БАҒДАД: Ирақтың бұрынғы ақпарат министрі Мухаммад Саид ас-Саһаф – Саддам Хусеиннің режимі құлағаннан бері тағы да көгілдір экраннан көріне бастады. Ирақпен арадағы соғыс кезінде бұрынғы министр, теледидар арқылы, тіпті американ-британ әскерлері Бағдадқа басып кірген кезінде де, Ирақ армиясының кезекті жеңісі туралы мәлімдемелермен күнде сөйлегені үшін “Клоун Әли” деген лақап атқа ие болды. Бейсенбі күні Дубай теледидарынан Мухаммад Саид ас-Саһафтың “АҚШ әскеріне өз ықыласымен тұтқынға беріліп, жауап алынған соң бостандыққа жіберілгені” туралы айтқан сұхбатының үзіндісі берілді. Бұрынғы министр - бұрынғы Ирақ басшылығының іздеудегі 55 мүшесінің тізімінде болған жоқ. Ал оның сұхбатының толық мәтіні жұма күні көрсетілмек.
Ирақтың Саддам Хусеиннің режимі құлағанға дейінгі ақпарат министрі Мухаммад Саид әс-Саһаф тағы да көгілдір экраннан көріне бастады.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Азаттық радиосы – 70 жыл
Белсенділерге жүгінген билік Орал оқиғасын тез ұмытты. Себебі неде?
AzattyqTV