Accessibility links

Ресейде “Либералдық Ресей” партиясы жетекшілерінің бірі әрі Мемлекеттік думаның депутаты С.Юшенковтің өліміне қатысы бар деген күдікпен екі адам тұтқындалды.


МӘСКЕУ: Ресейдің ішкі істер министрі Борис Грызлов “Либералдық Ресей” партиясының тең төрағаларының бірі әрі Мемлекеттік думаның депутаты Сергей Юшенковтің өліміне байланысты қылмыстық іс бойынша күдікті екі адамның ұсталғанын растады. Оның сөзіне қарағанда, Кулачинский және Киселев деген екі күдікті Сыктывкар қаласында ұсталып, Мәскеуге жеткізілген. Ресейдің Бас прокуратурасынан хабарланғандай, әлгі екеуге тапсырыс бойынша адам өлтірді деген айып тағылған. Сергей Юшенков – үстіміздегі жылдың 17-нші көкегінде Мәскеуде атып өлтірілген болатын. Оған тапсырыс бергендер әлі табылған жоқ.

AzattyqTV

Авдеевкадағы соғыс

Украина майданы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG