Атанова басқарған осы қор шет мемлекеттерде көп ақша табатын жұмысқа орналастырамыз деп, 20-дан аса адамды тақырға отырғызған еді. Солардың ішіндегі Гүлсара Атанованың алдауына түсіп, шет жерде құлдыққа жегілген 5 адам былтыр сотқа шағымданып, қор басшысынан материалдық, әрі моральдық шығын талап еткен болатын. Алайда, Медеу аудандық соты істі Атанованың пайдасына шешіп берген. Сөйтсе де, Атанова сол алаяқтық әрекеті үшін көп ұзамай қамауға алынған еді. Ал іс жәбірленушілердің шағымымен қалалық сотқа жіберілген-ді.
Осыған орай 12 маусымда Алматы қалалық соттың азаматтық істер жөніндегі қазылар алқасы істі кері қайтарды. Енді алдағы күндері Гүлсара Атановадан материалдық және моральдық шығын талап еткен жәбірленушілердің талабын Медеу аудандық соты қайта қарайды.