Accessibility links

Ресейліктерге арналған жаңа тасымал тәртібі


Литва бүгіннен бастап, Калининград облысынан өзінің территориясы арқылы Ресейдің басқа да аймақтарына өтетін ресейліктер үшін жаңа тасымалдау тәртібін енгізді.Енді бұдан былай арнайы құжаттар алу керек болады.Яғни, барлық көлік түрімен 3 жылға дейін жүретін құны 5 еуролық бірнеше мәртелік рұхсат немесе пойызбен бір-ақ рет жүруге берілетін билетті алуға болады.Мұндай жағдайда билетті 27 сағат бұрын алу қажет , өйткені осы тәулік ішінде Литва транзитке рұхсат беруді қарастырады.Әзірге Вильнюстің мәліметтері бойынша, 15 мың өтініштің тек екеуіне ғана Литва арқылы кіруге рұхсат берілмеген. Жаңа тәртіптегі өткінші келісімге өткен жылғы Ресей мен Еуропалық Одақтың саммитінде қол жетті.Литва мен Польшаның Еуропалық Одаққа енуінен кейін, Калининград облысы ЕуроОдақтағы Ресей анклавы болып қалады.
XS
SM
MD
LG