Бұл туралы дүйсенбі күні ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігінің баспасөз қызметінен хабарланды. Таратылған ақпаратқа қарағанда, сел тасқынының биіктігі 1,5-2 метрге жеткен. Ондағы 64 үйдің жартысынан астамы сел салдарынан зардап шегіп, үйлердің шатырлары мен терезелері қираған, сылақтары құлаған.
Ауыл көшелері мен үйлердің аулаларын бір метрлік лай тұнбалары басып қалса, Текес – Сарыбастау жолының 1 шақырымдай бөлігі толық істен шығыпты. Бес инженерлік құрылым бұзылып, Кеген-Нарынқол күре жолының біраз бөлігін су шайып кеткен.Сондай- ақ осындағы орта мектеп ғимараты да қатты зардап шеккен көрінеді. “Сейдін” атты жанар-жағармай құю стансасында 3 цистерна құлап, оның біріндегі 3 тоннадай бензин төгілген. Орын алған сел салдарынан сонымен қатар 15 ірі қара мал, 50-ден астам қой-ешкі өлген, адам шығыны жоқ. Агенттіктің хабарлауынша, апат аймағында алда жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілетін болады, ал қазір онда арнайы комиссия келтірілген зиянның көлемін анықтау үстінде.