Accessibility links

Жер кодексіне үйлестірілген Су кодексінің жобасы Парламент Мәжілісінде мақұлданды


Маусым айының 4-інде өткен Паралмент Мәжілісінің жалпы отырысында Су кодексінің жобасы екінші оқылымда мақұлданды.

Өткен жылдың желтоқсан айында келіп түскен аталған Заң жобасын тезірек мақұлдауға мәжбүр болып отырмыз. Себебі егістік қарсаңында Су кодексі ауыл шаруашылығы үшін аса маңызды болмақ дейді Мырзагелді Кемел. Алайда депутат Серік Абдрахманов: “Су кодексі шикі деп авторлардың өздері жазыпты, Су кодексінің жобасы талқыланған Жер кодексімен үйлестірілген деп, ал Жер кодексі шикі күйінде қателіктермен Мемлекет басшысының алдында жатыр. Халық құзіретсіз қалды.

Барлығы атқару жүйесіне, өкілетті органдарға берілген. Енді табиғаттың өзі сыйға тартқан өзен, көлдеріміз байлардың меншігіне айналады да кетеді. Кезекті Кодекстің авторлары байқап, не байқамай кезекті қазан революциясын дайындап жатқан сияқты дейді. Ал депутат Мырзагелді Кемел болса, Жер кодексіне байланысты суға тиесілі жерлер бар. Кейбір депутаттар, сол жерлер жекеменшікке кетіп қалмайды ма деген қауіптерін айтып отыр.

Бірақ қазақстан Конституциясында су қорлары мемлекет меншігінде деп жазылған, сондықтан су қорлары жекеменшікке берілмейді дейді. Бірақ Мәжілісте мақұлданған Су кодексі жобасының 27-бабында Республикалық меншіктегі су шаруашылығы құрылыстары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарына сәйкес жалға, сенімгерлік басқаруға берілуі және жекешендірілуі мүмкін делінген.
XS
SM
MD
LG