Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:36

САЯСАТ

Жаңаөзенде парламент сайлауы өтпейді, мәслихат сайлауы кейінге қалды

Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай тәртібінің ұзартылуына байланысты парламент депутаттарының сайлауы өтпейді, ал төтенше жағдай аяқталған соң жергілікті мәслихат сайлауы өтеді. Бұл туралы жұма күні Қазақстан орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос мәлімдеді.

Қазақстанда сайлауда дауыс беруге дайындалып жатқан сайлау учаскелерінің бірі. (Көрнекі сурет)
Мәтін көлемі - +
Қаңтардың 6-сы күні Астанада өткен Қазақстан орталық сайлау комиссиясының отырысында Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласында парламент депутаттарының сайлауы өтпейтіні хабарланды.

– Орталық сайлау комиссиясы Жаңаөзен қаласында төтенше жағдай тәртібінің ұзартылуына байланысты қаңтардың 15-іне белгіленген Қазақстан парламенті мәжілісінің бесінші шақырылымдағы депутаттарының кезектен тыс сайлауы мен жергілікті мәслихат депутаттарының сайлауы Жаңаөзенде өтпейтіні туралы қаулы алды. Ал жергілікті мәслихат депутаттары мен Жаңаөзен қаласынан түсетін Маңғыстау облыстық мәслихатының депутаттарын сайлау мерзімі төтенше жағдай тәртібі аяқталғаннан кейін анықталып, өткізілетін болады, - деп мәлімдеді Қазақстан орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Владимир Фоос.

Бұның алдында, қаңтардың 6-сы Астанада Қазақстан конституциялық кеңесінің отырысын өткізген Игорь Рогов Жаңаөзенде төтенше жағдай тәртібінің енгізілуіне байланысты сайлау өткізудің қаншалықты дұрыстығы туралы Конституциялық кеңеске Орталық сайлау комиссиясының салған сұрауына жауабын жариялаған еді.

Игорь Рогов азаматтардың өз таңдауын еркін білдіруі - конституциялық хақы болып табылатынын жеткізді. Оның айтуынша, «азаматтардың бұл хақы тек тұрақтылық пен қоғамдық қауіпсіздік сақталған жағдайда ғана жүзеге асуы тиіс. Өз даусын еркін білдіру үшін еркін жүріп-тұру, бірігіп, жиын, митинг, шерулер өткізу және ақпаратты еркін қол жеткізіп, тарату құқықтары да қоса болуы керек».

- Мемлекет азаматтардың осы құқықтарын толықтай пайдалануына, сондай-ақ сайлаудың ашық және бәсекелі түрде өтуіне жағдай жасауы керек. Бірақ төтенше жағдай кезінде және азаматтар мен заңды тұлғалардың жоғарыда аталған құқықтары мен еркіндіктері шектелгендіктен олардың еркін дауыс беруі өте қиын, - деп түсіндірді Игорь Рогов Конституциялық кеңестің тұжырымын.

Маңғыстау облысындағы Жаңаөзен қаласында 2011 жылы желтоқсанның 16-сында мұнайшылар мен полиция қақтығысып, артынан қарусыз адамдарға қарсы оқ атылды. Ел президенті Нұрсұлтан Назарбаев 2011 жылғы желтоқсанның 17-інен 2012 жылғы қаңтардың 5-іне дейінгі мерзімге Жаңаөзен қаласының аумағында төтенше жағдай жариялады, қалада түнгі 11-ден таңғы 7-ге дейін коменданттық сағат тәртібі енгізілді.

Ал қаңтардың 4-і күні президент өз жарлығымен Жаңаөзендегі төтенше жағдай мерзімін 31 қаңтарға дейін ұзартты.

Төтенше жағдай тәртібі мезгілінде басқа шаралармен бірге Жаңаөзен қаласына баратын, қаладан шығатын қимыл-қозғалысты тұтас шектеліп, жиналыс, митинг, пикет, шерулер өткізуге, сонымен бірге көшіріп басып, көбейтетін, радио- және телехабарлар тарататын және аудио-видео жазатын аппаратураларды қолдануға тыйым салынған.

Ресми орындар Маңғыстау облысындағы оқиғалар салдарынан 17 кісінің қаза болып, 100-ден аса адамның зардап шеккенін хабарлады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі 
Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 13:22
+0 / -0
Бұл біздің биліктің ақылы аздығын көрсетеді. Кімнен,несіне қорқады? Өткізсін.Жанаөзен халқы да дауыс берсін. Қара халықты сонша басынуға бола ма? Баяғы кеңес кезінде дауыс беру құқығынан айырған алдымен діни сауаттыларды. Сол сиякты репрессия алдындагы кугынан айрыру болмасын.Халқыт басыну,әрі одан сайын ашындыру ғой бұл- біліксіздік пен тексіздіктің белгісі
Пікір алмасу

Кімнен: атыжөні көрсетілмегенге
06.01.2012 13:37
+0 / -0
сандалғандар неме, ана жақта бөзақылардың сөзін сөйлегендер сайлау болмасын (қара басының қамын ойлап) десе, мына жақтан келіп мынау бықсып отыр
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 12:49
+0 / -0
қазір біз шулай бергенше, ауызбіршілік пен татулықпен мәселеге мән беріп қаоайық! жөнсіз билікті қаралай бергенше!
Пікір алмасу

Кімнен: Бахытгуль
09.01.2012 13:17
+0 / -0
Расында ауызбіршілікпен пен татулыққа не жетсін!!!Билікті жөнсіз қаралай беру дұрыс емес. Меніңше биліктің барша шешімі орынды әрі ДҰРЫС!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 17:31
+0 / -0
өте дұрыс пікір! тұжырым! өте қолдаймын! сайлауды Жаңаөзенде кейін өткізу өте дұрыс!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 19:31
+0 / -0
Бұл - халықты тікелей қорлау, ешбір елдің тарихында кездеспеген жағдай. Бізді барынша мұқатып, жасыту үшін ойлап тапқан пасық әрекеттері.
Естеріңде болсын - осы иттіктерің үшін әрқайсыңнан жеке-жеке жауап алатын боламыз! Адайға тізе бүктіру қолдарыңнан келмейді, осыны мықтап естеріңде ұстаңдар!
Пікір алмасу

Кімнен: Ербол
09.01.2012 13:18
+0 / -0
Ия мен де қолдаймын!!!Өте орынды!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 17:33
+0 / -0
билік не десе де қаралауға құмармыз! болсын десе болмасын дейді, болмасын десе болсын дейді! биліктің шешімін қолдаймын
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 00:00
+0 / -0
Енді билік өмірбақи набаротын істейді емес пе! соны да түсінбейсінбе?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 15:36
+0 / -0
Жасай бер, жаса Қазақ елі! арандатушылардың сөзіне құлақ түрме! Жаса Елбасы! Болашақ біздің қолымызда!
Пікір алмасу

Кімнен: Несипказы
09.01.2012 13:21
+0 / -0
Мен де биліктің шешімін толығымен қолдаймын:!!!Осыншама жылда Мемлекетімізді алға жетелеп,сонша жетістіктерге жеткізіп отырған БИЛІККЕ МЕНІҢШЕ ТОЛЫҒЫМЕН СЕНІМ БІЛДІРУГЕ БОЛАДЫ!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 17:49
+0 / -0
өте дұрыс, шірендіре берудің қажеті. бармаймыз деген өздері, енді шулаудың қажеті жоқ. өздері жоқ жерден бәле тапқан!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 15:38
+0 / -0
мен Қазақстанда өмір сүріп отырғаныма өте қуаныштымын! Еллбасының арқасында, Елбасы саясатының нәтижесінде ең үздік ЖОО нан білім алып, жұмысқа орналастым. бұрын пара беру керек деген әңгімелерге сенуші едім, оның бәрі бос сөз екен, конкурс арқылы білімімімен өттім, Жастар қу өсекке сенбей білім алыңдар, сендерге жол ашық!
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
07.01.2012 19:19
+0 / -0
Мыналар сияқты президент әкімшілігінің немесе ішкі саясат бөлімінің комменттеріне назар аудармай ақ қойыңыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
09.01.2012 20:18
+0 / -0
Билiктiн несiн мактап oтырсын 16 млн халыкты багалмаи oтырган 1маскванын халкына жетпеитiн каншама байлыктын устiнде oтырып
Пікір алмасу

Кімнен: Жаңаөзендік тұрғын
06.01.2012 17:52
+0 / -0
жаңаөзендегі жазықсыз халықтың құқығын, намысын таптаған белгілі бұзақы топты халықтың назары жібермесін, біз бұзақыларды кналаудың орнына билікті кіналап шыға келеміз!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 19:13
+0 / -0
тура осыдай сөзді осыдан 25 жыл кеңес империясы да айтқан алаңға шыққан қазақ жастарына арнап
Пікір алмасу

Кімнен: Алланың қаһары
06.01.2012 19:49
+0 / -0
Сені Құдай қарғасын! Алдың ба 25 мың теңге жалдаптық ақыңа соған енді арыңды қоса сатасың ба? 25 мың теңге жалдапақың қай тесігіңді жамауға жетеді? Неге сен ахыретті ойламай онсыз да қан жұтып жатқан Жаңаөзендік батыр азаматтардың атын жамыласың? Ей, азаттықтар, сіздерден бір ғана өтініш, жаңаөзендіктердің ар-ожданын аяққа таптағысы келгендердің пікірін жібермесеңіздер екен.
Пікір алмасу

Кімнен: Алланың қаһарына жауабым
07.01.2012 15:33
+0 / -0
Әркім өз ойынан хабар береді деген рас екен, билікті қаралау үшін саған 25 мың теңге төлейді екен ғой. бұл да мәлім болды! арын ақшаға сатқандар міне нағыз осылар!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 19:26
+0 / -0
жаңаөзендегі жазықсыз халықтың құқығын, намысын таптаған, билік жалдап алып мұнайшыларды арандату үшін жалдап алған белгілі бұзақы топты халықтың назары жібермесін, біз бұзақыларды, оларды ұйымдастырып осынау жауыздық іске жұмсап отырған билікті кіналаймыз!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 12:47
+0 / -0
Халық жазықсыздан зардап шегіп отыр, бұзақылардың, қара бастың қамын ойлағандар үшін
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 19:23
+0 / -0
Халық жазықсыздан зардап шегіп отыр, билік басындағы жауыздардың қырсығынан
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 15:35
+0 / -0
Жаңа жыл бәрімізге, елімізге тышыштық, байлық, береке алып келсін! еліміз гүлденіп жайнай берсін! Ел үшін Туған Нұрсұлтандай басшымызға Құдай қуат берсін !
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 19:21
+0 / -0
Жаңа жыл бәрімізге, елімізге тышыштық, байлық, береке алып келсін! еліміз гүлденіп жайнай берсін!
Тек қана қазақтың сорына туған жауыз, билікті арамдықпен басып алып отырған Ұрысұлтандай басшыны құдай жазаласын!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 18:18
+0 / -0
Адамға Алла да жақпайды деген осы екен, биліктегі біреу түшкірсе де дұрыс түшкірмеді деген осы екен гой ))))
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
08.01.2012 21:02
+0 / -0
ұры, өтірікші, суайт, арсыз, аяр, ұятсыз, жауапсыз, жемқор, сатқын, билікұмар, тақұмар, менмен, атаққұмар, байлықұмар, қанішер, қарақшы, сұрқияларды ҰЛЫ. ЖАЛҒЫЗ, ПӘК, МІНСІЗ, ҒАЛАМДЫ ЖАРАТУШЫ, ӨЛТІРУШІ, ҚАЙТА ТІРІЛТУШІ, ЖАУАПҚА ТАРТУШЫ, АДАМ ХАҺЫН АЛЫП БЕРУШІ, ҚИМЕТ КҮНІНІҢ БИЛЕУШІСІ АЛЛАҺ ТАҒАЛАмен теңестіріп алжыма!
Пікір алмасу

Кімнен: Кудайберген
09.01.2012 13:11
+0 / -0
Сіздің аты-жөніңіз көрсетілмеген.Кешіріңіз,бірақ Сіздің ойыңыз мүлдем дұрыс емес.Егер үкіметпен осындай шешім қабылданған болса,онда оның да ӨЗ СЕБЕБІ бар деген сөз.Қазақта бір құмалақ бір қарын майды шірітеді деген сөз бар.Өз ойым расында,Жаңаөзен қаласында парламент депутаттарының сайлауы өтпегені дұрыс. Ал халыққа қатысты келетін болсақ төтенше жағдай аяқталған соң бұл қалада да жергілікті мәслихат сайлауы өтеді ғой.
Пікір алмасу

Кімнен: Әліби Қайдан: астанадан
09.01.2012 13:41
+0 / -0
Құрметтім, бұл жерде биліктің ақылының аздығы емес, керісінше тағыда қантөгістің алдын алу шығар! Құдай біледі ОППОЗИЦИЯНЫҢ таңы қандай сыйлық дайындап жатқанын?! 16 желтоқсанда көрдік олардың "интузиазмдарын"! Рахмет, соның өзі жетеді! Сондықтанда, Жанаөзенде саулауды кейінге қалдырғанын қолдаймын!!! Барлық мәселелер шешілсін, анық қанығына жетсін Үкімет содан өз таңдауларын жасайды Жанаөзендегі бауырлар!

Кімнен: Қуаныш МҰҚТАЙ Қайдан: Алматы
06.01.2012 13:30
+0 / -0
ҚАЗАҚҚА ДА ТАҢ АТАР!

Бір кез сезер қазақтар таң да атқанын:
Бұғалықта алданып көп жатқанын,
Тізеден кешіп жүріп қан-батпағын –
Ғасырдың бастан кешкен зардаптарын,
Құрбан болған Жаңаөзен қазақтарын,
Бостан алған қазақтар ардақтарын!!!

Ессіз билік, асқынып, долданады,
Есі кетіп, күш-қару қолданады!
Көріп тұрып ұлтымның қырылғанын,
Бұл ақының тыпырлап жынданады.
Кері айналтпақ тарихтың доңғалағын –
Биліктің кім кешірер қорлағанын?!

Дүние-ай!
Алма-кезек сен қандайсың?
Оқ тиген жүрегінен мен аңдаймын!
Тағы да қан!
Қан ақты!
Жерге сіңіп...
Тағы да таң –
Тұншықты қанға жүзіп!
Тағы ойран –
Танымалы – террор аты,
Жау билік қазақтарды көздеп атты!
(Қазақпын ұйқыдағы – мен оңбаймын,
Гүрсілден оянбаған сор маңдаймын...)

О, Қазағым!
Мен сені құдай көрем,
Сенің үшін намазға құлай бергем.
Қандыбалақ жау билік баудай қырып,
Аңыратты қазақтың шаңырағын!
Жер де, су, аспан асты – Қазақтікі:
Киелі Ата-мекен Құдай берген,
Ежелден Сақ бабамыз өмір сүрген!

О, Жаңаөзен!
Сендерді аза тұтып,
Жүректен қан сорғалап, жылайды өлең.
Қарусыз қол қаламға қарманады,
Ойқой жалған, болдың-ау, зарламалы –
Қасіретін қазақтың кім өлшеген?!
Ажал сеуіп, қазаққа оқ боратып,
Тағдырымды Нұрсұлтан тамамдады:
Қанға жерік, қандықол, жауыз билік,
Жазалап жатыр әлі тоқтамады...

Не болары белгісіз,
Не болар күн?!
Еңсемізді басқанда қап-қара түн,
Айықпадық, еңіреп, күрсінуден.
Болмас енді!
Болмайды бұлай жату:
Жала жауып қазаққа, айыптаса –
Үнін өшір!
Бас көтер!
Уа, Қазағым!
Үнін өшір үрейлі жау биліктің!

Кімнен: Сұңқар Қайдан: оқжетпес
06.01.2012 13:46
+0 / -0
Жаңаөзенді халқымен бірге қытайға сатыл жіберген болған ба!? болмаса онда қазақстаның азаматтары тұрады ғой. бұл сонда бір елде екі түрлі түзім деген сөзге саяма? немесе олар түрмеде жатқан қылмыстылар болып есептеле ме? саясаткерлер түсіндіріп көріңіздерші бізде біле жатайық. "естімеген елде көп" басқа мемілекеттерді таңқалдыратын шығармыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 15:58
+0 / -0
Кез келген бір учаскеде сайдау өтпейтін болса, ол сайлау тұтасымен заңсыз деп танылады. Біздің елде орын алған заңсыздықтар үшін тек қана биліктің өзі кінәлі.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 16:42
+0 / -0
Сұңқар, егер түрмеде жатқан адам Қазақстан азаматы болса, ол міндетті түрде сайлауда дауыс береді.
Түрмеге де сайлау жәшіктері қойылады. Сайлау кезінде түрмеде отырған адамның дауыс беру құқын ешкім бұза алмайды, заң бойынша солай.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 15:41
+0 / -0
15 қаңтар мен үшін ең бақытты күн! мен үшін мереке! сайлау! елде ерекше мерекелік көңіл күй қалыптасады! баламның дүние есігін ашқанына 40 күн болады)
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 15:39
+0 / -0
осындай бықсық сөздеріңді қойыңдаршы! біз Тәуелсіз Қазақстанның ұландарымыз! Елдің дамуына, көркеюіне бірлесп атсалысайық!
Пікір алмасу

Кімнен: 15 қаңтар бақытты адамға
07.01.2012 18:05
+0 / -0
Бізде тойланбайтын нәрсе қалмады-ғой, Ешкің немесе сиырыңның туылғанына да 40 күн толған жоқ па айтеуір! кейін балаңа айтып кет: мен өлгенсоң қырқымды сайлауға туралап бер деп, сонда тағы бір бақытты боласың!

Кімнен: Маңғыстаулық
06.01.2012 14:27
+0 / -0
Қазақстан дүниежүзілік юриспруденцияға үлкен жаңалық, теңдесі жоқ үлес қосты! Ураааа!

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
06.01.2012 14:28
+0 / -0
ҚАН ТӨГІЛГЕН ЖЕРДЕ САЙЛАУ ӨТПЕУІ КЕРЕК ДЕГЕНІНЕ ҚОСЫЛАМЫН!

БІРАҚ ОЛ ҚАЗАҚТЫҢ ҒАНА ҚАНЫ ЕМЕС ПЕ? СОНДЫҚТАН БҮКІЛ ҚАЗАҚ ЕЛІНДЕ БҰЛ МАЗАҚ САЙЛАУ ӨТПЕУІ КЕРЕК!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 15:43
+0 / -0
Сайлау өткен дұрыс! өтетін нәрсе тезірек өтіп кеткені дұрыс, тыныштығымызды сақтайық! бірлігімізді нығайтайық! Өйткені, біз қазақпыз!
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
08.01.2012 00:16
+0 / -0
ұрыларға түбі бір төнетін зауқалдың басы басталды! Ұрылар! енді тыныштықты ұмытыңдар! Аллаһ жазаларыңды екі дүниеде де берсін!

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
06.01.2012 14:34
+0 / -0
"Сасқан үйрек құйрығымен ін қазады"- ның кері ғой бұл. Жаңаөзен бойынша қанша пайыз берерлерін білмегендіктен жасап отырған тәсілдері. Жаңаөзенде бұрыннан да беделдері төмен еді, енді 16 желтоқсаннан кейін тіпті бастары айналып кетті, 90 берсе, халық қайта толқып кетуі мүмкін, 50 берсе, ол өздері үшін аз, ал халық үшін көп, тағы қай жағынан шығып қаламыз деп, тоқ етері сайлауды өткізбеген тыныш болар деп шешкен екен. Бірақ, олар үшін бас ауыртатын мәселелер әлі көп. Маңғыстау облысы бойынша,Атырау,Орал,Ақтөбе,Қызылорда бойынша, жалпы Қазақстан бойынша қанша пайыз беру керек, халықтың наразылығын тудырмау үшін. Меніңше, бұл сайлау ерекше, егер Қазақстанның батыс өңіріндегі халықтың толқуын ескерсек, және Ресейдегі сайлау соңынан болған шерулерді ескерсек.

Кімнен: Мақсат Қайдан: Алматы
06.01.2012 14:49
+0 / -0
Бізге, адайларға, мұндай сайлаудың қажеті жоқ!
Біле білсеңіздер Үкіметте/Парламентте бірде бір адай жоқ, себебі біз Отанымызда тонай алмаймыз.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 15:44
+0 / -0
бөлінбеңдер қазақтар! қазақтың бөлінгені орға жығылғаны! біз біртұтас елміз!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 19:19
+0 / -0
Қолдары қанға батқан, қалталары ұрлық ақшамен толған боқ қарын сорлылардың арасынан бір де бір жөні түзу адам орын ала алмасы анық. Себебі; жөні түзу адам түзу жолмен жүргісі келеді. Ал, қасындағы жамандар оны дұрыс жүргізбейді. Сосын айқай шығады. Ал; айқай болмас үшін жөні дұрыс адамдарды билік басындағылар (қазіргілер) жолатпайды. Сөйтіп, олар ойларына келгенді істеп халық алдында масқара болуда.

Кімнен: ара Қайдан: уядан
06.01.2012 15:06
+0 / -0
не дегенмен адай мен берiштер жарады!
адам танымайтын бiздiн билiктi бiр таубесiне тусiрдi.
ендi билiк аягын байкап басатын болады батыста
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 19:20
+0 / -0
Аяғын байқап басатын еді баяғыдан-ақ. Соған көне алмай олар, енді адайлардан кегін алып, қырып жатқан жоқ па?

Кімнен: Ақмарал Қайдан: Ақтөбе
06.01.2012 15:09
+0 / -0
Не деген масқара! Бұл жаңаөзендіктерге от шашумен бірдей емес пе? Бұқтырған үстіне бұқтыру емес пе?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 15:46
+0 / -0
жоқ бұқтыру емес, тек өкініштісі бұзақылардың кесірінен халықтың құқығы шектеліп калып отыр. бұны бәрі біледі)

Кімнен: Қазақ Қайдан: жер
06.01.2012 15:14
+0 / -0
Жаңаөзендіктердің құқығы өзге қазақстандықтармен бірдей, тең емес пе? Әлде ол аймақ халқымен бірге толық Қытайға сатылып кеткен бе? Білетін жан болса түсіндіріп жазыңыздаршы, өтініш!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 16:18
+0 / -0
Өз даусын еркін білдіру үшін еркін жүріп-тұру, бірігіп, жиын, митинг, шерулер өткізу және ақпаратты еркін қол жеткізіп, тарату құқықтары да қоса болуы керек» дейді. шұғыл күйдің 31 қаңтарға ұзартылуы осыны айғақтағандай. Халық жаңа ақпарат таратып жүрмесін деген біздің биліктің сиқы осы.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 16:24
+0 / -0
"халықпен біргеміз" дейтін бүгінгі билік "Жаңа өзенді" оқшаулағаны ақылға қонымсыз. Әй қайдам, істейді. бұған көнгелі қашан....
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 15:47
+0 / -0
өз туған жерін өртепқ қиратқандар үшін жаңаөзен халқы өз жерлестерінің әрекеті үшін жерге қарады! амал не? санасының жеткен жері осы болса?

Кімнен: пйкпукп Қайдан: еееекуйн
06.01.2012 16:10
+0 / -0
Ќисынѓа салсаќ, Жанаозендегі канды ќаќтыѓыс жергілікті билік басшылары мен компания торагалары тарабынын ќателігінен болѓан. Мђны џкімет пен кџйеубаласы тимурѓа алданып ќалѓан ѓасыр ѓђламасы Н.Назарбаевтын љзі айтты. Ал, ќалаѓа тљтенше жаѓдай тѕртібін енгзіген Н Назарбаев. Яѓни ел президенті жанаозендіктерді сайлау кукынан айырып отыр. Мђндай басшыны ќалай ќђрметтеу керек осыдан кейін?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 19:21
+0 / -0
Сен оны әлі құрметтейсің ба? Ол деген бар абыройдан айырылды емес па?
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
08.01.2012 00:26
+0 / -0
парадокс деген сол - ғалымсымақтар кемеңгеріне "ғасыр ғұламасы" деген әлемде жоқ атақ беріп жатқан кезде ол кісі қол астындағы адамдардан алданып отырыпты. масқара! Осыдан кейін ол кісі ондай атаққа лайық емесін түсініп ол атағынанан бас тартатын шығар? Әйтпесе, "ғасыр ғұламаларыңның түрі осы ма, қол астындағылардан бір күн емес, екі күн емес бақандай жеті бойы алданып келген?" деп бүкіл әлем күледі ғой.

Кімнен: Шығыс қазағы
06.01.2012 16:14
+0 / -0
Егер Жанаөзенде сайлауға тиым салынған 15 қаңтар күнін қаралы күн деп жариялау керек! Намыс бар қазақтар осы күні сайлауға бармаса екен.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 16:16
+0 / -0
Енше ғана сайлауға бармаймыз деп шіреніп еді. Енді ойбай құқығымыз тапталды деп бақырып жатыр. Ақыры бармайтын болған соң өткізудің қажеті қанша сіздерге сайлау... Тем более тка қана Адай, Адай деп немесе Маңғыстау Маңғыстау деп трайбализмге салынып отырғандардың даусы қажет те емес.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 17:46
+0 / -0
100 пайыз қосыламын! әбден айтқандарын істетіп жаман үйренген. Әрине, адай деп көпке топырақ шашуға болмайды. бірнеше ғана есерсоқ адамның кесірінен бәрін кіналау артығырақ. бірақ, бір құмалық бір қарын майды шірітеді. сабыр ағайын сабыр
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 23:51
+0 / -0
Ей, мүгедек! қайдан шыға келдің ей!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 23:50
+0 / -0
Баурым былжырамашы! Жана-зендіктер сайлауға қатыспасада, оларды срттай сайлаудан шеттету дұрыс емес, ақыры сол жаңа өзендіктер жеңіске жеткен кезде сенің артың дірілдейтін шығар! жалай бер жалағыш! өлгендердің ішінде туысың болса еді айтпас едің, пендешілік-қой, пендешілік...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
07.01.2012 22:49
+0 / -0
Адайлар бүлінген билікке дауыс бермейді! Олар керек болса, билікті өздері сайлап алып, өз Республикасын құрады!

Кімнен: Наркескен! Қайдан: Атырау!
06.01.2012 16:27
+0 / -0
Билік көйлеңкесінен қорқып отыр! Осылай болу керек!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 16:42
+0 / -0
Бүгін қаламызда таңертеңнен гаи, менттар, қалаға елбасы келетін кездей қиылыс сайын тұрды. басымыз дал болды мыналарға тағы не ьолған екен деп. бақсақ, бүгін 6 қаңтар халықтың осы күнді траур жариялайық дегенінен қорыққан екен.

Кімнен: Жолаушы Қайдан: Жол
06.01.2012 16:46
+0 / -0
Сайлау отпеуінін басты себебі дал казіргі уакытта ол жакта "НурОтаннын" жеткілікті дауыс ала алмауы коркынышынан емес пе екен
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 19:53
+0 / -0
мен саган косыламын

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 16:57
+0 / -0
Әй, қазақтарым-ай, бекзаттарым-ай!
Менің ішімде бір күдік пайда бола бастады. Бұл қалай сонда?
Қазақтарды (қазақстандық басқа ұлтқа бәрі бір, өлмесеңдер өмірем қап деп отыр) әдейі ашындырайын, ызаландырайын, ештемеге былқ етпейтін маубас едіңдер, енді осылай қорлайын - сонда оянар ма екенсіңдер, сонда өз құқыларыңды талап ете аласыңдар ма екен деп бір сұмырай әдейі істеп отырған жоқ па өзі? Ел ішіне бүлік салу үшін?
Бұл қазақ халқына жақсылық ойлап отырған адамның ісі емес. Тіпті бұны ойлап тапқан қазақ емес! Бұл от жағып, соңын өртке айналдырғысы келіп отырған топтың ісі. Елдің ойранын шығарғысы келіп отырған біреу!
Қазақтың көтерілуі қиын, енді осылай бір қамшылап көрейік деп отырған сияқты.
Басқаша миға сияр емес!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 17:22
+0 / -0
Онсыз да сол сайқымазақ сайлауыңа барам деп иегі қышып отырған өзендіктер аз! Болған күннің өзінде бармайды! Ал енді соны басқа қазақтар (шын, жүрегі қазақ деп соғып отырғандар, биліктің боғын жалап жүргендер емес) қолдаса құба құп болар еді. Қазақ күшін осындайда көрсету керек!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 17:29
+0 / -0
Ұсыныс:
15-і күні сайлауға бармайтындар қалалардың алаңдарына шығып, қол ұстасып, судай тасып "Атамекен", халық әндерін шырқап, тізе қосып думандатып қалмайсыңдар ма!
Еңку-еңку жер шалып дегендей.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.01.2012 17:29
+0 / -0
құрметті қазақтар жаңа- өзенде сайлау өтпесе бүкіл маңғыстау, жалпы барлық облыс сайлау-дан бас тарту керек , сайлағанда кімді сайлаймыз?ұры-отан-дыма? алде жағымпаз ақ жолдыма? ойланайық осыны!
Пікір алмасу

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
06.01.2012 18:28
+0 / -0
Оларға кәпір деген сөз тым жеңіл, ондайларды азғын деп атау керек.
Пікір жарияланған бет , жиыны 3
    Келесі