Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:44

ӘЛЕУМЕТ / Оралмандар

Әлеуметтік дағдарыстарға бола неге оралмандарды жазғырады?

Жаңаөзендегі мұнайшылардың ұзаққа созылған ереуілі мен оның 2011 жылы 16-18 желтоқсанда қайғылы аяқталғаны Қазақстандағы оралмандардың әлеуметтік адаптациясы түйткілге айналғанын әйгілеп берді. Кейбір сарапшылардың пікірінше, билік әлеуметтік дағдарысқа кінәлі деп репатрианттарды негізсіз жазғырып отыр.

Жол бойында жұмыс берушіні күтіп отырған оралман аналар. Алматы облысы Талғар ауданы, Жалғамыс ауылы, 17 қазан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +
Қазақстан топ-шенеуніктерінің біразы Маңғыстау облысындағы толқулардың негізгі себептерінің бірі  «дұрыс ойластырылмаған көші-қон саясаты» деген пікірде. Бұл ойды алғаш Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорының басшысы болып тұрған кезінде айтқан еді.

Тимур Құлыбаев 2011 жылы қыркүйекте Жаңаөзенге оралмандар Түркіменстан мен Қарақалпақстаннан «бүтін ауыл болып көшіп келді, әлі келіп жатыр» деп мәлімдеді. Ол ереуілге шыққан мұнайшылардың негізінен оралмандар екенін баса айтты.

Қазақстан президентінің кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев жуырда Лондондағы Корольдік халықаралық қатынастар институтында («Чатам Хаус») сөз сөйледі. Кеңесші «Оралман» деп бөліп-жарып айтпаса да, «Жаңаөзендегі проблемалар көші-қон саясатындағы түрлі қайшылықтардың кесірі» деді. Ол "Жаңаөзен халқының саны 15–20 жыл ішінде Өзбекстан мен Түркіменстаннан келген мигранттар есебінен екі еседей өсті" деп мәлімдеді. 

Қазақстан билігі айтып отырған оралмандар кімдер? Неліктен аяқ астынан олар, биліктің айтуынша, «әлеуметтік аутсайдерлер» және «жатыпішерлер» бола қалды? Неліктен билік әлеуметтік дағдарыстарға оралмандар кінәлі деп оларды айыптайды?

Азаттық радиосының дөңгелек үстелінде осы сұрақтар талқыланды. Дөңгелек үстелге «Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Бақыт Түменова, «Болатхан Тайжан» қорының президенті Мұхтар Тайжан, Маңғыстау облысындағы «Туған ел» оралмандар бірлестігінің төрағасы Елсұлтан Кемәладдинұлы, «АйтПарк» пікірталас клубының жетекшісі саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов қатысты.

Қазақстан президентінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі Ермұхамет Ертісбаев, «Қазақстан биографиялық энциклопедиясының» редакторы Данияр Әшімбаев, Маңғыстау облысы ақсақалдар кеңесінің төрағасы Өмірзақ Озғанбаев та сұқбатқа шақырылды. Өйткені осы азаматтар Жаңаөзен оқиғасына қатысты оралмандарды айыптаған болатын. Алайда түрлі себептерге байланысты бұл адамдар пікірталасқа қатысудан бас тартты.

МҰНАЙҒА БАЙ АЙМАҚТЫҢ КЕДЕЙШІЛІГІ

- Қазақстанның мұнайлы өңірлері - Қызылорда, Маңғыстау және Атырау облыстарында ең ауыр әлеуметтік-экономикалық жағдай байқалады, - дейді саясаттанушы Мұхтар Тайжан.

Мұхтар Тайжанның айтуынша, Жаңаөзендегі оқиға бойынша оралмандарды жазғыруға болмайды. Өңірдегі әлеуметтік-экономикалық жағдай ауыр. Мұхтар Тайжан "Маңғыстау халқының ішінде оралмандар үлесі азғантай" дейді. Сондықтан, елге оралған қандастарымызды биліктің әдетінше «бөлек қауым» етіп шығаруға болмайды.
Мұхтар Тайжан - оппозициялық саясаткер. 9 қаңтар 2012 жыл.
x
Мұхтар Тайжан - оппозициялық саясаткер. 9 қаңтар 2012 жыл.
​​
- Олар да Қазақстанның азаматтары. Сондықтан өңірдегі дағдарыстың себебін халықтың шектен тыс тығыздығынан, оралмандардың нашар әлеуметтік адаптациясынан, оларға қолайлы жағдай жасалмағандығынан көру - ахуалдың диагнозын қате қою деген сөз. Өкініштісі, 20 жыл ішінде біз қазақ ұлтының тұрмысын жақсартуға қажетті әлеуметтік-экономикалық шараларды жасамадық, - дейді Мұхтар Тайжан.

«ОРАЛМАНДАРДЫҢ ОҚШАУЛАНУЫ»

Маңғыстаудағы оралмандардың  «Туған ел» облыстық бірлестігінің төрағасы Елсұлтан Кемәләддинұлының пайымына қарағанда, билік оралмандар деп Қазақстан азаматы төлқұжатына ие болған адамдарды атап отырса, олар - қазіргі Қазақстан жұртының жартысын құрайтындай шамада.

Елсұлтан Кемәладдинұлының пікірінше Жаңаөзенде болған оқиғаның бар кінәсін оралмандарға жаба салу мәселені шешпейді.

Жаңаөзендегі дағдарыстың негізгі себебін саясаттанушы Нұрлан Ерімбетов осы
Нұрлан Ерімбетов, "Айт PARK" пікірталас клубының модераторы.
x
Нұрлан Ерімбетов, "Айт PARK" пікірталас клубының модераторы.
​​өңірде болып жатқан әділетсіздіктен көреді. Ол бұл проблема бүкіл елдің проблемасына айналуы мүмкін деп есептейді.

Нұрлан Ерімбетов оралмандар мәселесінде «екіжүзді және ұятсыз болмау керек» дейді. Яғни олармен жолыққанда қандас бауырмен қауышқандай құшақ жайып, сырт айнала бере оларды «оралмандар» деп бөлектеуден аулақ болуға шақырады.

Жаңаөзен қаласы әкімінің кеңесшісі Айнаш Тілекқабылова Қазақстан төлқұжатына ие болған адам - ел азаматы деп есептейді. «Оралман ұғымы әлдеқашан келмеске кеткен» дейді ол.

Тәуелсіз кәсіподақ басшысы Кенжеғали Сүйеуов «билік бөліп тастап отырған оралмандар немесе мигранттар - өзімнің бауырларым» дейді.

Мұхтар Тайжан да Қазақстанда оралмандар жоқ, тек республика азаматтары бар дейді. «Біздің бәрімізде де міне, осындай ұстаным болуы тиіс» деп мәлімдеді «Болатхан Тайжан» қорының президенті.

Нұрлан Ерімбетовтің ескертуінше, Қазақстанға басқа елдерден көшіп келген қазақтар шағын топ болып өмір сүруге мәжбүр. Оның айтуынша, оралмандардың ассоциациялары, одақтары немесе қоғамдық
«Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Бақыт Түменова.
x
«Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Бақыт Түменова.
​​ бірлестіктерінің өзі олардың бөлектенуін, оқшаулануын көрсетеді.

«Аман-саулық» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Бақыт Түменованың ойынша, Маңғыстау облысындағы мұнайшылар бейбіт ереуілдер жасап келген. Бірақ ел басшылығы еңбек дауын дер кезінде шешу мүмкіндігінен айрылып қалған.

- Енді, міне, қантөгіс болғанда барып бәрі жазықтыны іздеп жатыр. Ал қолында билігі бар адамдар қашан да қорғансыз жандарды жазықты қып шығарады, - деді Бақыт Түменова.

Азаттық радиосы дөңгелек үстелінің орыс тіліндегі толық аудиожазбасын мына жерден тыңдауға болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: ара Қайдан: уядан
23.01.2012 11:08
+0 / -0
жерiмiздiн асты мен устi байлыкка толып турса халык аш баланын куйiн кешуде.
ал жалгыз мунайы бар арабтардын жагдайын караныз..

Кімнен: Ызалы, ширыққан қазақ
23.01.2012 11:12
+0 / -0
Біздер, Маңғыстаулықтар, түгел 100% оралманбыз, себебі, ғалымдардың пікірі бойынша, бәленбай ғасырлар бұрын адай жұрты осы Маңғыстауда өсіп-өркендепті, артынан алдымен Кавказ сыртына, Азау теңізінің жағалауына көшкен, одан айналып Алатаудың баурайында біраз қоныстанып отырған, артынан, Сауран айналып, Мұңалжар тауы арқылы Маңғыстауға қайтып оралған. Ягни, оралманбыз. Мүмкін, бірқатарымыз сәл ертерек, бірқатарымыз сәл кейінірек келген шығармыз, бірақ одан оралман екендігіміз өзгермейді. Құлыбаев мырзаның құлағына алтын сырға.
Пікір алмасу

Кімнен: найман Қайдан: тарбағатай
23.01.2012 12:05
+0 / -0
Е, бауырым осы қазақ елінде, өзгенің бәріне бақытты ғұмыр кешуіне кедергі жасап отырған бір халық бар: ол қазақша сөйлейтін қазақ.
Оралман,оралман деп айғайлаулары сол, осы қазақша сөйлейтін қазақтардың көбейуінен қорқу. Биліктегі қандастарымыздың ұрпақтарына көз салып көріңдерші,ішінде 90-проценті қазақша сөйлемейді. Барлық тілді білуі мүмкін:орыс,ағылшын,қытай...,бірақ ана тілін ғана менсінбейді. Олар өздерінің құлдықтан арыла алмай жатқандарын білмейді, мәдениетті санайтын қожайындарының тілінде сөйлесек "мәдениеттілердің" қатарына қосыламыз деп ойлайды. Бүкіл ілімдердің бәрін игерсең де, өз тілің мен мәдениетінен қашқан адам - нағыз мәдениетсіз, мәңгүрт адам екенін қайдан білсін, байғұстар.
Айғайдың түп-төркіні осында.
Пікір алмасу

Кімнен: Айсулу
23.01.2012 16:50
+0 / -0
Менің таңданып отырғаным, Маңғыстаулық қанды қырғынға кінәлі бейкүнә оралмандар десек, Тараздағы, Атыраудағы атыс-шабыстарды ұйымдастырған кімдер? Осы сұраққа "нақты" жауап бере алатын адам бар ма? Қысқа балақтылар деп бүрке салып отырмыз ғой, істі толық аша алмай. Атың шықпаса, жер өрте!!! "Мангыстауцы - звезды мира" деп әлемді Адай аты тағы да жайлады. Қара пиар болса да Қазақ деген ел бар екенін алып Америка танитын болды. Әйтпесе, Қытайдың иегіне кіріп кетейін деп қалып едік. Бір отбасындағы бір ерке баланың ісін әке-шешесі қашанда кешіреді. Сол сияқты Адай да - қазақтың ерке руы. Сондықтан Пір Бекеттің мекені - Маңғыстауды жерге тығып, жер сипап қалып жүрмейік?
Пікір алмасу

Кімнен: қазахшыл Қайдан: алматы
23.01.2012 18:16
+0 / -0
осыны өрбіткеннің бірі өмірзақ шөкеев.ОЛ туралы 2002жылы шыққан ордалы жылан жене шимкентская мафия кітабтарындв шөкеевтің оңбағандығы туралы жазылған еді.осы екі кітаптың авторы түлкібастық жігіт белгісіз жағдаида 2005 жылы қаитысболды. газеттер жол көлік оқиғасы дей салды.
Пікір алмасу

Кімнен: Аукционшы Қайдан: Сауда үйінен
23.01.2012 19:02
+0 / -0
Осы кітап туралы көп естимін, қайдан тауып оқуға болады? Сататындар болса адресін айтыңыздаршы, сатып аламын
Пікір алмасу

Кімнен: ҚАЗАХШЫЛ Қайдан: АЛМАТЫ
26.01.2012 10:13
+0 / -0
БІР АЗАМАТ ЖІГІТ ОТБАСЫНАН РҰҚСАТ АЛЫП ҚАЙТА БАСЫП ШЫҒАРСА ӨЗІДЕ АҚШАҒА КЕНЕЛЕР ЕДІ.ЖҰРТТЫҢДА САУАБЫНА ҚАЛАР ЕДІ. ЕҢ БАСТЫСЫҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БИЛІК ӨКІЛДЕРІ БҰДАН БОЙЫН АУЛАҚ ҰСТАР ЕДІ.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.01.2012 11:15
+0 / -0
Өзіңді өзге деп өзектен тебер болсаң неге жылда мемлекет қаржысын шашып, оларды елге шақырып жатырсыңдар. Тимур қайынатасымен ойы бір жерден шықпайды екен ғой. Егер Тимур президент болатын болса, елге сырттан бірде-бір қандас бауырларымызды кіргізбейтін сияқты ғой. Неткен оңбаған едіңдер. Қалталарынан ақша шығарып елге оралтып жатқандай ғой, ол қандас бауырлар елге оралар болса, қарапайым халықтың еңбек ақысымен салық арқылы мемлекетке түскен ақшасымен келді, сондықтан үкімет арты тарылмай-ақ қойсын, өңкей жемқорлар.

Кімнен: өзбек Қайдан: жаңаөзен
23.01.2012 12:32
+0 / -0
Қазіргі орыс тілді, орыс жанды билік бұдан былай қазақтың көбеиуін барынша шектей береді. Сондықтан шетелдердегі бауырларды елге әкелуді де біртіндеп доғарады. Өйткені қазақ саны соңғы уақытта тым көбейіп барады. Бұдан да көбейе берсе орыс тілділер мен орыстардан билікті тартып алып, Кремльге бағынбай қоюуы мүмкін. Сонда орыс тілділер бүгінгі рахат өмірімен жылап қоштасады. Осыны болдырмау үшін билік бұдан былай қазақтың санының көбеиуіне тосқауыл қоя береді.

Кімнен: Қазақбай Қайдан: Астана
23.01.2012 15:45
+0 / -0
Біздің Президент Нұрсұлтан Әбішұлы мен Прьемер-министр Кәрім Мәсімов Владимр Путиннің Орыс Тілі мен Әдебиетіне, Тарихына қалай көңіл бөліп жатқанын неге көрмейді екен. "Ресейге келетін мигранттардан Орыс Тілінен, Әдебиетінен, Тарихынан сынақ қабылдау керек" деген табанды талабын неге елемейді екен-ай!! Путиннің ұлтшылдығының мыңнан бір мысқалы біздің Елбасы мен Үкіметбасыға жұқса - Қазақтар да мейлінше бақытты болып қалар еді.
Пікір алмасу

Кімнен: Ол неге керек Қайдан: Онша маңызды емес
23.01.2012 19:00
+0 / -0
Мұныңыз бос қиял. Оларға енді ештеңе жұқпайды, олардың қазіргі ең басты ойы - ұрлықпен жинаған байлығын қалай сақтап қалу, осы ой оларға күндіз-түні маза берер емес.

Кімнен: я
23.01.2012 16:27
+0 / -0
көбейе түс оралман
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: АҚТӨБЕ
23.01.2012 17:00
+0 / -0
Оралмандардан Жанаозен окигасын кору-нагыз акымактык.Жети ай бойына карапайым жумысшыларды кулакка кыстырмаган,ари жазыксыз адамдарды кғырып салган биликке обал жок.Шынымен де, оз елимизде кул,кун болганша, сол аланда олип ак кеткенимиз жаксы еди.Олар оттамасын, намысы жок казактар гана оралман деп өз кандастарымызды шеттетеди. Олар-нагыз казактар.Оралмандарын кабылдап отырган енимс пен жойттерден уйренеик те.

Кімнен: Заманауи Абай
23.01.2012 16:56
+0 / -0
Менің өмірде түйгенім:
Ересек адамды өзгерту мүлдем мүмкін емес! Билікке ақыл айту, ашық,жабық хат жазып, қазақтың , елдің жақсы болуы үшін айтқан, жазған ұсыныстарыңды олар әжетханаға да тастамайды, уақытыңды босқа өткізу екен. тек сорлы қазақдеген аттан арыла алмадық. қазаққ керек деген тіл, дін, оралман, салт-дәстүр, ұлттық тағамдар, ұлттық нышандар- олар үшін экзотика. Мен неге басқа елдің басшыларын, киіз үйдің ішінде қабылдамаймын?

Кімнен: Лұқпан Қайдан: Атырау
23.01.2012 19:25
+0 / -0
Мұнайшы болу оралмандар үшін оңай шаруа емес, жіліктің ондай майлы басы басы жергілікті тұрғындарға да жетпей жатыр.
Жаңаөзендіктердің ереуілі үшін оралмандардарды айыптау:
біріншіден - қазақы қазақтардың басымдығына жол бермеуге бағытталған науқанның басы;
екіншіден - жаңаөзендіктерді қостанайдың орыс түсті кеншілеріне айыптату арқылы этникалық араздықты тудыру;
үшіншіден - батыстың, солтүстіктің және оңтүстіктің қазақтары деп "бөліп ал да билей бер" деген ұстаным арқылы халықтың назарын элеуметтікдағдарыстан аудару.
Осындай әрекетпен билік байлығын сақтап қалғысы келеді, бірақ бұл саясат елде азамат соғысын тудыруы мүмкін халық үшін қатерлі де қасіретті саясат.
сақ болайық.
Пікір алмасу

Кімнен: КӘДІМГІ Қайдан: АЛМАТЫ
26.01.2012 20:07
+0 / -0
ДАНИЯР ӘШІМБАЕВ ДЕГЕН САЯСАТКЕР -СЫМАҚ БАР.ОРЫС ТІЛДІ.ВРЕМЯ СЕНТРАЛ АЗИЯ МОНИТОР ГАЗЕТТЕРІНДЕ ЖИІ СҰҚБАТ БЕРЕДІ.ОЛ ОРАЛМАНДАРДЫ ҰНАТПАИТЫНЫН БІРНЕШЕ ЖЫЛДАН БЕРІ АШЫҚ ЖАЗЫП ЖҮР.2-3ЖЫЛҒЫ СҰҚБАТТАРЫНЫҢ АРАСЫНА БАЙҚАМАЙ ҚАЗАХСТАНДЫ ҚҰТҚАРАТЫН ШӨӨКЕЕВ ДЕГЕН ТҰРҒЫДА ИНТЕРВЬЮ БЕРІП ЖҮРЕДІ.ӨЗІ2007 ЖАЗЫНА ДЕЙІН РАХАТ АЛИЕВТІҢ АДАМЫ ЕДІ.РАХАТ КЕТЕРНДЕ ШӨКККЕВКЕ АРЕНДАҒА БЕРІП КЕТКЕН СИЯҚТЫ

Кімнен: Жойқын
23.01.2012 19:38
+0 / -0
Оралмандар Қазақстандағы әлімжеттік жасауға, қорлауға, жамандауға, қудалауға ең таптырмайтын топ. Олар белгілі бір дәрежеде Қазақ қоғамынан айрылып қалғаны сынды жарақаттың дертін тартады. Олардың билікте адамы жоқ, сосын біріге алмайды, сосын Қазақстандық қазақ тілділердің өзін ақымақ етіп келген жүйе, оралман секілді қаңғып келгендей әсер туғызатын халыққа тырнақ батырып, босқын ретінде қорлық көрсетуге бейім. Қазақстан бұлданады: Оралмандарға шақырдың, әйттік, бүйттік, енді неге тыныш жүрмейсіңдер, неге өздеріңді төмен ұстамайсыңдар дегендей. шыдамасаң келген еліңе кет деуге де болады. Әй, өздерің жақсы болсаңдар сол елдеріңнеен келмес едіңдер дегенді де қосып қойуды ұмытпайды. бұл түрдегі рухани қорлау оралмандарға шаншудай тисе де, олар еру елдің тайыншасы көшкен елдің бұқасын қорқытады демекші, еріксіз көнуге мәжбүр болады. Келген жеріне қайтып баруға бет жоқ, елім деп келіп, қайтып баруды кім жақсы көрсін. Сонымен оралмандар екі оттың, өз еліндегі қазақ болмау мен ата мекеніндегі Қазақ бола алмау сынды екі қорлықты бастан кешіреді. Әсіресе Қазақ халқының байлығын бауырына қысып, қармап, жалмап жатқандар елдегі қазақтардың (арасында оралман қазақтарда болуы табиғи) наразылығын сезіп, олардың назарын аудару үшін оралмандарды жеккөрінішті ету арқылы, оралмандар пәле салып жүр дегенді сезіндіру арқылы мақсатына жетеді. Оралмандар туралы жазушы Оралқан Бөкей өте дұрыс айтқан деп ойлаймын:
Теңіз жағасында таудан құлап түскен нар тастар жатады. ол тастар теңіз тасыса суда, қайтса құрлықта қалады. Ол тастардың екі отаны бар, бірақ екеуі де оларды мойындамайды.
Ал елде әлі азаматтық алмаған оралмандардың саяси қарсылық жасай алмайтынын, ал азаматтық алғандардың енді оралман деп аталмайтынын есімізге алсақ, заңдық тұрғыда Оралмандар әйтті, бүйтті деген сөздің тегі кімдерге қаратылатыны белгісіз.

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
23.01.2012 20:41
+0 / -0
2016-ЖЫЛЫ ПРЕЗИДЕНТ сайлауында ЕРТІСбаев айтқандай ҚҰЛЫБАЕВ президенттікке сайланса БҮКІЛ ҚАЗАҚ көтерілетін шығар?
ҚАЛАЙ ойлайсыздар?
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.01.2012 21:42
+0 / -0
Сен мыналардың билігін 2016 жылға дейін ұзартып бердің ғой! 2016 дейін болмаса 2036 дейін күтейік онда.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.01.2012 21:46
+0 / -0
Бүгін Жанболат Мамайды, Владимир Козловты және Халық майданы қозғалысының жетекшілерін т.б. жаппай тінту, тергеу басталды. Толығырақ К+ та. Оларға Жаңаөзендегі қырғынды ұйымдастырды деген күдікпен дейді.
Пікір алмасу

Кімнен: Сырт көз Қайдан: Қонақ үйден
23.01.2012 21:49
+0 / -0
Сонда билікке жазықсыз халықты атуға команда берген А.Мусиннің жандайшаптары келуі керек пе? Президентке үміткерлердің ішінде ең байсалдысы осы Құлыбаев қана. Әрине ұлтшылдық жағы Тимурда жетіспейтін болар, алайда оның саяси кеңесшісі Ертібаев сияқты шала қазақ болмай, Тайжан сияқты нағыз қазақ болатын болса онда жаман болмас еді. Қазақ не үшін көтерілуіміз керек? Жаңаөзенде халыққа тікелей оқ атқан жергілікті адайдан шыққан әкім-қаралар мен полициялар ғой. Кейін барып сырттан күш алып келді. Президенттің алдында "қорғандық" деп өтірікті ұялмай міңгірлеп тұрғандар сол Жаңаөзендік полиция өкілдері емес пе?
Пікір алмасу

Кімнен: әулиенің ұрпағы Қайдан: сол жерден
23.01.2012 22:12
+0 / -0
ей оңбаған сырт көз, адайларға оқ атқан және ірткі салған сенің тумаластарың. маңғыстаудың нанын жеп суын ішіп құдығына түкіретін опасыздық сіздерге тән қасиет.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.01.2012 21:54
+0 / -0
Қой жаман сөз айтпа! 2016 жылға дейін басың салбырап күтіп жүрмексің ба? Оған дейін сен боласың ба, болмайсың ба, соны ойлан!
Пікір алмасу

Кімнен: ЖӘЙ ҚАЗАҚ Қайдан: АЛМАТЫ
26.01.2012 10:28
+0 / -0
ӨМІРЗАҚ ШӨКЕЕВ БОЛМАСА БОЛДЫ. ОЛ РАХАТТАН ДА ҚАУІПТІ АДАМ.

Кімнен: ishky bulkhinys Қайдан: astana
23.01.2012 22:52
+0 / -0
Мынау қандай апырау масқаралық,
Не қыларын білмеген оспадарлық,
Оралмандар не қылды өкіметке,
Не ұтпақшы оларды бастамағып?
Қылмыстары тұрғансоң тірелгелі,,
Халықтарды кіналау бір ермегі,
Журналистпен қорқады блокшыдан,
Ұйғырларша мұрыт қойған біреулері,
Осы оқыйға апырау қозданғалы,
Ашық айтсам айтатын сөз қалмады,
Қытайданда қорықпайыт орыстанда,
Өз халқынан қорқады өз қормалы,
Жстарданда қорқуда жойқын қартың,
Денсаулығы сыр беріп қайғырған түн,
(бірдеме деп қалдыма ойғыр қатын).
Айналдырды ұрысқа тойдың артын,
,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,,
........................................................

Кімнен: Ағлен Қайдан: Атырау
23.01.2012 23:58
+1 / -0
Оралман деп оттамасын! Олар өз бауырларым, өз қазағым, өз қаным!! Өзім деп келгендеді өзегінен тепкендердің өздерін қу керек!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
25.01.2012 15:35
+0 / -0
Бәрімізге белгілі баяғы Совет заманы кезінде дүрілдеп жұмыс жасап жүрген геологиялық мекемелер барлығы да Одақ тарқасымен жұмысын тоқтатқаны. Сол кездің өзінде сол мекемелерде қазақ өкілдері аз болатын. Ыдыраған кезде Қазақстанның жер байлығы карталары қолды болып кете барды. Ол туралы талай рет жазылғанөды. Басқа ұлт өкілдері елдеріне қоныс аударды. Сонымен, енді, қайтадан таможнялық Одақ құрылған кезде. сол байлықтардың тоналуына кеңінен есік ашылып, жағдайлар жасалып отыр. Сол кездері жасағандар, келіп жер қойнауындағы ат басындай рубин, алмаз ж/е сондай аса бағалы тастарды қазып алып, ұрлап кетіп жатыр дегенді естиміз соңғы уақытта. Онымен айналысып жүрген ешкім де жоқ. БИЛІКтегілер ваххабиттер, салафиттер деп айқайлап жүргенде, мұрнымыздың астындағы Сарыарқаның қойнауы талан - таражға түсуде. Қор болған қазақ жері-ай!

Кімнен: Бекмурзаев Қайдан: Кызылорда Жанакорган
25.01.2012 22:22
+0 / -0
Қангып келген оралмандар саткындар отанын тастап кеткен кезинде онбагандар
Пікір алмасу

Кімнен: САНАСЫЗҒА Қайдан: ҚАЗАҚТАН
26.01.2012 20:20
+0 / -0
БАЙҒҰС БЕКМҰРЗА АТАҢ САНАСЫЗ ҰРПАҒЫНАНЕ ДЕРІН БІЛМЕЙ ЖАТҚАН ШЫҒАР.БҰЛ ДҮНИЕНІҢ ӨЗІ СЫНАҚ.ӘР АДАМ ӨМІРГЕ ҚОНАҚЕКЕНІН ҰМЫТТЫҢ БА. ТӨЛЕ БИ ТАШКЕНТТЕ ЖЕРЛЕНГЕН.ӘИТЕКЕ БИ ӨЗБЕКСТАННЫҢ НОВОИИ ОБЛЫСЫНДАТҰРҒАН .МҰҚТАР ҚҰЛМҚАМЕД ҚЫТАЙДА ТУҒАН.СЕНІҢ АРҒЫ АТАЛАРЫҢ ҚОҢЫРАТТА12ҒАСЫРДА МОНГОЛИЯДАН КӨШІП КЕЛГЕН.ДЕМЕК БӘРІ ӨЗГЕРМЕЛІ.НИЕТІ ҚАРАЛАР МЕН САНАСЫЗДАР ҒАНА ӘРНЕРСЕНІ БӨЛШЕКТЕУГЕ ҚҰМАР.ҰЛЛЫ ҚАЗАҚТЫБІРІГІУІНЕН ҚОРҚАДЫ
Пікір алмасу

Кімнен: абыз қыз Қайдан: құлсары
02.02.2012 18:04
+0 / -0
Бекмурзаев, сіз не біліп оралмандарды айыптап отырсыз. Әлде Құлыбаев пен Ертісбаевтың жағымпаз құыршығысыз ба? Сіздің олай айтуға қақыңыз жоқ!
Маңғыстаулық оралмандар сатқын, оңбағандар емес! Олардың ата бабасы кезінде осы Маңғыстау жерін, осы мұнайлы жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен түрікпенмен соғысып тартып алған жер бұл. Оларды бұл жерден кетуге мәжбүрлеген кешегі Кеңес Одағының құйтұрқы саясаты ашаршылық, жаппай мал мүлкін тәркілеу, қырып жою. Керісінше, сенің ата бабаң сол кездегі Құлыбаев сияқтыларға жағынып қалып қойған шығар Қазақстанда! Маңғыстаудың тарихын білмей далаға сөйлемеңіз! Асылы аузыңызға ие болғаныңыз жөн болар, 10 бәленің 9ы тілден екен!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.02.2012 23:22
+0 / -0
Халықтың нашар жағдайын біреуге жабу керек
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.02.2012 21:39
+0 / -0
Оралмандар болмаған жағдайда ауылдың қазағынан көруші еді,калхозник,