Accessibility links

Орталық сайлау комиссиясының құрамы өзгерді


Маусымның 25-і күні өткен Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында Қазақстан Басшысының Орталық Сайлау комиссиясының құрамын өзгерту туралы ұсыныстары қаралды.


Басқа қызметке ауысуына байланысты Орталық Сайлау комиссиясының хатшысы Елена Кулешова атқарып отырған міндетінен босатылды. Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Қаппар Бүкенов зейнеткерлікке шығуына байланысты қызметінен босатылды.

Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Владимир Фоос Орталық сайлау комиссиясының хатшысы болып сайлануына байланысты Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметінен босатылды. Мемлекет Басшысының Орталық сайлау комиссиясының мүшелері етіп Бақыт Мелдешев пен Ләззат Сүлейменді сайлау туралы ұсынысына депутаттар қолдау көрсетті.
XS
SM
MD
LG