзімін бір мысқал да кеміткен жоқ.

Мұхтар Жәкішев "Қазатомпром" компаниясының басшысы кезінде. Сурет "Республика" газетінен алынды
x
Мұхтар Жәкішев "Қазатомпром" компаниясының басшысы кезінде. Сурет "Республика" газетінен алынды
Мәтін көлемі - +
ҚАТАЛ СОТ ҮКІМІ

Астанада 12 наурыз күні түстен кейін «Қазатомпром» компаниясының бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішев пен оның күзетшісі Талғат Қыстаубаев ісі бойынша сот үкімі шықты. Сот Жәкішевті 14 жылға, Қыстаубаевты 5 жылға бас бостандығынан айырды.

Үкімді шамамен төрт сағат бойы оқыған Сарыарқа аудандық сотының судьясы Нұржан Жолдасбековтің Жәкішевке қатысты шешімі бұған дейін прокуратура сұраған жаза мерзімінен айныған жоқ. 

Прокуратура Жәкішевке 14 жыл, Қыстаубаевқа 6 жыл түрме жазасын беруді сұраған еді.

Сонымен бірге, мемлекеттік айыптаушы Жәкішевтен ел президентінің қолынан алған "Құрмет" орденін қайтарып алу қажеттігін, Қыстаубаевты полиция майоры шенінен айыру керектігін айтты. Судья Жолдасбеков прокуратураның бұл талаптарын да өз үкімімен қанағаттандырды.

Сарыарқа аудандық сотының алдына жиналған ОМОН сақшылары. Астана, 12 наурыз 2010 жыл.
Жәкішевке Венада «Қазатомпром» компаниясының заңсыз өкілдігін ашу арқылы пайда тапқан, астыртын касса ұстаған, күзетшісі Қыстаубаевқа екінші еңбекақы төлеп келген деген айыптар тағылды.

Жәкішев пен Қыстаубаев бұл айыптарды жоққа шығарып отыр. Нұрлан Бейсекеевтің айтуынша, сейсенбі күні өткен жарыссөздерде Мұхтар Жәкішев прокуратура келтірген айыптардың барлығына рет-ретімен тоқталып, олардың қай-қайсысы да негізсіз екендігін дәлелдеуге тырысқан.

Айыпталушылардың адвокаттары бұл істің қылмыстық құрамы жоқ деп есептейді. Адвокат Бейсекеевтің айтуынша, аудандық соттың бүгінгі шешіміне қарсы Астана қалалық сотына міндетті түрде шағым түсіріледі.

«Қазатомпром» ісі бойынша сот процесі екі жарым айға созылды. Соттың алдын ала тыңдаулары 2009 жылы 22 желтоқсанда басталды.

ЖАБЫҚ СОТ ҮКІМ ШЫҒАРДА ДА АШЫЛМАДЫ

Сот процесі басынан аяғына дейін жабық есік жағдайында өтті. Тіпті судьяның үкім шығаруына да «бөгде» кісілер кіргізілген жоқ.
Мұхтар Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев журналистерге үкім жайында хабарлап тұр. Астана, 12 наурыз 2010 жыл.
Сот ғимаратының сыртында қалғандардың арасында Жәкішевтің зайыбы Жәмила Жәкішева да бар.

- Жұртты залға кіргізбеді, өйткені Мұхтар Жәкішевке тағылған айыптар дәлелденген жоқ, - деп мәлімдеді Жәмила.

Үкім шығардың қарсаңында Жәкішевтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев, заң ережелерін келтіре отырып, судьяның шешім шығаруына халықты кіргізу керек деген еді. Алайда бұл жолы сот ғимаратын ондаған полиция қызметкері күзетіп тұрды. Есік алдына жиналған халықтың залға кіргізу талабына сот өкілдері жауап берген жоқ. Олар үкімді адвокат Бейсекеевтен сот аяқталғаннан кейін ғана естіді.

Істегі екі айыпталушы – Жәкішев пен Қыстаубаев 2009 жылы мамырда тұтқындалғаннан бері ҰҚК-нің тергеу абақтысында ұсталды.
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: Ержан Қайдан: Алматы
12.03.2010 20:43
+0 / -0
Обол болған екен, елге не бетіммен қараймын енді((( Шарасыздық - біздің баты осалдығымыз!!!

Кімнен: Арнұр
12.03.2010 20:58
+0 / -0
Мынау бір суық хабар екен. Қандай өкінішті, елдің үміті өшкен шығар енді. Мұхаңды қазіргі режимнің құрбаны деп ойлаймын.

Кімнен: Таңат Қайдан: Қаратау
12.03.2010 21:02
+0 / -0
Бұл сот үкімі емес, Қазақстан үшін барып тұрған масқара ғой. Мұндай сотпен ұзаққа бармаймыз, халайық. Осындай шешімнен кейін судья Жолдасбеков қазақ жерінде аяқ басып жүрмей-ақ қоюына болады. Жәкішевке обал болған екен, Жәмиләға да, бала-шағасына да обал болды.

Кімнен: Нұрсұлтан Қайдан: Астана
12.03.2010 21:18
+0 / -0
Жәкішев босатылсын!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
12.03.2010 23:15
+0 / -0
Ей қарабет биліктегілер.... Қоғам бекерге күрсінбеуде.... Мұндай иттіктеріңді қашан қоясыңдар.... Ертең осы жағдай барлығыңның бастарыңа келер деп ойлмайсыңдар ма???.... Шырылдап қалған Мұхтардың 5 баласының көз-жасы жібермегірлер-ау!!!!....

Кімнен: Словакия
12.03.2010 23:21
+0 / -0
Қазақстан соттары тәуелді екенін тағы бір дәлелдеді.Биліктің айтқанын ғана жасайтын соттың болғанынан мүлде болмағаны дұрыс қой. Жәкішевті танымайтын едім, бірақ көпшілік адамгершілігі жақсы, адал дос, білімді азамат деп жатқан соң, мен де үнсіз қала алмай отырмын. Осындай жағдайлардан кейін елге барғың келмейді. Тірліктеріне қарап түңілесің.

Кімнен: Сэр
12.03.2010 23:23
+0 / -0
Дұрыс болған екен! Жемқорларға 14 жыл аз болады, кем дегенде 20 жыл беру керек едию
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.03.2010 00:41
+0 / -0
Сұмырай

Кімнен: Алмас Қайдан: Атырау
13.03.2010 00:28
+0 / -0
Мына сэ р г е қараңыз. Бір рахаттанып қалыпты. Ана 14 жыл сұраған прокурор мен мудья Жолдасбековты ешқашан ұмытпаңдар. Қазақтан қайран жоқ. Сондықтан Мұқтардың балалары мен туыстары топ құраңдар, күрескер топ құраңдар. Тек қана күрес!!!!!!!!!!!!!!!! Басқа жол жоқ. Бізге қарсы бүкіл билік басындағылар, облыс, аудан, ауыл әкімдері мен солардың төңірегіндегі құйыршықтар. Қазірден бастап тізімге алыңдар, бір де бірін аямаңдар. Өзіңді аямағанды аясың құның көк тиын!!!!!!!!!!!!!!!!! Көшеге шығып қырылыспай ештеңе болмайды. Атқа қон, ҚАЗАҚ атқа қон!!!!!! Майданға, майданға!!!!!!!!!!!
Пікір алмасу

Кімнен: 888 Қайдан: 888
13.03.2010 14:32
+0 / -0
5 баланың көз жасы жібермейді О сотты..........................

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.03.2010 02:07
+0 / -0
Sot adiletsiz bolipti.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
13.03.2010 09:03
+0 / -0
Кімнің ақ кімнің қара екені біздерге әрине жұмбақ! Бірақ менің жаныма бататыны қазақ азаматтарының бір-біріне жау көзбен қарап бірін-бірі ұстап беріп түрмеге тоғытуы.... Ал енді бір жағынан қарағанда мұндай оқиғалар қоғамда бұрын орындалған ірі қылмыстардан елді адастырып көз бояушылық әрекеттерді жандандырады .....
Пікір алмасу

Кімнен: 888 Қайдан: 888
13.03.2010 14:31
+0 / -0
Обал болды 5 баласы бар еді, қазақтың санын көбейтіп жүрген азамат болатын.
Оның не қылмыс жасағанында жұмысым жоқ, бірақ сотта прокурордың айыптарының бірі де дәлелілн таппағасын әділетсіз сот үкім болғаны анық. арыстың жан айқайына қосыламын.

Өстіп өстіп қазақтың санын көбейтіп жатқандарды соттау бұл үкіметке Мода болып кетпесе жарар болар еді.

Кімнен: Саке
13.03.2010 11:13
+0 / -0
бір біріңнің ауыздарыңа түкіріп қойғансыңдар ма?! Жәкішев кінәсіз Жәкішевке обал деп... ол жерін жеп үлгерді, бала-шағасының қалы жақсы, тентіреп кетпейді, балалары шет елде оқиды, ертең бңлдей азамат болып шығар

Кімнен: Аман
13.03.2010 12:16
+0 / -0
Кебін киген келмейді, кебенек киген келеді деген сөз бар. Енді ол жігіттердің амандығын тілеп әрі қарай күресе беру керек. Менің ұсынысым, осы іске қатысы бар деген сотты да, прокурорды да, тергеу жүргізген тергеуші, тағы басқа мүдделі топтарды халық алдында газетте және интернетте барлық жерде танымал қылып масқаралау керек. Үлкейтілген суреттерін беру керек. Халық көшеден танып бетіне түкіретіндей, Бала-шағасы ағайын туыстары ұялатындай етіп жарнамалау керек. Егер оларды үйіндегі баласы да әйелі де ата анасы да дәл солар сияқты қатігез, тасжүрек болмаса күндердің күнінде отбасындағы бір кикілжіңде бетіне басатындай қалап іріту керек бұларды. Жер басып жүргеніне өкінетіндей қылу керек бұларды. Әсіресе сот пен прокурорды, бас тергеушіні жиі-жиі баспасөз беттерінен көріп тұрғым келеді. Халық ұмытпайтындай етіп еске сақтағым келеді бұл аюандарды. Бұлардың бәрі НӘНмен құрдас емес шығар. Патшамыздың алла берген дәмі таусылған күні бұлар халықтың қолында қалады ғой. Сол кезде көргім келеді. Бұларға қарғыс айту аз. Сол қарғысты іске асыру керек халық болып. Оның жолы антиреклама. Сенетіндері құзғын емес шығар мың жасайтын. Ұлтымның осындай төмендегеніне көзіме жас алып отырмын құрметті отандастарым. Қайран Абай!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
13.03.2010 15:27
+0 / -0
Жәмиланың төркіні, әлгі бес баланың нағашылары Қырғыз ағайындардан ұят болды-ау, мына масқара тірлік.... Қайтеміз енді???.... Шарамыз жоқ деп, солардан көмек сұраймыз ба???....

Кімнен: Елден Қайдан: Ақтан
13.03.2010 15:41
+0 / -0
Аман сенікі дұрыс,ондайларды масқаралау керек өзің айтқандай, бірақ кейін билік ауысса мұндай сұмдар тондарын теріс киіп шыға келеді.Сол кезде бұларды ұмытпай ит масқарасын шығару керек!!! Бізде еш уақытта әділ сот болған емес бұны ұмытпау керек. Сол үшін Мұханның туыстары шындыққа қол жеткізу үшін күресті тоқтатпай жалғастыру керек.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.03.2010 16:56
+0 / -0
Жауыздар! Ықтимал елдің президентіне лайық дегендерді құртып жатыр! Қай елге барып тұруға болар екен. А-а таптым Белоруссияға!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.03.2010 18:26
+0 / -0
Ия, сені жарылқап таққа отырғызар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.03.2010 18:41
+0 / -0
Құрметті "үш әріп" Сакеге!

Ешкім де Мұхтарды жақтап жатқан жок. Егер шынымен бірнәрсе бүлдірсе ол үшін жауап беру керек. Ол басы ашық нәрсе. (Ол бірнәрсе жеген күннің өзінде де ол басқа жегіштерге қарағанда имантаразылау ғой. Мысалыға Тимурдың 20 млрд долларын айтуға болады. Мен бұл жерде "жегіштерді" ақтап отырған жоқпын. Бірақ шындығы солай ғой).

...Бірақ,
...біздің елде әділетті сот жүйесі болған болса ешкім де бұлай шуламас еді. Тәуелсіз Қазақстан тарихында ешқашан түзу, әділетті сот болған емес. Сондықтан егер Мұхтар шынымен де бірдеңе бүлдірген жағдайда да оған ешкімді сендіре алмайсың. Өйткені биліктің өзі соған бізді үйретіп қойған. Егер әділетті сот болатынына халық сенетін болса, онда бәріміз де сенер едік Мұхтардың бірдеңе бүлдіргеніне. Бұл біріншіден. Екіншіден менің ойымша бұл жерде "кек алу" операциясы жүріп жатқан сияқты. Себебі бұл істің саяси мәні бар екені басынан бастап белгілі боп қалды. Бұл Мұхтар Әблязов үшін "кек алу", басқа ештеңе де емес. Себебі кезінде Жәкішев Әблязов үшін Назарбаевқа кепіл болған. Ешқашан саясатпен айналыспайды деп. Ал Әблязов болса қазір сол 01 мен оның туысқандарына шабуыл жасап жатыр. Жақында бір жиналыста 01-дің бизнесмендерге шүйлігуі де тегін емес. "Таз ашуын тырнадан аладының" кері. Мұхтар бұл жерде қармаққа ілінген құрбандық болып тұр. Ойланып қараңыздаршы, баста айтылған айыптар (кеніштерді шетелге сатқан) қайда кетті қазір? Сот процесіндегі заңсыздықтарды айтпай ақ қояйық.
Тоқетері бар мәселе 01-де. Соның мойнында. Себебі бұл елде оның келісімінсіз ештеңе істелмейді. Ведь он же "Хозяйн", "Шеф".

Кімнен: Қадыр Қайдан: Оралдан
13.03.2010 21:28
+0 / -0
Кеңес Үкіметі құлап, НАН басшы болған кезден бастап артқа кіргенднрді түгел тізімдеп жүріңдер!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! Ешқайсын да ұмытуға болмайды, ұмытып кетіп ертең жазаламасақ, Тағы басымызға тышады. Тышады емес, көзімізді құртады.!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! Қолындағы билігін пайдаланып, кім кімге қастық қылды бәрін де тізімдеп жүріңдер. Әйғ құрсыншы десең бітті!!!!! Ертең басыңа шығады. Бүкіл сұмырайлар мен солардың құйыршықтарын тізімдеп жүріңдер, ТІЗІМДЕП!!!!!!!!!!!!!!!! Өйткені, олар бүгіннен бастап бүкіл тізімді құртуда!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!!! Жауды аяған жаралы болады дегенді ұмытпаңдар!!!!!!!!!!!!!!!!! Бұрын аяған жаралы болған, ал бүгінгі бастықтар мен байлардың сұмырайлары жараламайды, СЕНІ құрта салады.

Кімнен: қазақ Қайдан: қазақ елі
14.03.2010 01:41
+0 / -0
Әрине, мемлекет қаржысын жымқырғандар мен ұрлағандарды соттау керек. Бірақ мені алаңдататыны, соттталып жатқандардың көбі өңкей қара көздер. Неге мемлекеттің жер асты, жер үсті байлықтарын қылғытып жатқынан өзгелердің арандарына қорғасын құя алмаймыз. Мәселен еліміздің байлығын жымқырып шетел асқан Храпуновты біліп тұрып көз алдымызда жіберіп алдық. Айта берсек көп қой. Ертең майшеке бастағандардың да солай жасамасына кім кепіл болады. Олар қалай болғанда да орманға қарап ұлитындар ғой. Осылай бір-бірін сатып, сата беретін болса, скоро қазақтың арасынан бизнеспен айналысатын ешкім қалмас.

Кімнен: Али Қайдан: Астана
14.03.2010 10:59
+0 / -0
Абай атамыз айтқандай "қазаққа жау сырттан келмейді, өзінің ішінен табылады"-деп, Осылай ірі тұлғалы қазақ азаматтарын бағаламасақ, несіне мақтанасың қазақпын деп. Ей қазақ,шеттегілер күліп жатқан шығар, осы көреалмаушылықты қашан қояды екенбіз....... ҚАП-ты әлемдік деңгейге көтерген азамат Мұхтар деп білемін, солай деп естіп жатырмыз.Егер шынымен солай болса, ұят болды бізге халыққа, үкіметке,Қазақстанға........!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.03.2010 18:28
+0 / -0
ия

Кімнен: ел Қайдан: ақ
14.03.2010 14:01
+0 / -0
Бәрін айтта бірін айт деген.Қазіргі шетелге қашқандар,өлтірілгендер, түрмеге қамалғандардың барлығы кезінде НӘНнің тәрбиелеген, қасында жұмыс істеген адамдары.Күшік қылып асырап едім, ит болып аяғымды қаптың, жұмыс беріп едім елдің ақшасын тонап шетел қаштың, сендерде қашып кетсеңдер мына халыққа жауап беруім керекқой міні ақшаны тонағандар деп, қалғандарын тұзаққа түсіріп жатқан саяси ойын.Әйтпесе НӘН білмейді дегенге ешкім сене қоймас.Өздеріңіз айтыңыздаршы елге жаны ашып шырылдап жүрген ағаларымыз неге шетел қашып кетпейді.Өйткені олар халықтың ақшасын тонаған жоқ,арлары таза болған соң елдің қамын ойлап жүр.
Пікір алмасу

Кімнен: Наз Қайдан: Көңіл
15.03.2010 10:00
+0 / -0
Мен сізге қосыламын. Шынымен осы елдің қамын жеп жүрген ағалар неге қашып кетпейді? "Далада" қашып жүргені, немесе темір тордың ар жағына кіргізілгені, және қашырып, кіргізіп отырған "пенделер" арасында орасан зор байланыс бар.Олар бірін бірі ала алмай, талас тартысқа түсіп ЕЛдің мазасын алатын болды...
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі