Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:43

ОРТАЛЫҚ АЗИЯ

Алтынға бай Қырғызстанның халқы кедей тұрады

Қырғызстан көршілері сияқты мұнай мен газға бай емес. Бірақ елде әр азаматтың жақсы өмір сүруіне жеткілікті алтын қоры болғанымен, бағасы үнемі артып келе жатқан металдың пайдасын көреміз деген қырғыздардың үміті ақталмай отыр.

Алтын кенін көрсетіп тұрған жас жігіт. Чон-Алай, Қырғызстан, 11 тамыз 2011 ж.
Мәтін көлемі - +

Бұдан жиырма жыл бұрын Қырғызстан президенті парламент сессиясының ашылуында мінберге өз кенішінде өндірілген құйма алтынды алып шыққан еді. Президент мұны ел болашағының кілтіне балаған.

ЭКС-ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒАШҚЫ АЛТЫНЫ

Президент Асқар Ақаев алғаш бұл идеяны көтерген жиырма жылдан бері елдің алтын өндіру индустриясын дамытуға көп көмек жасалды. 

Қырғызстанның табиғи ресурстар министрі Замирбек Есенамановтың сөзіне қарағанда, елде қазір 220-дан астам алтын кеніші жұмыс істеп тұр. Алтын индустриясы мемлекет қазынасына жылына 120 миллион АҚШ долларын құяды. Бұл ел экспортының шамамен 40 пайызын, жалпы ішкі өнімнің 15 пайызын құрайды. Алтын бағасының құбылмалы болуынан бұл көрсеткіш 2011 жылы 175 миллион АҚШ долларына дейін, ал алтын өндіруді арттыру нәтижесінде келер жылы 350 миллион АҚШ долларына дейін артады деп болжанып отыр.  

Жалпы, Қырғызстанда 2 мың тоннадан астам алтын қоры бар. Алтын өндіру көлемі жөнінен Қырғызстан постсоветтік елдер арасында үшінші,
Тянь-Шань тауының баурайындағы Құмтөр кеніші.

ал Орталық Азияда Өзбекстаннан кейінгі екінші орында тұр. Алтынның бір унциясының құны 1 800 АҚШ долларынан түспей тұрғандықтан, елдің алтын қоры 5,5 миллион азаматтың әрқайсысын 22 мың АҚШ долларымен қамтамасыз етуге жеткілікті.   

Алайда айына орта есеппен 150-250 АҚШ доллары аралығында жалақы алатын, кедейлікпен және қаулап келе жатқан жұмыссыздықпен күресіп жүрген қарапайым қырғыздар үшін іс жүзінде еш нәрсе жасалған жоқ.

– Тәуелсіздік алғаннан кейін алтынымыздың есебінен өміріміздің жақсаратындығы, ауқатты болатынымыз жайлы әңгімелер көп жүрді. Бірақ олай болмай шықты, – дейді өнеркәсіп индустриясындағы ашықтықты, экологиялық мәселелерді көтеріп жүрген «Таза Табият» үкіметтік емес ұйымының жетекшісі Анара Дауталиева.

ҚАРАПАЙЫМ ХАЛЫҚ ТА «АҚША ЕСЕПТЕЙ АЛАДЫ»

Өткен алты жылда екі төңкерісті бастан өткерген Қырғызстанда саяси тұрақсыздық халықтың экономикалық әл-ауқатын төмендетіп, елдің байлығын тонап жатыр деп саналатындарға қарсы наразылықты күшейтіп жіберді. Ал алтын өнеркәсібінде бұл, әсіресе, үкіметтің жемқор әрекеті мен шетелдік инвесторларға қарсы бағытталып отыр.  

– Алтын өнеркәсібінде адамдар көп құрбан болып жатыр. Көптеген кеніштер халық сирек қоныстанған аймақтарда орналасқан. Бұл қоршаған
Құмтөр кенішіндегі жұмысшылар алтын құймаларын жинастырып жатыр. 1 маусым 2011 ж.

ортаны бүлдіріп жатыр. Халық ауыл шаруашылығына пайдаланатын жерлерінен бас тартуға мәжбүр болып отыр, – дейді Анара Дауталиева.

Өткен аптадағы кеніш қызметтеріне деген наразылықтар санының артуын қозғаған Анара Дауталиева халықтың үкімет тартып жатқан шетелдік инвестициялардың өздеріне де пайдасы тиіп жатқанына көз жеткізгілері келетінін қалайтынын айтты.

– Егер Қырғызстан шетелдік компаниялармен байланыстан жақсы пайда көргенде, бәлкім мұндай наразылықтар болмаған болар еді. Себебі халық та «ақша санауды» біледі ғой. Барлығы тау-кен өнеркәсібін дамыту қажеттігін түсінеді. Адамдар да жол салып, су құбырларын тартуды, мектептерді жөндеуден өткізуді және ең бастысы – қоршаған ортамызды бүлдірмеуді талап етіп отыр, – дейді ол. 

ШЫДАМНЫҢ ШЕГІ

Елдің шығысындағы Нарын облысына қарайтын Емгегчил ауылында таяуда болған наразылықта халықтың ашуы күшейіп кеткен. 26 тамызда 300-дей адам қытайлар басқаратын Солтон-Сару алтын кенішінің бас кеңсесінің алдына жиналды. Олар өздерін таратуға келген үш полиция қызметкеріне шабуыл жасап, үш қытайлық кеншіні ұрып тастады.  

«Халық табыстың көп бөлігі көз алдында шетелдіктерге кетіп, ал өздерінің жұмыссыз, кедейлікте өмір сүріп жатқандарына наразы екенін» айтады Емгегчил ауылының тұрғыны Бердібек Дайыров.

– Неге тек қана мұнда қытайлар келіп, жұмыс істеуі керек? Қырғыз неге сол жұмысқа орналаса алмайды? Біз қытайлардың кетуін талап етеміз. Мұнда қырғыз жігіттері де жұмыс істеуі керек. Егер қытайлар мұнда жұмыс істеуі тиіс болса, онда билік кенішті жергілікті компанияларға дамыту үшін беруі керек.  Осыдан кейін ғана қытай жұмысшылары бізге жұмыс істей алады, – дейді Бердібек Дайыров.

Анара Дауталиева бүкіл ел бойынша наразылықтар байқалатынын айтады. Мысал ретінде ол шетелдік компанияның елдегі ірі кенішке инвестиция салғанын келтіріп, «Халықтың Құмтөр және басқа да кеніштерден пайда көреміз бе деген үміттері ақталмады» дейді.

Ыстықкөл облысының солтүстік-шығысында орналасқан, канадалықтар басқаратын Құмтөр кенішінде кем дегенде 700 тонна алтын қоры бар делінеді. Құмтөрде алтын өндіру басталған 1997 жылдан бері кеніштен 250 тонна алтын өндіріліп алыныпты. Осы жылдың басынан бері кеніштегі өнім өндіру көлемі 15 пайызға артқан.

Табиғи ресурстар министрлігінің қоғамдық бақылау кеңесінің төрағасы Орозбек Дуйшеев үкіметті алтын бағасының өсуін өз құқығын пайдалана отырып, ел игілігіне қорықпай жұмсауға шақырған. Ол Құмтөрге барар жолды жауып тастағанда компания акциясы бір данасына 13 долларға дейін құлдырап кеткенін, қазір 19 доллар тұратынын мысалға келтіріп:

– Егер бір акция құнын 20 доллар болады десек, үкімет иелік ететін 33 пайызға тең 77 миллион дана акцияның құны қанша болатынын ойлай беріңіз, – дейді.

ҮКІМЕТ ТІЗГІНДІ ҚОЛҒА АЛА БАСТАДЫ

Көптеген сыни пікірлер мен қоғамдық қысымның арқасында 2009 жылы Қырғызстан «Сентерра» компаниясымен жаңа келісім-шарт жасасып, компания акция пакетінің 33 пайызын Қырғызстанға өткізіп беретін болды. Алайда наразы жұрт Бішкек өз үлесін ары қарай да арттыруды көздейтін келісім-шартты қайта қарау керек деп санайды.

Құмтөр кеніші Азаттық радиосының компанияның қаржылық қызметі мен жергілікті адамдарды жұмысқа алу туралы мәлімет сұраған өтінішіне жауап
Қырғыз парламентінің бұрынғы депутаты Құбанычбек Исабеков.

бермеді. Бірақ қырғыздар арасында елдің болашағына қатысты Құмтөр және өзге де кеніштерді шенеуніктердің өндіру лицензияларын беру арқылы сатып  жібергендігі жайында әңгімелер бар. 

Ол жайында бұған дейін Құмтөр кеніші бойынша сарапшы, қырғыз парламентінің бұрынғы депутаты Құбанычбек Исабеков пікір білдірген болатын. Депутат Асқар Ақаевтың кезінде Құмтөрден түскен пайданың түгелге жуығын биліктегі белгілі бір топтың ғана алып отырғанын, ал мемлекетке болмашы ғана қаржы тигенін және сол жағдайдың бүгінге дейін сақталып келе жатқанын айтқан.  Қырғыз үкіметі «Центерра Голдтың» 33 пайыз акция пакетіне ие болса да, жағдайға бақылау жасай алмай отыр дейді ол.

– Халық биліктің алтын өндіруге қатысты келісім-шарттар жасағанда жергілікті тұрғындардың талаптарына құлақ асқанын және шын ниетімен назар аударғанын қалайды. Олар бұған өздерінің құқы бар екеніне сенімді, – дейді Анара Дауталиева. 

Президенттің өкілеттігін шектеп, жемқорлықпен күресті күшейтуде өткен жылы билікке келген жаңа билік елдің саяси жүйесін президенттіктен парламенттік басқаруға өзгертті.

Жемқорлыққа деген қоғамдық пікірге қатысты премьер-министр Алмазбек Атамбаев осы айда «шетелдік инвесторлармен байланыс жасағанда жариялылық танытуға» уәде берді. Ал елдің алтынымен байланысты наразылықтар жөнінде табиғи ресурстар министрі Есенаманов жаңа үкіметтің «жағдайды оңалтуға» кіріскенін айтты. 

– Бұл заң жобасы еліміздің тау-кен саласына инвестиция салуға келген кез-келген шет елдік компанияға 57 пайыздан артық үлес бермеуді қарастырады. Үкімет қашан да кемінде 43 пайыз акция пакетіне бақылау жасауы керек, – дейді министр.

Бұл тек қоғамды тыныштандыруға бағытталған алғашқы қадам ғана. «Сентарра» компаниясымен Құмтөр кенішіне иелік етуге байланысты қазіргі келісім-шартты қайта қарастыруға парламенттік комиссия құрылған. Ал өткен аптада билік жаңадан барланған алтын кеніштерінен өнім өндіру басталса, 2012-2014 жылдар аралығында алтын өндірісі саласында жаңадан 25 мың жұмыс орны ашылады деп мәлімдеді.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: bekzat muratkan Қайдан: ktay
23.09.2011 09:59
+0 / -0
alten keni ashuga karzhi kampania kerek bolsa kabarlasingiz kirgiz agayin .
naktele zhumis isteytin ken zhawapte adam bolsa kabar beringiz .
Пікір алмасу

Кімнен: иуан көк шөң
23.09.2011 17:35
+0 / -0
Алтын кенін ашуға қаржы керек болса хабарласыңыз. Қазақстанды қарық қылып отырғанымыз белгілі. сендерді де байытамыз. Жұмысқа адам керек болса бізде жетеді. қаражат, материаллл бәрі бар.

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.09.2011 10:11
+0 / -0
Халықтың құны оның алтынымен емес, өзіндік салт дәстүрімен өлшенеді.

Кімнен: Тәкең Қайдан: Елден
23.09.2011 11:50
+0 / -0
БҰЛ НЕ СҰМДЫҚ АҒАЙЫНДАР!

Глава государства Нурсултан Назарбаев, выступая на Встрече высокого уровня по вопросам ядерной безопасности в Нью-Йорке, снова затронул тему о принятии на территории Казахстана банка ядерного топлива, передает ИА Новости-Казахстан.


Подробнее: http://news.mail.ru/inworld/kazakhstan/politics/6886537/
Пікір алмасу

Кімнен: Байқағыш
23.09.2011 19:40
+0 / -0
Иә, "біздің" Нұршайтан айықпайтын ауруға шалдыққан шығар. Бүгін теледидардан Нұршайтанды аяқ-қолын жерге тигізбей мақтаған өмірбаяны туралы көрсетілім болды. Терең ойланбай, жәй қараған адам трансқа түсіп қалып, ол адамға Нұршайтан бір кемеңгерге ұқсап кетеді. Ал, есіңді жиып, тереңірек ойлансаң ол (Нұршайтан)мектеп қабырғасында жүрген кезінен-ақ адамдардың басын айналдыратын гипноздау өнерімен шұғылданғанын аңғарып, байқауға болады. Ол теке қана жеке басының қамы үшін бәрін жасауға дайын екен. Және сол үшін де "интернационалист" болып, бүтін бір өз халқының ұлттық мүддесін елемей тастаумен жүр.
Күні-түні ұйықтамай айла-шарғыларға барып, елдің еңбегін өзі иелену арқылы Нобель сыйлығын алып, елді тонап жинаған байлықтарын жасыру үшін жанын салып жүр.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
04.10.2011 18:28
+0 / -0
Нұршайтан - ахахаах

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
23.09.2011 17:33
+0 / -0
Мұнайға бай Қазақстан да кедей тұрады. Ал маңғыстаудағы мұнайшылар төрт ай бойы көшеде түнеп жүр. Қырғыздан біздің қай жеріміз артық?
Пікір алмасу

Кімнен: Арыс Қайдан: Шымкент
24.09.2011 21:24
+0 / -0
Ия, мұныңызға толықтай қосыла айтарым, "Қырғыздардың рухы жойылмағандай. Ал бізлегі нысапсыз билік басы біздің байлығымыз бен рухымызды да қосарлап тонауда."

Кімнен: Қайсар Қайдан: Алтай
24.09.2011 13:05
+0 / -0
НӘН-нің БҰҰ-дағы сөзін оқыдыңыздар ма. Өзің ұялып, қысыласың. біртүрлі.Баяғы : "мен, мен, мен..." Бүкіл әлем күлетін шығар.Мұндай өзін-өзі мақтайтын, популист басшы жоқ шығар, қазіргі замандв..Сондағы көкейін тесіп бара жатқаны --Нобель сыйлығы болуы керек. Біреулер оның өтірігіне сеніп қалып, осы сыйлыққа ұсына ма деп дәмеленеді ғой. "Әлемдік проблемалар сенің не теңің, әуелі Қазақстанның, қазақ халқының көкейтесті мәселелерін шешіп алсайшы", деп, оған ешкімнің тура айта алмағаны ма.Қазір біздің мақтаншақ цейтнотта,уақыт аз қалды, ал нобельдің шеті көрінбейді, осы ой ғой, оның жанын жеп жүрген. Елдің мәселелеріне ол басын қатырып жүрген жоқ. Қартайған басшылар тек өз
проблемаларын шешумен айналысады.Бұл --тарихтан белгілі жайт.

Кімнен: Сәкен Қайдан: Алматы
01.10.2011 22:35
+0 / -0
Мәселе алтында ма? Қырғызстаннан әлдеқайда бай, он шақты миллиардері бар Қазақстанның президенті Назарбаев Астанаға Абылайдың, Алаш арыстарының ескерткіштерін орнатпай жүр, ал Роза Отынбаева Бішкектің орталық алаңына Манас пен Шыңғыс Айтматовтың қоладан құйылған биік ескерткіштерін орнатты! Әне, намысты деп, адам деп Рекеңді айт! Иә, мәселе алтында емес, арда, намыста, адамгершілікте!

Кімнен: Алмас Қайдан: Алматы
05.10.2011 12:17
+0 / -0
Ұлы Абылай ханның 3 0 0 жылдығын қасақана атап өтпей отырған адамның Қазақстанды басқаруға ешқандай моральдік құқығы жоқ қой!Абылайдың аруағы ұрғыр...