Жексенбі, 19 мамыр 2013, Алматы 15:00


Спорт / Еуро-2012

Кьеллини: Италия құрамасы – дұрыс жолда

Италия құрамасының қорғаушысы, елдің биылғы чемпионатының жеңімпазы Джорджио Кьеллинидің ойынша, «скуадра адзурра» іріктеу кезеңінде бабына қайта келіп, жеңіске деген сенім тапқан.

Италия-Словакия ойынынан көрініс. Йоханнесбург, 24 маусым 2010 жыл
Италия-Словакия ойынынан көрініс. Йоханнесбург, 24 маусым 2010 жыл
Мәтін көлемі - +
Кьеллинидің мәлімдеуінше, Италия құрамасы қазір нағыз бабында. «Скуадра адзурра» (Италия құрамасының лақап атауы) 2010 жылғы әлем чемпионатында топтан шыға алмай қалған еді. Бірақ Чезаре Пранделли баптайтын италиялықтар биылғы еуро-турнирдің іріктеуінде нәтижелі ойын көрсете білді. Өз қақпаларына бар болғаны 2 доп жіберіп алған олар 26 ұпай жинап, жолдаманы тікелей иеленген еді. Екінші орын алған Эстония Италиядан 10 ұпай аз жинаған. Кьеллинидің пікірінше, жеңіске деген сенімнің пайда болуы команданың өз деңгейіне қайта шығуына жәрдемдесуі мүмкін.

«Құрамамыз біртіндеп ширай түсті, - деді «Ювентус» қорғаушысы  UEFA.com сайтына берген сұхбатында. – Рас, 2010 жылғы әлем чемпионатындағы жеңілістен кейін команда есін жия алмай жүрді. Топтан шыға алмай жеңілгенімізді ұзақ уақыт ұмыта алмадық. Бірақ біз құрамаға тың, әрі жас ойыншылар тарту арқылы қайта жеңе бастадық».

Кьеллини: «Кейін біз өз күшімізге сене бастадық. Жеңіске жете бастағасын тура жолда екенімізге көзіміз жете түсті» деді.
Италия-Сербия іріктеу матчынан көрініс. Генуя, 12 қазан 2010 жылИталия-Сербия іріктеу матчынан көрініс. Генуя, 12 қазан 2010 жыл
x
Италия-Сербия іріктеу матчынан көрініс. Генуя, 12 қазан 2010 жыл
Италия-Сербия іріктеу матчынан көрініс. Генуя, 12 қазан 2010 жыл

УЕФА ресми сайтына сұхбат берген италиялық тағы бір ойыншы Тьяго Мотта Италия құрамасының түскен тобындағы күшті қарсыластарын ескере отырып, ойын сапасын әлі де жақсарта түсу керек деп санайды.

«Әлі де бірдеңе жетіспей тұрған сияқты көрінеді. Еуро-турнирге жеңемін деп тым қатты үміттеніп келудің қажеті жоқ сияқты. Испания, Голландия мен Германия сияқты командалар – жетекші құрамалар. Бірақ Италияның күш-қайраты бар екенін көрсету үшін біздің де дайындығымыз жақсы жүріп жатыр» деді ол.

Ал Италия құрамасының шабуылшысы Антонио Ди Натали «Sport360» агенттігіне берген сұхбатында «Еуропа чемпионаты аяқталған соң футболдан кетемін» деген. 

Италия футболшылары Еуро-турнир алдында, 1 маусым күні Цюрих қаласында Ресей құрамасымен жолдастық кездесу өткізеді.

Италия құрлық біріншілігінде Испания, Ирландия және Хорватия құрамасымен бірге С тобында ойнайды. «Скуадра адзурра» бұған дейін, Испания құрамасымен 30 кездесу өткізіп, 10 ойында жеңсе, 9 рет жеңіліп, 11 матчта тең түскен. Доп айырмасы - 38:29. Ал Ирландиямен 11 рет кездесіпті (+7, =2, -2. Доп айырмасы – 18:9). Хорваттармен  6 рет ойнаған. 3 жеңіс, 2 тең нәтиже және 1 тең ойын. (7:7)

P.S. Футболдан Италия чемпионатының аяқталуына екі тур қалғанда туриндік «Ювентус» командасы чемпион атанды.

Руслан МЕДЕЛБЕК

russport.kz+gmail.com

1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің студенті.

"Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған.

Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікір
     
Бұл форумда пікір әлі жарияланбаған. Бірінші болыңыз.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

Samsung, Өзбекстан халқы және "Болашақ-Серхетяка"

Сұрақ 1/ 5

Сұрақтың фотосы
Samsung компаниясы байланыс саласында соңғы үлгідегі қандай жоғары технологияның сынақтан сәтті өткенін хабарлады?