Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:34

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзенге жаңа әкім тағайындалды

Үстінен қылмыстық іс қозғалған Жаңаөзен қаласының әкімі Орақ Сарбөпеев қызметінен босатылып, оның орнына Серікбай Тұрымов келді. Оны Маңғыстау облысының әкімі Бауыржан Мұхамеджанов бүгін қалалық мәслихатқа таныстырды.

Жаңаөзен қаласы әкімшілігінің өртенген ғимараты. 18 желтоқсан, 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Азаттық тілшісіне Маңғыстау облыстық әкімдігінің ішкі саясат басқармасы қызметкері Нұрбол Телегенов Жаңаөзен қаласының жаңа әкімі Серікбай Тұрымовтың бүгіннен бастап жұмысқа кіріскенін айтты.  

Жаңаөзеннің бұрынғы әкімі Сарбөпеев қызметінен кеше, ақпанның 8-і босатылған. Мұхамеджанов Жаңаөзен қаласы мәслихатының депутаттарына Сарбөпеевтің ​​
Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев. Жаңаөзен,19 желтоқсан, 2011 жыл.
x
Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімі Орақ Сарбөпеев. Жаңаөзен,19 желтоқсан, 2011 жыл.
​​орнынан алыну себебін "Өздеріңіз білесіздер, оған ​​қарсы қаржы полициясы іс қозғады" деп түсіндірді. Ал Серікбай Тұрымов бұған дейін Маңғыстау облысының Түпқараған ауданының әкімі қызметін атқарған.

Депутаттармен таныстыру рәсімінде Маңғыстау облысының әкімі Мұхамеджанов жаңа әкім Тұрымовқа қордаланған мәселелерді «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнымен бірігіп шешу қажеттігін ескерткен. 

2011 жылы желтоқсанның 16-сы Жаңаөзен қаласында ереуілшілер мен полиция арасында қақтығыс болып, полицейлер атқан оқтан 17 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жарақат алды. 

Қазақстанның бас прокуроры Асхат Дауылбаев 2012 жылы қаңтардың 25-і күні мемлекеттік телеарналар арқылы Жаңаөзен оқиғасы туралы мәлімдеме таратып, Жаңаөзен қаласының бұрынғы әкімдері Жалғас Бабаханов пен Орақ Сарбөпеев «қала тұрғындарының мүдделеріне қарамастан, бірнеше жылдар бойы жергілікті халық пен мұнай-газ саласындағы жұмысшыларды әлеуметтік-экономикалық қолдауға бөлінген қаражатты ұрлаған» деген болатын.

Дауылбаев ақша ұрлау әрекеттері «Жанашыр» және «Жарылқау» қоғамдық қорлары арқылы жүзеге асқанын, бұл қорларда «Қазмұнайгаз» барлау өндіру» акционерлік қоғамының тұрғындарға әлеуметтік қолдау көрсетуге арналған қаражаты шоғырланғанын, ақшаның басым бөлігі қолма-қол ақшаға айналдырылып, иемделгенін айтқан еді.  

Ақпанның 5-інде Ресейде емделіп жатыр делінген Сарбөпеев Ақтауға шақыртылды. Сот санкциясымен ол екі ай мерзімге тұтқындалды. Сарбөпеевтің алдында Жаңаөзеннің әкімі болған Жалғас Бабаханов та қамауда отыр. 



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Бөжей
09.02.2012 13:53
+0 / -0
Кімді орнынан алды, кімді салды - онда шаруамыз жоқ. Кім жемей, кім ішпей жатыр.
Кім халықты "АТ!" деп бұйрық берді?
Халыққа осы сұрақтың ғана жауабы керек!
Кімнің аузынан осы бұйрық шықты?
Қызметтен алып, салғаны боққа керек пе, қажет десе бірін-бірі неге пісіріп жемейді!
Негізгі сұрақтың жауабынан қашпаңдар!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 14:19
+0 / -0
Бюджеттен қаражат ұрлайтын алпауыттардың жанында бұл екі әкім майда шабақтар емес пе? Билік сонда майда шабақтарды жазалау арқылы халықты алдағысы келе ме? Алпауыттарды ауыздықтамаса, ел ішін жайлаған әлеуметтік араздыққа қалай тосқауыл қойылады? Таз қалпымыздан арылатын түріміз көрінбейді ғой биліктің мына тірлігінен. Оның үстіне оппозиция белсенділерін қудалау арқылы қоғам наразылығын өршітіп, өз көрлерін өздері қазып отырғанын түсінсем бұырмасын!

Кімнен: Бахытжан
09.02.2012 14:51
+0 / -0
Әкім бала халқына жақын бала әкм болар мекен халқын силаитын оуууу десең

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
09.02.2012 15:11
+0 / -0
Бас ұрының көзі құрымай жас ұрылар ұрлығын тоқтатпайды, бірі кетсе екіншісі оның орнына қонжия қояды...
Және ұрылардың бәрі шеттерінен өміршең, түрмеден шыға салысымен бәрібір жылы да ақшалы орынға қайтадан қонжиып жатқандарын көрмей, білмей отырғанымыз жоқпыз, бәрі де белгілі жай... Ұрылардың дәуірі дүрілдеп тұрған заман болды, олай болатыны - биліктің шіріген жүйесі шылғый ұрылардан құралған, әділеттің ауылы талқандалған...

Кімнен: Ел-Нұр Қайдан: астана
09.02.2012 15:11
+0 / -0
Орақ Сарбопеев пен Жалғас Бабахановтарды тұтқындау - биліктің құрбандыққа шалғандары. Олардың ішіп-жеп қойған ештеңесі жоқ, бірі қызметін тапсырып, сол жерде отыр, бірі енді бастап еді жүмысты. Олар жемқор болса, алдақашан шетелге көшіп, қашып кетер еді. Сондықтан бұл жерде де ойын ойналып отыр. Серкібай Тұрұмов та таза адал жігіттердің біреуі, енді соны отқа салып сынап көрмекші, лайым абырой мен амандық тілейміз Серікбайға! Ал Бабаханов пен Сарбөпеевке алла жар болсын дейміз! Сендердің кінәсіз екендеріңді халық біледі!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 15:26
+0 / -0
Үкімет халлықтың кейбірінің аңқаулығын пайдаланады.Басты сұрақ 1. Бұйрық берген кім? 2, Атқыш полицейлердің толық тізімі?3,Уақытша ұстау түрмесінде 16,12,-17,12 "дежурить еткендердің толық тізімі.4 Қ. ҚАСЫМОВТЫҢ "шет елге қашпай тұрып тезірек тұтқындап,"тағы да атам"деген.5,Дауылбаевты тұтқындау6,ЗИЯЛЫ қауым кешірім сұрау6.Хабар,ктк, қазақстан телеканалдарының бастықтарын қызметтен алу.Қалғаны кейін. Алданбаймыз.
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
09.02.2012 18:18
+0 / -0
ҰМЫТПАЙМЫЗ! КЕШІРМЕЙМІЗ!
Аты-жөні көрсетілмеген дұрыс айтасың.
Тек осыған қосарым, ол енді алдыңғыларын орындағасын да болатын шығар, осы қылмыскерлердің нұротан партиясы мүшесі болатынына сенімім мол,сондықтан нұротан партиясын жоюды талап ету керек. Сайлауда дауыс ұрлаған және геноцид үшін. Хабар, КТК, Қазақстан каналдарын қоғамдық каналдар қылу керек.
Пікір алмасу

Кімнен: казақбай Қайдан: ауылдан
09.02.2012 16:22
+0 / -0
Әй Ел-Нур, Бабахановтың уакытында Сонша мунайлы Жана Озен еш дамымай, құлдырап кеттi. Сарбопеевтің уакытында, халыкты кырып тастатты. Не дегiң келiп отыр ендi, жок әліде халыкты лох корiп отырсың ба. Олардын да кінәсi бар ғой. Айтпақшы, Мирошниковты кінәлап отыр еді мунайшылар. Оны Мангыстауга депутат қылып ұсыныпты деген бірдеңелер айтып жатыр елі. Осы шын бе екен, жаңылыс ақпарат деп үміттенем, Ол туралы бүгін не хабар бар.
Пікір алмасу

Кімнен: акикатшы Қайдан: актау
09.02.2012 17:28
+0 / -0
Мирошников областной депутат! Рас! Ал оган жабылган кылмыс сказка ол без приказа Балжанова и Кулибаева ни тиын алмайды. Гога апкеге 126млн мен 2млрд тенге ресторан обедке кетеди принц англиямен шай пить авторитет для Тимуру Саяси. Ойын халыкты алдау Гана . Сумсултан арамдыгы адайды айдап салып женбесе жену киын екенин ертисбаев пен мусин досы айткан. Майшабактарды куырып шортандар дубайда токалымен ойнастауда

Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
09.02.2012 19:05
+0 / -0
үкімет басындагыларды түгелімен күреп тастау керек шұңқырға сол кезде қазаққа жақсы күн туады ал олай болмаса екі уш әкімді соттағанан ештене өзгере коймас жоғарыдан бастап соттаса сол кезде өзгеріс өз өзімен келеді басымызға

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 20:02
+0 / -0
Әй тағы недейді, өзенмұнайгазбен бірігіп шешуі қалай, тағы бірігіп жейме? Енді Жалғаспен Ораққа тартынатын жер жоқ, кім қалай ұрлады, шетінен сату қалды. 335млн. жеген депутат, 127млн. жеген "жыдықанадан қағаз" алады, қол қойғандар түрмеде, сонда қалай.
Пікір алмасу

Кімнен: Талап Қараш Қайдан: Алматы
09.02.2012 21:07
+0 / -0
Жаңа әкім халқыңа қызмет ет!
Пікір алмасу

Кімнен: М. Ұлықпан Қайдан: Жаңаөзен
10.02.2012 04:29
+0 / -0
Маңғыстау облысының әкімі Мұхамеджанов жаңа әкім Тұрымовқа қордаланған мәселелерді «Өзенмұнайгаз» кәсіпорнымен бірігіп шешу қажеттігін ескерткен.
-------------------------------------------------------------------------------------
"Өзенмұнайгаз" шеше алатын супер парламент болды ғой! Жаңаөзенде 2-басты проблема бар:
1- Жұмыссыздық
2- Пәтерге зәрулік
Әрі қарай проблемалар :
3 Миллиондап мұнай өндірсе де өркениет жетпеген "Мега" секілді сауда орталығы, балалар ойнайтын электронды ойын-сауық алаңшасы жоқ, не мұз айдыны жоқ, радиосы, телеарнасы жоқ, қыдыратын кинотеатры жоқ,көшеде үй арасы жарығы жоқ, не паркі жоқ, базарының нарқы жоқ, бағасы аспандап тұр Осыларды " Өзенмұнайгаз" бен шеш дегені , миымды ауыртпай кет дегені емес пе? "Өзенмұнайгаз" Жанарыс тіккен етігін бермесе, есірген тозығы жеткен көлігін берер ал онымен мәселе шешіле ме? Бір Бауыржан Мәскеуді қорғаған, қазақты көрсеткен батыр болды, Бауыржан болсаң шынымен өзіңіз жиналыста айтқандай " Жемқорлықпен күресейік" деп, сол жемқорлар қақ алдыңызда көздері бақырайып сізді ішінен "жепсің" деп отырды, шетінен ұстап жаба бер! Бірінші СИЗО ны үлкейтіп саларсыз! Әйтпесе Жаңаөзендегі гаражға қамағандай болып ұят болар, депутаты бар, бастығы бар обал жасап журерсіз! Әңгіменің түрін естідік ау...

Кімнен: Баян Қайдан: ЖергiлiктI
09.02.2012 20:19
+0 / -0
озендiктер коздерiн ештенеге жетпеи дамi жок жазбандар оздерiне оздерiн кылдындар ашкоздiк тоймай 700 мын сурап 160 мынын жумысына барып отырган жокпа елдiн олiмiне де баскалардын да обалына калганда ереуiлшiлер кiналi ешкашанда олардын обалы жiбермеидi калыктын обалы жок куштi болса женбедiма бастыктарды алды болды деп отырсындарма одан ештене озгермеидI Туркменстандыктар ереуiлшiлердi пайдаланып билiке келгiсi келдI бундай согыс болат деп ойламаган болыу керек босына куиiп кеткен азамат жiгiттердiн обалы жiбермес 362 аулиелi жер оларды алла коргайды канып елгендер мынау естерiеде болсын Туркменстанан келгендер естерiнде болсын бастык болып оздернше болмандар жергiлiктi жiгiттер карап калмайды сыбагаларынды алып кешiрiм сурайсындар Мангыстаудын акшасы байлыгын котере алмай калдындарма Туркмен ,Калпактын шапалагын тайагын сагындындарма
оралмандар есiктен кiрiп тор менiкI деген болмайды жiгiтер!
Пікір алмасу

Кімнен: кенже
09.02.2012 23:40
+0 / -0
Баян сен жергілікті емессің,сен жергілікті адайлармен түркменстаннан көшіп келгендердің арасына от тастағың келіп отыр ғой ол арам ойың ешқашан жүзеге аса қоймас. арам ойлылар уақыты келгенде АЛЛАДАН қала берді 362 әулиелерден жазасын алады осыны есіңе мықтап сақта.
Пікір алмасу

Кімнен: okirman
10.02.2012 02:29
+0 / -0
баян ау баян ?мына жердегi пiкiрiн,буркырап ауаны булдiрiп сасытып жiберiптi;-))
Пікір алмасу

Кімнен: ТОБЫШ ұрпағы Қайдан: Алматы
10.02.2012 08:45
+0 / -0
Баян негізі Құлыбаевтың. Шөкеевтің, Ертісбаев пиғылдағылардың адамы. болмаса оиы таяз байғұс.Не б Болсада бұлар Адайды бөлшектеп, ауыз біршілігін жоғалтып,БІРЖОЛА құтылып тынғысы келіп жүр.Маңғыстаудың намыстылары бөлінбей Шетпеде, Фортта,Жетібайда тұрды.Олар кімнің иттіке қарсы шықты. Азаматтық көрсеткен ТӨРЕБЕКтің аруағын сыйлаңдар
Пікір алмасу

Кімнен: Адай ата ұрпағы Қайдан: Алматы
10.02.2012 09:31
+0 / -0
Бұрынғы кезде қазақтар көшпелі өмір сүрген. Қашаған Түрікменстанда туылған. Сүгір Маңғыстауда туылып ,өсседе, орта жас кезінде бірнеше жыл Түрікменстан, қарақалпақ еліндегі Ескелді ағайындарымен бірге болады.Амангельді Төлеев Түрікменстанда туылған.Олай болсада 2002жылы Жамбыл облысында жер сілкінгенде 1-бірі болып Ресейде отырып ақша аударды.Қазақтың ғұлама ғалымы Ғубайдолла Айдаров Маңғыстауда туғанмен бала күнінде Түрікменстанға көшіп кетті.Мектеп бітірген соңқалған ғұмырын Алматыда болып,қай адайдың баласының да, қай жердікі екеніне қарамай қуанып отыратын. Сол ағаны ойлауы бойынша ақылсыз пенденің бөлшектеуі "маған оң қолдың керегі жоқ, болмаса сол көзім қисық көреді деп, өз денесіне ,бөлшектегенмен бірдей."Ағай солай оилайтын. Солай сөйлейтін.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.02.2012 09:36
+0 / -0
Сегіз арыс АДАЙДЫҢ БІРІ бабамыз Қ ОСАЙ АТА Қарақалпақ жерінде Нөкіс қаласының жанында жерленген.Баян ұрпағын түсінбей АТАлар лағнет айтпаса екен.

Кімнен: Малғұн Қайдан: Ақтау
09.02.2012 20:34
+0 / -0
Ей!, адайлар өртендіңдерғо сендер әрқашан құмырсқа болып,ал билік басындағылар сендерди көрмей басқанына қанша уақыт болт?Қазақта сөз бар "Шыдамныңда шегі бар".Қарандарш адайлар құл секілді қара жұмыс жасайт,ал биіліктегілер тыртаңдап ақшаны қайда жіберерін білмей басы айналат.Тағы келіп шындықты білмей халықты қаншама уақыт сабырға келтірген кішкене басшылардын мойнына бәрін көтертіп қойды.Жаңаөзен әкімі Сарбөпеев Орақты жауып тастат.Сонда Орақтын бар кінәсі не?Жаңаөзенге болсын деп көркейткеніме?Олай болмайт сол 16-сы күнінен басталт бәрі соны тексеретін болса бұрынан не бітірт,бояуы сінгенен кейін жұмыс жасап халықтың өздеріне назарын аударып?ОЯНыңдар АДАЙлар!
Пікір алмасу

Кімнен: бөліңбеңдер, ағайын Қайдан: АЛМАТЫ
10.02.2012 08:36
+0 / -0
Ояныңдар , қазақтар

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.02.2012 22:51
+0 / -0
Нұрекеңнің күйеу баласы мен қайынағаларының үстінен де қылмыстық іс қозғау керек.

Кімнен: Әлі Ердене Қайдан: Алматы
09.02.2012 23:34
+0 / -0
Бұнның бәрі спектакль

Кімнен: Қар Қайдан: Қыстан
10.02.2012 00:18
+0 / -0
Бабаханов пен Сарбөпеев жеп қойды "ойбай" деген құлақтандырулар Жаңаөзен халқының көкейіндегі сұрақтарға толық жауап берген жоқ.Халықтың күткені бұл емес еді.Сұрақ:Қан төгіске кім кінәлі?

Кімнен: Адай жiгiт Жанаозен Қайдан: Жанаозен
10.02.2012 00:21
+0 / -0
Мен О.Сарбопеевтiн жеп койды дегенiне сенбеймiн! Мандай алды намыской азамат едi накактан тiрi мишень болып отыр. Бiзге ок аттырган жауызды берiндер! Халык бiлсiн озiнiн "каhармандарын"!
Пікір алмасу

Кімнен: адай кыз Қайдан: Жанаозен
12.02.2012 04:13
+0 / -0
Дурыс Адай жигит мен косылам еш кандай жазыгы жок
Пікір алмасу

Кімнен: Беріш Қайдан: Мангыстаудан
14.02.2012 01:44
+0 / -0
Агайындар бул проблема тек адайдікі емес ал букіл атам казақ деген арлы адамдардың проблемасы. Халыққа оқ атқан жауыздар мен бұйрық берген жалмагырлар жауапка тартылсын. Үкімет басына елдің камын ойлайтын азаматтар келсін. Казактын казаны бар какпагы жок, несібесін корінген кок ит келип жаламай озине буйырсын. Келер урпагымыз кай байлыгына кун кореді соган ойландындар ма жалмауыздар. Жазаларынды алла берсін.

Кімнен: Айкүн
10.02.2012 00:31
+0 / -0
Бұл "қолшоқпарлардың" орындары аусқанмен халықтың жағдайы жақсармайтынын бассыз билік неге түсінбейді? Қазақ халқында ерте заманнан "Жер дауы, жесір дауы" бар еді, енді "Еңбек дауы" қосылды. Алдыңғы екі дауды еш дипломы, еш ғылыми дәрежелерінсіз-ақ даналығымен алқа билер шешкендей, қазіргі билер өз дәрежесінде шешуге білім, ақыл дәрежелері, өресі жетті ме?
Пікір алмасу

Кімнен: Местный Қайдан: Аккетик
10.02.2012 02:06
+0 / -0
Дурыс ау Айкун келистирдин! Бурын Айтекеби Казбекби Толеби болса казир Сотыби барин шешеди! Орактын обалына калган Айткулов сотыбимен согып Аланга киз уй тиктирди артынан Оракты уры кып турмеге тыктырды! Айткулов саган 362 аулие мен Аллахтан мын каргыс!

Кімнен: Жылқышиев Қайдан: Шетпе
10.02.2012 03:36
+0 / -0
332миллион тенге жеді деп Мирошников, Арипбаев,Алшынбаевка, 127 миллион жеді деген кудікпен Сейтмаганбетов,Маркабаев, Ешмановка, "Жанашыр" мен "Жарылкау" корынан акша жеді деп Бабахановка, Сарбопеевке қылмысты іс козғап жазықсыз өлгендерді ұмыту үшін әдейі жасап отыр. Шын мәнінде 332млн. Балжанов Аскарсыз (РД бас директоры 1800 адамды жұмыстан шығаруға Тимурдан бұйрық алған да қорқытып орындатқан) 127млн. Аубакиров Аскарсыз (РД қаржы орынбасары) Өзендегі құлағы "Бұрғылау"ЖШС орынбасары Қарамурзаев Аманқоссыз , "Жарылқау" "Жанашыр" қорындағы қаржы Айткуловсыз (обл әкім орынбасары-Көшербаевқа көр қазған ) тіпті бар ғо Тимур Кулибаевсыз соның рұқсатынсыз РД дан бір соқыр тиынды да алу космосқа ұшумен бірдей! Жаңаөзен халқының назарын осындай ұсақ түйек басшылардың қамалуымен өсек таратуымен алдап отыр. МВД министрі Қасымов бұйрығы болмаса ДВД бастығы Қабылов өлседе атуға бұйрық бермейді. Ал Қасымов НӘН руқсатынсыз рогатканы да ата алмайды. Бар бәле үкімет пен НӘН басқарған билікте! Көшербаев РД ны Ақтауға көшірем деп қара терге түсіп еді Тимур аптығын баса қойды. "Ақтау сити" салам деп жар салып еді НӘН мәсім мұрттыны айтақтап қаржыны Астанага алып кетті. "Кендірлі" жұмақ жағалауды салам деп еді мұртты тағы тоқтатты. Маңғыстаудың билікке мұнайы ғана керек ал сенің проблемаң бір тиын оларға! Көзіңді аш Маңғыстауым! Бөлінбе! Оралман да сенің қандасың! Жамандыққа қиса да өлімге қия қоймас! Алға Адайларым! Жем болма алдағанға!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
10.02.2012 23:10
+0 / -0
Орақпен бас араздығым болмасада өзіне сол керек дер едім. О баста айттығой, сен қала әкімісің, яғни әкемізсің, мына ұрыларға ермей халық жағына шық деп, тыңдадыма, тым болмағанда басын бағып араласпау керек еді ғой. Ал енді бәленбай жыл ілдіріп жіберсе кімнен көресің, кімнің не ұрлағанын халыққа жария етсе мүмкін ел болып қорғар, кім адаспайды.
Заман тынысы!
Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка!
Жүктеген адам: Жанашыр
7 мамыр 2012 жыл

Заман тынысы! Ер қанаты ат емес бауырым... енді иномарка! Жүктеген адам: Жанашыр 7 мамыр 2012 жыл