Accessibility links

АҚШ президенті Жорж Буш пен Оңтүстік Корея президенті Рох Моо Хеннің Уашингтондағы кездесулері.


АҚШ президенті (George W.Bush) Жорж Бушпен Оңтүстік Корей Президенті (Roh Moo Hyun) Рох Моо Хен Уашингтондағы кездесулері барысында Солтүстік Корей ядролық бағадарламасы төңірегіндегі дағдарысты реттеуде алға басушылық бар екенін айтып өтті. Екі елдің басшылары сонымен қатар Корей түбегінің мәртебесі жөнінде де қайта әңгіме қозғады. Уашингтондағы жоғары дәрежелі кездесуде екі Президент Жордж Буш пен Рох Моо Хен Солтүстік Корейдің ядролық бағдарламасын тоқтату керектігін айтқан. АҚШ президенті өз сөзінде, мен біздің бейбіт шешімге қол жеткізуіміз үшін жұмыс істей беретіндігімізге Оңтүстік Корей Президентінің көзін жеткіздім. Біздің Корей түбегіндегі проблеманы бейбіт жолмен шешу мақсатындағы жұмысымыз жақсы жүріп жатыр деген. Көкек айында Пекинде өткен кездесулерде Солтүстік Корей өкілдері Пхеньян ядролық қару бағдарламасынан економикалық көмек пен және қауіпсіздікке кепілдік болғанда ғана бас тартатынын танытқан болатын.
XS
SM
MD
LG