МӘСКЕУ: Ресей мемлкеттік думасының депутаты Сергей Юшенковтың өлтірілуін ұйымдастырды деген екінші күдікті де ұсталды. Ресейдің ішкі істер министрі Борис Грызловтың хабарлауынша, абақтыға “Либералдық Ресей” партиясының тең төрағасы Михаил Коданев қана емес, оның көмекшісі Александр Винник те жабылған. Екеуі де бейсенбі күні Коми-Пермяк аутономиялы аймағындағы Кудымкаре қаласында тұтқындалып, Мәскеуге жеткізілген. Михаил Коданев – “Либералдық Ресей” партиясының ішінен жік шығып, екіге бөлінген өткен жылдың желтоқсан айында оның тең төрағасы болып сайланды. Партияның екінші қанатын марқұм болған Сергей Юшенков пен Виктор Похмелкин бастады.
Ресейде Мемлекеттік думаның депутаты С.Юшенковты өліміне байланысты екінші күдікті ұсталды.
Жаңалықтар
Көз сала отырыңыз
-
Мемлекет және медиа
Соғыс мемлекеттік БАҚ үшін неліктен жабық тақырыпқа айналды?