Жексенбі, 19 мамыр 2013, Алматы 15:48


ӘЛЕМ / Ресей

Абай "ресейлік оппозицияның ақынына" айналды

Мәскеудегі Абай ескерткішінің маңында кезекті акция өткізбек болған азаматтық қарсылық қозғалысының мыңдаған мүшелері өздері іздеп жүрген саяси-әлеуметтік идеалдарды қазақ ақынының жырлары арқылы сипаттай бастады.

Ресей президенті Владимир Путин Абай ескерткішін ашу салтанатына қатысып тұр. Мәскеу, 4 сәуір 2006 жыл.
Ресей президенті Владимир Путин Абай ескерткішін ашу салтанатына қатысып тұр. Мәскеу, 4 сәуір 2006 жыл.
Мәтін көлемі - +
Мәскеуде Ресей президенті қызметіне үшінші мәрте кіріскен Владимир Путинге наразылық көрсету шаралары мамырдың 7-сінен бері жалғасып жатыр. Демонстранттар күн сайын акцияларын жаңа орынға ауыстырып келеді. Азаматтық қарсылық қозғалысы жетекшілерінің бірі, блогер Алексей Навальный полицияның кезекті тарату операциясынан кейін мамырдың 8-і демонстранттарды Чистые пруды тоғанының қасындағы Абай ескерткішінің маңына жиналуға шақырды. 

Уақытша қамаудан шыққан беті жазған сөзбе-сөз twit-і мынадай:

Alexey Navalny ‏ @navalny
Нас с Удальцовым выпустили, едем на #чистыепруды к памятнику непонятному казаху


Twitter жазбасында Навальный ескерткіш туралы жазып отырып Абайды "түсініксіз бір қазақ" ("непонятный казах") деп сипаттайды. Навальныйдың бұл сөзі қазақстандық Twitter қолданушылардың шамына тиіп, біраз талқылауға себеп болады. Кейін блогер бұл twit-і үшін ғафу өтініп, Абай туралы біраз мәлімет қарап, хабардар болғанын жариялайды. Кейін ресейлік Путин режиміне қарсы шерушілер үшін Twitter-де "Оккупай Абай" ("Абай ескерткішінің маңын басып ал" деген мағынадағы ағылшын сөзі) деген хэштег (кілт сөз) танымалдық бойынша бірінші орынға шығады. Демонстранттар осы кілт сөз арқылы әлеуметтік желіде бір-бірімен табысып, жөн сұрасып, қолдау көрсетіп жатыр.

Қазақстандық көпшілік Twitter қолданушылары "Оккупай Абай" қозғалысының табиғаты мен мән-мағынасына үңілуден гөрі "түсініксіз қазақ" деген сөздің төңірегінде дау сабауға бейім болып шықты. "Навальныйдың надандығынан" бастап "Абайды дұрыс деңгейде насихаттай алмау" сияқты дәстүрлі тақырыптардың шеті көріне бастады. Бұл науқанға әлеуметтік желіде өздерін либерал ретінде көрсеткісі келіп жүрген кейбір қазақстандық саясаткерлер қосылды.
Чистопрудный бульварға жиналып жатқан жұрт. Мәскеу, 10 мамыр 2012 жылЧистопрудный бульварға жиналып жатқан жұрт. Мәскеу, 10 мамыр 2012 жыл
x
Чистопрудный бульварға жиналып жатқан жұрт. Мәскеу, 10 мамыр 2012 жыл
Чистопрудный бульварға жиналып жатқан жұрт. Мәскеу, 10 мамыр 2012 жыл

10 мамыр күні Абай ресейлік оппозиция үшін біріктіруші символдардың біріне айналып үлгірді. "Түсініксіз қазақтың" тарихын зерттей бастаған ресейлік азаматтық қоғам белсенділері қазақтың классик ақыны жазған жырлардан жандарына жақын ұғымдарды тапқандарын жаппай жазып жатыр. Алексей Навальныйдан бастап қарапайым Livejournal, Twitter мен Facebook қолданушыларына дейін ақын өлеңдерін Путин режимін сынайтын құдыретті метафоралы қаруға айналдырған сияқты.

Livejournal қолданушысы drug_detei былай деп жазады: 

"Ұлы қазақ ақыны Абай Чистые прудыдағы ескерткіш бейнесінде отырып төңірегімде соңғы бірнеше күн осыншама адамды жыпырлатып жинап жатқан не құдырет деп таң-тамаша қалып отырған шығар. Міне, Путин мен оның сыбайластарының арқасында Абайды әлі талай адам танымақ".

Ольга Романова есімді азаматтық белсенді, Facebook қолданушысы өзінің постында:
Абай ескерткіші. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.Абай ескерткіші. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
x
Абай ескерткіші. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.
Абай ескерткіші. Алматы, 28 сәуір 2012 жыл.

“Қазақтың ұлы ақыны һәм ойшылы Абай Құнанбаев күтпеген жерден Путин мен оның тобына қарсылық көрсету қозғалысының белгісіне айналған соң оның өмірбаяны мен мұрасы жайлы білмекке бекіндім. Бекер емес екен! Нағыз біздің адам!” деп шаттанады. Ары қарай Ольга Романова Абайдың қара сөздеріндегі әлімжеттік пен қиянат туралы пайымдарын мысал етіп келтіреді.

Ал kavkaz.ge сайты Абай ескерткішінің төңірегіндегі оқиғаларды бір сөйлеммен былайша сипаттайды:

"Абай Құнанбаев ресейлік официоз элементі мен ресей-қазақстан қарым-қатынасының жансыз белгісінен совет диссиденттері тәу еткен Пушкин ескерткіші сияқты маңызды символға айналды".

Ресейлік "Дождь" телеарнасы Абайды қазіргі азаматтық белсенділермен табиғаты үндес либерал деп атады. Ол сюжетті төмендегі сілтеме арқылы көре аласыз:



Қазақ жазба әдебиетінің бастауында тұрған классик ақын Абайдың Алматыдағы ескерткіші де қазақстандық оппозиция митинг өткізген орынға айналған болатын. Бірақ жергілікті оппозиция ақынның өлеңдерін дәл ресейлік азаматтық қоғам белсенділері сияқты әлеуметтік-саяси әділдікті талап ету құралына айналдыра қоймаған еді.

Ал бүгін мыңдаған мәскеулік белсенді Абай ескерткішінің маңына түнеуге дайындалып жатыр. Twitter-де Абай өлеңдерінен шағын-шағын үзінді келтіріп, Путин режимін сынау саяси сәнге айналды десе болады. Бұл үрдіске тіпті "Московские новости" сияқты газеттер қосылды. Әлеуметтік желідегі осы құбылысты айна-қатесіз жеткізу үшін төмендегі twit-терді сол қалпында жариялап отырмыз.

Билли Новик ‏ @billy_novik
Не могу не оценить эту мудрость Абая - «Худший человек из числа людей — это человек без стремлений» #ОккупайАбай 

Московские Новости ‏ @newmnru
"Только разум, наука, воля, совесть возвышают человека" #Абай Кунанбаев #ОккупайАбай

Marat Shibutov ‏ @MaratShibutov
Жалко казахская диаспора в Москве не придет к Абаю баурсаки там или лепешки с чаем ночью раздавать. Было бы хорошо #ОккупайАбай



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: Салтанат Қайдан: Алматы
10.05.2012 23:39
+0 / -0
.(«Жолама қулар, маңайға...»).
Не подходите хитрецы ко мне,
Как только вы не издевались над людьми!
Кто угодит вам, гнусные невежды?
Что столько мук Абаю принесли.

Вы не прислушались к нему,
Ругательства лишь слышал он от вас,
Пока последний час его не тронул,
Вы словно псы рычали на него.

И что останется за вами?
За теми, что лишь ели, пили,
Набивая чрево.
А он, Абай, оставил драгоценность,
Что впору лишь сравнить с бесценным рудником.

Достойный за собой оставит нескончаемую прибыль,
И вечные цветущие сады.
А после вас, бесчестные людишки,
Останется лишь пепел на ветру.

Не вам меня судить, глупцы,
И вам не подчинюсь я никогда!
И боль мою, что сердце разрывает
Не вам своим умишком усмирить.

Наш долг - честь смолоду беречь,
И человечеству служить на благо созиданья.
Я слово дал, что буду честно в том трудиться,
На благо будущей зари!

И с вами я водил никчемные беседы,
Где только не бывал, поверив пустоте.
Ах, дьявол мой, коварный,
Теперь-то я узнал все помыслы твои.

Моя мечта – достичь своей названной цели,
И справлюсь я с невзгодами судьбы.
Пока он не придёт, мой верный час
Трудиться буду я,
И кто за мной придет,
Дополнят то, что не успел сказать.

Все то, что взял от жизни я, собрав по крохам,
Оставлю людям за собой.
Берите же, что взять сочтёте нужным,
Всё то лишь вам, потомки, от меня!
Шакарим Кудайбердыулы

Кімнен: Tinkay Қайдан: Ұлы Тау
10.05.2012 23:42
+0 / -0
Әбекем о заманда орысты мақтап еді, енді тіпті қолдап кетті ғой.

Кімнен: Лиза Қайдан: Актау
10.05.2012 23:48
+0 / -0
О Абай атам тегин адам емес казакта орыста Абай атамнын ескерткишинин алдына жиналатыны тегин емес. Бул кудиретти кушпен жасалып тур.Абай атам колдап тур гой адилдикти.

Кімнен: маубас Қайдан: парламенттен
11.05.2012 01:03
+0 / -0
АБАЙ атамыздың ресей оппазициясына "қатысы бар, тегін емес, бір күшпен байланысы бар" екенін білмеймін және сенікіремеймін әшейін кездейсоқтық болар ... дегенімен айтқан сөздерін саралап , дұрыстығына, данышпандылығына баға беріп , қарапайым жұрттың танып жатқаны қуантады мені ...

Кімнен: Мұхит Қайдан: Алматы
11.05.2012 02:14
+0 / -0
Осыдан кейін біздің билік Достық даңғылының бойындағы Абай ескерткішін алып тастап, оның орнына "балаларға" арнап үлкен ойын-сауық орталығын ашатын шығар.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.05.2012 02:54
+0 / -0
Осыдан кейін ақындарды ғұлама демей не дейміз! "Ғасыр ғұламасы" болуға не үшін ұмтылғанын енді ұқтыңдар ма анау кісінің!

Кімнен: Қызықтаушы Қайдан: Боратстаннан
11.05.2012 04:24
+2 / -0
"Ғасыр ғұламасының" қасына жиналғандар "аяқастынан" байып кетіп жатыр, ал Абайдың қасына жиналғандар түрмеге түсіп жатыр. Қызық қой, иә!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
11.05.2012 05:53
+0 / -0
Алматыда да Абайдың ескерткішінің қасында жиын өткізулері тегін емес екен ғой.

Кімнен: Оқытушы Қайдан: Семей
11.05.2012 12:50
+0 / -0
Неге мәнсіз сөз қолданған? "Оккупируй" болу керек қой.

Кімнен: адай Қайдан: атырау
11.05.2012 17:13
+0 / -0
аттен биздин билікке осы абай атамыздай бир данышпан киси келсе гой

Кімнен: Сана
11.05.2012 18:59
+0 / -0
Абаиды пір тұтып даңқыңды шығар Қазағым , кешегі көк бөрі бахадұрлардың ұрпағысыңдар .

Кімнен: батыстың қызы Қайдан: астанадан
12.05.2012 14:56
+0 / -0
Мына суреттен қара отырып, ескерткіш Абай атамыздікі деп айта алмас ем. Ұқсамайтын сияқты. Қырынан қарасаң кавказдықтар сияқты маған. Бір түрлі екен. ескерткіштің авторы кім? Абайдың қай суретіне қарап жасалынды екен? Біз көріп - көзқарақты болған Абайдай емес!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
12.05.2012 21:48
+0 / -0
Абайды емес Феликсті еске салады екен Путин кімге тағзым етіп тұр екен?

Кімнен: Maira Қайдан: Almaty
14.05.2012 23:38
+0 / -0
Қайран қазағым Абайдың ескерткішінің жанында орыстар митинг өткізді деп сонша мәз болғандарың не? Соған кәдімгідей масайрап. Осыдан-ақ біздің ақымақ екеніміз көрініп тұр....

Кімнен: Нурлан Қайдан: Порту
15.05.2012 00:45
+0 / -0
Навальныйдын басында бір шөкім ми болса,түсініксіз адамга ескерткіш қойылмайтынын білер еді ғой.Аңдамай сөйлеген ауырмай өледі деген,осы.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?