Accessibility links

Ауғанстан өз жеріндегі миналарды толық залалсыздандырмақ.


Көптеген қыйыншылықтар қатарында Ауғаныстан Советік басқыншылықтан қалған әрі, 1980-90 жылдардағы жауласушы ауған қарулы топтары құрған 8 миллиондай минадан өз жерін тазалауға мәжбүр.

Жерге көмілген миналар мыңдаған өмірлерді әкетіп,ауған ресми өкілдерінің айтуынша 150-мыңнан аса адам жерге жасырылған жарылғыш затардан запа шекен.елдің минадан тазалау агентігі халықаралық үкіметік емес ұйымдармен бірлесе 4-жыл ішінде елді минадан тазаламақ ойда.

Шетелдік бақылаушылардың айтуынша Ауғаныстанда көмілген миналар ай сайын 150-ден 300-ге дейін бейбіт тұрғындардың өмірін әкетеді,-деп бастайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Фарангиз Наджибулла өз хабарын.

720-миллион шаршы метр жерге құрылған 8-миллиондай минасы бар Ауғаныстан әлемдегі бұл жөнінен ең ауыр жағдайдағы елдің бірі.Шахоб Хакими Кабулда орналасқан Минаны Табу орталығын басқарады.Оның Азаттықа айтуынша халықаралық үкіметік емес ұйымдар мен оның мекемесі сынды жергілікті топтар бірнеше жылдан бері елді минамен жарылмай қалған жарылғыш затардан тазалап келеді.

"Соңғы он жыл ішінде минадан тазалау агентіктері шамамен 263-миллион шаршы метір мина алаңдарын тазалады.Бұл жерлер бірінші кезекте тазалануы тиіс жерлер ретінде анықталды.Бірақ Ауғаныстанда қауіп төндіріп отырған әлі тазаланбаған 470-миллион шаршы метір кеңістік бар."

Ауғаныстаның жер жерлерінде залалсыздандыру жұмыстарымен шұғылданатын 8-мыңға тарта маман бар.Қаржымен құрал жабдықтар мен Халықаралық қауымдастық қамтамасыз етеді.Бірғана Европа Комиссияасы сауапты іске 10-миллион доллардың ақшасын берген.

Соның өзінде ауғандықтар бұл жобаны іске асырудың қарқыны тым шабан, әрі үкіметік емес ұйымдар шетелдік миллиондаған долларларды теріс пайдаланады деп айыптауда.Кабул түбіндегі Махипар ауылының тұрғыны Қаһар есімді жігітің айтуынша.

"Мен минадан тазалаушы мамандардың Кабулде жұмыс жасауларына қайран қалам.Олар аймақтарға барулары керек.Өлкелерде миналар көп,соның ішінде менің туған қыстағым Махипарды атауға болады.Тайауда менің досым минаны басып кетті.Мамандар Кабул төңірегінен айналсоқтап шықпайды,ал Кабулде миналар жоқтың қасы."

Ауған Техникалық Кеңес атты үкіметік емес минадан тазалау тобын басқарушы Кепиетолла Едлақтың Азаттықа айтуынша.

"Минадан тазалау агентіктері ерікенен өздері жұмыс жасайтын орынды таңдап алмайды.Біз өлкелік не басқа үкімет орындарының ұсынған жерлері мәселен кезек күтірмейтін жолдар, не суқуатыбекетерінің төңірегін бірінші кезекте тазалаймыз.Аймақ басшылығы БҰҰ-ның Минадан Тазалау Бағдарламасына өз өтінішін жолдайды,бұл мекеме елдегі барлық минадан тазалау жұмыстарына жауапты.Агентік ақтық шешім қабылдайды.Бұлар қай өңірдің кезек күтірмейтіндігін анықтайды."

Минаны Табу орталығының басшысы Хакимидің айтуынша минадан тазалау агентігі кейбір аймақтық қолбасыларды өздеріндегі жарылғыш затардан арылыуға көндірген.Бұндай келіссөздер Қорғаныс министірлігімен де өтіп жатыр.

"Қорғаныс министірлігімен біздің келіссөздеріміз табысты болды.Өткен айда министірлік ақпарат құралдарының көзінше өзінің бір қоймасында тұрған миналарды жарды.Жалпы министірліктің Кабулде 49-қоймасы бар.Біздің агентік Қорғаныс министірлігімен БҰҰ-ның бейбітшілік сақтау қосындарымен бұл жоба бойынша бірлесе жұмыс атқарады.Үстіміздегі айларда министірліке тиісілі мыңдаған миналар көпшілік алдында, ақпарат құралдары өкілдерінің және халықаралық бақылаушылардың көзінше талқандалынады."

Залалсыздандыру жұмыстары қазіргі қарқынмен өтер болса онда 350-миллион шаршы метірдің кезек күтірмейтін жері келесі 4-жыл ішінде тазаланады деп ауғандар үмітенуде.Бірақ миналардан жарымжан болып қалған 150-мың ауғандықтың тауқыметі ешқашанда арылмас.Жаста дені сау адамдардың өзі бір үзім нан үшін жапай кедейшілік пен жұмыссыздықпен күресуге мәжбүр елде, қол айағынан айрылған мүгедектерге не қайыр.Олар арнаулы қолдау мекемесінен ай сайын 100-ауғани не 2-долардың қаржысын алады,бұл автобуста жүруге ғана жетеді.Мүкедек орындықтары мен жасанды дене мүшелерім мен қамдау тым нашар.Сондай минадан жарым жан болып қалғандардың бірі Рузеқұл Паштуняр.

"Мина дос пен дұшпанды айырмайтын қауіпті қару.Мен минаның құрбанымын.Мен орыстар құрған минаға тап болдым.Жарылыс менің екі айағымда жұлып бір қолымды сал қылды.Менің басым мен денем үнемі солқылдап қақсайды.Менің жаным қйналады.Менің 7-жасар ұлым менен бірде әке сіздің айақтарыңызға не болды деп сұрады ? Мен терең мұңға батым."

Ауғаныстанда 20-жылдан аса болған соғыстың қалдырған ізі миналардан елді тазалау сынды қауіпті де жауапты іс байауда болса алдыға жылжып келеді,-деп айақтайды Азаттық радиосының жаңалықтар бөлімінің қызметкері Фарангиз Наджибулла өз хабарын.
XS
SM
MD
LG