Бейсенбі, 24 мамыр 2012, Алматы 23:59

ӘЛЕМ

Иранда ислам төңкерісінің 31 жылдығы аталып өтуде

Ол төңкеріс шах билігін құлатып, Ислам республикасын құрды. Бақылаушылардың айтуынша, Иранда өткен жылы 12 маусымда өткен даулы президент сайлауы мен содан кейінгі қудалаулар Ислам республикасында діни әскери өктемдікті бекіте түскен.

Иран халқы ислам төңкерісінің 31 жылдығын атап өту үшін Теһрандағы "Азаттық" алаңына жиналды. 11 ақпан 2010 жыл.
x
Иран халқы ислам төңкерісінің 31 жылдығын атап өту үшін Теһрандағы "Азаттық" алаңына жиналды. 11 ақпан 2010 жыл.
Мәтін көлемі - +
1979 жылғы төңкерістен кейін ирандықтар өздерінің революциялық мақсаттарын жүзеге асыру мақсатында үкіметтің Ислам республикасы ретінде басқарылуын таңдады.

Олардың жаңа республикасы іс жүзінде қандай болатындығы белгісіз еді, бірақ көптеген адам шах Мохаммад Реза Пахлави билігі кезіндегі жағдаймен салыстырғанда бостандық көбірек болады деп үміттенді.

Төңкеріс жетекшісі әрі Ислам республикасының негізін қалаған Аятолла Рухолла Хомейни жәбірлеушілік пен зұлымдыққа жол берілмейтін ашық қоғам құруға уәде етті.

«Ислам республикасында өктемдікке орын жоқ. Ол Мұхаммед пайғамбардың туысы Әли Ибн Аби Талебтің билігі сияқты әділеттікке негізделген болады», - деген болатын Хомейни.

Алайда Ислам республикасы бейсенбі күні төңкерістің 31 жылдығын атап өтуге дайындалып жатқан тұста көптеген ирандықтар, олардың ішінде бұрынғы революционерлер төңкеріс нәтижесі сәтсіздікке ұшырады деп мойындады. Маусым айындағы даулы президент сайлауынан кейін жаппай наразылық шараларын өткізген елдің "Жасыл" қозғалысы бұл жолғы мерекені пайдалана отырып, шерулерін жалғастыруға дайындалуда.

Өткен аптада "Жасыл" оппозицияның жетекшісі Мир Хоссейн Мусави 1979 жылғы төңкеріс өз мақсаттарына жете алмады, елде әлі де зұлымдық пен өктемдік тамырлары бар деп мәлімдеді. Президенттіктен үміткер болған Мусавидің осы пікіріне қосылатындар аз емес.

Осыдан 30 жыл бұрын монархияға наразылық танытқан қуғындағы журналист Нушабе Амиридің айтуынша, қазіргі саяси репрессиялар шахтың кезіндегіден де бетер ушыға түскен.

«Бүгінгі жағдайға қарасаңыз, төңкеріс кезіндегі ахуалмен салыстырғанда, реформашыл қозғалысты қолдайтындарға жасалып жатқан қысым күшейіп отыр. Сол кездері біз шахтың армиясы ананы жасады, мынаны жасамады дейтінбіз. Ал қазіргі тұтқындаулар мен қинап-азаптауларға және қатаң репрессияларға қарасам, өкінішке қарай, бұрынғы жағдаймен салыстыруға да келмейді екен», - дейді журналист Амири.

Стэнфорд университетіндегі Иран бойынша бағдарламаның директоры Аббас Миланидің мәлімдеуінше, соңғы 7 айда Ислам республикасының өз билігін сақтап қалу үшін көбірек әскери күшке арқа сүйейтіні байқалған. Милани Иран режимін жартылай әскери исламшыл билік деп сипаттады.

«Бұмаланған сайлаудан кейін әр күні біз Төңкерісшіл сақшылар мен Басиж милициясының билігі күшейгенін көріп отырмыз. Режимнің әскери күшке деген қажеттілігі бұдан былай одан сайын күшеюі мүмкін. Үкіметтің заңдылығы күн сайын азайып, деспоттық режим әскери билікке айналып жатыр», деді Милани.

Махмуд Ахмадинежад президент болып қайта сайланған соң биліктегі тұлғалар жікке бөлініп, бұрынғы төңкерісшілердің көбі оппозицияға көшті. Олардың басым бөлігі қазір түрмеде отыр немесе Иран билігін құлатпақшы болды деген айыптарға тап болып отыр. Екі жақ бір-бірін революциялық құндылықтар мен мұрат-мақсаттардан ауытқуда деп айыптап жатыр.

Вашингтондағы Таяу Шығыс мәселелері бойынша сарапшы Расул Нафисидің пікірінше, өткен маусым айындағы дауыс берулер мен сайлаудан кейінгі жағдай қазіргі Иран үкіметінің демократиялық потенциалы жоқ екенін байқатқан.

«Екі мерзім қатарынан президент болған Мохаммад Хатамидің билігі бұл ережеге жатпайды. Ахмадинежад билікке келген соң ол төңкерістің мұрат-мақсаттарына қайта оралуға уәде етті. Сол идеалдарға қайту төңкерістің алғашқы жылдарындағы жағдай сияқты адамдарды түрмеге жауып, оларға қысым жасауды көрсетті. Сондықтан қазір демократиялық жүйе құрылады деп сенгендердің үміті жойылып отыр», деді Нафиси.

1979 жылғы төңкерістің 31 жылдығында Иран республикасының болашағы қандай болатыны белгісіз болып отыр.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қажы мұхамбет қаракедей Қайдан: иран . горган
13.02.2010 12:03
+0 / -0
Көп қорқытады , терең батырады дегендей , Ирандық оппозиция мақсатына жетуі екіталай деп ойлаймын . Неге десеңіз олар негізі шиға болып келеді . Бұлар неше затын жасыруға дағдыланған : пұл , жол мен діл . Бір қызылбастың не ойы , не малы , не талабын білу қияметтей қиын шаруа . Ирандағы қауым бір затпен қарсы екенін анық айта салмайды . Олар шамалы жанға сене қоймас . Осы айланы ТАҚИЯ ( әлгі тақия ) дейді . Сонымен халық итәуре болып қала бермек .Ал Әли болса болар сандалағандай , өзін уәлімін деп айтпаған . Ол жарықтық ел билікті оған тіпті мәбүрлеп бермегенше қолға алмай оны өте төзімділікпен атқарған-ды . Демек өзін елдің қалаулысы санап олармен санаса жүген еді . Ирандағы билік өзін Алланың адамдар арқылы таңдаулы үкіметі деп сиппаттап өзінің қарсыластарын кереметтің жауы деп санайды да көпшілік оған құрандай сенеді . Абай өз заманында қалай арманда кеткен болса бұл елдегі зиялы қауым да әзір - әзір шерменде болып жүрер .

Кімнен: қажы мұхамбет қара кедей Қайдан: иран.горган
14.02.2010 11:39
+0 / -0
Өзімнің жоғарғы сөзіме қосарым : ойланыңқырап бақсам , әзіреті Әлі , шынында уәлі екен , бірақ оның қадірін білмегендер көп болған сияқты . Ол жарықтық тек қана алланың бұйрығы деп білгенін істерде анау -мынаудың көңіліне қарамй бір талайды өкпелетіп қалады .Соның салдарынан ақыры өзінің нағыз шиғаларымыз деген әсіре қызыл терроист топтың қолынан мерт болады . Иран ислам республикасын құрып басқарып жүрген пенделер , әлін білмей әлек болып жүр ғой . Бұлар ол әулиенің өзі тұрсын , оның жолдастарының шаңына жете алмаса да соның жолын қуа аламыз деп қарсыластарын мүртед деп елді пәлеге қалдырып отырған секілді .Бүйткенше халықты жөніне қоя беріп көпшіліктің райымен жүрсе етті !