ПРАҺА: Шағын ұшақтың тас жолға қонуға мәжбүр болуынан туған автоапаттың нәтижесінде Чехия астанасының түбінде 2 адам қаза болды. Қайғылы оқиға Праһадан 35 шақырым жерде болды. Әлгі ұшақ тас жолға қона берген кезінде, жеңіл автокөліктің бірі күрт тежеп тоқтап, оған жолаушылар отырған аутобус келіп соқтыққан. Әлгі жеңіл көліктегі жолаушылар тірідей өртеніп кеткен. Жапа шеккен басқа ешкім жоқ. Ал шағын ұшақ - моторы өшіп қалуы себепті, тас жолға қонуға мәжбүр болған.
Чехияда шағын ұшақтың тас жолға мәжбүр болып қонуынан болған автоапат салдарынан 2 жолаушы тірідей өртенді.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Халықаралық сарапшы пікірі
"Әлеуметтік толқу қаупін" арттырған "Назарбаев стиліндегі сайлау"
AzattyqTV