Accessibility links

Ұлыбритания Ауғаныстандағы бітімгершілік топтарын күшейтуде.


Лондоннан бүгін британ баспасөзі хабарлағандай, Ұлыбритания елі Ауғаныстандағы бітімгершілік күштеріне өзінің 60 әскерін жіберуге ниет танытып отыр.Ол әскери бөлімше келесі айдың басында Мазари Шариф қаласында болады.Ол Ауғаныстанның жаңа үкіметіне жергілікті дала командирлеріне бақылауды күшейтуіне көмек болмақ. Ауған еліне бітімгершілік әскерін жіберу шешімі бұл елдегі қауіпсіздік жағдайының ушығып , талибтер режимі құлаған жарты жылдан кейін де батыс елдерінің бұл өңірде демократия орната алмай отырған қабілетсіздігінен соң қабылданып отыр.БҰҰ -ның мәлімдеуі бойынша, Ауғаныстандағы тұрақсыздық 2004 жылы елде болатын сайлауларға кедергісін келтіруі мүмкін.
XS
SM
MD
LG