Жұма, 24 мамыр 2013, Алматы 07:38


Спорт / Еуро-2012

Украинадағы Еуро-турнирге келмейміз деушілер көбейді

Футболдан Еуропа чемпионатының Украинада өтетін ойындарын келіп көрмейміз деп мәлімдеген саясаткерлердің саны артып келеді. Олардың барлығы дерлік елдегі адам құқықтарының тапталуы мен Юлия Тимошенконың ахуалына байланысты наразылық танытып отыр.

Дидье Рейндерс, Бельгияның сыртқы істер министрі. Брюссель, 29 қыркүйек 2008 жыл.
Дидье Рейндерс, Бельгияның сыртқы істер министрі. Брюссель, 29 қыркүйек 2008 жыл.
Мәтін көлемі - +
Голландияның сыртқы істер министрі Ури Розентальдың мәлімдеуінше, Нидерланд королінің отбасы мен елдің үкіметі Украинада өтетін турнирге бармауы мүмкін. Осылайша Германия канцлері Ангела Меркель бастаған наразылық таныту акциясына қатысатындар саны көбейіп барады.

ЖАППАЙ БАС ТАРТУ

Голландияның сыртқы істер министрі мамырдың 2-сі күні жергілікті ақпарат агенттігіне берген сұхбатында «Егер Тимошенкоға қатысты жағдай оңалмаса, министрлер кабинеті және король отбасының мүшелері түгелімен Украинаға бармайды. Дегенмен Голландия құрамасы жарысқа қатысады» деді.
Бұған дейін Украинадағы футбол додасына Германия канцлері Ангела Меркель мен Еурокомиссияның төрағасы Жозе Мануэл Баррозу бармаймыз деп мәлімдеген еді.
Түрмедегі бұрынғы Украина премьер-министрі Юлия Тимошенконың жақтастары Харьков сотының алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. Харьков, 20 сәуір 2012 жылТүрмедегі бұрынғы Украина премьер-министрі Юлия Тимошенконың жақтастары Харьков сотының алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. Харьков, 20 сәуір 2012 жыл
x
Түрмедегі бұрынғы Украина премьер-министрі Юлия Тимошенконың жақтастары Харьков сотының алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. Харьков, 20 сәуір 2012 жыл
Түрмедегі бұрынғы Украина премьер-министрі Юлия Тимошенконың жақтастары Харьков сотының алдында наразылық акциясын өткізіп тұр. Харьков, 20 сәуір 2012 жыл

Бұған қоса мамырдың 2-сі күні Австрияның қорғаныс министрі Норберт Дарабос та Украинада өтетін бірде-бір ойынға бармайтынын хабарлады. Дарабос маусымның 1-і күні Инсбрук қаласында өтетін Австрия мен Украина арасындағы футболдан жолдастық матчқа да қатыспайды. Бұған қоса, Бельгияның сыртқы істер министрі Дидье Рейндерс те Украинаға футбол көру үшін сапар шекпейтінін айтты.

Ал италиялық Іl Мessaggero басылымының жазуынша, Италияда да қазір Украинадағы Еуро-турнирге байкот жариялау мәселесі қаралып жатыр. Италия парламенті төменгі палатасының экс-спикері Фердинандо Казини италиялық шенеуніктерді Украинаға бармауға шақырды.

УЕФА: ЧЕМПИОНАТ ШЕГЕРІЛУІ МҮМКІН

Ресми УЕФА өкілдері Украинадағы жағдайды мұқият бақылап отырғандарын мәлімдеді. Еуропа футбол қауымдастығының операциялық директоры Мартин Каллен Eurosport.com  сайтына берген сұхбатында: «Украинадағы жағдай тұрақталмаса біз Еуропа чемпионатын биыл өткізбейміз. Биылғы біріншілік келер жылға шегерілуі мүмкін. Бірақ дәл қазір Еуро-турнир өтпейді деп кесу айтуға келмес, бар жағдайды жан-жақты қарастырамыз» деген. Ал Испания футбол федерациясының президенті Анхель Мария Вильяр Украина мен Польшаның орнына Еуропа чемпионатын өткізуге дайын екендіктерін мәлімдеген.

СПОРТТАҒЫ САЯСИ БОЙКОТТАР

Саяси себептерге байланысты ірі халықаралық жарыстарға қатысудан бас тарту – қазіргі заман тарихына тән белгілі тәсіл. 1956 жылы әлемдегі бірнеше мемлекет Австралияның Мельбурн қаласында өткен олимпиада ойындарына бойкот жариялады. Бір қызығы, бұл бойкотқа Австралияның қатысы жоқ еді. Испания мен Швейцария елдері Венгриядағы саяси толқуларға наразылық білдіріп, ойындардан бас тартты. Ал Египет, Камбоджа, Ливан және Ирак Израиль әскерінің Синай аралын басып алғанына наразы болып, олимпиадаға келмей қойды.
Олимпиада алдындағы Кутузов проспектісі. Мәскеу, 8 шілде 1980 жыл.Олимпиада алдындағы Кутузов проспектісі. Мәскеу, 8 шілде 1980 жыл.
x
Олимпиада алдындағы Кутузов проспектісі. Мәскеу, 8 шілде 1980 жыл.
Олимпиада алдындағы Кутузов проспектісі. Мәскеу, 8 шілде 1980 жыл.

Ал 1970 жылы бүкіл әлем Оңтүстік Африка Республикасына бойкот жариялады. Әлем елдері бұл елде адам құқықтары тапталып жатыр деп шулады. ОАР әлемдік деңгейдегі жарыстардан төрт жылға шеттетілді. 1980 жылы 60-қа жуық мемлекет СССР-да өткен олимпиадаға қарсы болды. Совет елі Ауғанстанға негізсіз соғыс жариялады деп айыпталды. Осының кесірінен Мәскеу олимпиадасына АҚШ пен ФРГ бастап 50 астам ел бойкот жариялап, қатыспай қойды. Бұл әрекетке қарсылық ретінде СССР өзінің спортшыларын 1984 жылы Лос-Анджелес қаласында өткен олимпиадаға жібермеді.

Руслан МЕДЕЛБЕК

russport.kz+gmail.com

1990 жылы 4 қаңтарда дүниеге келген.

Қазақ ұлттық университеті журналистика факультетінің студенті.

"Спорт", "Қазақ спорты" газеттерінде, "Алматы" телеарнасында журналист-репортер болған.

Автормен оның Facebook парақшасында да пікірлесуге болады.



CАЙТЫМЫЗҒА ТІРКЕЛІҢІЗ!

Құрметті оқырман!

Комментіңізді неғұрлым жылдам шығарып, Азаттық журналистеріне тікелей сын-ескертпе немесе ұсыныс айтып, өзге оқырмандармен ашық пікір алмасқыңыз келсе, сайтымызға тіркеліңіз.

Тіркелу үшін мына жерді басыңыз

Тіркелген соң сайттың оң жақ шекесіндегі «Кіріңіз» деген терезе арқылы еніп, пікір жаза аласыз.

Құрметпен,
Азаттығыңыз
Бұл форум жабық. Бірақ, Азаттықтың Facebook-тағы парақшасында жалғастыра аласыз: www.facebook.com/azattyq
Пікірлерді іріктеу
Пікір
     
Кімнен: қазақ баласы Қайдан: қазақ даласы
04.05.2012 10:57
+0 / -0
Украинадан үят болган екен

Кімнен: ара Қайдан: ұядан
04.05.2012 14:39
+0 / -0
келмесе кетсін одан ары бұлданбай!
жақтырмаса қойын бақтырмасын!

Украинаның ондай жалған демократтарға құлақ аспағаны дұрыс!
ертең Германия немесе Голландияда футбол болса Ресей, Украина, Қытай сияқты елдер де байкот жариялап олардың жарыстарына бармай қоюы керек.
Оған Германия сияқты елдердің адам құқығын сылтауратып он жыл бойы Ауғанстан мен Иракты бомбалағынын алға тарту керек

Кімнен: mironaldo Қайдан: aktau
05.05.2012 01:41
+0 / -0
менде бармайтын болдым!ол акшаны баска жерге жаратканым дурыс!
Пікір алмасу

Кімнен: Жорабек Қайдан: Алматы
05.05.2012 23:49
+0 / -0
Осы "ара" деген кім болды екен деп таңғалам. Шіркін, бір көрсем, шариктері орнында ма, әлде шашылып қалған ба, бірден айтар едім. Лағып кетеді-ау, лағып кетеді, кейде өзі де білмей қалады-ау деймін, қай жаққа кетіп қалғанын. Сенің ата-бабаң Украинада туып, Қазақстанға жер ауып келіп пе едің ,орысшыл Янукович нағашың ба, "ара" мырза. Өзінің саяси қарсыласы ұлтжанды Юлия Тимошенконы түрмеге қамап қойды. Ал бізде Ақтауда қарапайым мұнайшыларды жаппай соттап жатыр...
Мұрныңның астындағыдан әріні көрмейтін көрсоқыр екенсің.
Пікір алмасу

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 05:24
+0 / -0
"ара" дегенді, кішкене кезінде шешесі түйеден құлатып алған болатын. Оған ренжімей-ақ қой!

Кімнен: Аты-жөні көрсетілмеген
06.05.2012 13:39
+0 / -0
не бале джорж ,баска жазатын таппадынба?ара мырзага сонша тугини шашып иненди кадамакшысын а?ара керемет мырза турин кормей ак айта аламын.сен шыдамсыз ишетин шегетин адамга уксайсын.бас кан тамырын кысылганда пикир жазыпсын.

Назарға көп іліккен

Жаңалық оқып жүрсіз бе?

"Қазақмыс", Eurovision және "Хезболла"

Сұрақ 1/ 4

Сұрақтың фотосы
"Қазақмыстың" жаңа басшысы болып кім тағайындалды?