Accessibility links

Буш Таяу Шығыс бойынша келіссөздерді бастады.


Бүгін Мысыр президенті Хосни Мубаракпен Шарм Ал Шеих курортында кездесуімен Құрама Штаттар президенті Джордж Буш Таяу Шығыс келіссөздерін бастады.

"Араб жетекшілері жауапкершілікті мойындарына алып отыр.Ең бастысы олар террорды қаржыландыруға қарсы майдан ашатын болды..." деді Буш

Бүш мақсаты Таяу Шығысты бейбіт қалыпқа келтірудің жол картасына Мубарак тарапынан қолдау табу болып отыр.Алай да, Мысыр сыртқы істер министрі Ахмед Махер араб елдері Ясер Арафаттың Палестинаның заңды жетекшісі болып қалғанын қалайды деді. Ал, АҚШ пен Израил болса Арафатты қарулы топтарды ауыздықтамады деп шеттетіп отыр.Ертең Буш Израил өкімет басы Ариел Шаронмен Палестин өкімет басы Махмуд Аббаспен үшжақты саммит өткізу үшін Иорданиаға ат басын тіремек.
XS
SM
MD
LG