Accessibility links

Ызрайлдың әскері Газа қаласынан толық шегінетін болды.


Ызрайл мен Палестина қауіпсіздік мекемелерінің басшылары жұма күнгі кешкі кездесуінде маңызды келісімге қол жеткізді. Ызрайл телекомпаниясы таратқан хабарға АҚШ басшылығы қанағат танытты. Ақ үйдің баспасөз хатшысы Ари Флейшер бұл келісім халықаралық қауымдастық ұсынған "жол картасы" бейбіт жоспарын орындауға бағытталған маңызды қадам деп сипаттады. Ызрайл мен Палестинаның қазіргі қақтығысы отыз үш айға созылды. "Жол картасы" жоспары Ызрайл әскері Палестина жерінен қайтсын, палестиналық жауынгерлік топтар таратылсын, сонда Палестина 2005 жылда тәуелсіздікке қол жеткізе алады дейді. "Хамас" палестиналық жауынгерлік топтың құрылтайшысы жұма күні таңертең жасаған мәлімдемесінде қарулы күресті тоқтату жөнінде келісімге дайынбыз деп мәлімдеген болатын. "Хамас" сияқты жасақтардың Ызрайлге шабуылдауын доғару Таяу Шығыс бейбітшілігінің негізгі шарттарының бірі ретінде қарастырылып келеді.
XS
SM
MD
LG