Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:36

ӘЛЕУМЕТ / Жаңаөзен - 2011

Бард әнші концерттен түскен қаржыны Жаңаөзенге аудармақ

Жаңаөзен оқиғасы туралы әндерімен танылған оралдық бард әнші Жанат Есентаевтың зардап шеккен жаңаөзендіктерге арналған қайырымдылық концерті Оралдағы жергілікті газет редакциясының шағын залында ақпанның 24-і күні өтті. Ал концертке аз уақыт қалғанда оны өткізуден бас тартқан мәдениет сарайы жергілікті биліктің рұқсат бермегенін айтса, Батыс Қазақстан облысының әкімдігі мұны жоққа шығарды.

Бард ақын Жанат Есентаев Жаңаөзен оқиғасы туралы ән айтып тұр. Ақтау, 23 желтоқсан 2011 жыл.
Мәтін көлемі - +

Өткен аптада Жанат Есентаевтың қайырымдылық концертіне түрлі әкімшілік кедергілер жасалып, бұл шараға өтпей қалу қаупі төнген болатын. Бард ақынға Оралдағы «Уральская неделя» газеті көмектесіп, оның концерті осы газеттің тар редакциясында өтті.

Азаттық тілшісінің хабарлауынша, редакцияның шағын залында жалпы саны 40-тай орындық болған. Алайда жиналған халықтың саны одан екі еседей көп болып, орын жетпеген көрермендер екі сағатқа созылған концерттік бағдарламаны тұрып тамашалаған. Концертке егде адамдар да, студенттер де, жұмысшы жастар да келген. 

Азаттық тілшісі концертте Жанат Есентаев бастан-аяқ өз шығармаларын орындады деп хабарлады. Әнші сәл тыныстау үшін сахна сыртына кеткен кезде жергілікті оппозиция өкілдері, қарапайым көрермендер жұрт алдына шығып, қазіргі билік саясатына, Жаңаөзендегі оқиғаға қатысты сөз сөйлеген. 

Концерт алдын ала хабарланғандай тегін өтті. Ұйымдастырушылар концерт соңында Жаңаөзен жұртына қайырымдылық көрсету үшін арнайы қойылған жәшікке барлығы 41250 теңге түскенін жариялады.

Концерт өтіп жатқан кезде редакция ғимаратының айналасын полиция қызметкерлері торуылдап жүргенімен, ешкім кедергі келтірген жоқ. Концерт аяқталып, көрермендер тарап жатқан тұста редакцияға өзін «Орал қалалық прокуратура қызметкерімін» деп таныстырған азамат кірген. Ол ақпанның 25-сі Орал қаласында өткен «Қарсылық күні» акциясының заңға қайшы әрекет екендігін айтып, "Ертеңгі шеруге бармаңыздар" деп, ескерту парақтарын тапсырмақ болған. Бірақ редакция қызметкері Лұқпан Ахмедияров «бұл жекеменшік территория, шығып тұрыңыз» деп, шығарып жіберген.

800-ДЕН 80-ГЕ ДЕЙІН

Азаттық тілшісі хабарласқан газеттің бас редакторы Тамара Еслямова «редакциямыздың залы шағын, бірақ босқа қарап отырған тағы болмайды ғой» деді. 
«Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямова. Алматы, 29 наурыз 2011 жыл.
x
«Уральская неделя» газетінің бас редакторы Тамара Еслямова. Алматы, 29 наурыз 2011 жыл.
Тамара Еслямованың айтуынша, Орал қаласындағы 800 кісі сыятын «Зенит» мәдениет сарайының директоры концертке аз уақыт қалған кезде оны өткізуден аяқ асты бас тартқан.

- Біз мәдениет сарайымен келісімге мөрімізді басып, концерт өткізгеніміз үшін төлейтін қалған ақшамызды алып барған кезде «Зениттің» директоры Ирина Свешникова аяқ астынан өзгеріп «Кешіріңіз, мен концертті өткізе алмаймыз. Облыстық ішкі саясат басқармасы хабарласты, залды тек солардың рұқсатымен ғана бере аламыз» деді, - дейді Тамара Еслямова.

Концерттің қарсаңында "Зенит" мәдениет сарайының концерт өткізу туралы келісімді бұзғанын, олардың сол әрекеттерінің кесірінен концерт өткізуге жұмсалған қаржының бір бөлімі шығынға кеткенін айтқан Еслямова:  

- Концерт туралы афишалар шығарылды. Бірақ оларды енді көшеге жапсырмадық. Себебі, редакциямыздың отырған жері тар. Көп болса, 60-80 адам ғана сыяды, - дейді. 

Тамара Еслямованың айтуынша, концертке кіру - тегін болған. Залда арнайы жәшік орнатылып, келген адамдар Жаңаөзендегі азаматтарға қаржылай көмек ретінде ақшаларын сонда салған. 

«МЕНІҢ ҚАНДАЙ ШАРУАМ БАР»

«Зенит» мәдениет орталығының директоры Ирина Свешникова да бұған дейін талай мәрте бард ақындардың концерттері өткенін, бірақ осы жолы өзіне белгісіз біреулердің (кім екенін айтпады - ред.) концертті өткізбеуге «кеңес» бергенін айтты. 

 - Сыпайылап айтқанда, маған оның оппозициялық мазмұнда екенін астарлап жеткізді. «Ең дұрысы – қажет емес» деді...Бұған дейін талай мәрте мұндай шаралар өткен. Бұл жолы неге соншалық алаңдап отырғандарын түсінбедім. Демек қандай да бір себебі болған ғой, - деді ол.

Ал Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы бастығының орынбасары Серік Бейсембаев «мәдениет орталығына ешқандай нұсқау немесе бұйрық берілмегенін» айтты.

 - Бұл - жалған ақпарат. Концерт бола ма, тіпті «пляска» бола берсін - менің қандай шаруам бар. Олардың неге бізден көріп отырғанын білмеймін, - деп жауап берді Азаттық тілшісіне.

Жанат Есентаевтың YouTube-те жарияланған әндерінің бірін мына жерден тыңдаңыз:



Өткен жылы қоғамдық-саяси тақырыпта ән айтатын рэпер Тәкежан да Алматыда Жаңаөзендегі мұнайшыларға арналған қайырымдылық концертін өткізе алмаған болатын.

2011 жылы желтоқсанның 16-сы Жаңаөзен қаласында ереуілшілер мен полиция арасында қақтығыс болып, полицейлер атқан оқтан 17 адам қаза тауып, 100-ден аса адам жарақат алған еді.

(Мақаланы жазуға Азаттықтың Оралдағы тілшісі Әбу Нәжімеден көмектесті).



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Бахытжан Қайдан: stepnogorsk
23.02.2012 15:57
+0 / -0
Әрине шындық бұл биліке жақбайды қандай түрі болсын әнба сөзба іс әрекетпа жазыу түріма бәріне тыим салады қам жемеңіз Жаке тірі болсақ концертіңзде болады керек болса сольный концерте
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.02.2012 23:04
+0 / -0
Jaraysiz aga! Osilay aytkan anderiniz jurekke jetedi Ryzamin sizge.Amanboliniz xalihtin munin aniniz arkili jetkizip jatirsiz.

Кімнен: патриот Қайдан: алматы
23.02.2012 18:38
+0 / -0
ТАЛАНТТЫ ҰЛДАРЫМЫЗДЫ ҚАЗАҚСТАН аренасына шығармай тұншықтырып жатыр!
ЖАУЫЗ билік! САТҚЫН БИЛІК!
КЕЛЕР ҰРПАҚ сіздерге ЛАҒНЕТ айтады!!!

Кімнен: Мерей Қайдан: Алматы
23.02.2012 18:50
+0 / -0
Алматыда болса, баратын едім. Неге Алматыда өтпейді? Ұйымдастырыңдаршы, қолынан келетіндер!!!

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
23.02.2012 20:00
+0 / -0
Жанат, жарадың, әсіресе, Өзен мәселесін айтып жүргенің қатты ұнайды! Сайрай бер, еліңнің мұң-зарын!

Кімнен: Ызалы маңғыстаулық
23.02.2012 21:32
+0 / -0
Жанат Есентаев ініміз өте қабілетті, талантты бард әнші екен, бұрын танымайды екенбіз. Өткен жолы Ақтауға келіп Қаражанбас мұнайшылары арасында ән салғаннан бастап тани бастадық, сөйтсек бұрыннан шығарған көптеген әндері бар екен. Мұндай жігіттерге қандай қолдау білдірсек те артық емес. Алдымен мына жауыз биліктен құтылып, өз-өзімізге келіп алайықшы, бар-жоғымызды түгендеуге уақыт болар.

Кімнен: Ағлен Қайдан: Атырау
23.02.2012 21:45
+0 / -0
Мына жауыз билік қазақ халқына жау болып, халқымыздың дәстүріне, айтыс өнеріне, тіліне балта шауып жатыр!! Барлық ТВ сынан, "Хабар" мен "Қазақстан" тедеарналарынан адамды аздыратын, балаларыңмен бірге қарай алмайтын ұят көріністерді, анайылықты, имансыздықты көрсетуде! Дін, иман турлы бір бағдалама жоқ!! Қазақты қазақтықтан айырса, бұл мәңгүрттерге ешкім қарсы шықпайды!
Пікір алмасу

Кімнен: ЗАМАНАгазеті-жау ма? Қайдан: АЛМАТЫ
23.02.2012 22:26
+0 / -0
мына оралдық газетке АЛЛА разы болсын. Қазір ғана ерігіп отырып,www.serke.org саитындағы басқа БАҚ-қа сілтеменің ішінен" Замана" газетінің саитына кіріп көрдім.Шымкенттен шығатын газетаның 26-желтоқсандағы нөмірін қарап шықтым.1-мақаласы Жаңаөзен туралы, төбесіне сауле 540 видеосынан сурет қойыпты. ОҚО газеті болса да сол суретті көріп, редактрында батылдық бар деп қалдым.соның төменінде" шымкенттен 1000 полицей аттанды" деген мақала.мақала ішінде өз полицияларына борышын өтеп жүр деген тұрғыда сипатталады. ХАЛЫҚТЫ ПОЛИЦЕЙДІҢ ҚУЫП АТҚАНЫНсуретін қойып алып, жазған мақаласы арсыздық. "ЗАМАНАДАҒЫДАЙ"сатқындарды жер көтеріп жүр. Жерлестері үшін осындай арсыздыққа барады екен.Замана редакторы да содан соң өзін адамға санауға арланбайма екен?1937-жылы алаш азаматтарын сатқандар Осындай біреулер. жаза біледі. бірақ қауыпты. туфли жалағыш арамзалар-ай

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.02.2012 22:38
+0 / -0
Меніңше, биліктің осындай қадамдарынан кейін мынандай ойға қалдым: Билік сауатсыз, олар тек парламентке өтіп кететін 1-3-4 опозиция мүшелерінен қорықпақ тұрлы, 1 жағғымпаз емес қазақтың әншісінен қорқады, айтыскер ақындардан қорқады. Сосын, меніңше, олардың түпкі ойы-қазақты мүшкіл, малға пара-пар үндемейтін, тек қожайынның қолына телміріп қарайтын жануарға айналдыру! Өкінішті!
Пікір алмасу

Кімнен: Нургали Қайдан: Актау
27.02.2012 23:55
+0 / -0
Хайуани саясат дегеніміз міне осы

Кімнен: Астаналық Қайдан: астаналық
24.02.2012 20:56
+0 / -0
Жанатта деңгей жоқ екен. Өлеңдері қарабайыр, музыкалық дегейі төмен, бард болуға әзір жетпеген. Әлі көп дайындалып, іздену керек. Талабы жоқ емес, таланты кемдеу. Жолы болсын!
Пікір алмасу

Кімнен: шелпекгали Қайдан: курык
27.02.2012 15:10
+0 / -0
Сен Астананда отырып не деп оттап отырсын ? Баска жулдыздар комек берсе кайда жур Музартты айтпаганда Мангыстау перзенттери улыкпан, жеменей акылбек, Тамара асар, гадылбек жанай , айгул косанова, нусипжанов, мен улкен буквамен жаза алмаймын бул саткындарды
Пікір алмасу

Кімнен: Астаналыққа Қайдан: Алматы
27.02.2012 15:13
+0 / -0
Сол деңгейі төмен әншінің өзі Жаңаөзенге қайырымдылық жасап, шамасы келгенше қол үшін беріп жатыр, ал сен болсаң ас үйдегі әйелдер сияқты айтып отырғаның мынау!
деңгейің жоғары болса келіп айтпаймысың?

Кімнен: Роза Қайдан: Шымкент
27.02.2012 15:02
+0 / -0
Замана - шыншыл газет
Алматылық бір азамат Шымкенттен шығатын Замана газетин жөнсіз даттаған деп ойлаймын. Жанаөзендегі қақтығысты ең бірінші болып жазып, халық атынан үн қосқан осы газет екенін мен жақсы білемін. Шындықты көрсететін суретті де тек осы газет жариялай алды.

Кімнен: Руза Қайдан: Кереку
27.02.2012 21:39
+0 / -0
Қажымұқан, Жанат бауырларым, шіркін қанаттарымен Маңғыстауға су бүріккен қарлығаштарым, арыс та, батыр бауырларым!

Кімнен: Болат Қайдан: Актау
28.02.2012 11:40
+0 / -0
Жаңаөзендегі оқиғаны алғаш болып жазған, ол қалада бұрын да толқулар болғанын жазған Замана болатын, Құлап жатқан қарусыз адамды полицейлердің сойылмен сабалағанын кінәлап жазғанын өз басым осы газеттен оқығанмын. Шымкенттен мың полицей аттанды десе, ол да шындық. Ендеше бұл газетті қаралап жазған алматылықтың сөзіне қосыла алмаймын. Адам бір нәрсені айту үшін мәселенің байыбына барып алғаны дұрыс болар. Шындықты айтқандарға сатқын деп айдар тағу жөн емес,

Кімнен: ПАТРИОТ Қайдан: АЛМАТЫ
29.02.2012 21:30
+0 / -0
СЕН ЖАНБАСАҢ ЛАПЫЛДАП,
ОЛ ЖАНБАСА ЛАПЫЛДАП,
МЕН ЖАНБАСАМ ЛАПЫЛДАП,
АЙТЫҢДАРШЫ! КІМ ЖАНАДЫ ЛАПЫЛДАП ???

Кімнен: Сағи Әсем Қайдан: Алматы
04.03.2012 18:09
+0 / -0
Саламатсыздар ма... Жанат Есентаев,сізге қатты ризамын. Еліміз қиналған кезде қолдау көрсетіп, қолыңыздан келгеннің барлығын істеп жатырсыз. Содан соң "Уральская неделя" газетіне, әрқашан әділет үшін,шындық үшін шыж-пыж болып жүретін Лұқпан Ахмедияров ағамызға, газет ұжымына үлкен рахмет.