Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 02:37


ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Мұнайшы қызының өліміне қатысты үкім шықты

Маңғыстау облысының мамандандырылған ауданаралық соты ереуілші мұнайшының қызы, өткен жылы жұмбақ жағдайда қайтыс болған Жансәуле Қарабалаеваның өліміне қатысты үкім шығарды

Жансәуле Қарабалаеваны еске алуға келген бойжеткен. Алматы, 9 қыркүйек 2011 жыл.
Жансәуле Қарабалаеваны еске алуға келген бойжеткен. Алматы, 9 қыркүйек 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +
Белсенді мұнайшы Құдайберген Қарабалаевтың қызы, 2011 жылы тамыз айында 18 жасында қайтыс болған Жансәуле Қарабалаеваның өліміне қатысты сот үкімі бүгін шықты. Бұл туралы Азаттық тілшісіне Құдайберген Қарабалаевтың өзі хабарлады.

Істі қараған судья Руслан Тасмамбетов Жансәуле Қарабалаеваны өлтірді деп айыпталған Бекнияз Әбішевті 18 жылға, Бақытжан Жәкетовті 16 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті. Жәкетовке кесілген жазаны оның анасы Мейрамгүл Жәкетова да растады. Дегенмен, "балам кінәлі емес" деп санайтын ол үкімге қарсы шағымданатынын айтты.

Сот жабық жағдайда өтіп, журналистер қатыстырылмады. Құдайберген Қарабалаевтың айтуынша, "сот әділ үкім шығарған".

Азаттық тілшісі үкімге қатысты түсінік беруді сұрап, облыстық сотқа хабарласқан еді. Бірақ мекеме телефондары жауап бермеді.

Бұдан бір жылға жуық уақыт бұрын маңғыстаулық мұнайшылар еңбекақы мәселесіне байланысты ереуілге шыққан еді. 2011 жылы 16 желтоқсандағы Жаңаөзен оқиғасына дейін созылған ереуіл барысында мұнайшылар белсендісі Жақсылық Тұрбаев, ереуілші Абай Әбенов, ереуілші Құдайберген Қарабалаевтің қызы Жансәуле Қарабалаева беймәлім жағдайда көз жұмған.

Жаңаөзен мұнайшылары Жансәуле Қарабалаеваның өлімін әкесінің белсенділігімен байланыстырған.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Керей Қайдан: Алматы
03.05.2012 18:39
+0 / -0
Қылмыс жасағандарды тауып жазалағаны дұрыс, бірақ соны жасатып отырғандар болуы мүмкін, олар өздерін жасырып қалуы да мүмкін, бар болса солар жазаға тартылса жақсы ақ болар еді!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.05.2012 21:23
+0 / -0
Сот неге жабық өткен? Әлде шынайы қылмыскерлер білініп қалады деп қорыққан ба?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
03.05.2012 23:17
+0 / -0
Шешесінің айтуынша түкте дәлелденбеген, саусақ іздері бұлардікі емес, басқада айғақтары сәйкеспейді, қайта шағымданам деген. Ереуілді тарату үшін РД КМГ мен органдардың ісі болуы бек мүмкін.

Кімнен: Ерқасым Қайдан: Ақтау
04.05.2012 08:49
+0 / -0
Міне, Назарбаевтың " қазақстанда батыстық демократия жүргізу мүмкін емес, қазақстан өз менталитетіне тән бағытта демократияға жетеді" деген ұраны бізді қандай жағдайға алып келді. Шындығында, Назарбаевтың өз жолымыз дегені, халықты алдау еді. Міне,соның "жемісін" көріп жатырмыз. Мына соттардың әділетсіздігі демократияның жоқтығын айдан анық дәлелдеп тұр. Нағыз демократия дегеніміз, биліктің үш тармағының бір бірінен тәуелсіздігі. Биліктің үш тармағы дегеніміз, атқарушы орган, яғни, президент және үкімет, сайланған орган,яғни мәжіліс және сот. Міне осы үшеуі бір бірінен тәуелсіз болуы демократияның бірден бір шарты. Ал, бізде қалай болып жатырғанын бәріміз көріп отырмыз. Назарбаевтың дегені болып жатыр. Сот сол кісінің аяғының астында.
Кейбіреулер Қазақтың менталитеті демократияға жарамайды деп көкиді. Мұның бәрі демагогия. Демократияны адам еріккеннен ойлап тапқан жоқ. Жоғарыда айтылған үш тармак тең болмай, әділдік ешуақытта болмайды. Мына соттар қазақстанға демократия ауадай қажет екенін көрсетіп отыр.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.05.2012 09:07
+0 / -0
Жалмауыздар қызында не шаруалары бар еді! Өрімдей өмірдің қызығын әлі көре алмаған қазақтың қызында не не шаруалары бар еді! Қазақтың болашақ бір анасын жоқ қылды. Өзі аз қазақты қыруын қашан қояр екен?

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.05.2012 10:25
+0 / -0
Ереуілшілерді қорқытып, үркіту үшін жасалған РД ның қитұрқы қылмыстары ғой. Оны Темканың тапсырмасымен ұйымдастырғандар Асқар Балжанов, Кенжебек Ибрашев, Александр Мирошников, Ешманов дегендер екені бес енеден белгілі. Олар әлі (Мирошниктен басқасы) бостандықта жүр.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.05.2012 19:57
+0 / -0
май шам жағуы несі? Христиандар істемейтін бе еді?
Пікір алмасу

Кімнен: Түңілген Қайдан: Баротстаннан
05.05.2012 07:40
+0 / -0
Иә, біздің қазақ арақ ішіп, темекі тартамын деп, басынан айырылып қалды ғой. Еуропалықтардан үйренген ең жақсы қасиеттері-осы. Не істеп, не қойып жүргендерін Назарбаевтан бастап ешкім білмейді. Діннен "каша" жасап алды.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?