Сәрсенбі, 22 мамыр 2013, Алматы 09:19


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011 / Полицейлер соты

Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталған полицейлер соты басталды

Ақтау қаласындағы Маңғыстау облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Жаңаөзен оқиғасында «қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды» деп айыпталған полицейлер соты басталды. Істі Ақтау қалалық сотының судьясы Гүлмаржан Әділсұлтани қарап жатыр.

Сот залында отырған айыпталушы полицейлер. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
Сот залында отырған айыпталушы полицейлер. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, журналистерге сот залына кіруге 10 минут қана рұқсат берілген. Мұнан кейін олар сот залынан шығарылып, монитор орнатылған басқа бөлмеге жіберілген. Сотты қарапайым тұрғындар мен қоғамдық комиссия өкілдері бақылап отыр. 

«БАЛАМ ТЕК БҰЙРЫҚТЫ ОРЫНДАДЫ»

Бұл іс бойынша бес айыпталушы полицей бар. Олар - Маңғыстау облысының ішкі істер департаменті (ІІД) бастығының орынбасары Қабдығали Өтеғалиев, ІІД-нің экстремизмге қарсы күрес бөлімінің бастығы Бекжан Бағдабаев, ІІД-нің оперативтік қызметкері Ринат Жолдыбаев, Жаңаөзен қаласы ішкі істер басқармасының аға анықтаушысы Нұрлан Есберген, Жаңаөзен қаласы ішкі істер басқармасы бастығының бірінші орынбасары Ерлан Бақытқалиұлы.  
Cудья Гүлмаржан Әділсұлтани. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.Cудья Гүлмаржан Әділсұлтани. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
x
Cудья Гүлмаржан Әділсұлтани. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.
Cудья Гүлмаржан Әділсұлтани. Ақтау, 27 сәуір 2012 жыл.

Оларға «адамдар өліміне душар еткен қару-жарақ қолданып, лауазымдық өкілеттіктерін асыра қолданды» деген айып (қылмыстық кодекстің 308-бап 4-бөлім «Б» пункті) тағылып отыр.

Азаттық тілшісі айыпталушы полицейлердің туыстарымен тілдесті. Солардың ішінде өзін айыпталушының әкесімін (аты-жөнін айтудан бас тартты - ред.) деп таныстырған азамат: 

 - Балам тек бұйрықты орындады. Бұлар негізі сол бұйрық берген кінәлілерді тауып соттаулары керек, - дейді.       

«ОЛАРДЫ ҚОЛДАП, КӨМЕК КӨРСЕТЕМІЗ»

Осы аптада ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов айыпталған полицейлерді қолдайтынын мәлімдеген еді. Ол ақпарат құралдары өкілдеріне: 

 - Әрине, біз оларды қолдап, құқықтық тұрғыда көмек көрсетеміз. Міндетті түрде адвокатпен қамтамасыз етеміз, - деді. 

2012 жылы қаңтардың 25-інде Жаңаөзен оқиғасына орай арнайы мәлімдеме 
Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. Жанаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. Жанаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.
x
Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. Жанаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.
Қазақстанның ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов. Жанаөзен, 18 желтоқсан 2011 жыл.
жасаған бас прокурор Асхат Дауылбаев полицейлердің «бейбіт тұрғындар мен өздерінің өмірі мен денсаулығына шынайы қауіп-қатер төну жағдайында негізінен заңды әрекет еткенін» айта келе:

 - Алайда кейбір жағдайларда полиция қызметкерлері тарапынан қару-жарақ пен арнайы құралдар лайықсыз қолданылған, шабуыл жасаушылардың әрекеттеріне реакция туындаған қауіп-қатерге сәйкес болмаған. Соның салдарынан олар өз өкілеттіктерін асыра пайдаланып, қаруды құқыққа қайшы қолданған, ол адам өлімдері мен жарақаттарына әкеп соққан, – деген еді.

ПОЛИЦЕЙДІҢ АНАСЫНЫҢ УӘЖІ

Бұған дейін 26 жастағы полицей, айыпталушы Ринат Жолдыбаевтың анасы Жаңыл Жолдыбаева ішкі істер министрінің блогында ұлының пистолетінен оқ атылмағанын, оған жала жабылып жатқанын жазып, көмек сұраған еді.

Жаңыл Жолдыбаева ол жазбасында «Алдын ала тергеу органдарының қызметкерлері істі бұрмалап, жалған куәлер тартып, ішкі істер полиция қызметкерлерін бір-біріне қарсы қойып, тек қана айыптау бағытымен жүргізіп жатыр. Яғни, ол қолына (қару - ред.) ұстамаған, қару беру журналында Жолдыбаевтың қолы болмаса да, оның алмаған қаруымен адам өлген деген жалған айып тағып отыр» дейді.  

Наурыз айында Азаттық тілшісіне сұхбат берген Жаңыл Жолдыбаева Ақтау қаласында отбасымен тұрып жатқан ұлының үйқамақта екенін де айтты.
16 желтоқсанда көтеріліс алаңында қазатапқан адам. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл. Скриншот Youtube сайтынан алынды.16 желтоқсанда көтеріліс алаңында қазатапқан адам. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл. Скриншот Youtube сайтынан алынды.
x
16 желтоқсанда көтеріліс алаңында қазатапқан адам. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл. Скриншот Youtube сайтынан алынды.
16 желтоқсанда көтеріліс алаңында қазатапқан адам. Жаңаөзен, 16 желтоқсан 2011 жыл. Скриншот Youtube сайтынан алынды.

Жаңыл Жолдыбаеваның сауалына ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов блог арқылы: «Қылмыстық іс бойынша тергеуді Қазақстан Республикасы бас прокуратурасының арнайы прокурорлар департаменті жүргізіп жатыр. Осыған байланысты осы сұрақ ішкі істер органдарының билігіне кірмейді» деп жауап берген. 

Бұған дейін Жаңаөзен оқиғасы бойынша айыпталушылардың арасында жарақаттанған азаматтар бар екенін ескерткен қоғам бақылаушылары олардың «полицейлер ісінде» жәбірленуші ретінде сұралмағанын айтқан. 

2011 жылы желтоқсанның 16-17-сі күндері Жаңаөзен мен Шетпедегі толқуларда ресми деректер бойынша 17 адам қайтыс болып, 100-ден астам адам жарақаттанды.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
27.04.2012 12:27
+1 / -0
мына жеоде бір шикілік бар екенін белгілі сол буйрыкты жогары жактан кім бергенін айтып халыкка жайып берсін алгі устерінен кылмыс козгалып жаткан карусыз халыкты аткыштар сонда бул кылмыстын басында кім турганы белгілі болады Касымовтын озі бул кылмысына жауап беруі керек ол халык котерілсе атамыз деп оз аузымен айткан жауыздын озі емеспе

Кімнен: Қабақай Адай Қайдан: Атырау
27.04.2012 12:35
+1 / -0
Полиция қызметкерлерінің аналарына айтарым:
Сіздердің балаларыңыз тірі, ала мұнайшылардың аналардың балалары болса олар қыршыннан қиылды. Олар енді өмірге қайтып оралмайды. Мүмкін сіздердің балаларыңыз оқ атпаған да шығар бірақ олар да осы лас жүйенің жендеттері. ОЛАР - АЗАПТАУШЫ ЖЕНДЕТТЕР. Егер кінәсіз болса нағыз кінәлілерді айтсын, ар-ұяттары болса әрине

Кімнен: мангыстау
27.04.2012 13:08
+1 / -0
Бул адил сот емес,тек коз бояаушылык,ертен буларды сотттайды,сосын оздери 1 айдан кейн шыгарып алады,халыкты алдаугой бул, мен ешкандай да сотка сенбим,биликтегилер сира дегендерин жасайды.олар алланын алдында гана жазаланады.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.04.2012 14:24
+1 / -0
Иә, бұларды соттайды. Бірақ шығармайды, шығарса күндердің күнінде адам болған соң шындықты айтып қояды.
Түрмеде өлтіреді. Әйтеуір тірі қалдырмайды, сотталар болса.
Алтынбекті кредит алып атқан Өтемұратов қазірше тірі отыр. Әлі уақыты бар. Срогі бітуге жақындағанда жоқ қылады. Ол енді не жилец.
Өтемұратовта жалғыз ғана шанс болған, шындықты айту керек еді. Оны алдаған, кейін шығасың деп. Ол шансын пайдалана алмады.
Енді мыналарда да жалғыз шанс бар, тек қана шындықты айту керек. Бұларға біреу бұйрық берді, соның атын атасын, егер өмір сүргілері келсе. Құйтырқы алдауға түспеу керек. Тіпті өліп бара жатса да бұйрық бергеннің атын атап кетсін, ақыры бір өлім екен.
Ол аталған өзінен жоғарыны атайды, ол жоғары одан жоғарыны, сөйтіп шындық шығады.

Кімнен: авы
27.04.2012 13:33
+1 / -0
қару беру журналында Жолдыбаевтың қолы болмаса да, оның алмаған қаруымен адам өлген деген жалған айып тағып отыр» дейді.
-===
Акулалардың қылмысын жабатын қылмыскер шабақтар ғой. Мәселе әу бастан тартып әділетсіздіктен болып отыр. Ал әділетсіздіктің қайнары үзілмесе, бірер әделеттілік арқылы мәселе шешілмейді. ертең тағы біреудің, бәлкім сенің алдыңнан әділетсіздік шығады.

Кімнен: алматылық
27.04.2012 14:20
+0 / -0
Айыпталушылар! Сіздерге қарап отырған бүкіл ел, халық алдында, бәрін ашық айтып, тек өз күнәңізді айтыңыз, біреудің (бастықтарыңыздың) к*тін жабуға тырыспай айтсаңыз арыңыз тазарады

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.04.2012 14:26
+1 / -0
Қасымов оқ атты деп қамалып отырған полицайларды қорғаймыз дейді. Неге? Ойланып қараңдаршы. Ойлануға тұрарлық сөз.
Пікір алмасу

Кімнен: Қабақай Адай Қайдан: Атырау
27.04.2012 16:46
+1 / -0
Қасымовты да жауапқа тартар кез келер, ИНШАЛЛАХ
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.04.2012 17:42
+1 / -0
Себебі олар сол қорғағыштың бұйрығын орындады емес пе?
Егер кез келген қатрдағы полицпй бей берекет халыққа оқ жаудыра беретін болса, онда Қазақстанның ішкі істер министрлігінде ешқандай тәртіптің жоқ болғаны да. Бұған кім жауап береді?
Біріншіден ЕБ мен Премьер министр, Парламент, сосны әрине ішкі істер министрі жауап беруілері қажет. Неге осындай анархиялық органды құрып, оларға қару жарақ беріп қойды? Және халықтың арасында атой салғызып қойған кім?
Осы сұрақтар арқылы іздестірсе барлықғы да орнына келер еді.
Оқ атуға бұйрық берілмесе, оқ атқандардың барлығы да қанішерлер санатына жатқызылып, біріншіден ішкі істер органының жарғысын бұзғаны үшін жауапқа тартылуы тиіс...

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.04.2012 17:28
+1 / -0
Ауыр қылмыс жасаған қылмыскерлерді жасырып кінәні өз мойынына алуға тұратындай жігіттер болса ,онда бұлар оданда өткен ауыр жазаға тартылуға тұратын адамдар екен! Халыққа өте қауыпты қылмыскерлер жазасыз бостандықта қалады, демек олар тағыда елді қырғынға ұшыратады,! Бірінің қылмысы бірінен асып түсіп жатыр! Аяушылық болмау керек!

Кімнен: kazak balasy Қайдан: Atyrau
27.04.2012 18:48
+1 / -0
nagyz zhazyktylar ali bostandykta, solardy sottasa adil zhazalaryn berse. Oiiiii ak tuienin karny zharylar edi.

Кімнен: Хаиса
27.04.2012 18:57
+0 / -0
Атқаны рас бола тұра , бұирық бергендер кінәлідеп көлгірсудің қажеті жоқ , атқан екен кінәлі , бүгін сотталып жазасын өтеп келседе кеиінгі өмірлері зар мен қаиғыға толы болар , себебі олар қарғыс арқалағандар . Еңбек ақыларын талап еткен мұнаишыларды бұирыққа қарамаи өз отандастарымызды атпаимыздеп бас тарту керек еді . Енді обалдары жоқ , бүгін олар сотталсада , ана дүниеде АЛЛА ның соты тағы бар . Жалпы қарғыс алмаи , алғыс алғанға не жетсін . Кешегі өлген жастардың қаны жібермеиді , киесі үрім бұтағыңа әсер етеді . Сол қара таңбадан ешкімде , көкелеріңде арашалап алып қала алмаиды .Киелі халықтың болашағын атып қырып қаида барып оңам деисің , атып қан ағызсаң , тірілердің көзінен жас ақыздыңдар , көз жастары жібермесін .
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.04.2012 19:30
+1 / -0
Бұлар сотталып кетсе, аман оралмайды. Сотталған полицейді өлтіріп тастайды ол жақта. Сотталған полицейді әйел зорлап сотталған қылмыскерден бетер қорлайды. Ал билікке және полицияға қарсы шыққандар сотталса, ол жақта "авторитет" болады. Қылмыскерлердің бәрі құрметтейді. Сондықтан, бұлар сотталса, бөлек камерада болатын шығар.


Атуға бұйрық берген адам үшін сотталып кетсе, обалы жоқ. Одапн да кім бұйрық бергенін айтсын.

Кімнен: Еркебулан890 Қайдан: Аккыстау.Атырау облысы
27.04.2012 19:19
+0 / -0
janaozen.net ашылды казах бауырлары

Кімнен: Ауылдың қазағы Қайдан: Алматы
27.04.2012 19:20
+0 / -0
Шыдай алмай мен де пікірімді жазған сықылды едім, ащырақ бір нәрсе жазып жіберсем керек, "но нешауа", келесі жолы жұмсаңқыратып жазармын деп тастай түйіліп отырмын...
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.04.2012 20:02
+0 / -0
Мөлиіп, түк білмегенсіп отыра қалғандарын қара. Түрлеріне қарасаң атқан бұлар емес, керісінше бұларды атқан сияқты мүләйа қалыпты. Автоматың қолыңда, едіреңдеп Жаңаөзен көшесінде қалай келе жатқаныңды, шүріппені басқан кездегі түріңді біз көрмесек те Алла көрген.
Пікір алмасу

Кімнен: Айкүн
27.04.2012 23:05
+0 / -0
Рас айтасыз, оларға:"Атыңдар, сосын артынан қалмай жүріп, тепкілеңдер, тағы да 2-3 рет атыңдар!" деп бұйрық бергендерді жасырғандарымен өздері "шаш ал десе, бас алғыштар екендеріне" Аллаға шүкір жаңа заман технологиясы дәлелдеп отыр оны. Өз халқына оқ атқанның қандай болатынын, погон таққандарына мәз дүмшелерге болашақта сабақ болады,
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
28.04.2012 02:32
+0 / -0
Қашқан жауға қатын ер деген ғой, қарысыз халыққа оқ жаудырғанмен көрдік к...рін анада Ақтөбеде 5 аңшы мылтықты балаға 80 омон 7 күн жабылып ала алмағасын зеңбіректен атқан жоқпа.

Кімнен: жағалбайлы Қайдан: шымкенттен
27.04.2012 21:48
+0 / -0
енді қайтсин билік? Менттердіде соттап, міне екі жақтанда кінәлілерді жазаладық деп көрсетпеккой өздерін. Бұл билік бұларды қамаса ештеңе емес, бұлар өлтіріп жіберугеде барады өз малайларын. Күштік құрылым малайлары ойланып барып істемесе өкінеді. Онанда бұйрықты орындамай жұмыстан қуыла салғаны жақсы. Әрі күнә арқаламайды, әрі құрымайды өзіде.

Кімнен: абыз қыз Қайдан: құлсары
27.04.2012 21:57
+0 / -0
Жалпы полицияға шын иманы бар адам жұмысқа тұрмайды. Себебі мынандай қатыгездік пен әділетсіздікке құдайдан дәмесі бар адам шыдап жүре алмас. Бұл өмірде есепсіз адам, есепсіз нәрсе жоқ, бәрінің де сұрауы бар. Ей, Құдайдан безген имансыздар, жазықсыз жандарға атқан оқтарың, көрсеткен зәбірлерің түбі өздеріңе, бала шағаларыңа келеді. Соны неге түсінбейсіңдер? Адамнан қорықпай, Алладан қорқып атуға бұйрық берген адамды айтыңдар! Алла тағала істеген ісіне (күнәсіне) өкініп тәубәға келген адамды кешіреді.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
27.04.2012 22:06
+0 / -0
Шымолардың қолдарынан тек үкіметің, яғни сол атып жатқан халықтың есебінен киген форма киіп, мылтығын асынып, тоқпағын алып, батырсынп жүруге ғана бар. Олар тіпті қалаш нан ағаштың бұтақтарында, шұжықтар қияр құсап шырмауықтың бойында өседі деп ойлайды.

Кімнен: Лиза Қайдан: Актау
27.04.2012 23:04
+0 / -0
Мына Гулмаржанды танимын осы Мангыстаудын бир ауылынан умытып калдым кай ауыл екенин.Атырауда тарих факультетинде окыды.Ак конил ашык кыз еди.Казир судья бопты.Адил болатын шыгар не дегенмен адайдын кызы гой.

Кімнен: zheltocsan
28.04.2012 00:32
+0 / -0

"полицайларға мен еді: "атып тастасаңдар да көтерілгендерді қалайда таратыңдар!" деп бұйрықты берген, ал маған ең жоғарыдағы адам еді сондай бұйрықты берген" деп айта алмай отыр. Енді полицайларды әйтеуір соттаған болады, ал артынан "сотта атуға жоғарыдан бұйрық берілген жоқ деп айтасыңдар" деген кездегі берген жасырын уәделерінде тұра алса есебін тауып босатып алады. Сөйтіп уақыт өте келе "құда да тыныш, құдағай да тыныш" болып кетеді.

Кімнен: маша и медведи
01.05.2012 22:39
+0 / -0
айтылған полицейлер қызметкерлері өз кәсіби қызметкерлігін асырса, өз жазасына өтелсін

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
02.05.2012 23:20
+0 / -0
Жұмбағын екі дүние шешемін деп,
Жалғанды жалпағынан кешемін деп,
Талайлар талпынса да бізден асып,
Тапқан жоқ тар жалғанның есебін көп. "О. ХАЙЯМ.


Қылыш бар деп қолымда өлтірме сен кісіні,
Қаламайды құдірет Сол ЖАУЫЗДЫҚ ісіңді,
Шыңдалмайды Сом болат Әлдекімге сұқсын деп,
Сығылмайды жүзімде ащы шарап шықсын деп. "Ә. РУДАКИ"

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?