МОНРОВИЯ: Либерияның астанасында президент Чарльз Тэйлордың әскері мен көтерілісшілер арасындағы қиян-кескі айқастың нәтижесінде соңғы бірнеше күннің ішінде 300-ге жуық бейбіт халық құрбан болып, мыңға жуығы жараланды. Африканың батысында орналасқан осы елдің денсаулық сақтау министрі Питер Колмэн осылай деп хабарлауда. Көтерілісшілер Монровияға сәрсенбі күні басып кіріп, бірақ көп кешікпей қаланың сыртына ығыстырылып шығарылды. АҚШ президенті Джордж Буш Чарльз Тэйлорды қантөгісті тоқтату үшін дереу биліктен кетуге шақырды. Көтерілісшілердің астанаға баса көктеп кіруі – бірнеше жылдан бері жалғасып келе жатқан қантөгіс соғыста туған аз ғана тыныштықты тағы да бұзды.
Либерия президентінің әскері мен көтерілісшілердің қақтығыстарысалдарынан соңғы бірнеше күннің ішінде 300-ге жуық бейбіт халық құрбан болып, мыңға жуығы жапа шекті.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
"Тақ мұрагерлерінің" құпия өмірі
"Олар әкесін жақсы көреді". Путиннің ұлдары жайлы не белгілі?