Accessibility links

Әзірбайжан парламенті Иракка бітімгершілік жасақ жолдауға жұма күні бірауыздан келісім берді.


Әзірбайжан басшылығы бұл шешімге жалпы мамыр айында келген. Әзірбайжан жасағы 14 офицер, 16 сержант және 120 сарбаздан қамтылып отыр. Әзірбайжан бітімгершілік жасағы алдыменен Кувейттегі АҚШ-тың әскери базасына келіп жетеді. Содан кейін олар Киркөк, Кербала, Мосыл және Наяф қалаларында қоныстандырылады, көше бақылауы және діни, тарихи ескерткіштерді күзетумен айналысатын болады.
XS
SM
MD
LG