Accessibility links

2004-2010 жылдарға арналған ауылды дамытудың мемлекеттік бағдарламасы


Парламент Мәжілісінің төрағасы Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, қазіргі кезде бесжарым мыңнан аса селолық елді-мекендерде су құбырлары жүйесі жоқ.

Республиканың 500-ден аса елді мекенінің қашықтықта орналасуына және жергілікті жол жағдайының төмендігінен көлік қатынасы жоқ және қыс мезгілінде аудан орталықтарымен көбіне қарым-қатынас үзіліп қалады.

Республикада 265 селолық елді-мекен электр энергиясымен қамтамасыз етілмеген. Барлық елді-мекендер табиғи отынды пайдалана алмай отыр.

Ауыл тұрындарының көпшілігі ақпараттық кеңсітіктіктен тыс жағдайда өмір сүруде. Үш мыңдай елді-мекенде телефон байланысы жоқ. 1370 селолық елді-мекендерде қарапайым дәрігерлік мекемелер жоқ.

Бұл ауыл тұрғындарының қалаға қоныс аударуына себеп болған. Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, өткен жеті жылдың ішінде 700 мыңнан аса ауыл тұрғыны өз үй-жайларын тастап, басқа елді-мекендерге қоныс аударған.

Ауылшаруашылық министрі Ахметжан Есімовтің айтуынша, ауылды дамытуға арналған бағдарлама аталған проблемаларды шешу үшін дайындалған.

Тыңдауда Білім және Ғылым министрі Жақсылық Күлекеев, білім саласының мәселесін қозғады. Министрдің айтуынша, жергілікті жердегі балалардың білім алуы қаладағыларға қарағанда төмен. Мектепке дейінгі білім алу ұйымдары аз. Өйткені оларды мемлекет қаржыландыра алмайды. Сондықтанда ауыл баласының 10 пайыздан да кем деңгейі мектепке дейінгі дайындықтан өтеді.

Ал, 580 елді-мекенде мектеп жоқ. Оның болу-болмауы, ол жерлердің болашағын анықтаумен шешілетін болады.

Мәжіліс депутаты Серікбай Бисетаев, ауылды дамытуға арнлағн мемлекеттік бағдарлама алдағы уақытта нәтижелі болады деген сенімде.

- Мемлекеттік бағдарлама екі кезеңмен жүзеге асырылады. Бірінші кезеңі –2004-2006-шы жылдар, екінші кезеңі – 2006-2010-шы жылдарды қамтиды. Жыл сайын 15 миллиард теңге қаржы бөлінетін болады. Ауылдық жерлер инфрақұрылымының шешімін табуы бағдарламада қаралған. 2010 жылға дейін ауыл жағдайы түзеледі деп ойлаймын, -деді Мәжіліс депутаты Серікбай Бисетаев.

Үкімет дайындаған бағдарламасы енді президент қарауына жіберіледі.
XS
SM
MD
LG