Жұма, 25 мамыр 2012, Алматы 04:46

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Жаңаөзендегі қырғынды адамзатқа қарсы қылмыс деп атады

Жаңаөзендегі қарусыз жұртқа қарсы оқ атуды адамзатқа жасалған қылмыс деп бағалайды кейбір құқық қорғаушылар мен заңгерлер. Олардың пікірінше, елге оқ атқан полиция адамдарды өмір сүру құқығынан айырған.

Жаңаөзенде желтоқсанның 16-сы күні алаңнан қашып бара жатқан жұрт.
Мәтін көлемі - +

Жаңаөзенде полицияның ереуілшілерге қалай оқ атқанын тұрғындардың бірі көпқабатты үйдің терезесінен мобильді телефонға түсіріп алған бейнетаспаны интернеттен көрген алматылық заңгер Амангелді Шорманбаев пікір білдіргісі келетінін айтып Азаттыққа хабарласты. Құқыққорғаушы, әрі заңгер Амангелді Шорманбаевтың пікірінше, Қазақстан қол қойған халықаралық нормалар мен құжаттар негізінде бұл бейнтаспаға талдау жасар болса, мұнда көптеген заңсыздықтар бар көрінеді.

Ал Азаттық радиосы бұрынғы Қазақ ССР жоғарғы кеңесінің депутаты, заңгер Александр Перегринге хабарласып, одан Жаңаөзенде адамдарға қарсы қару қолданылғаны Қазақстанның конституциясы мен заңдылықтарына қаншалықты сәйкес келетінін сұрап білді.

БЕЙНЕТАСПА ТЕКСЕРІСКЕ НЕГІЗ БОЛА АЛА МА?

Алматыдағы заң корпорациясының қызметкері Перегриннің айтуы бойынша, Қазақстанда қабылданған «БАҚ туралы» заң интернет-сайттарды БАҚ-ның қатарына жатқызады.

Ал Қазақстанның қылмыстық-процессуалдық кодексінде қылмыстық іс қалай қозғалуы тиіс екендігі анық көрсетілген. Осы кодекс бойынша, бұқаралық ақпарат құралында жарияланған, қылмысқа қатысты жазылған кез-келген мәлімет қылмыстық іс қозғауға негіз бола алады.
 
Алматы заң корпорациясы қызметкерінің айтуынша, Азаттық радиосының сайтында жарияланған барлық материалдарда көптеген қылмыстар туралы әңгімелер бар. Перегрин бұл бейнетаспаға сараптамалық тексеру жүргізілуі керектігін, егер мұнда көрсетілгеннің бәрі дәлелденсе, бұл бейнекөрініс қылмыстық іс қозғауға негіз болатынын айтты.

Жаңаөзенде жұртқа қалай оқ атылғаны туралы видео:

​​


АДАМДАРҒА ҚАРСЫ ҚАРУ ҚОЛДАНУ ЗАҢДЫ МА?

Александр Перегрин Жаңаөзен жағдайында адамдарға қарсы қару және өзге арнайы құралдар қолдану қаншалықты заңды екеніне де талдау жасады. «Бұл жерде, тіпті, Қазақстан қол қойған халықаралық пактілер туралы айтпаса да болады» дейді ол.

– Ең алдымен Қазақстан конституциясындағы 1-бапты ашып қараудың өзі-ақ жеткілікті. Осы бапта ең басты құндылық – адам, оның  өмірі мен еркіндігі, құқығы мен бостандығы деп жазылған. Осы айтылғанға сәйкес, Қазақстан азаматының өмірі аса жоғары деңгейде, ең күшті құқықтық нормалармен қорғалуы тиіс.

«Ал, іс жүзінде, біз не көріп отырмыз? – дейді заңгер. – Біздің елде, кезінде ішкі істер органы туралы заң қабылданды. Осы заңның үшінші бөлімінде ішкі істер органы қызметкерлері қаруды және өзге де арнайы құралды қай кезде, қандай жағдайда, қандай тәртіппен адамға қарсы қолдана алатыны туралы дәйекті түрде жазылды. Бұл жерде аса қатаң шектеу де бар болатын».
Ол заңда қаруды және өзге де арнайы құралды қалай қолдану, қандай тәртіппен қолдану туралы ешқандай ереже де, бап та көрсетілмеген, бекітілмеген. Міне, ең қорқыныштысы осы!

Бірақ, дейді заңгер, неге екені белгісіз, осы жылдың басында бұл бөлім заңнан түгелдей түсіп қалған: «11-бап сақталғанымен, бөлімді тұтасымен заңнан алып тастады».

Қазір енді заңда адам таңғаларлық жағдай қалыптасып тұр дейді Перегрин:

«Қазіргі заңда, «адамдарға қарсы қаруды және арнайы құралды қай кезде, қалай қолдану туралы «Ішкі істер министрлігі органы туралы» заңда көрсетілген» деген сөздер қалған, түсінесіз бе! Бірақ шындығына келгенде, ол заңда қаруды және өзге де арнайы құралды қалай қолдану, қандай тәртіппен қолдану туралы ешқандай ереже де, бап та көрсетілмеген, бекітілмеген. Міне, ең қорқыныштысы осы! Демек, қаруды қолдану қағидасы көрсетілмегендіктен, бүгінде ең жоғары құндылықты қорғай алмай отырған біздің ішкі істер министрлігінің органы туралы заңымыз – конституцияға қайшы болып шығады».

Александр Перегриннің айтуы бойынша, Қазақстанда «Қарудың кейбір түріне, оның қолданылуына мемлекеттік бақылау жасау туралы» заң бар.

– Бірақ мұнда қаруды қолдану туралы нақты емес, жалпылама айтыла салған. Бір өкініштісі, бұл заңның ішкі істер министрлігі органдары туралы заңмен еш байланысы жоқ. Себебі, бұл заңда да ішкі істер органдарының қаруды қалай, қашан, қандай тәртіппен қолдануы туралы айтылмаған, – дейді Александр Перегрин.

Әйткенмен, осының бәріне қарамастан, әйтеуір осындай «Кейбір қару түріне, оның қолданылуына мемлекет тарапынан бақылау жасау туралы» заңның бар екеніне де заңгер қанағат етеді. Ең болмағанда, ол заңда міндетті медициналық жәрдем көрсету туралы норма жазылған дейді маман.

– Мәселен, ішкі әскер туралы заң мен ішкі істер органдары туралы заң арасында ұқсастықтар бар. Ішкі әскер туралы заңда, егер әскер қаруды өз бетінше қолына
Біздің елде қылмысы үшін өлім жазасына кесуге тыйым салынған. Ал бірақ, сотсыз-ақ, адамды ұрып-соғуға, өлімге ұшыратуға рұқсат бар болып шығады.

алып, оны қолданса, ол адам 24 сағаттың ішінде прокурорға келіп, рапорт жазып, тапсыруы тиіс. Екіншіден, егер біреу оқтан жарақат алса, оны одан әрі тоқпақпен тоқпақтамайды, дереу жедел жәрдем шақырады. Үшіншіден, осы заң бойынша, әйелдер мен жасөспірім балаларға қарсы қару қолдануға тыйым салынған.

«Бірақ, Жаңаөзенде жергілікті тұрғын түсірген бейнетаспаны қарасаңыз, бұл айтылғандардың бірде-бірі сақталмағанын көруге болады. Бұл жерде заң бұзушылық өте көп», – дейді ол.

Қазақстанда екі жағдайда ғана қылмыстыны өлім жазасына кесуі мүмкін. Біріншісі – террористік әрекеті үшін, екіншісі – соғыс кезінде аса ауыр қылмыс жасағаны үшін. «Бірақ бұл екеуі де Жаңаөзендегі қару қолданылған жағдаймен еш қабыспайды» дейді заңгер.

– Біздің елде қылмысы үшін өлім жазасына кесуге тыйым салынған. Ал бірақ, сотсыз-ақ, адамды ұрып-соғуға, өлімге ұшыратуға рұқсат бар болып шығады. Бұл, әрине, өте қорқынышты жағдай! – дейді ол.

«Қала тұрғыны түсірген әуесқой бейнетаспа «құқық органдары өз өкілеттігі шеңберінде халыққа қарсы қару қолданды» деп мәлімдеген Қазақстан билігінің мәлімдемесіне дәлел бола алады ма?» деген сұраққа заңгер:

– Президент мұндай мәлімдеме жасаған кезде, Азатттық сайтына ілінген бұл бейнетаспада көрсетілгеннен де көп мәліметті білген болуы мүмкін. Сондықтан, елдегі бас прокуратураның Жаңаөзендегі тергеу жұмысына БҰҰ сарапшысын шақыртқаны дұрыс болды деп ойлаймын. Арнайы және түбегейлі тексеру ғана қарудың халыққа қарсы қолданылуы қаншалықты дұрыс болғанын аша алады. Екіншіден, сол күні қолдарына қару ұстап, оқ атқандардың бәрі ішкі істер министрлігіне рапорт жазып тапсырулары керек. Әрбір оқ пен оқшантайға есеп жасалып, тізімделуі тиіс. Қай кезде, қандай жағдайда оқ атылды, оны кім атты – осының бәрі жеке-жеке тексеріліп, атылған әрбір оққа баға берілуі керек...

Сөз соңында заңгер: «БҰҰ-нан сарапшы шақырылуы – атыс құрбандары мен одан зардап шеккендер, олардың туған-туыстары үшін шындықты анықтауға үлкен мүмкіндік болары анық» деген қорытынды жасайды.

АРНАЙЫ ТРИБУНАЛ

Алматылық құқық қорғаушы әрі заңгер Амангелді Шорманбаев адам құқығына қатысты халықаралық заңдылықтар тұрғысынан алғанда, Жаңаөзенде адам құқығы бұзылды деген пікірде.
Амангелді Шорманбаев, құқық қорғаушы, заңгер. Астана, 17 мамыр 2011 жыл
x
Амангелді Шорманбаев, құқық қорғаушы, заңгер. Астана, 17 мамыр 2011 жыл
​​
Халықаралық құжаттарға сүйенген ол, Жаңаөзендегі атыс кезінде қаза болғандар мен олардың туған-туысқандарының өмір сүру құқығына қол сұғылды деп есептейді. Амангелді Шорманбаев Қазақстан адамдардың саяси және азаматтық құқығын сақтау туралы пактіні ратификациялағанын еске салады.

Екіншіден, оның пікірінше, полиция, жалпы құзырлы жүйенің қару және арнайы құралды халыққа қарсы қолдануы кезінде барлық нормалар бұзылған.

Ол өзі көрген бейнетаспа бойынша, халыққа қарсы оқ атылғанның өзі – адам
Жаңаөзенде болған қылмысқа қатысты БҰҰ жанынан арнайы комиссия, не болмаса арнайы трибунал құрылуы тиіс. Сонда, бірде бір шенеунік, ол, тіпті президент болса да, жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды.

құқығын бұзу болып табылатынын айтады. Құқық қорғаушы ереуілшілерді қарулы күшпен басып-жаншуды: «қарусыз адамдарды жаппай қырып-жою» деп бағалады. «Бұл – бүкіл адамзатқа қарсы жасалып отырған қылмыс екенін дәлелдеп жатудың қажеті жоқ» дейді Шорманбаев.

Құқық қорғаушы Жаңаөзен мәселесін түрлі халықаралық ұйымдар деңгейінде, соның ішінде, бүкіл адамзатқа қарсы жасалған қылмыс ретінде БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінде қарастыруға болады деген пікірде.

– Егер осындай деңгейде көтерілер болса, Жаңаөзенде болған қылмысқа қатысты БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жанынан арнайы комиссия, не болмаса арнайы трибунал құрылуы тиіс. Сонда, бірде бір шенеунік, ол, тіпті президент болса да, жауапкершіліктен қашып құтыла алмайды, – дейді құқыққорғаушы.

Амангелді Шорманбаев Маңғыстау өңірінде қамауға алынғандардың жаппай ұрып-соғу мен түрлі қысымға ұшырап жатқанынан, хабарсыз кеткендердің көп екендігінен күн сайын хабардар болып отырғанын айтады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
27.12.2011 13:18
+0 / -0
Бас жендет Ұрышәйтан құрықталмай биліктің масқара жантүршігерлік қылмыстары одан әрман қарай жалғаса ғана бермей ушыққан үстіне ушыға бермекші!
Қазақ ұлтының осы қырылғаны - қырылған, биліктегі ұйымдасқан қарақшы топ биліктен кетпей елде енді тыныштық болмайды!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.12.2011 13:20
+0 / -0
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі жанынан арнайы трибунал құрылып, Назарбаевты соттау керек! Оқ атуға бұйрық берген тап сол! Қазақстанда одан өзге ешкімнің сөзі орындалмайды. Өзін "биліктен кет" деген талап қойылатындығын естіген күні ол "атыңдар!" дей салған ғой. Ол жазасыз қалмауы керек! Билік қазір ел ішінен жау іздеп сандалып жүр. Әлі талай жазықсыз адамдар өледі. Сондықтан, үкіметтік комиссия тарап, Өзендегі әскер шығарылу қажет.

Кімнен: иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
27.12.2011 13:31
+0 / -0
Тек бұйрық берген адамды ғана емес, оны орындаушылар да жазалануы керек.

Кімнен: ара Қайдан: уядан
27.12.2011 13:33
+0 / -0
Гаага соты, ООН дегендердин бари болмайтын нарселер. олар АКШтын калталы организациялары. кеше АКШ укiметi Иракты ядролык кару жасап отыр деп айыптап Иракты бомбалап 1 400 000 адамын олтiргенде бул уйымдар АКШка ештене iстей алмаган. Бiрак согыстан кейин ешким Ирактан ешкандай ядролык кару таппаган. сонда 1 400 000 ирактыктын омiрi ушiн ешким жауап бермедi..
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
27.12.2011 14:00
+0 / -0
Дурыс айтасын .ООН га алакан жаймай .озымыз ыске крсейык Казагым.
Пікір алмасу

Кімнен: азаттық Қайдан: оқ атылған жер
29.12.2011 03:53
+0 / -0
шындық жасырылмайды егер жасырылса ол шындық болмайды ел басқара отырып осыны білмесе бұл оқиғаға тек НӘНемес осы кездегі басшылар түгелдей жауап бересіңдер атқыш немелер сендердің балаларыңды осылай атса қандай күйде боласыңдар бірақ сендерге бәрі бір шығар қорқақ жағымпаздар

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.12.2011 14:25
+0 / -0
Мені қатты алаңдатып отырған осы видеоны терезеден түсірген немере мен әженің тағдыры.
Кеше іздестіріп жатыр, үй табылды, ішінде адам жоқ екен деген хабар бердіңдер. Ол екі бейбақ қол ұстасып қайда қаңғып кетті екен деп қатты алаңдаймын. Олардың не жазығы бар? Болып жатқан затты түсіріп алғаны болмаса.
Пікір алмасу

Кімнен: Қашсайшы, қасқа бала, Қайдан: өлесің ғой...
27.12.2011 15:11
+0 / -0
Саспа, бауырым! Оларға тағатын айыпты да табады бұл жүзіқаралар. "Қылмысты көріп тұрып, неге хабарламадыңдар? Сыбайлассыңдар! Интернет-сайттарға іліп, Қазақстанның ішкі құпиясын сыртқа шығардыңдар." Т.с.с. сылтаулар көп емес пе? "Екі бейбақ қол ұстасып,қайда қаңғып кетті екен?" деп мен де алаңдап отырғам...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.12.2011 14:27
+0 / -0
Конституцияда жазылғаны бар, бірақ сол конституцияның өзі қадірі жоқ, орындалмайтын нәрсе ғой. Оны отқа тастау керек! Керек емес онлай мылжың! Оны Назарбаев өзіне ыңғайластырып жасап алған!
Біздің елде аданың қой құрлы бағасы жоқ! Қойды құрбан айтта апарып базарда сатсаң, 100 000 теңгеге дейін саудаласып сатуға болады! Ал, адам өлсе, оған бір тиын да төленбейді! Еш заңда жазылмаған, адам өлсе құн төленеді деген! Өлмесе өрем қапсын деп Назарбаевтың өзі айтты емес пе? Бүкіл ел қырылып қалса да оның жаны ауырмайды! Оған, наоборот сол қырылғаны керек! Адамдарға қарсы оқ атуға өзі бұйрық берген! Сонда аданың жаны қираған үйлерден кем болғаны ғой! Көріңде өкіргір! Жауыз! Енді саған тыныштық болмасын!!!
Пікір алмасу

Кімнен: Ата Заң
27.12.2011 15:37
+0 / -0
Қасмханның қасқа жолы Есімханның ескі жолы, Әз Тәукенің Жеті Жарғысы, Қазақстанның Конституциясы - бұлардың бәрі Ата Заңдар. Онсыз Мемлекеттілік болмайды. Ата Заңға тіл тигізгендер оңбайды!!! Қазақ Мемлекетінің Ата Заңы Қазақ Тәуелсіздігінің кепілі!!! Онда Тәуелсіз, зайырлы, біртұтас Қазақ елінің мүддесі жатыр!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.12.2011 16:16
+0 / -0
Қазіргі әрекет етіп отырған Ата заң Ұрысұлтанның жеке билігіне арналған, және қолдан референдум(1995ж) жасап, Халық атынан(ол кезде халқымыздың көпшілігі құқықтық сауатсыздығын пайдаланып) өткізіп алған, Қазақ халқының сорына біткен заң

Кімнен: Иілмеген қазақ Қайдан: Ақтау
27.12.2011 15:17
+0 / -0
Бұларға жендет деген теңеудің өзі жеңіл болып тұр, азғындар ғой бұлар. Қарусыз халыққа оқ атуға батыр екен. Жаралы тұра алмай жатырған адамға көмек көрсетпестен артық, басынан шоқпармен төпелеген, жас деп,ана деп, бала деп қарамаған адам бейнесіндегі хайуандар. Ит қорлықпен өлген Каддафидің өлімін тілеймін сіздерге. Қалай соғысатындарыңды Таразда көрдік, өңкей ақымақтар! Ұмытпаймыз,кешірмейміз, есемізді қайтарамыз! Оған күмәндеріңіз болмасын!
Пікір алмасу

Кімнен: alax Қайдан: ortajuz
27.12.2011 16:35
+0 / -0
Тауелсіздік күнін қадыр тұтпағандарға өлімде аздық етеді
Пікір алмасу

Кімнен: zheltocsan
29.12.2011 21:34
+0 / -0
бұл залымдарға халықтың тәуелсіздік күні көтерілгені мықты сылтау болды. Тәуелсіздік соққырлар-ау, шынымен тәуелсіздікті жақтаушылар болып бара жатсаңдар неге анау таққұмар сатқын папаларыңа айтпайсыңдар Кеден Одағы, Еуроазиялық одақ деген мысықтабандап жақындап келе жатқан бодандыққа кірме деп? Ресеймен одаққа кірмей отырған хохолдар бізден ақымақ болғаны ма? Өзбек ақымақ па? Армян ақымақ па?
Пікір алмасу

Кімнен: Кімнен
27.12.2011 16:51
+0 / -0
Кімнен есеңді қайтарасың қазақтың бір қызын жар, екі-үш қарадоамалағын асыраймын деп күндіз күлкі, түнде ұйқы көрмей жүрген қазақтан есеңді қайтарасың ба?
Пікір алмасу

Кімнен: Мен қазақтын баласы Қайдан: Қазахстан
01.01.2012 03:52
+0 / -0
Мен сізбен толықтай келісемін.
Пікір алмасу

Кімнен: Мен қазақтын баласы Қайдан: Қазахстан
01.01.2012 06:41
+0 / -0
Мен сізбен толықтай келісемін.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген Қайдан: Алматы
27.12.2011 16:31
+0 / -0
мен Жанаозендегы баурларга комектескым келеды.
естумше халык аш дейды .жейтын тамак жок.
шама-шаркы келгенше барлыгы комектескысы келеды брак
калай,кайда ? комек беремыз ...?
Пікір алмасу

Кімнен: Asyl Қайдан: Алматы
27.12.2011 17:40
+0 / -0
"Facebook" та Kokzhal Dauir бар, сол кісінің "ЕСЕП" дейтін Жаңаөзен оқиғасына байланысты арнайы гуманитарлық ұйым құрды. Соған немесе К плюстегі сұхбатында Болат Атабаев та жылу жинап жатырмын деді ғой. Болмаса соған беру керек. Бәріміз Хасен Қожа Ахмет сияқты қырқына дейін аза тұтып, шейіт болғандардың шиіттей бала-шағасына ел екенімізді танытып, көмектесуіміз әр қайсымыздың парызымыз. "Әр қазақ - менің жалғызым" Cабыр Адай

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
27.12.2011 17:33
+0 / -0
Рас, бұл қылмыс адамзатқа, оның ішінде тек қазаққа ғана арналған ғасыр қылмысы!
"Шаңырақ" шайқасы естеріңізде болар? Міне сонда билік құқұқ қорғаудың бір қызметкерін құрбандыққа шалған болатын әдейілеп. Сол арқылы қазақты бүкіл әлемге "бұзық", "жер басып алушы" ретінде көрсеткен болатын. Ал бұл жолы билік аң қалды. Мұндай қырғын болады деп ойламады өздері де. Жеті айдан бері тұрған мұнайшылардан "бұзықтық" күтпеген де болатын. Алайда әлгі "даурықпалы Нұр-Отан", тағы да бірер орындардың өртке орануынан соң ғана мұны "бұзықтыққа" бұру жағын ойластырмақ болғанша "шыдамсыз" полицайлар халыққа оқты қарша боратты. (бұл жерде оқ аттыруға бір адам емес, жоғарыдан 2-3 адам араласып кеткен болу керек)
Тағы бір полицайды ма, болмаса әкімшіліктен бе біреуді "құрбандыққа" шалуды асығып жүріп ұмытып кеткені ақиқат. Енді кеш. Биліктен бәрі тірі, бәрі аман. Амал жоқ, пышақ па, шолақ мылтық па жиыстырып құлаққа енбес бір гөй-гөйлерін алға тартуда. Енді кеп ұялы телефондағы көрсетілімді іздестіруде. Бұл көрсетілім қазір жұрттың бәрінде бар емес пе, менің де телефонымда, баламның да телефонында жүр. Көршімнің де.

Айтпағым, биліктің сол өтірігі, сол пасықтығы, сол арамдығы!
Пікір алмасу

Кімнен: Телефон
27.12.2011 18:11
+0 / -0
"менің де телефонымда, баламның да телефонында жүр. Көршімнің де."
Қазір бесіктегі баладан жетпістегі шалға дейін бір-бір телефон, бәрінде камера бар, карта памяты және т.б. бар. Халықтың жағдайы осындай!!!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.12.2011 23:07
+0 / -0
Енді билік Нұртан деп ұрандай алмайтыны анық. және, тірі көсемге ескерткіш қоюуына да жүрексінеді. Қай бетімен бұлар енді согласие, тыныштық деп зар еңірер екен.

Кімнен: Мержан
28.12.2011 13:48
+0 / -0
Әрине адамға атқан адам өз жазасын алу қажет. Ал егерде полиция қызметкерлері өз-өзін қорғау үстінде атқан болса. Сіз өзінізге осы сұрақты қойдынызба???

Кімнен: Мержан
28.12.2011 13:51
+0 / -0
Бірақ сол жерде адамдарға атқанадары қателік деп есептеймін. Өйткені аланда тіптен жазасыз, жай ғана өтіп бара жаткан адамдар да болған шығар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.12.2011 14:29
+0 / -0
Жанаозендеги кайтыс болган бауырларымыздын жандары жаннаттан болсын, Аминь. Аллам барине куагер бауырларымызды аткан ешактарды тозак отында куидирсин жандарын, Аллам жазаларынды берсин Иншаллах. Алланын бир аты халык деген соз бар емес пе? Аллам ерте ме кеш пе жазаларынды береди, бул истерин жауапсыз калмайды. Журегинде иманы жоктар. Аллам жазаларынды берсин АМИНЬ

Кімнен: Сырым
28.12.2011 17:39
+0 / -0
Полиция қызметкерлері қараптан-қарап атыс шығармайды, олар көтеріліске қатысқандарға ескертулерін жасады!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.12.2011 21:40
+0 / -0
Халыққа қарсы оқ атқандар Аллаға қарсы оқ атқандар!!!

Кімнен: Slava Қайдан: Astana
29.12.2011 10:31
+0 / -0
У каждого своя реакция на события, я лично призываю народ к спокойствию…

Кімнен: Aiko Қайдан: KZ
03.01.2012 20:22
+0 / -0
Карапайым өзiнөөзі қорғау. Әйтпесе калай бұны шешу керек еді;!?! Бүлiксалушылар дұрыс істеді деп ойлыйсыздар ма ?!

Кімнен: Саня
05.01.2012 17:22
+0 / -0
Государство ответило силой на силу. Все правильно полицейские сделали, ну правда местами их действия были немного лишними, не отрицаю. А так ситуация стабилизировалась в кротчайшее время. А не остановив этих людей, что было бы с городом?! Руины и пепел… А потом уже и совсем другие проблемы появились бы: жителей нужно было бы куда-то расселять, обеспечивать их работой и многое-многое другое… Потом бы ещё и обвиняли государство, что оно не смогло остановить это всё… Я считаю, что всё сделано правильно. Близкие люди погибших, примите мои соболезнования…
Пікір алмасу

Кімнен: Қазақ Қайдан: Ақмешіт
08.01.2012 10:56
+0 / -0
Саня, бұн пікіріңді қазақша пікірде орысша жазғаның қалай,бізді орысшаға қайта көшіге шақырғаның ба? Мемлекет қазақша үйренбе деді ме?