Жексенбі, 19 мамыр 2013, Алматы 14:44


ӘЛЕМ

Абай ескерткіші: Алматыда - жиын орны, Мәскеуде - қарсылық символы

Акция орындарын ауық-ауық ауыстырып келе жатқан Ресей оппозициясы өкілдері өткен түні тағы да Мәскеудегі Чистые пруды тоғанының қасындағы Абай ескерткішінің маңына қонып шықты. Ақпарат бойынша, онда кемінде 150 азамат түнеген.

Абай ескерткіші алдындағы оппозиция жиыны. Мәскеу, 10 мамыр 2012 жыл.
Абай ескерткіші алдындағы оппозиция жиыны. Мәскеу, 10 мамыр 2012 жыл.
Мәтін көлемі - +
Владимир Путиннің инаугурациясынан бері акцияға шыққан шара белсенділерін полицейлер ұстай бергеннен кейін олар қарсылық шарасының осындай жаңа тәсіліне көшкен.

Мұнда ешкім плакат ұстап, ұрандатпайды. Есесіне шағын топтарға бөлініп, әңгіме-дүкен құрып, саяси қарсылық шарасын әрі қарай жалғастырудың амал-тәсілдерін осылайша әр жерде ақылдасып келеді.

АКЦИЯДА АБАЙ ӨЛЕҢІ ОҚЫЛДЫ

Полицейлер көше тыныштығын бұзбауды ескерткеннен кейін өз ішінен кезекшілер де сайлап алған. Олардың міндеті - араларында «тәртіп бұзған» (мысалы, ішімдік ішкен) адамдар болса, полицейлерге тапсыру. Осылай қамданған акцияға қатысушылардың өткен түні де тыныш өтіпті. Полиция ешкімді ұстамаған.

Оппозициялық блогер Алексей Навальный Абай ескерткішінің түбінде сөйлеп тұр. Мәскеу.Оппозициялық блогер Алексей Навальный Абай ескерткішінің түбінде сөйлеп тұр. Мәскеу.
x
Оппозициялық блогер Алексей Навальный Абай ескерткішінің түбінде сөйлеп тұр. Мәскеу.
Оппозициялық блогер Алексей Навальный Абай ескерткішінің түбінде сөйлеп тұр. Мәскеу.
Акциядан тікелей трансляция жүргізіп жатқан «Новая газета» басылымының жазуынша, өткен түні Абай ескерткішінің жанында жиналғандар өлең оқыған. Онда Абай өлеңдері де оқылған.

Әлеуметтік желілерде, интернетте  #ОккупайАбай хэштегі әлі де танымал болып тұр. Бұл хэштег кеше Twitter-дің Ресейлік бөлігінде бірінші орынға, әлем бойынша үшінші орынға шыққан еді. Бүгін де акцияға қатысушылар осы хэштег арқылы бір-біріне "Қайырлы таң" айтысып, жоспарларымен бөлісіп жатыр. Мысалы, Vinnik Sergey ‏есімді қолданушы: #ОккупайАбай достар, сіздерге көмектесу үшін WM (webmoney – ред.) әмиянын құрайық, біз ақша саламыз» деп жазса, «За честные выборы» деген атпен құрылған аккаунт иесі: «Чистый Прудыға нешеде келесіңдер, не әкеле аласыңдар, #ОккупайАбай хэштегімен жазыңдар» дейді.

#БЕЛАЯГОРЯЧКА - ОППОЗИЦИЯҒА ҚАРСЫ «ҰРАН» 

Ресейдегі оппозиция өкілдерінің қарсыластары да интернеттегі белсенділіктерін арттыра бастады.

Оппозиция митингісіне қатысқан адамдарды маскүнем адамның елірме ауруы - «белая горячка» (орысша атауы) дертіне шалдыққандар деп астарлы түрде кекеген топ дәл осы хэштегпен «Twitter-соғыс» ашып, қарсылық акциясына қатысқан азаматтарды келемеждеуге тырысып жатыр.

«#белаягорячка - ресейлік оппозицияның өздері қалап алған саналы ісі. Оларға 
Абай ескерткіші алдындағы оппозиция жиыны. Мәскеу, 10 мамыр 2012 жыл.Абай ескерткіші алдындағы оппозиция жиыны. Мәскеу, 10 мамыр 2012 жыл.
x
Абай ескерткіші алдындағы оппозиция жиыны. Мәскеу, 10 мамыр 2012 жыл.
Абай ескерткіші алдындағы оппозиция жиыны. Мәскеу, 10 мамыр 2012 жыл.
жұмыс істегенше, көшеде селтеңдеп жүрген жақсы» деп жазады Васильцов Константин есімді аккаунт иесі.

«Таныс бір студент #белаягорячка ауруын жұқтырып алыпты. Навальныйды тыңдап-тыңдап, енді үзіліс кезінде «Путин - қарақшы және ұры» деп өлең айтатын болды. Емделетін кез жетті» деп жазады Кристина Степанова Twitter-де.

Олар Ресей интернетінің кешеден бергі номері бірінші танымал хэштегіне айналған #ОккупайАбай-ға қарсылық ретінде #белаягорячка-ны көп жазуға үндеді. 

Оппозицияға қарсы топ YouTube арқылы бейнеролик таратып, олардың әрекеттерін түсініксіз, мақсатсыз етіп көрсетуге тырысты. Ал оппозиция өкілдері мұны билік ұйымдастырып отыр деп есептейді. Әзірше әлеуметтік желіде екі топ арасында ешқандай диалог орнай қойған жоқ.

Чистые пруды тоғаны маңындағы Абай ескерткіші алдындағы акциядан тікелей трансляция таратқан «Новая газета» басылымының жазуынша, шара әлі жалғасып жатыр.

Бүгін кешке қарай ол жерге Мәскеудегі қазақ диаспорасы өкілдері барған.

"Лагерьге қазақтар келді. Ескерткіш (Абай Құнанбаев - қазақтың ұлы ақыны әрі ойшылы) маңында біраз тұрды. Енді бауырсақ таратып жатыр. Бауырсақ - пончикке ұқсас ұлттық тағам. «Ақ ленташыларға – жақтастарынан» деді» деп жазады басылым.

ҚАЗАҚ ОППОЗИЦИЯСЫНЫҢ «ҚАЗАҚЫЛАНБАУЫ» ТУРАЛЫ УӘЖ

Алматыда да Абай ескерткішінің маңында қаңтар айынан бері «Қарсылық жиыны» өткізіліп келе жатыр. Мұнда әзірге Абай өлеңдері оқылып көрген емес. Сарапшылар Абай ескерткішінің «тек жиналу орны деңгейінен» әрі аса алмағанын айтып, оның себебін әрқилы түсіндіреді. 

Оппозиция жиыны өтетін күні Абай ескерткішін қоршауға алған полиция күштері. Алматы, 28 қаңтар 2012 ж.Оппозиция жиыны өтетін күні Абай ескерткішін қоршауға алған полиция күштері. Алматы, 28 қаңтар 2012 ж.
x
Оппозиция жиыны өтетін күні Абай ескерткішін қоршауға алған полиция күштері. Алматы, 28 қаңтар 2012 ж.
Оппозиция жиыны өтетін күні Абай ескерткішін қоршауға алған полиция күштері. Алматы, 28 қаңтар 2012 ж.
Саясаттанушы Айдос Сарымның пікірінше, «бәрі де жиынды өткізіп жүрген, сол жиынның басы-қасында жүрген азаматтардың пиғылына, сапасына байланысты».

- Егер шын мәнінде Абай ескерткішінің жанында болып жатқан митингілерде қазақ рухты жандар көбірек болатын болса, онда Абай да, ұлттық құндылықтар айтылатын еді. Бірақ қазір көріп отырсыздар, ұйымдастырушылардың арасында жік бар сияқты. Оппозицияның өзі қазақыланбай, біздің демократиялық күштер жалпыұлттық платформаға көшпей, менің ойымша, бүгінгі тіршіліктен жаңалық немесе үлкен күш пайда болады дегенге сенбеймін, - дейді ол.

Саясаттанушы «Ресейдегі жағдайдан сабақ, тәлім алуымыз керек» деп есептейді.

- Қоғам қиналған кезде өзінің құндылықтарын іздейді ғой. Сондай құндылықтардың бірі - Абай. Қоғам сол құндылықтар маңайында топтасу керек, - дейді ол.

«РЕСЕЙДЕ «ЖАҢАӨЗЕН ОҚИҒАСЫ» БОЛҒАН ЖОҚ»

Оппозициялық саясаткер Жасарал Қуанышәлин Абайдың Ресейдегі қарсылық шараларының символына айналуын «кездейсоқ пайда болған феномен» деп атайды. Ол «Абай ескерткіші» образының әрқилы түсінілуін - Қазақстан мен Ресейдегі қоғамдық-саяси жағдайлар арасындағы едәуір айырмашылықпен ұштастырады. 

- Ресейге қарағанда Қазақстанда билік репрессияны әлдеқайда кең ауқымда және қатты жүргізіп жатыр. Әрине, қай жер болмасын, қан төгілген жақсы емес. Бірақ 
Жұмысшы оппозиция жиыны өтетін күні Абай ескерткішін жуып жатыр. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.Жұмысшы оппозиция жиыны өтетін күні Абай ескерткішін жуып жатыр. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
x
Жұмысшы оппозиция жиыны өтетін күні Абай ескерткішін жуып жатыр. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
Жұмысшы оппозиция жиыны өтетін күні Абай ескерткішін жуып жатыр. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
бізбен салыстырғанда, Ресейде "Жаңаөзен оқиғасы" болған жоқ. Қазақстанда Жаңаөзеннен кейін елде бұрын-соңды болмаған қуғын-сүргін басталды. Биліктің тізесі батып кеткен жағдайда қалай дегенмен қоғамда қорқу-үрку бар, - дейді ол.

Азаматтық қоғам белсендісі Ғалым Ағелеуов Facebook әлеуметтік желісінде бұл мәселеге орай:

- Ресей мен Қазақстанда да азаматтардың Абай ескерткішінің маңында жиналып жатқанында қандай да бір астар бар. Абай - ағартушы және азаматтық мәдениеттің атасы. Ол өтірікті, жағымпаздық пен жемқорлықты өлердей жек көрген, - деп жазады.

Мақпал МҰҚАНҚЫЗЫ

Kmaqpal+gmail.com

1985 жылы дүниеге келген.
2006 жылы Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және Әлем тілдері университетін бітірген.
2007 жылдан бері Азаттық радиосының тілшісі.

Мақпал жаңа технологиялар, блогосфера, жастар өмірі мен түрлі әлеуметтік мәселелер туралы жазады. Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуіңізге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 
Кімнен: ЖАУШЫ Қайдан: Қазақ Елі
11.05.2012 13:48
+0 / -0
Риза болдым, дана хакім АБАЙ атамыз отыр биікте, төбелерінен қарап.
Пысықтар шалқайды,
Таласып теңдеске.
Қағысып шонтайды
Өзімен жемдеске.
Таласып тарқайды
Ақшадан төрт-беске.
Бірлікті шайқайды,
Араз боп өнбеске.

Кімнен: Құлагер Қайдан: Кенесары елі
11.05.2012 15:43
+0 / -0
Абаи ескерткішінің жанына жиналу ол кездеисоқтықдеп түсінгеніміз дұрыс сиқты . Кәзіргі таңда еліме тірі Абаидың жетісбеи тұрғаны көрініп тұр . Халықты соңына ерте білетін адал жүректі батыр шықпаи әзірге осы күиімізде қала береміз АЛЛА өзі қарасбаи бәрін орнына қоимай жақсы жағына қараи өзгеріс болмаиды . Кешегі Болгариядағы Ванганың аитуы боиынша Кенесары ұлы ханның басы денесіне қосылмаи Қазақтың басы қосылмаиды осы сөзде жан бардеп білемін , алыста тұрған Ванганың былаи аитуы тегін емес , Кенесары хан тәуелсіздік үшүн күрескен Қазақтың соңғы ханы , басын Қырғыздар шауып Екетарина патшаға дарит еткен бас сүиектің үстіне алтын құиылып күл салғыш жасалған ,кеиіннен эрмитажда болған кәзіргі уақытта жоғалып кеткен , қаида екенін ешкім білмеиді . Соған қарағанда билік құртып тынған сияқты , өздеріңіз паиымдай беріңіздер ағаиын .
Пікір алмасу

Кімнен: ішімдегі мен Қайдан: шалкарстан
11.05.2012 18:27
+0 / -0
Қүлагердің сөзін нақтылай кетейін.
Ақтаудың бұрынғы тұрғыны Евгений Черемушников әйгілі болгар көріпкелі Ванганың Қазақстанға қатысты болжамы туралы тұңғыш рет әңгімелеп берді. Бұл кезеңде көріпкел келушілерді белсенділікпен қабылдап, өзінің атақты болжамдарын айтып жүрген еді.

Евгений Черемушников 1988 жылы Ванганың қабылдауында болыпты.

— Бұл Ванганың даңқы Кеңес Одағында дүрілдеп тұрған кезі еді, — деді Черемушников «ЭК»-ге берген сұхбатында. — Шамамен дәл осы кезеңде оның «су үстінде тұрған, жас буынның қолымен тұрғызылған қаланың жер бетінен жойылып кететіндігі» туралы болжамы айтылған болатын. Шевченко (қазіргі Ақтау) қаласында тұратын біз мұны өз атымызға қабылдадық. Ал Петрич селосына мен жаз айында келдім. Вангаға кіру кезегі бір ай бұрын жасақталып қояды екен, дегенмен маған үш күннен соң-ақ кірудің сәті түсті. Ол маған: «Бара бер. Сенің туған қалаңа ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», — деді. Және мынаны қосты: «Сен бақытты елде тұрып жатырсың, онда бәрі де жақсы болады. Тек ертерек заманда өз елдерің үшін күрескен бір дауылпаз батырдың басын қайтарып алуларың керек. Сонда сендер гүлдей жайнап кетесіңдер». Мен Ванга Кенесарының басы туралы айтқанын кейін барып түсіндім.

Рустем ОМАРОВ.

Астана.

(«ЭК», № 49, 25.03.11)
Пікір алмасу

Кімнен: Батырдың ұрпағы Қайдан: қан төгілген жер
11.05.2012 19:02
+0 / -0
Сіз өзіңізге қарай бұрмаламайақ қойың, мүмкін Құлбарақ батырдың басы шығар денесі Маңғыстауда басы Хиуада жатырған.
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 15:28
+0 / -0
Кенсары тәуелсіздік үшін күрессе, неге қазақ пен қырғыздың арасына от салып кетті? Ақылды адам олай істмес еді. Күресті дейсіз ғой, неге ол өз елінде Көкшеде отырып шайқаспады? Неге оңтүстікке қарай ығыса берді, ығыса берді? Батырр болса, неге өзінің ордасы Көкшені орыстардан босатып алмады? Қол жинады жан-жақтан дерсіз? Егер ол шынымен ел сыйлаған хан болса, оны қолдап, жан-жақтан ел келіп қосылар еді! Көмек бере еді! Алайда, олай болған жоқ! Ал, оның басынан емес, қарақұсынан пепельница жасатып алған орыс патшайымы! Ал, орыстар оның басын өлсе де бермес! Себебі, ол - айғақ! Жоғалған ештеңе де жоқ, бәрі де сақтаулы. Тек берілмейді. Бұл -бір.
Екінші. Кенесары- ешқашан да қазақтың ханы болған емес! Оны тарихшылар ойдан шығарып жазып, таратып жүрген нәрсе. Халықтың басын да біріктіретін оның басы емес! Себебі, ол - қалмақ қатыннан туған. Қалмақтар қашан қазқтарды біріктіріп еді? Сандырақтамай, абайлап сөйлеңдер. Ал, халықтың басын біріктіретін қазақтың одан басқа өз данышпандары мен әулиелері жеткілікті!
Қазақтың басын біріктірген жалғыз ғана хан болған. Ол - Тәуке хан. Тарихты дұрыстап оқып алып, сосын сөйлеңдер, ұят болмасын. Өтірік тарихты оқып ап, сұңқылдамай, сұрқылтай сияқтанып!
Пікір алмасу

Кімнен: Төре қызы Қайдан: Костанай
12.05.2012 16:18
+0 / -0
тарихты білмейтін надан екенсің! Кенесары Қоқан хандығына қарсы қырғызға бірігіп соғысайық дегенде қырғыз манаптары келіспей Кенесарынынң басын кесіп орыстарға сыйға тартқан! Ал сен бейшара қырғызды бауырым деп Кенесары бүйтті сүйтті деп отырсың! қазақтың қызы болмай кет, Осыендай ақылсыз қыздар қайдан шығады екен! Қарадан хан сайламаған ғой біздің қазақ, себебі сендей қарадан шыққандар ақымақ топсас руға бөлінетін болған ғой:!
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 21:25
+0 / -0
Төренің қызы! Тарихшылар Кенесары орыстармен қазақ халқының бостандығы үшін күресті деп жазды. Ал, сен Кенесары Қоқан хандығына қарсы соғысуға қырғыздармен біріккісі келді. Сосын оның басын кесіп, орыстарға сыйға тартты дейсің. Неге орыстарға сыйға тартады? Қоқан хандығына неге сыйға бермеген оның басын? Логика қайда?
Кенесары Қоқан хандығымен де соғысқысы келді. Ия, оның себебі - ағасы Саржан солардың қолынан қаза болған еді. Соның кегін алғысы келді. Бірақ, ол арманын да іске асыра алмай кетті Кенесары. Себебі, ол халықтың қамын емес ойлағаны; өз жеке басының жағдайын ғана ойлады. Оны сол кезде өмір сүргендер қолдамағаны да сондықтан еді.
Пікір алмасу

Кімнен: Ербол Қайдан: Шым қала
15.05.2012 21:37
+0 / -0
Батыстың қызы, Кенесарыға бұлай тіл тигізбеңіз. Кенесары қазақтың соңғы ханы және аса батыр болған, елін отаршылдардан қорғау үшін жанын берген адам.

Кімнен: Құлагер
11.05.2012 19:19
+0 / -0
Рустем Омаров бауырым нақтылағаныңа рахмет . Мен естігенімді жазып едім толықтаи жазғаныңа тағыда ражмет .
Пікір алмасу

Кімнен: ішімдегі мен Қайдан: ШАЛКАРСТАН
11.05.2012 20:42
+0 / -0
менің есімім Рустем Омар емес. жай мен оның сөзін цитатаға алдым. Қан төгілген жердегі батырдың ұрпағы! саған айтамын. біз қазақ деген шағын елміз. осы біздің қашан жузге, руға бөлінуіміз қалады? ата-бабамыз үш жузге жаудан үш жақтап қорғану ушін, ал руға қан тазалығын сақтау ушін бөлінген. бугінгі надан ұрпағы осылай бір-бірін кемітсін деп бөлген жоқ. осы бөлінеміз деп орыстың да қол астына өткенбіз. батыс десе кіші жуз деп, оңтустік десе оойй осы бір шымкеттіктер деп не керек осы?.Бір қазақ жығылып жатырса, демеп суйеуді де білмейтін куй кешіп жатырмыз. біздің аталарыз репрессияға ұшырағанда, совет укіметі бізде қанша мал бар екенін, кімнін бай екенін білген жоқ. сол баяғы коре алмаған ҚАЗЕКЕННІҢ іштарлығынын арқасында бір-бірін устап беріп,оз қазағымызды қудалаттық. Жоқ, барімізде АЛАШТЫН ҰЛДАРЫМЫЗ. сондықтан да қай жер болма, әйтеуір қазақ жерін қорға. осы менің тілегім.
Пікір алмасу

Кімнен: Ешкім Қайдан: Ешкім
11.05.2012 20:58
+0 / -0
Бүгінгінің нағыз Абайы Бауыржан Халиолланы қорғап алайық қауіп-қатерден жұртым!
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.05.2012 21:45
+0 / -0
Қайдағы бір бақсы жындының сөзіне сенбеңдер! Ешкім ертең не болатынын білмейді! Енді сол өліп қалған Кенесары ханның басын іздеп жүріңдер сол! денесімен біріктірем деп.... Ванга айтқан деп..... ха! ха! ха!
Пікір алмасу

Кімнен: Ақтас Қайдан: Almati
11.05.2012 23:32
+0 / -0
Дұрыс айтасыз, барша қазақ Бауыржанға қорған болуымыз керек! Халықшыл ақынымызды қорғай алмасақ, ел болып жарытуымыздың өзі екі талай емес пе?!!
Пікір алмасу

Кімнен: Ешкім-ге
12.05.2012 17:34
+0 / -0
Ауыздарыңа келгенді оттамаңдаршы осы! Абай кім, Бауыржан кім, соны айыра алмай отырған не деген сауатсыз едіңдер?? Абай данышпан. Ал Бауыржанды Нұрсұлтанды сынап "Нұрсұлтан сенен не пайда?" дегені үшін Ұлы Абайға теңеу астамшылық қана емес, надандық болып танылады. "Нұрсұлтан сенен не пайда?" дегенді қазір иттің итақайы айтып жүр ғой содан ләззат алсаңдар....

Тепкін
Пікір алмасу

Кімнен: Жақып Қайдан: Алматы
12.05.2012 21:10
+0 / -0
"Ешкім" және басқалар! Абайды "атқа жеңіл телпекбай" етпеңдер. Өйту - үлкен кінә да күнә! Ертеректегі: "Мағжан - Абайдан кейінгі екінші ақын", "Ілияс -Абайдан кейінгі екінші ақын" дегеннің орынын бүгін: "Мұқағали - Абайдан кейінгі екінші тұлға" ("Қазақ әдебиеті" гәзеті"); "Абайдан кейін қазақтың жон арқасын тіліп айтқан -Герольд Бельгер" ("Халық үні" гәзеті) деген сияқты әсіребілгіштік басып барады. Мұқағали: мен - Қасым Аманжоловтың шәкіртімін, деген. Ал Бельгердің "ақ патшаға" қалай жағынғаны белгілі. Ең соңғы, ешкімге білдірмей, жеделхаты шығар, не айтқанын "Парасат" журналының 2011-жылғы 11-санынан, "Күнделік беттерінен" оқи аласыздар. "Қазақтың бақытына туған" депті.

Кімнен: Думан
11.05.2012 22:42
+0 / -0
Менімше, тек Алматыда ғана қайшылықтар өсіп жатыр. Адамдар пікірлерін ашық айта алады. Басқа аудандарда аузыңды ашқызбайды. Кісілер бастықтары айтпай жатып, үндемей қалады. Шартты рефлекс болып қалған. Оппозицияшылдар Алматыда ғана мықты болмай, сол жаққа барып, адамдардың көзін ашсын

Кімнен: Шындық
11.05.2012 23:28
+0 / -0
Аты жөні көрсетілмеген ініме аитарым бақсыға сену сенбеу өз еркің дегенменде сол сенбеген Ванганың , Настрадумстың аиытқандары аина қатесіз болып жатыр , оларға көріпкелдік қасиетті сенде емес менде емес бір АЛЛА берген , кешегі Жаңаөзенді қан төгіледідеп 2007 жылы болжаған көріпкелге қалаиша сенбеуіміз керек , халықты соңына ерте білетін суырып салма ақын мектеп жасындағы баладеп осыдан 5 жыл бұрын болжағандар бар , кінә тақпастан бұрын саралап алғаның жөн сиқты , сол көріпкелдердің болжағанын толықтаи аитып жеткізуге әлі ерте , өтінетінім ешкімге кінә тақпашы , саған былаи аиту жарасбаиды себебі сен Қазақсың .
Пікір алмасу

Кімнен: Кене
12.05.2012 14:40
+0 / -0
Курметти Шындык Жанаозен жонинде болжамдарды толыгырак жазып жибересинба
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.05.2012 16:10
+0 / -0
Жалпы Исламда егер кімде-кім бақсы-бәлгерге сенсе, ол Құранға кәпір болады, бұл ауыр күна. Егер Жаңаөзенде қантөгіс болатынын білгенде неге алдын-алмадыңыздар? бәрібір Аллаһтың бұйыртқан нәрсесі болды, оны ешкім де тоқтата алмады. Ал егер Бақсы айтқан деп, Жаңаөзенді осы уақытқа дейін аңдып жүргенде өмірбақи болмай кетуі де мүмкін ғой, сол үшін тек Аллаға ғана сеніңіздер!

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 15:36
+0 / -0
Жалпы осы Абылайдың ұрпағын қазаққа телудің еш қисыны жоқ! Себебі, ол сарт еді ғой. Орта жүзге хан болып келгені Төлебидің қолдауымен болған нәрсе болатын. Ал, сарттан туғандар, төре болғаны ма сонда? Күлкілі емес пе?
Бұхар жыраудың жазып кеткендерін оқыңыз, барлығы сонда айтылған ғой. Мен ойдан шығарып отырған жоқпын.
Ал, Абылайдың өзі де қазақ халқы үшін ештеңе істеген емес! Оны мадақтай беру де жараспайды бізге! Бұхардан қаңғып келген сарт едің деп Бхар жырау айтқандай, қазақ халқы үшін айтарлықтай еңбек сіңірмеген де. Оның қасында еңбегі сіңген өз басшыларымыз бен батыр, билеріміз өзімізге жетерлік. Осыны біле жүрейік, ағайын.
Пікір алмасу

Кімнен: Торе қызы Қайдан: қостаанй
12.05.2012 16:14
+0 / -0
Ей Торе қызы абайлап сөйле! абылайды туығызып алғандай сөйлеп отырсын ғой! тарихты қайта оқып шық! қарадан шыққан бейшара! Өз басым жұрттың руына тиіспейтін едім. Сендей пақырлардың сөздері шыдамымының шегіне жеткізді! бәлкім Кенесары да,ер Науанлда, шоқан да сен үшін қазақ емес пе? руға бөлінбей отыр! бәріміз қазақпыз! Өлетін жерінді біл!
Пікір алмасу

Кімнен: Торе кызы Қайдан: Костанай
12.05.2012 16:37
+0 / -0
ей торе екызы деп емес,батыстың қызы деп жазамын деп шатасыппын!
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 16:43
+0 / -0
Абылай ө сарт! Одан туғандар сонда кім болады? Қазақ тек қазақтан ғана туады; қолдан қазақ жасалмайды ғой! Олар -тек қазақтың тарихы ғана. Қазақ емес! Бұл - шындық.
Мен оларды туған жоқпын, оларды тарих тудырды. Тарихты бұрмалауға болмайды. Шындық қана жазылып, сол тарих болып қалу керек келер ұрпаққа.
Родословня династия казахских ханов деген кітап бар соны оқып шығыңыз. Орыстың историк ғалымы жазған. Сосын сөйлесерміз.
Пікір алмасу

Кімнен: малика ханым Қайдан: хан сарайы
13.05.2012 01:14
+0 / -0
мырзалардын пикири устамды мадени тым жаксы.иия...айел адам ел баскарса онбас дегендей батыстын кызы ел баскарса казах ултын жокка шыгарары анык.кози аларып казан аударатынга уксайды.куйеуге тисей оданда.кан кысымын жонделсин окей.

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 16:08
+0 / -0
Кенесары ақылды хан болып, елді біріктрер болса, ол батырлығын көрестіп, өзінің ставкасын қорғап қалар еді де; өлсе өз жерінде өлер еді! Оны арулап, жерлер еді! Бейітінің басына барып, ұрпақтары құран бағыштар еді, Енді не болды? Енді тым болмаса моласы жоқ! Сүйектері тапталып, қырғыздың мал қорасында қалды. Ал, басы орсытардың музейінде жатыр. Ақылда адам олай жасамас еді. Сондықтан, Кенесарыны асыра мақтап, ол қазаққа хан болған дегенді доғару керек. ӘСөз тпақанға қолқа жоқӘ деген кітапты оқыңыз. Қасым мен Уәлидің біреуін хан сайлаймын деп, Абылай билер кеңесін шақырғанда не болғанын. Сосын сөйлеңіз, Кенесары туралы да, басқасы туралы да.
Пікір алмасу

Кімнен: Мөлдір Қайдан: Алматы
14.05.2012 11:12
+0 / -0
батыстың қызы қыз басыңмен қандай қатал едің, Кенесарыны сынайтын сен емессің, бәрі Алланың қалауымен болған нарсе. Кенесарыны ақымақ дейсың, өзің ақылды болып тұрғаның шамалы. Кенесары, Абылай, Қабанбай, Бөгенбай деп айта берме дейсың, қанша айтасаңда ұрпағы оларды ұмытпайды, сылайды.. Сен өз атаңды сыйлап мақтанып жүре бер. Өлген адамды сонша ғайбаттағаныңа жол болсын, Алладан қорықпайды екенсің. Ішің күйседе айтайын, біз Оларды ұмытпаймыз! Және де ОЛ Кісілер үшін әрдайым Алладан дұға тілейміз, құран бағыштау үшін моланың жанында болу міндетті емес..

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 16:20
+0 / -0
Біздің де аталарымыз батыр болған. Ел қорғаған. Жер қорғаған. Тарихта аты қалған. Тіпті архивтерде документтер де жеткілікті. Россияның архивтерінде менің атам туралы документ көп. Есет Көтібаров туралы. Ол кісінің Кенесарымен кездесуі туралы жыр да елде сақталған. Оны біреу білсе, біреу білмейді. Бірақ; Есет атамыз Кенесарыны қолдамаған. Себебі; біздің аталармыз өз жерінде отырып, өз елін орыстардан қорғаған. Өлгенде де өз жерінде өлген. Ол атамыздың мавзолейі де бар. Басына тоқтамай ешкім өтпейді. Халық оны мен айтпасам да жақсы біледі. Мен сіздер сияқты жар салмаймын. Себебі, біз өз атамызды өте жақсы білеміз. Оны біздің құлағымызға бала күннен ата-әжелеріміз құйып тастаған. Кітапқа жазуға да, кино түсіруге де, мақтануға да тұрарлық тұлғалар жеткілікті бізде де. Тек ,біздің аталарымыз өзінің отырған жерін қорғаған. Сол жерді бізге аманат еткен. Біз ол жерлерді жатқа білеміз. Әр жердің өз тарихы бар.
Қабанбай; Бөгенбай; тағысын тығыларды айтып жар құлақ қылдыңдар; совсем. Басқалар тек солардың арқасында күнін көріп жүргендей. Ондай асыра сілтеуді қойыңыздар.
Аруағынан айналайын; Батыр болса болған шығар. Бірақ, менің туған жерімді менің өзімнің аталарым қорғаған. Сол үшін күрескен. Өз жерімнің тарихын мен жақсы білем.
Пікір алмасу

Кімнен: Батырдың ұрпағы
12.05.2012 22:55
+0 / -0
Батыстың қызы жазғандарыңды бәрін қос қолдап қолдаймын, егер біздің ата бабаларымыздың алып берген мұнайы болмағағанда көрер едік қалай ел болғандарыңды. Бәрінеде АЛЛА куә.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.05.2012 03:58
+0 / -0
Батыстың қызы, сен тым мақтанып кеткен жоқсын ба? Есет деп қазақ үшін соғысқандардың бәрін теріске шығардың ғой. Біріншіден, Есеттің Кенесарыға қосылмаған себебі ол өз руының мүддесін қазақтың мүддесінен жоғары қойған. Екіншіден, Есеттің орыстарға қарсы соғысы тиянақты болмай, біресе орысқа қарсы шықса, біресе сол орыстардың қолтығына тығылған. Тіпті өз руластарының үстінен патшалық билік орындарына "доностар" да жазып отырудан арланбаған кісі. Оны мұрағаттан іздесен табасын. Жалпы сен Кенесарыға тиісе бер ме. Мейлі ол қырғыздың қолынан өлсін немесе басқаның қолынан өлсін, ең бастысы ол орыстың билігін аяғына мойындаған жоқ. Егерде сенің Есет атаң сияқты "ақылды" болып орыстармен ауыз жаласқанда мүмкін 1000 сом жалақы алып, аға сұлтан болып өз ажалынан өлер ме еді. Кім біледі?
Пікір алмасу

Кімнен: Ардақжан
14.05.2012 12:39
+0 / -0
Кенесары кіші жүздің бейқам ұйықтап жатырған бір аулын, түн ішінде бір адамын қалдырмай жауыздықпен өлтіріп кеткен. Мен оны батыр дей алмас едім.
Біз де тарихты білеміз...
Пікір алмасу

Кімнен: Ардақжан
14.05.2012 12:35
+0 / -0
Дұрыс айтасыз Батыс қызы, Есет батыр тарихта қалған адам. Елін жаудан қорғаған. Батыстың қай батырын алсақ та мақтануға тұрарлық қой. Біздің батыстың адамдарының бір қасиеті мақтана алмаймыз, басқалар сияқты бос көкігеннің орнына іспен жауап береміз. Біздің "кемшілігіміз" сол мақтаншақтық қасиетіміздің жоқтығы.

Кімнен: Шындық
12.05.2012 23:06
+0 / -0
Құрметті Кене толықтаи жасуымды өтініпсің , Көріпкелдердің болжағаны өте ауыр аитқандарын толықтаи жазсамда бәрібір жариалануға жатпаидыдеп шығармаи қоиатыны белгілі , жариалануға әлі ерте дегенім сол , менде кінә жоқ тек қысқаша аитарым осы жылдың аяғына деиін бір күрт өзгеріс болады соны күтеиік , әрі бұндаи әңгімелер өте құпия сақталады . Батыстың қызына аитарым жел жоқта жел тұрғызба , дауыл жоқта дауыл тұрғызып кімді саралағын келеді , сенімен толықтаи келіспеимін , бәрін бұрмалап әкеліп бір арнаға тықпалаитының жаман екен . Менің атам батыр Кенсарыны қолдамаған деисің мүмкүн сенің атаң Ресеиге қарсы шықпауға үгіттеген болар , тәуелсіздік алып қаитесің тыныш жүреиік , сабыр сақтаиық , шүкірмізғои деген болар , соңғы кезде сенің қалдырған пікірлеріңді жие оқимын , дәмі жоқ ас сияқты тұзы себілмеген , қашанда әр нәрсеге риза болмаи жүресің , біреуге ренжісең пікір қалдырғандарға тиісесің , Кенесары бабамда ала алмаи жүрген өшің бар оны хан қылған қара халық , ел ертеңін армандаған , тәуелсіздікті қазағыма алып беруге ұмтылған ұлы адамды қатпар қатпар пікіріңмен қаралаи алмаисың , Кенесары хан осы қасиеттермен қымбат , ол менің атамда , жақынымда емес . Оның қасында әрбір қазақ тәуелсіздіктің ақ таңын көруді , жемісінің дәмін татуды армандаиды . Көпке топырақ шашпа тіпті өзің Кенсарының қасында жүргендеи саирайсыңғои , әлде соның бәрін көзбен көріп прошлыидан келдіңбе . Тарихыңа топырақ шашпа , бесігіңді теппе қарағым қыз басыңмен баиқап сөилеу керек , әлде саған оқырмандар болып ғасыр ғұламасы деген атақ беріп тастаиықпа , Қазақ болып туып , Қазақ болып өлгенге не жетсін .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.05.2012 00:38
+0 / -0
Ғұлама қазақ азаматтарын шет елдерге мұсінін қойуға қарсымын НӘН өзінікін қойа берсін,рессеймен әзірге доспыз ертең бір ұлтшылың киратып тастауы ғажап емес,мәдениет үиінің падвалына кіріп барсам, камунистеріміздің мұсіндері оңды солды құлап жатыр жаман көрніс

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
13.05.2012 16:53
+0 / -0
Қуғынбайлар мен Тормыздар қашан адам боласыңдар
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.05.2012 00:12
+0 / -0
Кеудең сасып тұрғой Алматылықтардан үиренген өнерің сиақты

Кімнен: Батыстың жігіті
13.05.2012 18:36
+0 / -0
Батыстың қызы өз басыңды тасқа ұрғанша елді арала көзіңмен көр , жақсымен , жаманды сарала су болып таусылма өмірде өзен болып ақ , бықсыма лаулап жан , қыз деген атың бар , жолың жіңішке өтірік уағыз аиытқан молда құсап өз есімдерін тарихта қалдырған ұлы тұлғаларға тиісесің , НӘН мақтап пікір қалдырғандарға тиісесің аитыңызшы сізге қалаи жағамыз . Әлде атаң Абылаи бола алмағасын , Кенсары бола алмағасын қызғанып отырсыңба қамықпа қарындасым сенің дегенің болмаиды , қолың бос болса атаң туралы кітап жазып батыстың қызы деген атыңды әлемге танытарсың , не болсада оилау жүиең өте төмен , көштен қалғаныңды баиқадым , сені Астана конгретно оқытқан екен құтты болсын , сен батыстың қызы болсаң , мен батыстың жігітімін бірақ бұл жерде жерлестік жүрмеиді , оданда бос уақытыңды басқаға аудар , масқара мұндаи оиларыңды ішіңе сақта сырытқа шығарма ұят болады , атыңа затың саи болсын . Өзіңді қолдамаған батыстың жігіті .
Пікір алмасу

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
13.05.2012 23:58
+0 / -0
Менің атам туралы баяғыда-ақ батыстың және Россияның баспаларында талай кітап жазылған. Ол кітаптар Лондонда, Парижде Берлиннің кітапханалары мен тіпті Американың кітапханаларында бар. Сенбесеңіз оқып көріңіз. Ал, сіздер тарихты бұрмалаған тарихшылардыкінен оқып, мені қаралайсыздар.
Бізде тарихты жазып кеткендер; Мәшһур Жүсіп (діни танымды адам); М. Тынышпаев (теміржолшы); Асфендияров(медик). Ал, басқа тарихшылар - шындықты жаза алмай, бұрмалаушылар. Сонымен қатар, қазақтың бай тарихы бұрынғы өткен би-шешендердің айтып кеткен сөздерінде. Соны жүйелеп оқысаңыз - нағыз тарих сол жерлерден шығады. Мен Абылайды , Кенесарыны несіне қызғанам және несіне қызғанам? Олардың қызығатын да, қызғанатын да ештеңесі жоқ. Мен өз аталарыммен мақтана алам. Себебі, олармен мақтануға болады. Балаларымды да, немерелерімді де өз тарихын білсе, еш нәрседен кем болмас деп ойлаймын. Мен бұрын Абылайды, Кенесарыны да білмеуші едім. Себебі, бізді мектепте де, институтта да олар туралы ештеңеге оқытпады. Астанаға көшіп келгелі, оқып, сараптап, ой-санама түйгенім солай болды. Құдайға шүкір, қазір бұрынғыдай емес, кітап деген жетерлік.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.05.2012 20:36
+0 / -0
Батыстың қызы сен дұрыс айтасың! Абылай мен Кенесары сияқты тұлғаларға еш қызығуға болмайды. Ол "ақымақтар" өмірінің соңына дейін қазақтардың тәуелсіздігі мен мемлекеті үшін соғысып бастарын тасқа да, тауға да ұрған есі жоқ "жындылар" ғой. Ақыры не болды? Абылай абыройсыздық өлді. Ал Кенесары тіпті масқара, денесі көмусіз қалды. Орыстар болса қазақтарға "жаны" ашып оның басын бермей отыр (Кенесарының рухы ұрып кетсе, қазақтар қайтадан құтырынып кетуі мүмкін ғой). Егерде олар сенің ақылды атаң сияқты орыстардың табанын жалағанда ғой кәрілікке келіп өліп, оның ұрпақтары жыл сайын ат шаптырып ас беретін еді. Ресей де олардың империяға сіңірген еңбегін бағалап том-том кітап жазып, тіпті ол кітаптар Лондонда, Парижде, Берлиннің, Американың кітапханаларында шаң басып тұратын еді ғой. "Ақымақтар" ғой бұл Абылай мен Кенесары. Шынымен де сонда бұлар кімдер үшін соғысқан? Егерде олардың азаттық үшін күресін батыс қызы сияқты мәңгүрттер мүлдем қажет етпесе.
Пікір алмасу

Кімнен: Төре қызы Қайдан: Костанай
14.05.2012 02:40
+0 / -0
Батысытың жігіті рахмет Сізге! "Жүзге бөлінгеннің жүзі күйсін!" дейтін азаматтың бірі екенсіз! Бар болыңыз! Ең бастысы ақты ақ деп,қараны қара деп айта алатын азаматтың бірі екенсіз!

Кімнен: Шағыл
13.05.2012 20:32
+0 / -0
Батыстың қызы өз тарихыңның тағылымын шимайлағанша жетесіз биліктің сөзбен мұрындарын тесіп неге жетелемеисің . Тарихтағы бір туар ханмен батырларымыздың ерлігін жоққа шығарғанша , бұрмалағанша оның киесінен қорық . Кешегі анталаған жауға жер сұрағанда топырағым түгілі жапырағымды сатпаимын дегенін біле тұра не дегің келетінін түсіндім , келер ұрпақ үшүндеп жауға шапқан Абылаидың тырнағынада тұрмаисың киелі Кенесарыда шаруаң болмасын әрі жүр , өз атаңды аитып мақтанып , шаттанып жүребер . Ақылды жан киемен оинамас ьолар . Сабыр ет тоқтамға кел , салиқалы сабырлы бол .

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
14.05.2012 13:29
+0 / -0
Ердің соңы - Есет, пірдің соңы - Бекет!

Кімнен: Батыстың жігіті
14.05.2012 14:38
+0 / -0
Төре қыз Қостанаиға шуақты пікіріңізге рахмет , ои санамыз бір жерге келіп тоғысып жатыр , бір арнадан ағып өткендеи екеуміздің түсінігіміз бір жерден шыққандаи , Менен алыста тұрсаңызда ертеңге деген үмітіміз бір екен , жалпы қазақ қыздарының боиынан қаисарлықпен , адалдықты көргім келеді сіздіде осындаи жандардың қатарынан көремін , біреу маған еліңнің қандаи екенін көргім келеді қазақ қыздарын көрсет десе мен сізді көрсетер едім , ертеңге деген үмітіңізді үзбеи қашан бұл жүие құлағанша қаисарлық мінез танытып жүре беріңіз , қыз елдің көркі , гүл жердің көркі ., Арамызда жоқтан бар жасаитындар , болмағанды болды деитіндер , жүзге бөлінетіндерден сақ болғаисыз , әр жағыңыздағы ои арманыңызды жақсы түсінгеннен кеиін өзіңізге арнап пікір қалдыруды жөн көрдік , бір болаиық Азаттықтың биік шыңына адал жандармен бірге армандарды ұштастырып бірге ұшаиық . Ел ертеңін оилап мұңаима аяулы Қостанаилық қарындасым .

Кімнен: Арғын Ақташы Қайдан: Арқалық
14.05.2012 23:04
+0 / -0
Азғантай қазақты жүзге бөлдік ,бірін батыс бірін шығыс дедік,жерге бөлдік.Не ұттық шыққан биігіміз қайсы,бөлінгенді бөрі жейдіінің кебін кейдік,Білместіктен айтса құдай кешііреді дейді,құямпырыстықпен айтқанға не дейміз,Найзамен шаншып қанжармен ішін жарып , қылышпен басын кесіп алып ,Қазан қайнатып бас сүиегін соған салып құйқасын айырып. Орыс патшасына тарту еткен сый алған көз алдындағысынан арғыны көрмеген,Қырғыздар бүгін не болды .бір әйелдің бұтына әлі қарал отыр (Отунбаеваны) айтамын,Кие атты деген сол ,Кенесары білдей бір халықтың рухы болатын,Ал ол халық әр уақытта олардан жоғары тұрған ,несібесі де абырой атағы да,Бірімізді біріміз ардақтайық аялайық сонда ғана іргеміз берік ел боламыз,бос сөзбен бірімізді біріміз жараламайық,

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
15.05.2012 00:15
+0 / -0
Өөөөйт, өңшең боқташақ!
Мен барып пікіріңді білдіріп, жеңіп кел десем, Қостанайдың бір шүйкебасына өз өңіріңді сатып келген екенсің ғой, тумай кеткір батыстың жігіті. Онымен қоймай, бір-біріңді мақтап әмпей-жәмпей бола қалыпсыңдар ғой, түге. Бар ендеше, қолына кір сол шүйкебастың, күшік (Төлегеннің әкесі Базарбайдың ізімен).
Пікір алмасу

Кімнен: Төре қызы Қайдан: Қостанай
20.05.2012 21:52
+0 / -0
Батыстың жігітіндей жігіт үшін жанымды берер едім! Бекежанның атқан оғына кеудемді тосып қалқан болар едім! Бұл жолы махаббат үшін емес, жүрегі қазақ деп соғатын азамат үшін саукелемді Жайықта жүздіретін едім! Бекежан сияқты пасықтарды бабам Бопай ханым секілді өз қолыммен өлтіретін едім! Бопай ханым өз күйеуін жаудан қорқып қашып бара жатқан жолда қуып жетіп өлтіреді! Сонан соң 6 ұлымен жауға қарсы шапқан! Мен сөйтер едім! Сіз сияқты қарғыстан өзге тілек тілемейтін пенделер тарихта сатқын болып қалатынына тарих куә! Сондықтанда барлық қазақ жігіттері Батыс жігітінен үлгі алыңыздаршы! сонда сенджерді біз сияқты қарынджастарыныз төбеге көтеретін болады!

Кімнен: Алдиар Қайдан: Алматы
15.05.2012 20:54
+0 / -0
Қайсар мінезді туларын еш уақытта жықпайтын Батыстың жігіттері жасасын . Аты жөні көрсетілмеген жүзге бөлінген соқыр болма , құтырған ит құсап , шауып келдеп нені міңзеп отырсын жалмаңдаған жалмауыз кемпір құсамаи , қазақ бірлігі керек осындаида сен сияқтылармен алысқа шабу қиында азап , шыққан жеріңмен өлетін жеріңді біл туған еліңнің қадір қасйетін біл , жүзге бөлінбеи , Батыстың жігітінің аитуы орынды өсе бер , жасаи бер .

Кімнен: Рахматулла Қайдан: ОҚО
15.05.2012 22:51
+0 / -0
Алла тағала айтады екен: мен әр елге өзіне лайық басшы беремін деп! Бізге дәл қазір осы авторитарлық, мықты билік қажет! Себебі мына бір-бірінің бетін жыртып, өлтіруге дайын тұрған қазақтар БІР САТТЕ ТӘУЕЛСІЗДІКТЕН АЙРЫЛЫП қалады мына түрімен. Абай айтқандай "бас басына би болған өңкей қиқым, бүлдіріп бітпейме екен елдің сиқын". Европадағы демократияны айтасыңдар бәріңде, бірақ сол европа елінің деңгейіне жету үшін 100 жыл бар сендерге! Әркімнің дегені бола берсе ел не болады, әркім өз талабын қойып митингке шыға берсе жұмыспен кім айналысады? Жооооқ, бізге НӘНің режимі қажет алі, ато мына қазақ ел болмай кетеді, жартысы ресеймен боп, жартысы қытаймен боп! Қазаққа алі өсу керек ой өрісі! Сүйегі қураған бейшараларды сонша ғайбаттап. Азаттық жариялаңыз осы пікірімді!

Кімнен: Шаке
16.05.2012 03:36
+0 / -0
Өмірден өткен кешегі хандарымызбен батырларымызды жерма бірінші ғасырда қаралайтындар , мойындамайтындар шығып , өз атасын батыр қылып көрсетуге талпынғаны әзірге ел болып жарымайтынымыздың белгісі сйяқты , осындай талас тартыс арасында қазақтың қызы жүргеніін не деуге болады . Басымызға қанша таяқ тйседе бір болуды , бірліктеріңді көру арман болдау , кешегі Абылайхан , Кенсарыда тарихтан өз орындарын алған ұлы тұлғалар емеспе , олардың шынайы бағасын әлдеқашан халық беріп тастаған , тарихтан өз орындарын алған Абылаймен , Кенсарыдан сатқын жасау барып тұрған қорлық ,бүитіп жүріп қалай ел боламыз , өлгендерді көрдеде тыныш жатқызбадыңдарау . Осы жерде жазылған пікірлерді оқып отырсам даудың басы Батыстың қызынан келген екен , бұрмалау , ағаттық сөилеу , өз атасын аитып мақтану басқасын моиындамау , жүзге бөліну , жеңіп қайыт , шауып қайыт әйтуір жатқан таласпен тартыс . Билік халқына қарсы өте қатал саясатын жүргізіп отырғанда бір жерден тас түйін болып неге біріге алмаймыз , мен өзім Батыста көп жыл жұмыс жасадым шынын аиту керек Батыстың жігіттері өр мінезді , шындықты бетке айтатын , қайсарда батыр , кәзіргі билікті өткір сынайтын , саясаттан жақсы хабарлары бар мақтауға тұратын жандар , ал қыздарының бойынан ондай қасйеттерді байқай алмадым . Билік осы Батыстан қатты қауіптенеді , өркенйетке , азаттыққа жол салатын бәрінің бастамасы осы Батыстан бастау аладыдеп түсінем .
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
16.05.2012 13:59
+0 / -0
Шакенің пікірімен келісемін. Әркім өзін мақтай бермей, бөлінбей, жарылмай тірлік қылған дұрыс қой. Ол ата баларымыздың заманында өмір сүрген жоқпыз, қаншалықты дұрыс-бұрыстығын білмейміз. Пенде болған соң, мүмкін кемшіліктері болған шығар, бірақ бізге сондай ұсақ-түйек кикілжің нәрселерді қаза бергеннен не шығады.
Пікір жарияланған бет , жиыны 2
    Келесі 

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?