Accessibility links

Израиль өкіметі Палестина аутономиясының премье-министрі М.Аббасқа террористік топтарды жою ісіне кірісуіне 7-10 күн уақыт тағайындады, басқаша жағдайда ол іспен Израиль шұғылданады.


ТЕЛЬ-АВИВ: Израиль өкіметі Палестина аутономиясының премьер-министрі Махмуд Аббасқа террористік ұйымдарды жоюға кірісуіне 7-ден 10 күнге дейін уақыт тағайындады. Израиль үкіметінің мүшесі Узи Ландаудың бейсенбідегі мәлімдеуіне қарағанда, террористерге Палестина билігінің күші жетпесе, оны Израиль жүзеге асыратын болады. Дәл осы күні Иордан өзенінің Батыс жағалауынан Израильге өтпек болған кезінде 2 палестиндік өлтіріліп, тағы 2-і тұтқынға алынды. Өлгендердің қойнынан қопарғыш табылған. Палестина аутономиясының жетекшісі Ясир Арафаттың мәлімдеуінше, “Хамас” және басқа да әсіре топтар Израильмен арадағы қақтығысты тоқтатуы жайында таяу сағатарды жариялайды. Бірақ әлгі топтардың көсемдері ол мәселені әлі де талдап жатқанын хабарлауда.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG