Accessibility links

АҚШ Ирақтың ядролық бағдарламасы жөнінде маңызды мәлімет алды деп хабарлайды батыстың ақпарат агенттіктері.


Осы бағдарламаның бұрынғы жетекшісі Махди Шукур Обейди американың билік басындағыларға байытылған уран өндірісі технологиясы бойынша құжаттарды тапсырған. Махди Шукур Обейдидің айтуынша ,ол осыдан 12 жыл бұрын Саддам Хусейннің ұлы Құсайдың бұйрығы бойынша, мұны басқа да маңызды техникалық бөлшектермен бірге өзінің Бағдадтағы үйінің бақшасына қазып салып тастаған. АҚШ билік басындағыларының хабарлауынша,бұл жаңа деректер,Ирақта ядролық қару болды деген күдікті растамайды, бірақ, аталмыш құжаттар Саддам Хусейннің 1991 жылдан кейін ядролық бағдарламаны жаңартпақшы болғаныдығын дәлелдейді.
XS
SM
MD
LG