Accessibility links

Иранда өлім жазасы туралы үкім орындалды


Рейхан Джаббаридің 2008 жылы сотта сөйлеп тұрған сәті.
Рейхан Джаббаридің 2008 жылы сотта сөйлеп тұрған сәті.

Иранда дарға асу жазасына кесілген әйелге шығарылған сот үкімі бүгін таңертең орындалғаны туралы IRNA агенттігі хабарлады.

26 жастағы Рейхан Джаббари 2007 жылы жергілікті арнайы қызмет өкілін өлтірген деген айып бойынша өлім жазасына кесілген. Құқыққорғаушылар Джаббари 2007 жылы өзін зорламақ болған барлау қызметінің өкілі Мортез Абдолали Сарбандиден қорғану үшін пышақ жұмсауға мәжбүр болған дейді. Олар әйелді өлім жазасына кесу туралы сот үкімімен келіспейді. Рейхан Джаббариге араша сұрап қол жинау компаниясы бұған дейін интернетте жүргізілген болатын.

Сотталған әйелге бостандық беруге шақырған қоғамдық топ мүшелері оған шығарылған үкімнің орындалғаны туралы ақпаратты бүгін Facebook арқылы растаған.

XS
SM
MD
LG