Accessibility links

Кеше ұлтқа арналған өзінің апталық радиомәлімдемесінде АҚШ ел басы Джордж Буш ирақтағы жағдайға байланысты былайша мәлімдеді.


"Көптеген елдердің барлау орындары, ол жойқын қаруға ие деп таныды, және режим оны талқандағандығын нақты көрсетуден жалтарып келді. Біз Саддам Құсейінің қару бағдарламасының нақты деңгейін тауып,оны уақытың ұзақтығына қарамастан іздейміз." Өз сөзін жалғастырып ол былай деді. " Бұрынғы режимнің жақтастары қалып,олар тероршыл одақтастарымен бірлесіп, одақтастар қолы мен бейкунә ирақтықтарға тосынан шабуылдар жасауда." Ирақтың Хит қаласының маңында Бағдаттан 140-шақырым солтүстік батыста орналасқан мұнай құбырында жарылыс шықты.Жарылыс орнында алапат өрт жүріп жатыр.Бұл туралы американдық әскери басшылық хабарлады.Жарылыстың шығу себептері әзірше беймәлім.Аталмыш қалада сенбі күні екі американдық қосын минаға жарылды.
XS
SM
MD
LG