Accessibility links

Дыбыстан жылдам ұшатын “Конкорд” жолаушы ұшағы Франсия мен Англияның әуе қатынасынан шығарылуда.


ПАРИЖ-БАДЕН-БАДЕН: Франсияның “Конкорд” атаулы дыбыстан жылдам алып жолаушы ұшағы соңғы рет әуеге көтеріліп, Германиянадғы бірнеше мың көрермен қол шапалақтап қарсы алған Баден-Баден қаласының әуе жайына келіп қонды. “Эйр Франс” әуе компаниясына қараған әлгі ұшақ Атлантика мұхитының арғы жағына 5,5 мың рет ұшып қайтып, енді Германияның Гейдельберг қаласының мұражайынан орын тебеді. Өткен мамыр айының соңында “Эйр Франс” әуе компаниясы экономикалық тиімділік есебінен “Конкорд” ұшағын пайдаланудан бас тартты. Ал Ұлы Британияның “Бритиш эйруэйз” компаниясы “Конкорд” кемелерінен қазан айының соңында бас тарпақ. Әлгі ұшақтар Лондонның, Манчестердің және Нью-Йорктің мұражайларына қойылмақ.
XS
SM
MD
LG